«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына және 15-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір бірлескен бұйрықтарына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 15-04/634 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.08.2015 № 601 бірлескен бұйрығымен.
атауы келесі редакцияда жазылсын:
«Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы»;
1-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері.»;
3-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 18-03/496 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 16 қыркүйектегі № 312 бірлескен бұйрықта (2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 660-665 (27057) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің тізімінде № 7254 тіркелген):
атауы келесі редакцияда жазылсын:
«Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы»;
1-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша өсімдіктерді қорғау саласындағы тексеру парақтарының нысандары.»;
3-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 15-04/634 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.08.2015 № 601 бірлескен бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң он күнтізбелік күн ішінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты оның күшіне енген соң отыз күнтізбелік күн ішінде жариялауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми Интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Экономикалық даму және сауда
министрінің міндетін атқарушы министрі
________________ Е. Аман _______________ Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2012 жылғы 24 мамырдағы
№ 18-03/269
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2012 жылғы 28 мамырдағы
№ 174 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 18-03/495 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің міндетін
атқарушының
2011 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 313 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Мемлекеттік қадағалаудың өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке
кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1. Мемлекеттік қадағалаудың (бұдан әрі – қадағалау) өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері (бұдан әрі - Критерий) Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау», «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» заңдарына сәйкес өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау үшін әзірленді.
2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) қадағалау субъектілері – өсімдіктерді қорғау саласында қызмет ететін, пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтайтын, тасымалдайтын, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық, фумигациялық, авиациялық және жер үсті тәсілдерімен қолданатын, тіркеулік және өндірістік сынақтарды жүргізетін, пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыратын жеке және заңды тұлғалар;
2) өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел – жүргізілген фитосанитарлық іс шаралардың өсімдіктерге, адамның денсаулығы мен жануарларға, қоршаған ортаға өте жоғары дәрежеде зиян келтіруінің мүмкін болуы.
3. Қадағалау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу – алғашқы бөлгенде объективтік критерийлердің негізінде жүргізіледі, ал келесі кезеңде бөлгенде - субъективтік критерийлер бойынша жүргізіледі.
4. Қадағалау субъектілері алғашқы бөлген кезде 3 тәуекел дәрежеге жатқызылады:
1) жоғарғы дәрежедегі тәуекел тобына жатқызылған қадағалау субъектілері:
пестицидтерді (улы химикаттарды) фумигациялық және аэрозольдық тәсілдермен қолдану қызметі;
2) орташа дәрежедегі тәуекел тобына жатқызылған қадағалау субъектілері:
пестицидтерді (улы химикаттарды) жер үсті және авиациялық тәсілдермен (фумигациялық және аэрозольдік тәсілдерден басқа) қолдану қызметі;
пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік және өндірістік сынақтан өткізу қызметі;
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау қызметі;
пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау қызметі;
3) төменгі дәрежедегі тәуекел тобына жатқызылған қадағалау субъектілері:
рұқсат етілмеген, қолдануға жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандыру қызметі.
5. Қадағалау субъектілерінің кейіннен бөлінуі орын алған заң бұзушылықтардың негізінде мынадай баллдар беріліп жүргізіледі:
1) пестицидтерді (улы химикаттарды) фумигациялық және аэрозольдік тәсілдерімен қолдану қызметімен айналысатын субъектілер үшін:
мемлекеттік тіркеуден өтпеген және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің (улы химикаттардың) пестицидтердің (улы химикаттардың) енгізілмеген пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану – 10 балл;
жеке меншіктік немесе басқа да заңдық негіздегі арнаулы техникалар мен құрал жабдықтардың болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілмен қолдануға қажетті арнаулы техникалар мен құрал жабдықтардың шығарушы завод берген паспортының болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) регламентін сақтамай пайдалану (жұмсау мөлшері, өңдеу тәсілі және қайталанылуы, шектеулер) – 10 балл;
қолданылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша сақтайтын арнаулы орынның болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстарын жүргізген кезде жеке сақтандыру құралдарының болмауы - 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстары жүргізілетін орынның қауіпсіздік шаралары туралы көрнекті оқу құралдары, нұсқамалар, естеліктерсіз дайындалуы – 10 балл;
тиісті білімі (басшылар үшін – жоғары техникалық немесе агрономиялық білім, мамандар үшін – жоғары немесе орта арнаулы (техникалық немесе агрономиялық білім)), бiлiктi құрамының болмауы – 10 балл;
пестицидтермен (улы химикаттармен) істелген жұмысты тіркейтін нөмірленген және жіптелген журналдың болмауы – 5 балл;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) жер үсті және авиациялық тәсілдермен (аэрозольдік және фумигациялық тәсілдерден басқа) қолдану қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін:
мемлекеттік тіркеуден өтпеген және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің (улы химикаттардың) пестицидтердің (улы химикаттардың) енгізілмеген пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға қажетті арнаулы техникалар мен құрал жабдықтардың шығарушы завод берген паспортының болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану регламенттеріне сәйкессіз пайдалану (жұмсау мөлшері, өңдеу тәсілі және қайталанылуы, шектеулер) – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) жер үсті аппаратураларымен қолданған кезде желдің жылдамдығы секундына 3 метрден, авиациямен қолданған кезде желдің жылдамдығы секундына 2 метрден болған кезде өсімдіктерді бүркуді жүзеге асыруды ерте таңғы және кешкі сағаттарда жүргізбеу – 10 балл;
қолданылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша сақтайтын арнаулы орынның болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстарын жүргізген кезде жеке сақтандыру құралдарының болмауы - 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстары жүргізілетін орынның қауіпсіздік шаралары туралы көрнекті оқу құралдары, нұсқамалар, естеліктерсіз дайындалуы – 10 балл;
пестицидтермен (улы химикаттармен) істелген жұмысты тіркейтін нөмірленген және жіптелген журналдың болмауы – 5 балл;
3) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу мен өндірістік сынақтан өткізу қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін:
пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеулік және өндірістік сынақтар жүргізуге қажетті пестицидтердің тәжірибелік үлгілерінің, эталондық пестицидтердің және пестицидтердің әсер етуші заттарының аналитикалық стандарттарының болмауы – 10 балл;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1396 қаулысымен бекітілген, пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік, өндірістік сынақтау және мемлекеттік тіркеу жүргізу Қағидасына 3-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіретін аудандарда зиянды организмдердің ерекшеліктерін (ұрпақ санын, зияндылығын, резистенттігін, экономикалық әсерін, таралу ареалын) ескере отырып пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік сынақтарын, өндiрiстiк сынақтарды дақылға және зиянды организмге қарай бір-төрт топырақтық-климаттық аймақта өткізбеу – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарын өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті ведомствомен бекітілген пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарын жүргізуді жоспарға сәйкес емес жүргізу – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарын пестицидтерді (улы химикаттарды) ұсынылған қолдану регламенттеріне сәйкес емес жүзеге асыру – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарының жүргізілу мерзімін сақтамау – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстарын жүргізген кезде жеке сақтық құралдарының болмауы – 5 балл;
4) пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін:
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау үшін арнаулы қойманың болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қойманың санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) ыдыстың этикеткасында көрсетілген талаптарды және белгілі бір пестицидтің пайдалану әдістемесін орындамай сақтау – 10 балл;
физико-химиялық қасиетіне (ұшу, тотығу), өрт қауіптілігіне және жарылу қауіптілігіне, реакциялық белсенділігіне, сақтаудың температуралық режиміне байланысты топтастыруға келмейтін пестицидтерді бірге сақтау – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қойманың еденінде үйіп сақтауға жол берілсе – 10 балл;
пестицидтер (улы химикаттар) тұғырықтар мен стеллаждарда сақталмаса – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстарының этикеткасында көрсетілген мөлшердегі дезактивация жасайтын заттардың болмауы – 10 балл;
пестицидтермен (улы химикаттармен) істелген жұмысты тіркейтін нөмірленген және жіптелген журналдың болмауы – 5 балл;
5) пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілер үшін:
пестицидтерді (улы химикаттарды) арнаулы жабдықталмаған және тиісті белгілері жоқ, қауіпті жүктерді тасымалдау ережесінің талаптарына сәйкес келмейтін, транспорттың әр түрлерінде қолданылатын тасымалдау кезіндегі қауіп туралы ақпарат жүйесінің апат карточкасы жоқ («Сақ бол – пестицидтер (улы химикаттар)») транспорттық құралдармен тасымалдау – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауға арналған көлік құралында удың күшін жоятын заттардың, өрт сөндіргіштердің, құм қорының және жүргізуші мен жүкке жауапты қызметкердің жеке қорғау құралдарының болмауы – 10 балл;
тасымалданатын пестицидтерді (улы химикаттарды) есепке алатын жіптелген және нөмірленген кітаптың болмауы – 5 балл;
6) пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын залалсыздандыруды жүзеге асыратын субъектілер үшін:
пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын көметін арнаулы қоймалар мен (көмбелердің) болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) жеткізушілер (өндірушілер, импорттаушылар, сатушылар) әзірлеген және ұсынған қолдануға жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын заларсыздандыру әдістемелері мен технологиясының болмауы – 10 балл;
бүтінділікті қамтамасыз етпейтін және қоршаған ортаны пестицидтермен (улы химикаттармен) ластандыру мүмкіндігі бар қажеттілігі бойынша әрі қарай қолдануға жарамсыз бірінші класты қауіптілікті пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау – 10 балл;
қауіптілігі екінші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) қажет болған жағдайда арнаулы қабаттары жоқ, полимерден жасалынған көп қабатты ыдысқа (пестицидтің (улы химикаттың) ерекшелігіне байланысты) орау – 10 балл;
ыдыстары бұзылған пестицидтерді (улы химикаттарды) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін, біртұтастығы бұзылған ыдыстарға қайтадан салу – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) қағаз немесе ағаш ыдыстарын жағу арқылы құрту үшін, заңға сәйкес экологиялық және елдің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қадағалайтын мемлекеттік орган белгілеп берген жерде, жағылатын қосылымдардың улы емес (қауіпсіз) заттарға дейін ыдырауын қамтамасыз ететін, жоғары температуралы құрылғылардың болмауы – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстарын өртеу барысында бөлінетін газ және күл түріндегі ластағыштарға жүйелі бақылау мен мониторингтің болмауы – 10 балл;
тыйым салынған, жарамсыз болған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын тиеу, тасу және түсіру үшін механизациялық құралдардың болмауы – 10 балл;
залалсыздандыруға (утилизациялауға, жоюға) жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) тиісті жағдайы бар бір орталықта сақтауға арналған қоймаға бөтен адамдардың кіруіне жол беру – 5 балл;
мекеменің атауы, залалсыздандырылатын пестицидтің аты, мөлшері, залалсыздандыру тәсілі мен орны, жұмысты жүргізуге жауапты тұлғаның фамилиясы көрсетілген, әрі қарай қолдануға жарамайтын пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру (утилизациялау, жою) актісінің болмауы – 5 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруға қатысушы жұмыскерлердің жеке қорғау құралдарының болмауы – 10 балл.
6. Жүргізілген тексерудің қорытындысы негізінде, жиналған баллдардың қосындысына байланысты қадағалау субъектілері тәуекел дәрежелері бойынша былайша бөлінеді:
1) пестицидтерді (улы химикаттарды) (аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері алған баллдарының қосындылары бойынша:
11 және одан көп балл алғандар – жоғары дәрежелі тәуекел тобына жатады;
6-дан 11 баллға дейін алғандар – орта дәрежелі тәуекел тобына жатады;
5-тен көп емес балл алғандар - аз дәрежелі тәуекел тобына жатады;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) авиациялық және жер үсті тәсілдерімен қолдану, пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік және өндірістік сынақтау, сақтау, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын бақылау субъектілері алған баллдарының қосындылары бойынша:
21 және одан көп балл алғандар – жоғары дәрежелі тәуекел тобына жатады;
6-дан 21 баллға дейін алғандар – орта дәрежелі тәуекел тобына жатады;
5-тен көп емес балл алғандар - аз дәрежелі тәуекел тобына жатады;
3) пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандыру қызметін жүзеге асыратын қадағалау субъектілері алған баллдары бойынша:
51 және одан көп балл алғандар - жоғары дәрежелі тәуекел тобына жатады;
16-тен 51-ге дейін балл алғандар - орта дәрежелі тәуекел тобына жатады;
5-тен көп емес балл алғандар - аз дәрежелі тәуекел тобына жатады.
7. Бір дәрежедегі тәуекелге жататын қадағалау субъектілеріне жүргізілетін тексеру жұмыстарын жоспарлаған кезде, бірінші орынға қою үшін келесілер негіз болады:
1) пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін:
бірінші және екінші сыныпты қауіптілікті пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданатын субъектілер;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аса қауіпті және карантиндік зиянды организмдерге қарсы қолданатын субъектілер;
өткен тексеру барысында көп балл жинаған субъектілер;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) авиациялық және жер үсті тәсілдерімен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін:
бірінші және екінші сыныпты қауіптілікті пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданатын субъектілер;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аса қауіпті және карантиндік зиянды организмдерге қарсы қолданатын субъектілер;
өткен тексеру барысында көп балл жинаған субъектілер;
3) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік және өндірістік сынақтауды жүзеге асыратын субъектілер үшін:
қауіптілігі бірінші және екінші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік және өндірістік сынақтауды жүзеге асыратын субъектілер;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аса қауіпті және карантиндік зиянды организмдерге қарсы тіркеулік және өндірістік сынақтауды жүзеге асыратын субъектілер;
өткен тексеру барысында көп балл жинаған субъектілер;
4) пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін:
қауіптілігі бірінші және екінші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды жүзеге асыратын субъектілер;
пестицидтерді (улы химикаттарды) көп көлемде сақтауды жүзеге асыратын субъектілер;
аса қауіпті зиянды және карантиндік организмдерге қарсы пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтайтын субъектілер;
өткен тексеру барысында көп балл жинаған субъектілер;
5) пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілер үшін:
қауіптілігі бірінші және екінші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілер;
пестицидтерді (улы химикаттарды) көп көлемде тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілер;
ерекше қауіпті зиянды және карантиндік организмдерге қарсы пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілер;
өткен тексеру барысында көп балл жинаған субъектілер;
6) пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды жүзеге асыратын субъектілер үшін:
пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын залалсыздандыруға арналған үлкен сыйымдылықтары бар субъектілер;
қадағалау объектілері елді мекендерге жақын орналасқан субъектілер;
өткен тексеру барысында көп балл жинаған субъектілер.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2012 жылғы 24 мамырдағы
№ 18-03/269
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2012 жылғы 28 мамырдағы
№ 174 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 18-03/496 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің міндетін
атқарушының
2011 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 312 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Нысаны
Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық
тәсілдерімен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын
субъектілер үшін тексеру парағы
Органның атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Субъектінің атауы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
СТН (БСН,ЖСН) _______________________________________________________
Субъектінің орналасқан мекен-жайы ___________________________________
_____________________________________________________________________
№ |
Талаптардың тізімі |
Қойылатын талаптарға сәйкес келеді |
Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілмен қолдану қызметіне лицензиясы бар |
||
2 |
Мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген, пестицидтердің (улы химикаттардың) тізіміне енгізілген пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдалану |
||
3 |
Жеке меншіктік немесе басқа да заңдық негіздегі арнаулы техникалар мен құрал жабдықтардың болуы |
||
4 |
Дайындаушы-зауытпен берілген фумигациялық және аэрозольдік тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданатын жабдықтар мен арнайы техникасына паспорттарының болуы |
||
5 |
Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану регламенттеріне (шығын мөлшеріне, өңдеулердің тәсілі мен еселігіне, шектеулігіне) сәйкес пайдалану |
||
6 |
Пайдаланылмаған пестицидтердің (улы химикаттардың), оларды уақытша сақтау үшін тек қана арнайы арналған орындарының болуы |
||
7 |
Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде жеке қорғану құралдарының болуы |
||
8 |
Пестицидтермен (улы химикаттармен) жұмыс істеу орындарын пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы көрнекті оқу құралдарымен, нұсқаулықтармен, жадынамамен жабдықтау |
||
9 |
Тиісті білімі (басшылар үшін – жоғары техникалық немесе агрономиялық білім, мамандар үшін – жоғары немесе орта арнаулы (техникалық немесе агрономиялық білім), мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі (басшылар үшін – 2 жылдан кем емес, мамандар үшін – 1 жылдан кем емес) бар техникалық басшылардың (2 адамнан кем емес) және мамандардың (2 адамнан кем емес) бiлiктi құрамының болуы |
||
10 |
Тігілген және нөмірленген пестицидтермен (улы химикаттармен) жұмыс істеуді тіркеу журналының болуы |
Тексеруді өсімдіктерді
қорғау жөніндегі
мемлекеттік инспектор __________________________ ___________ жүргізді (тегі, аты, болса (қолы)
әкесінің аты)
Мөр орны
Талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда жасалған нұсқаманың
нөмірі мен күні көрсетіледі
(№ _____ 20 ____ жылғы «____» ______________)
Тексерудің қорытындысымен таныстым
(келісемін/келіспеймін) _______________________________ ___________ (тегі, аты, болса әкесінің аты) (қолы)
«______» _______________ 20____ жыл
Тексерілген объект тексерудің қорытындысы бойынша ___________________
(объектінің атауы)
келесі объектілер санатына ауыстырылады («+» белгісімен белгілеп
қою):
жоғарғы дәрежедегі тәуекел |
орта дәрежедегі тәуекел |
аз дәрежедегі тәуекел |
Органның лауазымды тұлғалары:
_________________ __________ ________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, болса әкесінің аты)
_________________ __________ ________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, болса әкесінің аты)
Органның басшысы:
_____________________________________________________ _______________
(тегі, аты, болса әкесінің аты, лауазымы) (қолы)
Нысаны
Пестицидтерді (улы химикаттарды) (аэрозольдік және фумигациялық
тәсілдерін қоспағанда) авиациялық және жер үсті тәсілімен
қолдану қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін тексеру
парағы
Органның атауы ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Субъектінің атауы ___________________________________________________
СТН (БСН, ЖСН) ______________________________________________________
Субъектінің орналасқан мекен-жайы ___________________________________
_____________________________________________________________________
№ |
Талаптардың тізімі |
Қойылатын талаптарға сәйкес келеді |
Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
Мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген, пестицидтердің (улы химикаттардың) тізіміне енгізілген пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдалану |
||
2 |
Дайындаушы-зауытпен берілген пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданатын жабдықтар мен арнайы техникасына паспорттарының болуы |
||
3 |
Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану регламенттеріне (шығын мөлшеріне, өңдеулердің тәсілі мен еселігіне, шектеулігіне) сәйкес пайдалану |
||
4 |
Пестицидтермен (улы химикаттармен) өсімдіктерді бүркуді жүзеге асыру ерте таңғы және кешкі сағаттарда жер үсті аппаратураларын қолданған кезде желдің жылдамдығы секундына 3 метрден аспауы керек, авиацияны қолданған кезде желдің жылдамдығы секундына 2 метрден аспауы керек |
||
5 |
Пайдаланылмаған пестицидтердің (улы химикаттардың), оларды уақытша сақтау үшін тек қана арнайы арналған орындарында болуы |
||
6 |
Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде жеке қорғану құралдарының болуы |
||
7 |
Пестицидтермен (улы химикаттармен) жұмыс істеу орындарын пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы көрнекті оқу құралдарымен, нұсқаулықтармен, жадынамамен жабдықтау |
||
8 |
Тігілген және нөмірленген пестицидтермен (улы химикаттармен) жұмыс істеуді тіркеу журналының болуы |
Тексеруді өсімдіктерді қорғау жөніндегі
мемлекеттік инспектор ______________________ ___________ жүргізді
(тегі, аты, болса (қолы)
әкесінің аты)
Мөр орны
Талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда жасалған нұсқаманың
нөмірі мен күні көрсетіледі
(№ _____ 20 ___ жылғы «___» ______________)
Тексерудің қорытындысымен таныстым
(келісемін/келіспеймін) _______________________________ ___________
(тегі, аты, болса әкесінің аты) (қолы)
«____» _______________ 20____ жыл
Тексерілген объект тексерудің қорытындысы бойынша ___________________
(объектінің атауы)
келесі объектілер санатына ауыстырылады («+» белгісімен белгілеп
қою):
жоғарғы дәрежедегі тәуекел |
орта дәрежедегі тәуекел |
аз дәрежедегі тәуекел |
Органның лауазымды тұлғалары:
_________________ __________ ________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, болса әкесінің аты)
_________________ __________ ________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, болса әкесінің аты)
Органның басшысы:
_____________________________________________________ _______________
(тегі, аты, болса әкесінің аты, лауазымы) (қолы)
Нысаны
Пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндірістік сынағы
қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін тексеру парағы
Органның атауы ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Субъектінің атауы ___________________________________________________
СТН (БСН, ЖСН) ______________________________________________________
Субъектінің орналасқан мекен-жайы ___________________________________
_____________________________________________________________________
№ |
Талаптардың тізімі |
Қойылатын талаптарға сәйкес келеді |
Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
Пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу және өндірістік сынақтарын жүргізу үшін тәжірибелік үлгілерінің, эталондық пестицидтердің (улы химикаттардың) және пестицидтердің (улы химикаттардың) әсер етуші заттарының сараптамалық стандарттарының болуы |
||
2 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1396-қаулысымен бекітілген, пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік, өндірістік сынақтау және мемлекеттік тіркеу жүргізу Қағидасына 3-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіретін аудандарда зиянды организмдердің ерекшеліктерін (ұрпақ санын, зияндылығын, резистенттігін, экономикалық әсерін, таралу ареалын) ескере отырып пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік сынақтарын, өндiрiстiк сынақтарды дақылға және зиянды организмге қарай бір-төрт топырақтық-климаттық аймақта өткізу |
||
3 |
Пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарын өсімдіктерді саласындағы уәкілетті ведомствомен бекітілген пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарын жүргізу жоспарына сәйкес жүргізу |
||
4 |
Пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарын пестицидтердің (улы химикаттардың) қолдану өтініміндегі регламенттерге сәйкес жүзеге асыру |
||
5 |
Пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу және өндірістік сынақтарды жүргізу мерзімдерін сақтау |
||
6 |
Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде жеке қорғану құралдарының болуы |
Тексеруді өсімдіктерді қорғау жөніндегі
мемлекеттік инспектор ______________________ ___________ жүргізді
(тегі, аты, болса (қолы)
әкесінің аты)
Мөр орны
Талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда жасалған нұсқаманың
нөмірі мен күні көрсетіледі
(№ _____ 20 ____ жылғы «____» ______________)
Тексерудің қорытындысымен таныстым
(келісемін/келіспеймін) _______________________________ ___________
(тегі, аты, болса әкесінің аты) (қолы)
«____» _______________ 20____ жыл
Тексерілген объект тексерудің қорытындысы бойынша ___________________
(объектінің атауы)
келесі объектілер санатына ауыстырылады («+» белгісімен белгілеп
қою):
жоғарғы дәрежедегі тәуекел |
орта дәрежедегі тәуекел |
аз дәрежедегі тәуекел |
Органның лауазымды тұлғалары:
_________________ __________ ________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, болса әкесінің аты)
_________________ __________ ________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, болса әкесінің аты)
Органның басшысы:
_____________________________________________________ _______________
(тегі, аты, болса әкесінің аты, лауазымы) (қолы)
Нысаны
Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау жөніндегі қызметті
жүзеге асыратын субъектілер үшін тексеру парағы
Органның атауы ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Субъектінің атауы ___________________________________________________
СТН (БСН, ЖСН) ______________________________________________________
Субъектінің орналасқан мекен-жайы ___________________________________
_____________________________________________________________________
№ |
Талаптардың тізімі |
Қойылатын талаптарға сәйкес келеді |
Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау үшін арнайы қоймалық үй-жайлардың болуы |
||
2 |
Қоймалық үй-жайларға пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау үшін санитарлық - эпидимиологиялық қортындысының болуы |
||
3 |
Нақты пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, ыдыстардың этикеткасында көрсетілген талаптарды сақтай отырып пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау |
||
4 |
Өзінің физико-химиялық қасиеттері (ұшпалылығы, тотықтануына), өрт қауіптілігіне және жарылу қауіптілігіне, реакциялық белсенділігіне, сақтаудың температуралық режимі бойынша қосылмайтын пестицидтерді жеке-жеке сақтау |
||
5 |
Пестицидтерді (улы химикаттарды) қойманың еденінде араластырып сақтауға жол бермеу |
||
6 |
Тұғырықтар мен сөрелерді пайдалана отырып пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау |
||
7 |
Сақталатын пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстарының этикеткаларында көрсетілген залалсыздандыру құралдарының қажетті мөлшерінде болуы |
||
8 |
Тігілген және нөмірленген сақтауға келіп түскен пестицидтерді (улы химикаттарды) есепке алу журналының болуы |
Тексеруді өсімдіктерді қорғау жөніндегі
мемлекеттік инспектор ______________________ ___________ жүргізді
(тегі, аты, болса (қолы)
әкесінің аты)
Мөр орны
Талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда жасалған нұсқаманың
нөмірі мен күні көрсетіледі
(№ _____ 20 ____ жылғы «____» ______________)
Тексерудің қорытындысымен таныстым
(келісемін/келіспеймін) _______________________________ ___________
(тегі, аты, болса әкесінің аты) (қолы)
«____» _______________ 20____ жыл
Тексерілген объект тексерудің қорытындысы бойынша ___________________
(объектінің атауы)
келесі объектілер санатына ауыстырылады («+» белгісімен белгілеп
қою):
жоғарғы дәрежедегі тәуекел |
орта дәрежедегі тәуекел |
аз дәрежедегі тәуекел |
Органның лауазымды тұлғалары:
_________________ __________ ________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, болса әкесінің аты)
_________________ __________ ________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, болса әкесінің аты)
Органның басшысы:
_____________________________________________________ _______________
(тегі, аты, болса әкесінің аты, лауазымы) (қолы)
Нысаны
Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау жөніндегі қызметті
жүзеге асыратын субъектілер үшін тексеру парағы
Органның атауы ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Субъектінің атауы ___________________________________________________
СТН (БСН, ЖСН) ______________________________________________________
Субъектінің орналасқан мекен-жайы ___________________________________
_____________________________________________________________________
№ |
Талаптардың тізімі |
Қойылатын талаптарға сәйкес келеді |
Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
Көлік саласындағы уәкілетті органмен берілген 6.1 кластағы қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына лицензияның болуы, көлік құралдарын жалдау жағдайында – қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарын жалдау келісім шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі |
||
2 |
Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауға арналған көлік құралдарында арнайы жабдықталмаған және тиісті белгілерінің бар болмауы, қауіпті жүктерді тасымалдау ережесінің талаптарына сәйкес әртүрлі көлік түрлеріне қолданылатын, («Сақ бол -пестицидтер-(улы химикаттар)») тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жүйесінің апат карточкаларының бар болуы |
||
3 |
Көлік кұралдарында тасымалданатын пестицидтерді (улы химикаттарды) бейтараптандыру құралдарының, өрт сөндірушілердің, құм қорының және жүргізуші мен бірге жүруші қызметкерде жеке қорғау құралдарының жабдықталуы |
||
4 |
Тігілген және нөмірленген тасымалданатын пестицидтерді (улы химикаттарды) есепке алу журналының болуы |
Тексеруді өсімдіктерді қорғау жөніндегі
мемлекеттік инспектор ______________________ ___________ жүргізді
(тегі, аты, болса (қолы)
әкесінің аты)
Мөр орны
Талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда жасалған нұсқаманың
нөмірі мен күні көрсетіледі
(№ _____ 20 ____ жылғы «____» ______________)
Тексерудің қорытындысымен таныстым
(келісемін/келіспеймін) _______________________________ ___________
(тегі, аты, болса әкесінің аты) (қолы)
«____» _______________ 20____ жыл
Тексерілген объект тексерудің қорытындысы бойынша ___________________
(объектінің атауы)
келесі объектілер санатына ауыстырылады («+» белгісімен белгілеп
қою):
жоғарғы дәрежедегі тәуекел |
орта дәрежедегі тәуекел |
аз дәрежедегі тәуекел |
Органның лауазымды тұлғалары:
_________________ __________ ________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, болса әкесінің аты)
_________________ __________ ________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, болса әкесінің аты)
Органның басшысы:
_____________________________________________________ _______________
(тегі, аты, болса әкесінің аты, лауазымы) (қолы)
Нысаны
Пестицидтерді (улы химикаттарды) және ыдыстарын залалсыздандыру
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін тексеру
парағы
Органның атауы ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Субъектінің атауы ___________________________________________________
СТН (БСН, ЖСН) ______________________________________________________
Субъектінің орналасқан мекен-жайы ___________________________________
_____________________________________________________________________
№ |
Талаптардың тізімі |
Қойылатын талаптарға сәйкес келеді |
Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
Пестицидтерді (улы химикаттарды), олардың бос ыдыстарын сақтау үшін арнайы қоймалардың (көмбелердің) болуы |
||
2 |
Пестицидтерді (улы химикаттарды) жеткізушілермен (өндірушілер, импортаушылар, сатушылар) әзірленетін және ұсынылатын, пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын залалсыздандыру әдістемелері мен технологияларының болуы |
||
3 |
Бүтінділікті қамтамасыз ететін және қоршаған ортаны пестицидтермен (улы химикаттармен) ластандыру мүмкіндігі жоқ қажеттілігі бойынша әрі қарай қолдануға жарамсыз болып қалған бірінші класты қауіптілікті пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау |
||
4 |
Қауіптілігі екінші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) арнаулы қабаттары бар, полимерден жасалынған көп қабатты ыдысқа пестицидтің (улы химикаттың) ерекшелігіне байланысты) салу |
||
5 |
Ыдыстары бұзылған пестицидтерді (улы химикаттарды) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін, бір тұтастығы бұзылмаған ыдыстарға қайтадан салу |
||
6 |
Пестицидтердің (улы химикаттардың) қағаз немесе ағаш ыдыстарын жағу арқылы құрту үшін, заңға сәйкес экологиялық және елдің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қадағалайтын мемлекеттік орган белгілеп берген жерде, жағылатын қосылымдардың улы емес (қауіпсіз) заттарға дейін ыдырауын қамтамасыз ететін, жоғары температуралы құрылғылардың болуы |
||
7 |
Пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстарын өртеу барысында бөлінетін газ және күл түріндегі ластағыштарға жүйелі бақылау мен мониторингтің болуы |
||
8 |
Тиым салынған, қолдануға жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын арту, тасу және түсіру жұмыстарының механизациялануы |
||
9 |
Залалсыздандыруға (утилизациялауға, жоюға) жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) тиісті жағдайы бар бір орталықта сақтауға арналған қоймаға бөтен адамдарды кіргізбеу |
||
10 |
Мекеменің атауы, залалсыздандырылатын пестицидтің аты, мөлшері, залалсыздандыру тәсілі мен орны, жұмысты жүргізуге жауапты тұлғаның фамилиясы көрсетілген, әрі қарай қолдануға жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру (утилизациялау, жою) актісінің болуы |
||
11 |
Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруға қатысушы жұмыскерлердің жеке қорғау құралдарының болуы |