Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының "Біліктілік емтихандары туралы ережені бекіту туралы" 2010 жылғы 3 қарашадағы № 302 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 208 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 29 маусымда № 7765 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 94 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 94 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 142-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының «Біліктілік емтихандары туралы ережені бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 302 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6624 болып енгізілген, 2010 жылғы 25 қарашадағы «Казахстанская правда» газетінде жарияланған № 320 (26381)) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Біліктілік емтихандары туралы ережеде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімі:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) жеке куәлігінің көшірмесі;
      3) жоғары заңгерлік білім туралы дипломының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) жеке сот орындаушыларының аумақтық алқасымен куәландырылған тағылымдамадан өту туралы қорытындының көшірмесі;
      5) кандидаттың тұрғылықты мекенжайы бойынша бір айдан кем емес мерзімде наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған медициналық анықтамалар.»;
      20 және 21-тармақтар алып тасталсын.
      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                                    Б. Имашев

      «Келісілді»
      Республикалық коллегия төрағасы
      _______________Г.В. Ким
      2012 жылғы 16 мамыр