Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының м.а. 30.12.2015 № 227 бұйрығымен.
Мемлекеттік статистиканы оңтайландыру және жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандарында көрсеткіштердің қайталануын болдырмау мақсатында, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7)тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқау бойынша
статистикалық нысан мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 60 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6835 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3, 4-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Г. Әбдіқалықова _____________
2012 жылғы 30 мамыр
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
төрағасының
2012 жылғы 5 маусымдағы
№ 130 бұйрығына 1-қосымша
Құпиялылығы мемлекеттік статистика органдарымен кепілденеді |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 60 бұйрығына 3-қосымша |
|||||||||||||||
Ведомстволық статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан |
Приложение 3 к приказу Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 3 марта 2011 года № 60 |
|||||||||||||||
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тапсырылады. |
||||||||||||||||
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді уақтылы тапсырмау, дәйексіз деректерді беру әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 381-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. |
||||||||||||||||
Статистикалық нысан коды 7271201 |
Жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктеріне еңбек делдалдығы үшін өтініш берген азаматтардың саны туралы есеп
|
|||||||||||||||
3-Е (жұмысқа орналастыру) |
||||||||||||||||
Айлық |
_ _ _ _ _ _ |
|||||||||||||||
Жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктерінің тапсыру мерзімі – есепті айдан кейінгі 1-ші күні, есепті айдан кейінгі 2-ші күні аудандық (қалалық) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдары, есепті айдан кейінгі 4-ші күні облыстық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдары, есепті айдан кейінгі 7-ші күні Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық-талдау орталығы. |
||||||||||||||||
БСН коды |
Еңбек делдалдығы үшін жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктеріне өтініш берген азаматтаррдың саны 20__жылы ________________
Численность граждан, обратившихся за трудовым посредничеством в частные агентства занятости за ________________ 20___года
__________________ауданы____________________облысының (қаланың)
район области (города)
Жол коды |
Көрсеткіштер |
Есепті айға |
Жылдың басынан |
||
барлығы |
оның ішінде ауылдық жерлерде тұратындар |
барлығы |
оның ішінде ауылдық жерлерде тұратындар |
||
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1 |
Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке агентстваларға өтініш берген азаматтардың саны, адам |
||||
оның ішінде: |
|||||
1.1 |
жұмыссыздар |
||||
2 |
Жеке агентства делдалдығы арқылы жұмысқа орналасқан азаматтардың саны (адам) |
||||
оның ішінде: |
|||||
2.1 |
жұмыссыздар |
||||
3. |
Жеке агенттік делдалдығы арқылы таяу және алыс шетелдерге жұмысқа кеткен азаматтардың саны |
Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік
бағдарламаны үйлестіру
басқармасының бастығы _________________________________ қолы
Начальник управления координации (подпись)
занятости и социальных программ
Орындаушы (Т.А.Ә.)
Исполнитель (Ф.И.О) ________________________ Телефон:____________
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
төрағасының
2012 жылғы 5 маусымдағы
№ 130 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
төрағасының
2011 жылғы 3 наурыздағы
№ 60 бұйрығына 4-қосымша
«Еңбек делдалдығы үшін жекеменшік жұмыспен қамту агенттігіне жүгінген азаматтар саны жөнінде есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысандарын толтыру бойынша нұсқаулық (коды 7271201, индексі 3-Е (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі айлық)
Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Еңбек делдалдығы үшін жекеменшік жұмыспен қамту агенттігіне жүгінген азаматтар саны жөнінде есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысандарын толтыру (коды 7271201, индексі 3-Е (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі айлық) тәртібін нақтылайды.
Мынадай анықтамалар берілген статистикалық нысандарды толтыру мақсатында қолданылады:
1) жеке жұмыспен қамту агенттігі - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркелген, жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсететін кез-келген жеке және заңды тұлға;
2) жұмыссыз адамдар - өздеріне байланысты емес себептер бойынша табыс әкелетін еңбек қызметімен айналыспайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге жарамды жастағы адамдар.
3. Статистикалық нысанда барлық көрсеткіштер есептік айда және ағымдағы жыл басынан бергі өспелі жиынтықпен көрсетіледі. Деректер бірлігіне дейін дәлме-дәл көрсетіледі.
Статистикалық нысанның 2 және 4 бағандарында ауылдық жерлерде тұратын азаматтар бойынша деректер сәйкесінше 1 және 3 бағандарынан бөлінеді бұған «қалалық үлгідегі кент» санатына жататын жұмыс кенттерінің тұрғындары жатқызылмайды.
1-жол бойынша еңбек делдалдығы үшін жекеменшік жұмыспен қамту
агенттігіне өтініш берген азаматтардың, зейнеткерлерді, оқушыларды, студенттерді, мүгедектерді және еңбек қызметімен айналысатын, бірақ басқа жұмысқа ауысқысы келетін, қосымша табыс (жалақы) тапқысы келетін және бірнеше жеке еңбек шартымен, сондай-ақ оқудан тыс бос уақытта жұмыс істегісі келетін, жұмыс күшіне сұраныс болған жағдайда жұмыс берушілерге жіберілетін басқа да азаматтарды қоса алғандағы жалпы саны туралы деректер келтіріледі.
1-жол бойынша (1.1. жолдағы) еңбек делдалдығы үшін жекеменшік
жұмыспен қамту агенттігіне жүгінген жұмыссыз азаматтар саны туралы
деректер келтіріледі.
1-жолдағы деректер 1.1. жолдағы деректерден зейнеткерлер, оқушылар және еңбек қызметімен айналысатын басқа да адамдар (басқа адамдарға жұмыс орнын ауыстырғысы немесе негізгі жұмысынан бос уақытында бірнеше жеке еңбек шартымен жұмыс істегісі келетін яғни жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктеріне жүгіну кезінде жұмысы немесе кәсібі болған адамдар жатады) санымен ерекшеленеді.
2-жол бойынша жекеменшік жұмыспен қамту агенттігінің делдалдығымен жұмысқа орналасқан азаматтар саны туралы деректері келтіріледі.
2.1 жолы бойынша (2-жолдағы) жұмыссыздар санынан жұмысқа орналастырылған азаматтардың саны туралы деректер келтіріледі.
3-жол бойынша жеке агенттік делдалдығы арқылы таяу және алыс шетелдерге жұмысқа кеткен азаматтардың саны туралы деректері келтіріледі.
4. Арифметикалық-логикалық бақылау:
1) 1, 2, 3, 4 бағандар бойынша:
1-жол 2-жол;
1-жол 1.1-жол;
2-жол 2.1-жол;
2-жол 3-жол;
3 баған 1 баған;
4 баған 2 баған.