Қаржы құралдарымен клиринг қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 4 шілдедегі № 205 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 21 тамызда № 7870 тіркелді

Қолданыстағы

      «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7555 тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 339-345 (27419)) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) есеп айырысу ұйымы – орталық депозитарий және (немесе) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын өзге ұйым;
      2) клиринг – сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде олардың талаптары және (немесе) міндеттемелері туралы ақпаратты айқындау, тексеру және беру процесі;
      3) клиринг ұйымы – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі лицензиясына ие ұйым және орталық депозитарий;
      4) клиринг ұйымының қағидалары – клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымының өзара қарым-қатынасының тәртібін айқындайтын клиринг ұйымының ішкі құжаттары;
      5) сауда-саттыққа клирингтік қатысушы – клиринг ұйымымен клиринг қызметін көрсетуді жүзеге асыру туралы шарт жасаған және:
      қор (және) немесе тауар биржасының мүшесі;
      биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымының клиенті;
      қор биржасын растау жүйесіне қосылған тұлға;
      6) таза позиция (нетто-позиция) – осы қаржы құралдарымен мәмілелер нәтижесінде туындаған сауда-саттыққа клирингтік қатысушының және (немесе) оның клиенттерінің талаптары мен міндеттемелерін өзара есепке алу нәтижесінде айқындалатын, қаржы құралдарымен мәмілелердің әрбір сериясы бойынша сауда-саттыққа клирингтік қатысушының позициясы;
      7) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сауда-саттықты ұйымдастырушы бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметін клиринг қызметімен қоса атқарған жағдайында осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген бөлімшелердің ұқсас функцияларды жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының бөлімшелерімен қоса атқаруына жол беріледі.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Сауда-саттыққа клирингтік қатысушы мәртебесін алу үшін өтініш беруші клиринг ұйымының қағидаларымен көзделген нысан бойынша жасалған өтінішті және сауда-саттыққа клирингтік қатысушының клиринг ұйымына қаржылық тұрақтылық мониторингін жүзеге асыру үшін клиринг ұйымының қағидаларымен көзделген тәртіпте және мерзімдерде қаржылық тұрақтылықтың халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған қаржылық есеп беруді береді, сондай-ақ мынадай талаптарға сәйкес келетін болады:
      1) сауда-саттыққа клирингтік қатысушы мәртебесін алу күнінде және осы күннің алдындағы үш ай ішінде (қаржы ұйымы - Қазақстан Республикасының резиденті үшін) меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативтерді сақтайды;
      2) клиринг ұйымының қағидаларымен белгіленген (Қазақстан Республикасының резиденті қаржы ұйымы болып табылмайтын заңды тұлға үшін) меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша талаптарды сақтайды;
      3) осы сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға рұқсат беру жүзеге асырылатын клиринг ұйымы орталық қарсы агент функциясын атқаратын қаржы құралдары нарықтары бойынша арнайы клиринг (кепілдік) қорларын қалыптастыруға қатысады;
      4) клиринг ұйымының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес қаржы құралдарын есепке алу үшін шоттар ашады.
      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген талаптар қор және (немесе) тауар биржасында жасалатын мәмілелері (өтінімдері) толық алдын-ала қамтамасыз етумен жасалатын (жарияланатын) заңды тұлғаға қолданылмайды.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Сауда-саттыққа клирингтік қатысушының іс-қимылын уақытша тоқтата тұру немесе мәртебесінен айыру негіздемесі мынау болып табылады:
      1) уәкілетті орган немесе сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға берген лицензияның қолданылуын уақытша тоқтата тұру немесе тоқтату;
      2) қор және (немесе) тауар биржасындағы мүшелікті уақытша тоқтата тұру немесе тоқтату;
      3) қор биржасын растаушы жүйеге қосылған адамды осы растаушы жүйеден уақытша немесе тұрақты ажырату;
      4) клиринг ұйымының қағидаларымен белгіленген негіздемелер.»;
      10 және 11 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Уәкілетті орган осы сауда-саттыққа клирингтік қатысушының атына тиісті хабарлама жіберілген күні клиринг ұйымын сауда-саттыққа клирингтік қатысушы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату жөнінде хабардар етеді.
      Клиринг ұйымы осы сауда-саттыққа клирингтік қатысушымен осының алдында жасалған мәмілелерді (осының алдында айқындалған (таза) позиция) орындауға (есеп айырысуды аяқтауға) байланысты қызмет көрсетуді қоспағанда, лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға көрсетілген хабарламаны алған сәттен бастап қызмет көрсетпейді.
      11. Клиринг ұйымы осы клиринг ұйымы клирингтік қызмет көрсететін мәмілелер бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және сақтауды жүзеге асырады, алшақтық болған жағдайда оларды салыстырады, түзетеді, Қағидалармен және клиринг ұйымының қағидаларымен белгіленген тәртіп пен талаптар бойынша мәміледегі дефолтты реттеу кезінде мәміле тараптарындағы өзгерістерді (деректемелер) немесе өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      «11-1. Клиринг ұйымы осы сауда-саттыққа клирингтік қатысушы атынан (оның ашық позицияларын еріксіз тарату мақсатында) қор және/немесе сауда биржасының сауда жүйесінде сауда-саттыққа клирингтік қатысушымен өтінімдер мен мәмілелер жасау арқылы дефолтты реттеу және/немесе клиринг ұйымының қағидаларымен белгіленген тәртіп пен талаптар бойынша өзге де іс-қимылдар жасау жөніндегі рәсімдерді жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 16-1 тармақпен толықтырылсын:
      «16-1. Биржалық сауда-саттық жасау кезінде туынды қаржы құралдарымен және (немесе) валютамен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі мен талаптары қор биржасының қағидаларымен анықталады.
      Клиринг ұйымы туынды қаржы құралдарымен және (немесе) валютамен мәмілелер бойынша есеп айырысуды (төлемдер) ұйымдастыру үшін клиринг ұйымының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес қаржы құралдарын есепке алу үшін шоттар ашады.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Осы Қағидалардың 17-тармағы олардың жасалу күнінде «төлемге қарсы жеткізу» қағидаты бойынша есеп айырысу жүзеге асырылатын сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерге қолданылмайды».
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәмілелер бойынша есеп айырысуларды (төлемдерді) жүргізу бұйрығын есеп айырысу ұйымына тапсыру сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сай жүзеге асырылады.»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Клиринг ұйымының қағидаларында клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымының өзара қарым-қатынастарының тәртібі мен талаптары айқындалады және оған:
      1) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сауда-саттыққа клирингтік қатысушысының қаржылық тұрақтылығына қолдау көрсету міндетін көрсете отырып, оларға қойылатын талаптар;
      2) сауда-саттыққа клирингтік қатысушысы мәртебесін беру (қолданылуын тоқтата тұру, айыру) тәртібі мен талаптары;
      3) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының қаржылық жағдайының мониторингін жүзеге асыру, сондай-ақ сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының клиринг ұйымы қағидаларының талаптарына сәйкес келуі үшін клиринг ұйымы беретін сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының қызметі туралы ақпарат тізбесі, сондай-ақ осы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері;
      4) клиринг ұйымы сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларынан және уәкілетті органнан алған ақпаратқа иелік ету тәртібі;
      5) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржылық жағдайының мониторингі тәртібі, сондай-ақ сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының клиринг ұйымы қағидаларының талаптарына сәйкестігі;
      6) арнайы клиринг (кепілдік берілген) қорларын қалыптастыру тәртібі мен талаптары, сондай-ақ клиринг ұйымының жарналары мен алымдарын төлеу тәртібі мен талаптары;
      7) клиринг ұйымының резерв қорын құру тәртібі мен талаптары;
      8) жасалған мәмілелер бойынша ақпарат жинау, өңдеу және сақтау, алшақтықтар болған жағдайда оны салыстырып тексеру мен түзету тәртібі;
      9) клиринг ұйымының қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің параметрлерін есепке алу мен растау тәртібі;
      10) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың талаптары және (немесе) міндеттемелерін айқындау тәртібі;
      11) клиринг қызметінің нәтижелері бойынша міндеттемелерді орындаудың тәртібі, талаптары мен тәсілдері;
      12) клиринг ұйымының сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржы құралдарымен мәмілелері бойынша клиринг қызметінің нәтижелері бойынша есептерді беру тәртібі;
      13) есеп айырысу ұйымына, сауда-саттықты ұйымдастырушыға және (немесе) тауар биржасына қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметінің нәтижелері бойынша ақпаратты дайындау және тапсыру тәртібі;
      14) клиринг ұйымы мен сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының арасындағы қатынастарды айқындайтын клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру туралы шарттың үлгілік нысандары;
      15) клиринг ұйымы есеп айырысу ұйымымен, сауда-саттықты ұйымдастырушымен және (немесе) тауар биржасымен жасайтын шарттың мазмұнына қойылатын талаптар;
      16) клиринг ұйымының орталық қарсы агенттің функцияларын орындау тәртібі мен талаптары;
      17) айқындалуы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 77-2-бабында белгіленген клиринг ұйымының функцияларын іске асыру үшін қажет ережелер енгізіледі.»;
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 59 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7554 тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 339-345 (27419)) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) есеп айырысу ұйымы – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айрысуларды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйым;
      2) клиринг – қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың талаптары және (немесе) міндеттемелері туралы ақпаратты анықтау, тексеру және беру процесі;
      3) клирингтік жүйе – клиринг қызметін жүзеге асыруға арналған клиринг ұйымының бағдарламалық-техникалық кешені;
      4) стресс-тестинг – клиринг ұйымының қызметіне ықпал ететін клиринг ұйымының қаржылық жағдайына ерекше болатын, бірақ ықтимал оқиғалардың әлеуетті ықпал етуді өлшеу әдістемелері;
      5) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.».
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко