Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тәуекелдер деңгейлерiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 91 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2012 жылғы 17 шілдедегі № 223 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 21 тамызда № 7868 тіркелді

Қолданыстағы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына және «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тәуекел деңгейлерiнiң ұсынылған бағалау өлшемдерi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң ақпарат және мұрағат комитетi:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiнен соң оның ресми түрде жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң ақпарат және мұрағат комитетi төрағасына жүктелсiн (Б.С. Калианбеков).
      4. Осы бірлескен бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланған күнінен кейiнгi он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және ақпарат министрі     Экономикалық даму және сауда
                                         министрінің м.а.
      ________________ Д. Мыңбай         ____________ М. Әбілқасымова
      2012 жылғы «___» __________        2012 жылғы «___» _________

Қазақстан Республикасы          
Мәдениет және ақпарат министрiнiң
2012 жылғы 29 маусымдағы № 91   
және Қазақстан Республикасы     
Экономикалық даму және          
сауда министрiнiң м.а.          
2012 жылғы 17 шілдедегі № 223   
бiрлескен бұйрығымен            
бекiтiлген                      

Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсіпкерліктің
тәуекелдер деңгейлерін бағалау өлшемдері

      1. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы тәуекелдер деңгейін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы, «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңдарына сәйкес жеке кәсіпкерліктің тексерілетін субъектілерін тәуекелдер деңгейлері бойынша топтастыру үшін әзірленген.
      2. Тәуекелдерде келесі ұғымдар пайдаланылады:
      1) тексерілетін субъектілер – телерадио хабарларын тарату операторлары мен теле-, радиокомпаниялар.
      3. Жоспарлы тексерулерді өткізу кезеңділігі тәуекел деңгейіне байланысты, алайда олардың кезеңділігі төменде көрсетілген саннан жиі болмауы тиіс:
      жылына бір рет – тәуекелдің деңгейі жоғары болғанда;
      үш жылда бір рет – тәуекелдің деңгейі орта болғанда;
      бес жылда бір рет – тәуекелдің деңгейі шамалы болғанда.
      4. Тексерiлетiн субъектiлердi тәуекел деңгейлері бойынша жатқызу бiрiншi және кейiнгi бөлу арқылы жүзеге асырылады.
      5. Бiрiншi бөлу кезiнде телерадио хабарларын тарату операторлары және телекомпаниялар тәуекелi жоғары деңгейге жатқызылады, ал радиокомпаниялар тәуекелi орта деңгейге жатқызылады.
      6. Тексерілетін субъектілерді тәуекел деңгейі бойынша келесіге жатқызу алынған балдар санына байланысты тек тәуекелдің деңгейін бағалаудың өлшемдері негізінде жүзеге асырылады.
      7. Тәуекелдің әрбір өлшемі бойынша 12 және 3-қосымшаларына сәйкес, шекті мөлшері бар сәйкесінше балдар беріледі.
      8. Тәуекелдің өлшемдері бойынша балдар барлық өлшемдер бойынша жалпы сомалық қорытындыны анықтау үшін сомаланады.
      9. Тәуекелдің барлық өлшемдер бойынша сомалық қорытынды нәтижелері тексерілетін субъектілерді тәуекел деңгейі бойынша бөлу үшін пайдаланылады.
      10. Тәуекелдің деңгейі бойынша тексерілетін субъектілерді бөлу келесі түрде жүзеге асырылады:
      1) тәуекелдің жоғары деңгейі – 21 балдан жоғары;
      2) тәуекелдің орта деңгейі – 12-ден 20 балға дейін (қоса алғанда);
      3) тәуекелдің мардымсыз деңгейі – 11 балға дейін (қоса алғанда).
      11. Тәуекелдiң бiр тобының iшiнде жоспарлы тексерiс жүргiзуге тексерiлетiн субъектiлердi iрiктеу мына принцип бойынша жүзеге асырылады:
      1) жиналған баллдың ең үлкен саны;
      2) тексерiлмеген ең үлкен кезеңi.

Телерадио хабарларын  
тарату саласындағы жеке 
кәсіпкерліктің тәуекелдер
деңгейін бағалау өлшемдеріне
1-қосымша        

Тәуекелдер топтары

Тәуекелдер деңгейлерін бағалау өлшемдері

Балл

1. Бақылау субъектілеріне жалпы болып табылатын

Өзін өзіне қол жұмсауды насихаттайтын ақпараттың жария етпеу жөніндегі талаптарды сақталмауы

3

Қатыгездік пен зорлықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық артықшылдықты насихаттайтын ақпараттың жария етпеу жөніндегі талаптарды сақталмауы

3

Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды, Конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді насихаттайтын ақпараттың жария етпеу жөніндегі талаптарды сақталмауы

3

Экстремизмді немесе терроризмді насихаттайтын ақпараттың жария етпеу жөніндегі талаптарды сақталмауы

3

Ұлтаралық және конфессияаралық алауыздықты қоздыратын ақпараттың жария етпеу жөніндегі талаптарды сақталмауы

3

Порнографиялық және арнайы сексуалды–эротикалық сипаттағы кино және бейне өнімді жария ететін теле-, радиобағдарламалар, теле-, радиоарналар жария етпеу жөніндегі талаптарды сақталмауы

3

Балалар мен жасөспірімдердің физикалық, психикалық, адамгершілік, моральды және рухани дамуына залал келтіретін телебағдарламаларды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңына сәйкес «Е 18» деп белгіленетін фильмдерді жергілікті уақыт бойынша 6.00 дан бастап 22.00 – қа дейін тарату

5

Егер де өзге теле радио таратылым операторлары мен құқық иегері болып табылатын теле- радиокомпания арасындағы шартта көзделмеген жағдайда мазмұнына өзгертулер енгізіліп жария етілген теле-, радиоарналардың қызметін жүзеге асыру, теле – радиобағдарламаны ретрансляциялау

2

Кабельді телерадио таратылым операторларымен және теле-, радиокомпаниямен көрсету және (немесе) қайта көрсету барысында сақталуы міндетті болып табылатын өзара есептесуге қатысты талаптарды сақтамау

3

«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмейтін жарнаманы тарату

5


Қосымша ақпараттың көлемi кадр алаңының он бес пайызынан асуы

2

Телерадио хабарларын  
тарату саласындағы жеке 
кәсіпкерліктің тәуекелдер
деңгейін бағалау өлшемдеріне
2-қосымша         

Тәуекелдер топтары

Тәуекелдер деңгейлерін бағалау өлшемдері

Балл

2. Теле- радио хабарларын тарататын операторларыүшін

Теле-, радио хабарларын тарату операторларымен міндетті болып табылатын теле-радиоарналарды таратпау

5


Теле-, радиоарнаның, телерадиобағдарламалардың телерадио хабарларын тарату операторы мен құқық иегері болып табылатын теле-, радиокомпания арасында жасалған шарттың болмауы

3


Мүдделі органда есепке қойылмаған шетелдiк теле-, радиоарналарды тарату

5

Телерадио хабарларын  
тарату саласындағы жеке 
кәсіпкерліктің тәуекелдер
деңгейін бағалау өлшемдеріне
3-қосымша        

Тәуекелдер топтары

Тәуекелдер деңгейін бағалау өлшемдері

Балл

3. Теле- радиокомпаниялар үшін

Қазақ тілінде көрсетілетін теле-, радиобағдарламалардың жұма сайынғы көлемін және уақыт аралығын сақтамау/немесе қазақ тіліндегі негізгі дыбыстық сүйемелдеу ретінде дыбыстық сүйемелдеудің көп арналық берілуін пайдаланбау

5


Телеарнада жаңалықтарды жария ететін бағдарламаларды сурдоаудармамен қамтамасыз етпеуден тарату

2


Теле-, радиоарна меншiк иесiнiң кiретiн есiгi бөлек үй-жайлар мен орындарға немесе оны жалға алуға, оның iшiнде:

телерадио хабарларын таратудың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған арнайы үй-жайларды (студиялық, аппараттық, қосымша);

шығармашылық персоналына (редакциялық) арналған үй-жайларды;

әкiмшiлiк-басқару персоналына арналған үй-жайларды жалға алуға мүлiктiк құқықтарын растайтын құжаттардың болмауы

3


Отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы хабар тарату көлемiнде шетелдiк теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын тарату теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемiнiң жиырма пайызынан асуы

3


Трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды алты айдан кем таспаға басу және сақтау

3