Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 126 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 маусымда № 7772 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 бұйрығымен бекітілген «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын», «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағы 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса тіркелген Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесі бекітілсін.
      2. Күші жойылды деп саналсын:
      1) «Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 28 маусымдағы № 108 Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4334 тіркелген, 2006 жылғы 31 қазандағы № 190 (1170) «Заң газетінде» жарияланған);
      2) «Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 28 маусымдағы № 108 Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 01 маусымдағы № 96 Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4747 тіркелген, 2007 жылғы 23 маусымдағы № 95 (25340) «Егемен Қазақстанда» жарияланған).
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының Бірінші орынбасары, қаржы полициясының генерал-майоры А.И. Лукинге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Төраға                                     Р. Түсіпбеков

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
____________ Б. Жұмағұлов
2012 жылғы «___» ________

Қазақстан Республикасы     
Экономикалық қылмысқа және   
сыбайлас жемқорлыққа қарсы   
күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Төрағасының           
2012 жылғы 15 маусымдағы № 126 
бұйрығымен бекітілген      

Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Қаржы полициясы академиясына тыңдаушыларды оқуға қабылдау ережелері (бұдан әрі – Ереже) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын және білім беруді ұйымдастыруда оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Қаржы полициясы академиясына (бұдан әрі - Академия) оқуға қабылдау тәртібін анықтайды.
      2. Академияға күндізгі оқу нысаны бойынша оқу үшін орта арнаулы білімі бар он алты жасқа толған, қаржы полициясы органдарына және кеден қызметіне денсаулығы бойынша жарамды тұлғалар қабылданады.
      Академияға оқуға Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерге сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бөлінген квота бойынша шетел азаматтары қабылданады.
      3. Академия тыңдаушылары құрамын қалыптастыру жинақтаушы аумақтық кеден қызметі мен қаржы полициясы органдарының жолдамаларына сәйкес аумақтық принциптерін ескере отырып, кадрларды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысына орналастыру тәсілімен жүзеге асырылады.
      4. Кандидаттың дислокация орнына келу уақытын Академия өзі анықтайды және кандидаттарға аумақтық қаржы полициясы органдары және кеден қызметтері арқылы оқуға дейін он бес күнтізбелік күн қалғанда хабарланады.
      Академияның дислокация орнына келу уақыты туралы ақпарат аумақтық қаржы полициясы органдары және кеден қызметтерінің ақпараттық тақтасында орналастырылады.
      5. Академияға оқуға түсу үшін азаматтармен аумақтық қаржы полициясы органдары және кеден қызметтерінде белгілі нысанда арыз толтырылады.
      Арыз қаралғаннан кейін, аумақтық қаржы полициясы органдары және кеден қызметтерімен азаматтардың арнайы міндетті тексеру нәтижелерімен, сондай-ақ қызметке және оқуға жарамдылығын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының ІІМ жүйесінің әскери-дәрігерлік комиссиясының медициналық куәландырылуымен жеке істер қалыптастырылады.
      6. Кандидаттардың оқуға жеке істері қалыптастырылғаннан кейін аумақтық қаржы полициясы органдары және кеден қызметімен (амбулаторлық картаның түпнұсқасы, арнайы білімі жөніндегі құжаты, әскери билеті немесе жазбаша куәлігі, бірыңғай ұлттық тестілеудің сертификаты сондай-ақ жеке куәліктің көшірмелері қосымша құжаттарымен) Академияның қабылдау комиссиясына жолданады.
      7. Академияға күндізгі оқу нысаны бойынша оқуға түсу үшін келген кандидаттар оқуға түсу кезеңінде шығу құқығынсыз казармалық жағдайда болады.
      8. Оқуға кандидаттарды іріктеу және қабылдау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру үшін Академия бастығының бұйрығымен:
      1) уақытша жұмыс істейтін әскери-дәрігерлік комиссия;
      2) оқуға кандидаттардың дене тәрбиесі даярлығы жөніндегі комиссия;
      3) аппеляциялық комиссия;
      4) іріктеу комиссиясы;
      5) техникалық топ;
      6) мандаттық комиссия.
      Уақытша жұмыс істейтін әскери-дәрігерлік комиссия қаржы полициясы органдарында және кеден қызметтерінде қызмет өткеруге денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығын анықтау мақсатында талапкерлерге медициналық куәландыру өткізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін маман дәрігерлердің қатысуымен Академияның медициналық бөлімі бастығының төрағалығымен құрылады.
      Оқуға кандидаттардың дене тәрбиесі даярлығы жөніндегі комиссия кандидаттардың дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеуді ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады. Комиссия құрамына әскери, дене шынықтыру және арнайы дайындық кафедрасының қызметкерлері кіреді.
      Апелляциялық комиссия оқуға кандидаттарды іріктеу қорытындылары бойынша азаматтардың арыздарын қарау үшін құрылады.
      Іріктеу комиссиясы оқуға кандидаттардың жеке істерін қабылдау және өңдеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады.
      Техникалық топ қабылдау комиссиясының және оның құрылымдық комиссия жұмыстарын қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады.
      Мандаттық комиссия оқуға кандидаттарды тыңдаушылар қатарына қабылдауды жүргізеді.

2. Академияға оқуға қабылдау тәртібі

      9. Академияға оқуға қабылдауды ұйымдастыруды Академияның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
      10. Күндізгі оқу нысаны бойынша оқуға түсуге кандидаттарды қабылдау үш кезеңде жүзеге асырылады:
      бiрiншi кезеңде – Академия сертификат балдарына сәйкес iрiктеу жүргiзедi;
      екiншi кезеңде - Академияның қабылдау комиссиясы кадрлар даярлаудың аумақтық принциптерін ескере отырып, медициналық, дене бiтiмi және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу жүргізіп, оқуға кандидаттар құрамын қалыптастырады;
      үшіншi кезеңде - Академияның мандаттық комиссиясы оқуға кандидаттарды тыңдаушылар қатарына қабылдауды жүргізеді.
      11. Медициналық, психофизиологиялық көрсеткіштері мен дене тәрбиесі даярлығы бойынша Академияға оқуға кандидаттарды іріктеу тиісті жылы бекітілген қабылдау комиссиясының жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.
      12. Қабылдау тәртібі, қабылдау комиссиясының қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу туралы ақпарат, емтихандар мен кеңестер кестесі, дұрыс жауаптар коды, кешенді тестілеу нәтижелері, қосымша медициналық және психофизиологиялық куәландыру және оқуға кандидаттардың дене тәрбиесі даярлығы сынағын өткізу кестесі оқуға түсушілердің назарына уақтылы жеткізу үшін ақпараттық тақталарға ілінеді.
      13. Дене тәрбиесі даярлығы бойынша нормативтері оқуға кандидаттардың осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген жаттығу түрлерін орындауын қарастырады.

3. Кешенді тестілеу өткізу тәртібі

      14. Кешенді тестілеу:
      1) өткен жылдардың жалпыға орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының түлектері;
      2) техникалық және кәсіби (бастапқы және орта кәсіби, ортадан кейінгі) білім беру ұйымдарының түлектері;
      3) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаған (бұдан әрі- ҰБТ) жалпыға білім беретін мектептердің түлектері, шетелде халықаралық алмасу бағытында оқыған оқушылар;
      4) республикалық музыкалық мектеп интернат түлектері;
      5) білім беру мекемелерін шетелде бітірген тұлғалар үшін өткізіледі.
      15. Оқуға кандидаттарды кешенді тестілеуі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен (бұдан әрі - БҒМ) Академия базасында Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.
      16. Кешенді тестілеуге қатысу үшін оқуға кандидаттар Академияның қабылдау комиссиясына ұсынады:
      1) «Білім беру мекемелері мен білім беру қызметінде қолданылатын қатаң есептілік құжаттар нысанын бекіту туралы» (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Реестрінде № 4991 тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысына 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген нысанда арыз;
      2) жалпыға орта білім беру мекемесін (жалпы орта), техникалық және кәсіби ( бастапқы және арнайы орта, ортадан кейінгі) білім беру мекемесін бітіргені туралы аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
      3) тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;
      4) 3х4 көлемінде екі фотосурет;
      5) жеке куәлік көшірмесі.
      17. Академияда кешенді тестілеуді өткізу технологиясының сақталуын бақылауды БҒМ уәкілетті өкілі жүзеге асырады.
      18. Кешенді тестілеу кандидаттардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары негізінде төрт пән бойынша: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдауы бойынша пән.
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2012 жылғы 14 мамырдағы № 211 бұйрығымен бекітілген бірыңғай ұлттық тестілеу және кешенді тестілеудің таңдауы бойынша пән және бейімдік пән көрсетілген мамандықтар тізбесіне сәйкес (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Реестрінде № 7674 тіркелген) «5В030100 - Құқықтану», «5В030300 - Құқық қорғау қызметі» және «5В030400 - Кеден ісі» мамандықтары үшін таңдауы бойынша пән және бейімдік пән «Дүниежүзі тарихы» болып табылады.
      19. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді.
      Оқуға үміткер бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарымен алмасуға, көшіріп жазуға, оқулықтар мен басқа да әдістемелік әдебиеттерді, байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефон) аудиторияға кіргізуге тыйым салынады.
      Кандидат осы Ереженің талаптарын бұзған жағдайда осы Ереженің 2-қосымшасындағы нысан бойынша тыйым салынған затты тәркілеу және кандидатты аудиториядан шығару актісін құрастырылады және тестілеу нәтижелері жойылады.
      Кешенді тестілеуге берілген уақыт аяқталғаннан кейін оқуға түсуші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілі осы Ереженің 3-қосымшасы нысаны бойынша кешенді тестілеуге берілген уақыт аяқталғаннан кейін оқуға түсуші емтихан материалдарын уақытылы тапсырмау фактісін туралы акті құрастырады. Сонымен бірге аталған тұлғаның емтихан материалдарының нәтижелері өңделмейді.
      20. Әр тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір баллмен бағаланады. Тыңдаушылар қатарына қабылдау конкурсына қатысу үшін кемінде 50 балл қажет, келесі пәндер бойынша: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика, және таңдауы бойынша пән, соның ішінде бейімдік пән бойынша кемінде 7 балл, ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл болуы тиіс. Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
      21. Кешенді тестілеу нәтижелерін қабылдау комиссиясы тестілеу өткізген күні жариялайды.
      22. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әр кандидатқа тестілеу өткеннен кейінгі үш күн күнтізбелік ішінде «Білім беру мекемелері мен білім беру қызметінде қолданылатын қатаң есептілік құжаттар нысанын бекіту туралы» (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Реестрінде № 4991 тіркелген) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген үлгідегі сертификат беріледі.
      Тест қорытындыларымен келіспеген азамат, аппеляцияға шағым бере алады. Аппеляциялық комиссия әр базалық жоғары оқу орындарында құрылады.

4. Академияға қабылдау тәртібі

      23. Академия тыңдаушылары қатарына кандидаттарды қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу нәтижесі бойынша Ұлттық тестілеу орталығы берген сертификат балына сәйкес медициналық, дене тәрбиесі және психофизиологиялық мәліметтерін есепке ала отырып мандаттық комиссия шешімімен жүргізіледі.
      24. Академия тыңдаушылары қатарына кандидаттарды қабылдау шілде айында Академияның нақты мамандықтары бойынша конкурстық негізде мандаттық комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.
      25. Конкурсты өткізу кезінде:
      1) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдардың;
      2) дербес білім беру ұйымдарының білімі туралы құжаттары бар адамдардың;
      3) тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.
      26. Сертификат балдарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда айрықша құқыққа келесі үміткерлер ие болады:
      жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар;
      үздік аттестат, куәлік және диплом иегерлері;
      аттестат, куәлік және дипломда ең жоғары орташа балы бар азаматтар;
      құқық қорғау органдарында қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған қызметкерлердің балалары.
      27. Мандаттық комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешімі Академия бастығының бұйрығымен ресімделеді.
      28. Академия тыңдаушылары қатарына қабылданбаған кандидаттардың жеке істері аумақтық қаржы полициясы органдарына және кеден қызметіне қайтарылады.
      29. Қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне оқуға қабылдау жүргізілгеннен кейін он күн мерзімде оқуға қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша қорытынды есеп, сондай-ақ тыңдаушыларды қабылдау туралы бұйрықтың көшірмелерін ұсынады.
      30. Осы ережемен регламенттелген сұрақтарды іріктеу комиссиясы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Құқық қорғау қызметі туралы» заңдарына сәйкес шешеді.

Қаржы полициясы академиясына
оқуға қабылдау Ережелеріне
1-қосымша         

Ұлдарға арналған сынақтар мен нормативтер түрлері

Сынақ түрлері

Өлшем бірлігі

нормативтер

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

Жүгіру 100 м.

сек.

13.0

13.5

14.0

Кросс 3000 м.

мин. сек.

12.40

13.20

14.00

Биік белтемірге тартылу

саны

15

13

11

Қыздарға арналған сынақтар мен нормативтер түрлері

Сынақ түрлері

Өлшем бірлігі

нормативтер

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

Жүгіру 100 м.

сек.

15.5

16.0

16.5

Кросс 1000 м.

мин. сек.

4.40

5.00

5.30

Шалқалай жатып денені көтеру

саны

35

30

25

Қаржы полициясы академиясына
оқуға қабылдау Ережелеріне
2-қосымша         

Нысан

Аудиторияда тәртiп сақтау ережесiн бұзған кандидатты
аудиториядан шығару және тыйым салынған заттың тәркiлеу туралы
акті

____________________________________________________________
(базалық ЖОО атауы)

      «___» ________ 20___ ж.       _______ сағ. ________ мин.

      Министрлiк өкiлi ______________________________________________
                                       (аты-жөнi)
      Аудитория кезекшiсi ___________________________________________
                                       (аты-жөнi)
      Талапкерден: Аты-жөнi _________________________________________
      ТЖК __________, аудитория № ______, орын № ______, нұсқа № ____
      Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын
бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгi ережесiнiң 21-тармағының
бұзылғандығын дәлелдейтiн төмендегi заттар табылды:
_____________________________________________________________________
(ұялы телефонның маркасы, саны және мәлiметтерi бар шпаргалка және т.б.)

                 Осы фактiнi есепке алып қаулы етiлдi:

      емтихан материалдарын алу;
      Талапкер: Аты-жөнi ___________________________________________,
      ТЖК _____ № __ аудиториядан шығару және емтихан материалдарын жою.
      _______________________________________________________________
           (осы актiнi құрған тұлғалардың аты-жөнi және қолдары)
      Актiмен таныстым:______________________________________________
                               (талапкердiң аты-жөнi, қолы)
      Актiмен таныстым: _____________________________________________
                 (базалық ЖОО-ның жауапты хатшысының аты-жөнi, қолы)

       М.О.
      (мөрi)                                      Уақыты: ___________

Қаржы полициясы академиясына
оқуға қабылдау Ережелеріне
3-қосымша        

Нысан

Тестiлеуге берiлген уақыт аяқталғаннан кейiн кандидаттың
емтихан материалдарын тапсырудан бас тарту фактiсiн анықтау
туралы акті

____________________________________________________________
(базалық ЖОО)

      «___» ________ 20___ ж.       _______ сағ. ________ мин.

      Министрлiк өкiлi ______________________________________________
                                      (аты-жөнi)
      Аудитория кезекшiсi ___________________________________________
                                      (аты-жөнi)
      Талапкер: аты-жөнi ___________________________________________,
      ТЖК _______ № _____ аудитория, № _______ орын, № ________ нұсқа
      Тестiлеуге берiлген уақыт аяқталуына байланысты, емтихан
материалдарын тапсырудан бас тартты. Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк
оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгi ережесiнiң 23-тармағының бұзылғандығы болып
есептеледi.

                  Осы фактiнi есепке алып қаулы етiлдi:

      емтихан материалдарын алу;
      талапкердi: аты-жөнi _________________________________________,
      ТЖК _____ № __ аудиториядан шығару және емтихан материалдарын жою.
      _______________________________________________________________
           (осы актiнi құрған тұлғалардың аты-жөнi және қолдары)
      актiмен таныстым:______________________________________________
                               (талапкердiң аты-жөнi, қолы)
      актiмен таныстым:______________________________________________
                 (базалық ЖОО-ның жауапты хатшысының аты-жөнi, қолы)

       М.О.
      (мөрi)                                     Уақыты: ___________