Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 297 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 8 қарашада № 8060 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 12 сәуірде № 7560 тіркелген, «Егемен Қазастан» газетінде 2012 жылғы 25 шілдедегі 415-421 (27495) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидаларында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы үлестік эмиссиялық бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының бастамасы бойынша немесе қатысуымен шығарылатын және базалық активі осы Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының үлестік бағалы қағаздары болып табылатын үлестік эмиссиялық туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруды мына:
      1) Қағидалардың 1-тармағының талабын сақтаған;
      2) Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы бұрын шығарған бағалы қағаздар проспектілерінде орналастырылған үлестік эмиссиялық бағалы қағаздар санының он және одан да көп пайыз үлестік эмиссиялық бағалы қағаздардың меншік иелері болып табылатын тұлғалардың тізімі өзгерген кезде Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы шығарған борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар ұстаушыларында осы борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарын мерзімінен бұрын өтеуді және (немесе) сатып алуды талап ету құқығы туындауы үшін негіздеме болып табылатын талаптар (ковенанттың) болмаған жағдайда жүзеге асырады;
      3) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тiзiмiнiң «акциялар» секторының бiрiншi (ең жоғары) немесе екінші (ең жоғары) санатына осы акцияларды енгізу шартымен Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы акцияларды, сондай-ақ акционерлік қоғамның бастамасы бойынша немесе қатысуымен шығарылатын және базалық активі осы акционерлік қоғамының акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруды жүзеге асырады.
      Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тiзiмiнiң «акциялар» секторының бiрiншi (ең жоғары) немесе екінші (ең жоғары) санатына акцияларды енгізу мүмкін болмаса, Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы акционерлік қоғамның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен және базалық активі осы акционерлік қоғамның акциялары болып табылатын акцияларды, сондай-ақ туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруды қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне «акциялар» секторының үшінші (ең жоғарыдан кейінгі) санатына енгізген жағдайда жүзеге асырады.»;
      1-қосымшаның 18-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылым талаптары туралы ақпаратты алуға арналған мекенжайлар, дереккөздер, байланыс деректемелері.
      Резидент-ұйымының
      басшысы
      (басшының орынбасары)           (қолы)
      Бірінші басшысы (ол болмаған кезде құжаттарға қол қойған адам) уәкілетті органға ұсынған құжаттардағы ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді.»;
      6-қосымшаның 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды бастаған күніне және аяқтаған күніне левередж шамасын есептеу.
      Резидент-ұйымының
      басшысы
      (басшының орынбасары)           (қолы)
      Бірінші басшысы (ол болмаған кезде құжаттарға қол қойған адам) уәкілетті органға ұсынған құжаттардағы ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді.»;
      7-қосымшаның 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Депозитарлық қолхаттарды немесе Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздарды орналастыруға құқықтарын растауды жүзеге асыратын есептік ұйымының атауы.
      Есепке Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қояды және мөр бедерімен расталады. Есептің әрбір данасы бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күніне бағалы қағаздарды есепке алуды жүргізуші берген бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінің көшірмесімен бірге тігіледі. Мөр бедерінің бір бөлігі қағаз пломбаға, бір бөлігі құжат парағында қойылады, бірінші басшының немесе оның орнындағы тұлғаның қолымен куәландырылады. Бірінші басшысы (ол болмаған кезде құжаттарға қол қойған адам) уәкілетті органға ұсынған құжаттардағы ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
        Төрағасы                                   Г. Марченко