«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 142-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының «Біліктілік емтихандары туралы ережені бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 302 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6624 болып енгізілген, 2010 жылғы 25 қарашадағы «Казахстанская правда» газетінде жарияланған № 320 (26381)) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Біліктілік емтихандары туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) еркін нысанда жазылған өтініш;
2) жеке куәлігінің көшірмесі;
3) жоғары заңгерлік білім туралы дипломының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) жеке сот орындаушыларының аумақтық алқасымен куәландырылған тағылымдамадан өту туралы қорытындының көшірмесі;
5) кандидаттың тұрғылықты мекенжайы бойынша бір айдан кем емес мерзімде наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған медициналық анықтамалар.»;
20 және 21-тармақтар алып тасталсын.
2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Б. Имашев
«Келісілді»
Республикалық коллегия төрағасы
_______________Г.В. Ким
2012 жылғы 16 мамыр