Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібі;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшасына сәйкес Олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесі.
2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө
бұйрығына 1-қосымша
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі
жобаларды әзірлеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) базалық сценарий - парниктік газдар бойынша жобалар болмаған жағдайда мейлінше жоғары мүмкіндікпен дами алатын үздік үлгідегі жағдайлар ұсынатын қызметтерді іске асырудың мүмкін нұсқасы және онымен салыстырғанда парниктік газдар шығарындыларын азайту жобалары шеңберінде қол жеткізілген бағаланады;
2) жоба бастамашысы - ішкі жобаның іске асырылуына бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) жобаға қатысушылар - ішкі жобаның бастамашысы, операторы, инвесторы;
4) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жоба (бұдан әрі – ішкі жоба) - парниктік газдар шығарындыларын азайтуға немесе парниктік газдар сіңірулерінің ұлғаюына бағытталған парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту тетігі негізінде жүзеге асырылатын және базалық сценарийде сәйкестендірілген жағдайды өзгертетін қызметтер немесе қызмет түрлері.
3. Ішкі жобаларды әзірлеуді жоба бастамашысы жүзеге асырады.
2. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі
ішкі жобаларды әзірлеу тәртібі
4. Ішкі жобаларды әзірлеу келесі міндеттердің іске асырылуын қарастырады:
1) жобаны жоспарлау және жоба тұжырымдамасын дайындау (жобалық идеялар);
2) жобамен байланысты болатын парниктік газдар шығарындыларының көздерін немесе сіңірулері мен жинаушыларды сәйкестендіру;
3) жобаның базалық сценарийін анықтау;
4) парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және сіңірулерді ұлғайтуға қатысты мөлшерлік баға және мониторинг рәсімін әзірлеу немесе бірлесіп жүзеге асыру тетігі бойынша жобалар үшін тиісті рәсімді таңдау;
5) жобаның жобалық құжаттамалары мен мониторинг жоспарын дайындау.
5. Жоба бастамашысы ішкі жобаны жоспарлау сатысында жобаның сипатталуын құрастырады, оның орындалуы үшін базалық жағдайларды, парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе олардың сіңірулерін ұлғайту тәсілдерін анықтайды, парниктік газдар шығарындыларының күтілетін азаюын немесе олардың сіңірулерінің ұлғаюын алдын ала бағалайды, жобаны іске асырумен байланысты қауіп-қатерді сәйкестендіреді, жобаның орындалуының алдын ала күнтізбелік жоспарын құрастырады.
6. Егер де ішкі жоба қарастырудың бір сатылы рәсіміне енбесе, онда жоба бастамашысы жоспарлау сатысы нәтижесі бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоба тұжырымдамасын (жоба идеясын) дайындайды.
7. Жоба бастамашысы жобаның базалық сценарийіне мыналардың негізінде бағалау жүргізеді:
1) көздерден және (немесе) олардың сіңірулерінің абсорбциясынан парниктік газдар іс жүзіндегі шығарындылары туралы мәлімет;
2) жобаны іске асыру шартына қатысты мүмкін болатын белгісіздіктер есебі;
3) экономикалық қызметтің тиісті түрлері бойынша реттейтін норманың стратегиялық жоспарлар, бағдарламалар және іс-қимылдар есебі.
8. Ішкі жобаларда бірнеше бір типті көздер және бірыңғай технологиялар пайдаланған жағдайда бір көз үшін базалық сценарий әзірлеуге және осы бастапқы жағдайларды тарату басқа көздерге беріледі.
9. Парниктік газдар сіңірулерін ұлғайту бойынша жоба үшін жобалық құжаттамалар және парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша ішкі жобалар үшін жобалық құжаттаманы әзірлеу осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жасалады.
10. Жоба бастамашысы парниктік газдар шығарындыларын азайтудың немесе олардың сіңірулерін жобаның базалық сценарийімен салыстырғанда ұлғайтудың мөлшерлік анықтау рәсімін әзірлейді.
11. Жоба бастамашысымен әзірленген немесе қолданылған мониторинг және мөлшерлік анықтау рәсімінің сипаттамасы осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылатын ішкі жобалар мониторингі жоспарына енгізіледі.
Парниктік газдар шығарындыларын
азайту жөніндегі ішкі жобаларды
әзірлеу қағидаларына 1-қосымша
нысан
Жоба тұжырымдамасының нысаны (жобалық идея)
1. Жобаның қысқаша сипаттамасы: жобаның атауы; мақсаты; типі; болжамды іске асыру орны; жобаның қысқаша сипаттамасы және ұсынылған шаралар.
2. Жоба бастамашысы туралы ақпарат: заңды тұлғаның атауы; тіркеу деректері; мекенжайы; жоба бойынша байланысты тұлға; қызметтің негізгі түрі.
3. Жобаны орындағанға дейін бар базалық шарттардың сипаттамасы: ұсынылған жоба болмаған жағдайда орнын табатын неғұрлым мүмкін технология және шығарындылар деңгейі; қазіргі заңнама, экономикалық және өзге шарттар.
4. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңірулерін ұлғайту тәсілдері және қаржыландыру: қызмет категориясын көрсету, мысалы, жаңартылатын энергия көздеріне көшу, энергия тиімділік бойынша шаралар, ормандылықты ұлғайту және т.б.; техникалық аспектілер мен жоспарланған технологиялардың қысқаша сипаттамасы; жобаны іске асыруға күтілетін шығындар.
5. Күтілетін азайтулар немесе сіңірулердің ұлғаюы: парниктік газдар түрлері; шығарындылардың азаюы мен сіңірулерінің ұлғаюы көлемін алдын ала бағалау; азайтуға қол жеткізу немесе сіңірулердің ұлғаюы үшін күтілетін кезең.
6. Жобаны іске асырумен байланысты, оның ішінде, жоба шегінен тыс жүзеге асырыла алатын инвесторларды іздеуге, жобаны жоспарланған жерде іске асыруға, шығарындылар кемуіне қатысты қауіп – қатерлер.
7. Жобаны орындаудың күнтізбелік жоспары: жобаның ағымдағы мәртебесі, жобалық құжаттаманы дайындаудың күтілетін мерзімі, жобаны іске асыру басы; жобаның ұзақтылығы.
Парниктік газдар шығарындыларын
азайту жөніндегі ішкі жобаларды
әзірлеу қағидаларына 2-қосымша
нысан
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі
жобалар үшін жобалық құжаттама
1. Жобаға қатысушылар туралы ақпарат |
1. Жоба бастамашысының атауы. |
2. Жобаның жалпы сипаттамасы |
1. Жоба атауы. |
3. Базалық сценарий |
1. Базалық сценарийдің сипаттамасы және негіздемесі. |
4. Жобаның ұзақтылығы және көміртегі бірліктерін шығару кезеңі |
1. Жобаның басталу күні. |
5. Парниктік газдар шығарындыларының азаюын бағалау |
1. Жоба бойынша бағаланатын шығарындылар көлемдері. |
6. Мүдделі тараптардың түсініктемелері |
Мүдделі тараптардың түсініктемелері және оның жобаға қатысушылармен қалай ескерілгендігі туралы ақпарат. |
Парниктік газдар шығарындыларын
азайту жөніндегі ішкі жобаларды
әзірлеу қағидаларына 3-қосымша
нысан
Парниктік газдар сіңірулерін ұлғайту бойынша жоба үшін
жобалық құжаттама
1. Жобаға қатысушылар туралы ақпарат |
1. Жоба бастамашысының атауы. |
2. Жобаның жалпы сипаттамасы |
1. Жоба атауы. |
3. Базалық сценарий |
1. Базалық сценарийдің сипаттамасы және негіздемесі. |
4. Жобаның ұзақтылығы және көміртегі бірліктерін шығару кезеңі |
1. Жобаның басталу күні. |
5. Парниктік газдар шығарындыларын азайтуды бағалау |
1. Жоба бойынша сіңірулерінің бағаланатын соңғы антропогендік абсорбциясы. |
6. Мүдделі тараптардың түсініктемелері |
Мүдделі тараптардың түсініктемелері және оның жоба қатысушыларымен ескерілуі |
Парниктік газдар шығарындыларын
азайту жөніндегі ішкі жобаларды
әзірлеу қағидаларына 4-қосымша
нысан
Ішкі жобаның мониторинг жоспары
1. Жобаның атауы.
2. Мониторинг жоспарының жалпы сипаттамасы.
3. Жоба бойынша шығарындылар және/немесе сіңірулер мониторингін (есебін) өткізу үшін қолданылатын деректер.
Мониторинг өткізілетін қызмет немесе қондырғының реттік нөмірі |
Мониторинг өткізілетін қызмет бойынша ауыспалы деректер түрі |
Деректер көзі |
Деректердің өлшем бірлігі |
Саналған, өлшенген немесе бағаланған көлем |
Бекіту және деректер жиілігі |
Тиісінше деректерді жалпы көлем мониторингісіне соқтыратын деректерге қатысы |
4. Жоба бойынша шығарындылар азайтуды және/немесе сіңірулерді ұлғайтуды есептеу үшін пайдаланылатын формулалардың сипаттамасы (әрбір газ, көз және т.б. үшін шығарындылар екі көміртегі тотығының тоннадағы баламасы).
5. Базалық сценарий бойынша шығарындылар және/немесе сіңірулер мониторингі (есебін) үшін қолданылатын деректер.
Мониторинг өткізілетін қызмет немесе қондырғының реттік нөмірі |
Мониторинг өткізілетін қызмет бойынша ауыспалы деректер түрі |
Деректер көзі |
Деректердің өлшем бірлігі |
Саналған, өлшенген немесе бағаланған көлем |
Бекіту және деректер жиілігі |
Тиісінше деректерді жалпы көлем мониторингісіне соқтыратын деректерге қатысы |
6. Базалық сценарий бойынша шығарындылар азайтуды және/немесе сіңірулерді ұлғайтуды есептеу үшін пайдаланылатын формулалардың сипаттамасы (әрбір газ, көз және т.б. үшін шығарындылар екі көміртегі тотығының тоннадағы баламасы).
7. Егер қолданылатын болса, мониторинг жоспарында жобадан кемуді бағалау
Мониторинг өткізілетін қызмет немесе қондырғының реттік нөмірі |
Мониторинг өткізілетін қызмет бойынша ауыспалы деректер түрі |
Деректер көзі |
Деректердің өлшем бірлігі |
Саналған, өлшенген немесе бағаланған көлем |
Бекіту және деректер жиілігі |
Тиісінше деректерді жалпы көлем мониторингісіне соқтыратын деректерге қатысы |
8. Кемуді санауға арналған формуланың сипаттамасы (әрбір газ, шығу көзі және т.б. үшін, көміртегі қос тотығы эквиваленті тоннасындағы шығарындылар).
9. Жобадан шығарындыларды азайтуды бағалау үшін пайдаланылатын формуланың сипаттамасы (әрбір газ, шығу көзі, т.б. үшін; CO2 тонна эквивалентіндегі шығарындыларды азайту).
10. Мониторинг жоспары үшін қабылданған сапаны бақылау және сапаны қамтамасыз ету рәсімінің сипаттамасы.
11. Мониторинг жоспарын ендірген жағдайда пайдаланылатын басқару және қызмет жүйесінің сипаттамасы.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө
бұйрығына 2-қосымша
Ішкі жобалар жүзеге асырылуы мүмкін экономика секторлары
мен салаларының тізбесі
1. Экономика салалары:
1) көлік;
2) ауыл және орман шаруашылығы;
3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;
4) құрылыс;
5) құрылыс материалдарын өндіру;
6) тау-кен өндіру өнеркәсібі;
7) металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл бұйымдарын өндіру;
8) пайдалы жағармай-энергетикалық қазбаларды өндіру;
9) целлюлоз-қағаз өнеркәсібі;
10) су, газ және электр энергиясын өндіру және тарату;
11) қалдықтарды басқару және өнеркәсіптік және коммуналдық қалдықтарды өңдеу.
2. Экономика секторлары:
1) қаржылық емес бірлестіктер;
2) мемлекеттік басқару органдары;
3) үй шаруашылығына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдар.