Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 маусымда № 9534 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 38 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 38 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 96 «Республикалық мүлікті мүліктік жалға (жалға алу) беру кезінде тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық ставкасы мен мөлшерлерін бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7437 тіркелген, 2012 жылғы 4 мамырдағы № 64 (2072) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 365 «Республикалық мүлікті мүліктік жалға (жалға алу) беру кезінде тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық ставкасы мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7848 тіркелген, 2012 жылғы 26 қазандағы № 162 (2170) «Заң газеті» газетінде жарияланған).
      3. Республикалық мемлекеттік мүлікті иелік ету және оңалту мен банкроттық рәсімдері әдіснамасы департаменті (Д.Б. Әділханов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы     
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Қаржы 
Министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы
№ 236 бұйрығымен бекітілген 

Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру
кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары

      1. Осы Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді және республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.
      2. Республикалық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      мұнда:
      Ап – жылына республикалық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Рбс - 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;
      S - жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Кт - құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
      Кк - тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кск - қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
      Кр - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд - жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Копф - жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент;
      3. Жабдықтарды, автокөлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын  заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:

Ап = С х Nam/100 х Кп

      мұнда:
      Ап - жылына жабдықтар, көлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
      100 пайыз тозуы есептелген жабдықтарды, көлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
      Nam - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кп - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).
      4. Республикалық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін, сондай-ақ жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алу) ұсыну кезінде жалдау ақысы есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ач=Ап/12/Д/24,
      мұнда:
      Ач – сағатына республикалық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Ап – жылына республикалық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Д – объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндердің саны.

Республикалық мүлікті мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру кезінде
жалдау ақысының мөлшерлемесін
есептеу қағидаларына    
қосымша           

Тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі,
аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының
ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің
қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері

Базалық мөлшерлемелер


Әкімшілік-аумақтық бірлік

Базалық мөлшерлеменің мөлшері

1.

Астана және Алматы қалалары

Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген 2,5 айлық есептік көрсеткіш

2.

Облыстар мен Байқоңыр қаласы

Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш

Коэффициенттер түрі

Коэффициент мөлшері

1

Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт):


1.1 кеңселік

1

1.2 өндірістік

0,8

1.3 қойма, гараж, қазандық

0,6

1.4 спорттық ғимараттар (стадиондар, спорттық залдар)

0,7

2

Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк)


2.1 жеке тұрған құрылыс

1

2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі

0,9

2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі

0,7

2.4 жертөле бөлігі

0,6

3

Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск)


3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз, сумен қамтамасыздандыру, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түрге 0,1-ге азаяды

1,0

4

Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):



4.1 Астана және Алматы қалалары үшін

3

4.2 облыстық орталықтар және Байқоңыр қаласы үшін

2

4.3 облыстық мәні бар қалалар үшін

1,5

4.4 аудандық орталықтар үшін

1

4.5 кент, ауыл

0,5

5

Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):


5.1 халыққа қызмет көрсетуге арналған банктердің, «Қазпошта» Акционерлік қоғамның есеп айырысу-кассалық орталықтары үшін (қол жетімділігі шектеулі республикалық заңды тұлғалардың ғимараттарында 0,5-ке төмендету коэффициенті қолданылады): Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Петропавл, Қостанай, Тараз, Шымкент қалалары, қалған елді мекендер

2,5

2,0

5.2 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін

3,0

5.3. сауда, қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру үшін қылмыстық-атқарушылық жүйенің ғимараттарында және оқу орындарының жатақханаларында сауда қызметтерін ұйымдастыру үшін

2,5

1,9

5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін

1,5

5.5 мынадай салаларда қызметтерді ұйымдастыру үшін:
ғылым және жоғары білім беру
орта білім беру
мектепке дейінгі білім беру

1,1

0,9

0,8

5.6 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қызметтерді ұйымдастыру үшін

1,0

5.7 өткізу жүйесі бар (қол жетімділігі шектеулі) республикалық заңды тұлғалардың ғимараттарында қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру, тұрмыстық қызметтерді көрсету, сондай-ақ оқу орындарындағы және оқу орындардың жатақханаларындағы асхана мен буфеттер үшін

0,5

5.8. 5.1-5.7-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін

1,9

6

Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):


6.1 сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін

0,9

6.2 акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайыздары немесе акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі және табысының кемінде 90 пайызын бюджеттік бағдарламаларды орындаудан алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін

0,8

6.3 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін

0,5

6.4 қалғандары үшін

1,0