Жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 166 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 маусымда № 7720 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 5 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.01.2016 № 5 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары бекітілсін.
      2. Мына:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорына және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану Ережесiн бекіту туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 67 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4660 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі № 111 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6393 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 3 қарашадағы № 456 (26299) жарияланған) Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 4-тармағының;
      3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 29 қазандағы № 162 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6663 тіркелген) 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы                                  Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 28 сәуірдегі 
№ 166 қаулысымен    
бекітілген       

Жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ірі қатысушы
белгілерін иеленуші тұлғаға, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі
қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары

      «Осы Жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы (бұдан әрі – Заң),  «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы»2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрлендi және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртiбiн белгiлейдi.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 29.03.2013 № 79 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Заңның 42-бабында белгіленген жағдайларда уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорына мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бiрiн қолданады:
      1) орындалуы мiндеттi жазбаша ұйғарым береді;
      2) акционерлерге жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiн орнынан шеттету туралы мәселе қойылады;
      3) мiндеттеме-хат ұсыну туралы талап ету жібереді;
      4) міндетті қол қоюға жататын жинақтаушы зейнетақы қорымен жазбаша келiсiм жасайды.
      2. Уәкiлеттi орган iрi қатысушысы белгiлерiн иеленушi тұлғаларға, жинақтаушы зейнетақы қорларының iрi қатысушыларына қатысты, егер көрсетілген тұлғалардың, iрi қатысушысы белгiлерiн иеленушi заңды тұлғалардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының iрi қатысушыларының лауазымды адамдарының және (немесе) қызметкерлерiнiң бұзушылықтары, заңсыз iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйін нашарлатқанын немесе Заңның 34-бабының талаптарын бұзуына әкеп соғатынын белгілесе, Қағидалардың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында келтiрiлген шараларды қолданады.
      3. Қағидалардың мақсаты үшін жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйін нашарлатқан Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген тұлғалардың заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі бұзушылығы нәтижесінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымы меншікті капиталы жеткіліктілігінің және зейнетақы активтері кірістілігінің пруденциалдық нормативінің бұзушылығына жол берген, сондай-ақ егер көрсетілген осы іс-әрекеттер Заңның 41-2-бабының 1-тармағында атап көрсетілген жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйін нашарлауына әсер ететін факторлардың туындауына себеп болған іс-әрекеті деп танылады.
      4. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаларына, жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушыларына шектеулi ықпал ету шараларын қолдануы мынадай факторлардың біреуін немесе бірнешеуін ескере отырып жүргізіледі:
      1) тәуекел дәрежесі.
      Қағидалардың мақсаттары үшін тәуекел ретінде жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін жүзеге асыруы кезінде азаматтық, қаржылық заңнамалар және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнама (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының заңнамасы) саласында белгіленген талаптарды орындамауы және (немесе) толық орындамауы нәтижесінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуы, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіруі, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйінің нашарлауы түрінде теріс салдарлардың туындау ықтималдылығы түсіндіріледі;
      2) таңдалған ықпал ету шарасын қолдану нәтижесінде жағдайды түзету қабілеті;
      3) жинақтаушы зейнетақы қоры үшін бұзушылық сипаты мен ықтимал салдарлары;
      4) бұзушылықтың жиiлiгi мен ұзақтығы;
      5) жол берiлген бұзушылық нәтижесiнде жинақтаушы зейнетақы қоры шығындарының мөлшерi;
      6) жол берiлген бұзушылық туралы жинақтаушы зейнетақы қоры басшы қызметкерлерiнiң хабардар болуы;
      7) жинақтаушы зейнетақы қорының жалпы қаржылық жай-күйi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының жалпы қаржылық жай-күйi есептілік деректерінің, тексеру материалдарының, аудиторлық есептердің, тәуекелдерді басқару мен iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына байланысты талаптарды орындауының, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйi нашарлаған жағдайда қаржылық қолдау алу мақсатында жинақтаушы зейнетақы қоры басшылығының акционерлермен өзара іс-әрекет жасау нәтижелерінің негiзiнде айқындалады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 29.03.2013 № 79 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Уәкiлеттi орган қолданылған шектеулi ықпал ету шараларын есепке алуды жүргiзедi.

2. Жазбаша ұйғарым

      6. Заңның 42-бабында белгіленген жағдайларда уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының атына жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ірі қатысушысының белгілерін иеленуші заңды тұлғасының, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының түзету шараларды қабылдауға жауапты лауазымды тұлғасын көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды және кемшiлiктердi белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындауға міндетті түзету шараларды қабылдау туралы жазбаша ұйғарымын шығарады.
      7. Түзету шаралары жазбаша ұйғарымда көрсетiледi және салымшылардың (алушылардың) алдындағы мiндеттеменi орындау және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою бойынша шараларды орындауға мiндеттiлiгiн бiлдiредi:
      8. Жазбаша ұйғарым:
      жинақтаушы зейнетақы қорының бiрiншi басшысына немесе оның орнындағы адамға;
      ірі қатысушы белгілерін иеленуші заңды тұлғаның бірінші басшысына;
      заңды тұлғаға және оның орнындағы адам болып табылатын жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына;
      ірі қатысушы белгілерін иеленуші жеке тұлғаға, жеке тұлға болып табылатын жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысына жіберіледі.

3. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін
орнынан шеттету туралы акционерлерге өтініш

      9. Заңның 42-бабында белгіленген жағдайларда уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлеріне (акционеріне) жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін (қызметкерлерін) орнынан шеттету туралы мәселені қояды.
      10. Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген шектеулі ықпал ету шараларын іске асыру уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органына қабылданған шектеулі ықпал ету шаралары туралы хабарламасымен және мынадай талабымен хат жіберу арқылы жүзеге асырылады:
      1) уәкілетті органға осы хатты алған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде күн тәртібінде жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін (қызметкерлерін) атқарылатын лауазымынан (лауазымдарынан) шеттету туралы мәселені қарау енгізілген жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу күні туралы мәліметті жіберу;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының жалғыз акционеріне жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін (қызметкерлерін) атқарылатын лауазымынан (лауазымдарынан) шеттету туралы мәселені қарау қажеттілігі туралы хабарлау.
      11. Жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органы уәкілетті органға мыналар туралы ақпаратты жазбаша жібереді:
      1) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің тиісті жалпы жиналысын – уәкілетті органнан хатты алған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде өткізу күні туралы;
      2) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің (жалғыз акционерінің) жалпы жиналысымен жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін (қызметкерлерін) орнынан шеттету туралы мәселесі бойынша осындай шешімді қабылдаған күннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде қабылданған шешімі туралы;
      3) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің (жалғыз акционерінің) жалпы жиналысымен басшы қызметкерін (қызметкерлерін) орнынан шеттету туралы шешімін қабылдаған жағдайда - шешімді орындалуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осындай шешімді қабылдаған күннен кейін он күнтізбелік бес күн ішінде осындай шешімді орындау туралы. 

4. Мiндеттеме-хат

      12. Заңның 42-бабында белгіленген жағдайларда уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаларына, жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының бар бұзушылықтарды тану фактiсi, сондай-ақ жоспарланған iс-шаралар тiзбесiн көрсете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасының осындай тәртіп бұзушылықтарды белгіленген мерзiмде жою және (немесе) оларды алдағы уақытта болдырмау жөнiндегi жинақтаушы зейнетақы қоры басшысының кепілдігі болу тиiс мiндеттеме-хатты беру туралы талап етуді жібереді.
      13. Уәкiлеттi органның мiндеттеме-хатты ұсыну туралы талап етуi жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаларының, жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушыларының қызметiнде кемшiлiктерді және (немесе) бұзушылықтарды оларды жою және (немесе) алдағы уақытта болдырмау өзiне тиiстi мiндеттеме қабылдаған тұлғалар тарапынан түзету шараларды қабылдау арқылы объективті түрде мүмкін болатын көрсетілетін жағдайларда қолданылады.
      14. Мiндеттеме-хатты ұсыну талабы мынадай жағдайлардың бiрi болған кезде жеткiлiктi ықпал ету шарасы болып табылады:
      1) өзiне тиiстi мiндеттеме қабылдаған тұлға ниет бiлдiрiп және оны орындауды қамтамасыз етуге жағдайының барлығына негiз бар деп болжаса;
      2) мiндеттемеде шаралардың нақты құрамы және оларды жүзеге асыру мерзiмi болса және уәкiлеттi орган оны тәртiп бұзуларды жоюға және (немесе) оларды алда болдырмауға жеткiлiктi деп таныған болса. 

5. Жазбаша келiсiм

      15. Заңның 42-бабында белгіленген жағдайларда уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорымен және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғамен, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысымен Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы және осыған байланысты бірінші кезектілік шараларды бекіту туралы жазбаша келісім жасайды.
      16. Жазбаша келiсiмде түзету шаралары ретінде басқару органы және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылатын жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші жеке тұлғаның, жеке тұлға болып табылатын жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының басқару және (немесе) атқарушы органы түзету шаралары ретінде қабылдайтын кемшiлiктердi жою және (немесе) оларды алдағы уақытта болдырмау бойынша iс-әрекеті және оларды орындау мерзiмi көрсетiледi.
      17. Жазбаша келісімде бірінші кезектілік шараларды бекіткен кезде сонымен бірге мыналарға:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының және ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының тәуекелдерін төмендетуге;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының міндеттемесін белгілеуге, жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының қаржылық жай-күйін нашарлатуға әкеп соғатын іс-әрекеттерді жасамауға, сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын және (немесе) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларын қайта бұзуына бағытталған талаптар енгізіледі.
      18. Жазбаша келісімге қол қойған тұлға (тұлғалар) оның талаптарын орындау бойынша өзіне міндеттеме алады.
      19. Жазбаша келiсiм әр тарап үшін мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жасалады, бірдей заңды күші бар.
      Уәкілетті орган қол қойған жазбаша келісімнің даналары жинақтаушы зейнетақы қорының және ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының атына ілеспе хатымен жіберіледі.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры және ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы жазбаша келісімге қол қояды және мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данадан уәкілетті органға алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде ұсынады. 

6. Қорытынды ережелер

      20. Ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, жинақтаушы зейнетақы қоры iрi қатысушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өзі ірі қатысушысы болып табылатын ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғамен жинақтаушы зейнетақы қорының атқарушы органының және басқару органының барлық мүшелеріне оған қатысты шектеулі ықпал ету шарасын шығарылғаны туралы, сондай-ақ қалған ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға және осы жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушыларын оларға қатысты шектеулі ықпал ету шарасы шығарылғаны туралы хабардар етеді.
      Жинақтаушы зейнетақы қорлары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде барлық өздерінің ірі қатысушыларына және ірі қатысушылары белгілерін иеленуші тұлғаларына оларға қатысты шектеулі ықпал ету шаралары шығарылғаны хабарлайды.
      21. Жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы осы шектеулі ықпал ету шарасында белгіленген мерзімде шектеулі ықпал ету шарасын орындау жөнінде уәкілетті органға жазбаша хабарлайды.
      22. Егер уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шарасына сәйкес жоспарланған іс-шаралардың тізбесін ұсыну көзделген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органның оған қатысты шектеулі ықпал ету шарасын қолдану туралы хабарламасында көрсетілген, бірақ күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімде уәкілетті органға жоспарланған іс-шараларды орындау мерзімдерін және түзету шараларды қабылдауға жауапты лауазымды тұлғаларын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасының анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды алдағы уақытта болдырмау бойынша жоспарланған іс-шаралардың тізбесін ұсынады.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші заңды тұлға, заңды тұлға болып табылатын жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы ұсынатын жоспарланған іс-шаралардың тізбесі жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының басқару органы (бар болса) бекітуге тиіс.
      23. Уәкілетті орган берілген жоспарланған іс-шаралардың тізбесін оны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды.
      Уәкілетті орган жоспарланған іс-шаралардың тізбесімен келіспеген жағдайда жоспарланған іс-шаралардың тізбесіне ескертулері бар хат жібереді, осы ескертулерді жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші заңды тұлға, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы жояды. Түзетілген жоспарланған іс-шаралардың тізбесі уәкілетті органның хаты алынған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға беріледі.
      24. Уәкілетті органға жоспарланған іс-шаралардың тізбесі ұсынылған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы жоспарланған іс-шаралардың орындалу жөнінде олардың орындалуы жоспарланған күнінен кейін бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлайды.