Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 20.05.2014 № 236 бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық мүлікті мүліктік жалға (жалға алу) беру кезінде тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық ставкасы мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7437 тiркелдi, 2012 жылғы 4 мамырда «Заң газетінде» жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қоса беріліп отырған Республикалық мүлікті мүліктік жалға (жалға алу) беру кезінде тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық ставкасы мен мөлшерлерінде:
4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
4 |
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр): |
|
4.1 Астана және Алматы қалалары үшін |
3 |
|
4.2 облыстық орталықтар үшін |
2 |
|
4.3 облыстық мәні бар қалалар үшін |
1,5 |
|
4.4 аудандық орталықтар үшін |
1 |
|
4.5 кент, село (ауыл) |
0,5 |
2. Республикалық мемлекеттік мүлікті иелік ету және оңалту мен банкроттық рәсімдері әдіснамасы департаменті (Б.Х. Тәшенов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Министр Б. Жәмішев