"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 352 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 маусымда № 7775 тіркелді

Қолданыстағы

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (П.К. Нокин):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Қ. Қасымов

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      төрағасы
      ___________ Н. Әбіқаев
      2011 жылғы «24» маусым

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 14 маусымдағы
№ 352 бұйрығымен 
бекітілген     

«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру»
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-бабына, сондай-ақ «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру жөніндегі мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысымен бекітілген «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
      2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұтынушы – мемлекеттік қызметке жүгінген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
      2) құрылымдық-функциялық бірліктер (ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөліністері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысымен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру бойынша мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары көші-қон полициясының аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көші-қон полициясы бөліністері) көрсетеді.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңы 9-бабының;
      2) Стандарттың;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерiнiң төлем жасау қабілеттігін растау ережесінің негізінде көрсетіледі.
      6. Азаматтарды тіркеу кітабында, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерінде мөртабан қою не болмаса қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызметті тұтынушының тұрақты тұратын жері бойынша көші-қон полициясының бөліністері көрсетеді.
      8. Мемлекеттік қызмет аптасына бес жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен және сенбіде сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) www.mvd.kz және тізбесі осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) интернет-ресурсында, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, сондай-ақ көші-қон полициясының бөліністерінде орналасқан ресми ақпарат көздері мен стенділерде орналастырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттар ұсынады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған және өтінішті қабылдағаны туралы талон алған сәттен бастап күнтізбелік 60 күн;
      2) көшіп-қону квотасына сәйкес Қазақстан Республикасына келген шетелдіктерге өтінішті қабылдағаны туралы талон алған сәттен бастап күнтізбелік 10 күн;
      3) тұтынушының кезек күтуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
      3) тіркеуді жүзеге асыру кезінде алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
      12. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда иммигранттарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беруден бас тартылады не болмаса бұрын берілген рұқсаттың күші жойылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттердің
(өзара іс-қимыл жасасудың) сипаттамасы

      13. Көші-қон полициясы бөліністерінде құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уақыт бойынша көші-қон полициясы инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
      Көші-қон полициясы бөлінісіне құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы талон беріледі, онда:
      нөмірі мен құжаттарды қабылдаған күні;
      сұрау салынатын мемлекеттік қызметтің түрі;
      құжаттарды берген күні, уақыты мен орны;
      құжатты қабылдаған көші-қон полициясы инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
      14. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар қойылмайды.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай ҚФБ жұмылдырылады:
      1) қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттік ішкі істер басқармасы (бөлімі) көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру;
      2) облыстардағы, Алматы және Астана қалаларындағы ІІД Көші-қон полициясы басқармасының қызметкері - шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру;
      3) ІІД бастығы, ІІД бастығының орынбасары – рұқсат беру туралы қорытындыны бекіту;
      4) ІІД-нің Мекенжай-анықтамалық бюросы – есепке қою;
      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс, Алматы және Астана қалалары бойынша департаменті – шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға тұрақты тұруға рұқсаттар беру туралы материалдарды келісу.
      16. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімді) орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) реті мен өзара іс-қимыл жасасуының кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реті мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ  
адамдарды тіркеу және оларға   
Қазақстан Республикасында тұрақты
тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет
регламентіне 1-қосымша     

Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) реттілігі мен
өзара іс-қимыл жасасуының сипаттамасы

      Негізігі процесс.
      1-нұсқа. «Тұрақты тұруға» санатындағы визамен Қазақстан Республикасына келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу. 1-кесте.

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері

1

Іс-әрекет (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

6

2

ҚФБ-ның атауы

КҚПК

КҚПК

КҚПК

КҚПК

КҚПК

МАБ

3

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Өтініш иесінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру

Журналда тіркеу

Мекенжай келу парағы мен келу парағына статистикалық есепке алу парағын МАБ-ға жолдау

Есептік карточканы 3 данада толтыру

Алфавиттік-анықтамалық картотекаға есептік карточка енгізу

Мекенжай келу парағын алфавиттік-анықтамалық картотекаға енгізу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Құжаттар сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Азаматтарды тіркеу кітабында, азаматтығы жоқ адамның куәлігінде мөртабан қою

Ілеспе хат

Ілеспе хат

Тұрақты тұратын адам ретінде есепке қою

МАБ-қа тіркеу есебіне қою

5

Орындау мерзімдері

10 минут

10 минут

2 күн

2 күн

3 күн

3 күн

      2-нұсқа. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы өтініштерді қарау.

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері

1

Іс-әрекет (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

6

7

2

ҚФБ-ның атауы

ҚАІІО

ҚАІІО

КҚПК

ҰҚКД

ҚСжАЕАК

КҚПК

ІІД басшылығы

3

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Өтініш иесінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру

Істі қалыптастыру және оны КҚПБ-ға жолдау

Істің материалдарын тексеру, сұрау салуларды ҰҚКД және ҚСжА-ЕАБ-ға жолдау

Өтініш иесін арнайы есептер бойынша тексеру

Өтініш иесін арнайы есептер бойынша тексеру

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытынды шығару, ІІД басшылығына жолдау

Істің материалдарын тексеру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Журналда тіркеу және алғаны туралы талон беру не болмаса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру

Ілеспе хат

Сұрау салуды жолдау

КҚПК-ға жауап

КҚПК-ға жауап

Дәлелді қорытынды

Қорытындыны бекіту

5

Орындау мерзімдері

10 минут

3 күн

3 күн

30 күн

15 күн

7 күн

10 күн

      кестенің жалғасы:

8

9

10

11

12

13

14

КҚПК

КҚПК

ҚАІІО

ҚАІІО

ҚАІІО

КҚПК

МАБ

Есептік карточканы 3 дана толтыру

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытындыны есептік карточканың үшінші данасымен ҚАІІО-ға жолдау

Шығарылған қорытындының нәтижелері туралы жазбаша хабарламаны дайындау. Теріс шешім қабылданған жағдайда өтініш иесіне дәлелді бас тартуды жолдау

Азаматтарды тіркеу кітабында, азаматтығы жоқ адамның куәлігінде мөртабан қою

Мекен-жай келу парағы мен келу парағына статистикалық есепке алу парағын МАБ-ға жолдау

Алфавиттік-анықтамалық картотекаға есептік карточка енгізу

Мекенжай келу парағын алфавиттік-анықтамалық картотекаға енгізу

Ілеспе хат

Ілеспе хат

Өтініш иесіне хабарландыру

Тіркеу туралы мөртабан

Ілеспе хат

Тұрақты тұратын адам ретінде есепке қою

МАБ-қа тіркеу есебіне қою

2 күн

2 күн

3 күн

10 минут

2 күн

3 күн

3 күн

       Пайдалану нұсқалары.
       1-нұсқа. «Тұрақты тұруға» санатындағы визамен Қазақстан Республикасына келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу
       3-кесте. Негізгі процесс – «Тұрақты тұруға» санатындағы визамен Қазақстан Республикасына келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу.

Негізгі процесс (жұмыс барысы, ағыны)

КҚПК

КМП

АСБ

Өтініш иесінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру

Есептік карточканы алфавиттік-анықтамалық картотекаға енгізу

Мекенжай келу парағын алфавиттік-анықтамалық картотекаға енгізу

Азаматтарды тіркеу кітабында, азаматтығы жоқ адамның куәлігінде мөртабан қою

Тұрақты тұратын адам ретінде есепке қою

МАБ-қа тіркеу есебіне қою

Мекенжай келу парағы мен келу парағына статистикалық есепке алу парағын МАБ-қа жолдау

Мекенжай парағын есепке қою үшін енгізу

Есепке қойылғаны туралы КҚПК-ға хабарландыру

Есептік карточканы 3 данада толтыру

Тұрақты тұратын адам ретінде есепке қою

Тұрғылықты жері өзгерген жағдайда өзгерістер енгізу

4-кесте. Негізгі процесс – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы оң шешім қабылдау

Негізгі процесс (жұмыс барысы, ағыны)

ҚАІІО

КҚПК

ІІД басшылығы

Өтініш иесінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру

Істің материалдарын тексеру, сұрау салуларды ҰҚКД және ҚСжАЕАБ-ға жолдау

Істің материалдарын тексеру

Істі қалыптастыру және оны КҚПБ-ға жолдау

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытынды шығару, ІІД басшылығына жолдау

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы қорытындыны бекіту

Өтініш иесіне шығарылған қорытындының нәтижелері туралы хабарландыру

Есептік карточканы 3 дана толтыру


Азаматтарды тіркеу кітабында, азаматтығы жоқ адамның куәлігінде мөртабан қою

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытындыны есептік карточканың үшінші данасымен ҚАІІО-ға жолдау


Мекенжай келу парағы мен келу парағына статистикалық есепке алу парағын МАБ-қа жолдау



Негізгі процесс (жұмыс барысы, ағыны)

ҰҚКД

ҚСжАЕАК

КҚПК

МАБ

Өтініш иесін арнайы есептер бойынша тексеру

Өтініш иесін арнайы есептер бойынша тексеру

Есептік каточканы алфавиттік-анықтамалық картотекаға енгізу

Мекенжай келу парағын алфавиттік-анықтамалық картотекаға енгізу

5-кесте. Балама процесс - шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы теріс шешім қабылдау.

ҚАІІО

КҚПК

ІІД басшылығы

Өтініш иесінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру

Істің материалдарын тексеру, сұрау салуларды ҰҚКД және ҚСжАЕАБ-ға жолдау

Істің материалдарын тексеру

Істі қалыптастыру және оны КҚПБ-ға жолдау

Қазақстан Республикасында тұрақты тұрудан бас тарту туралы дәлелді қорытынды шығару, ІІД басшылығына жолдау

Қазақстан Республикасында тұрақты тұрудан бас тарту туралы қорытындыны бекіту

Өтініш иесіне дәлелді жазбаша бас тартуды жолдау

Қазақстан Республикасында тұрақты тұрудан бас тарту туралы теріс қорытындының көшірмесін жолдау


Балама процесс (жұмыс барысы, ағыны)

ҰҚКД

ҚСжАЕАК



Өтініш иесін арнайы есептер бойынша тексеру

Өтініш иесін арнайы есептер бойынша тексеру



      Қосымшада келесі аббревиатуралар қолданады:
      - КҚПБ - Көші қон полициясы басқармасы;
      - КҚПК - Көші қон полициясы комитеті;
      - МАБ - Мекенжай-анықтамалық бюросы;
      - ҚАІІО – қалалық (аудандық) ішкі істер органдары;
      - ҰҚКД - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті;
      - ҚСжАЕАК - Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдарды тіркеу және оларға 
Қазақстан Республикасында  
тұрақты тұруға рұқсаттар беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша         

Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігінің
арасындағы байланысты көрсететін сызбалар

Шетелдіктер мен азаматтағы жоқ адамдарды тіркеу және
оларға тұрақты тұруға рұқсаттар беру