Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 маусымда № 7713 тіркелді

Жаңартылған

      «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 6-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігінің төрағасы
      ________________ А. Смайылов
      2012 жылғы 11 мамыр

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрінің  
2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241
бұйрығымен бекітілген      

Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 № 4-6/1114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және астық нарығының мониторингін жүргізу тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) астық нарығына қатысушылар – астықты өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және өткізуге қатысатын заңды және жеке тұлғалар;
      2) астық нарығының мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) – астық нарығына қатысушылар астықты өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді қоса алғандағы онымен жүзеге асыратын операциялар туралы деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған тұрақты іс-шаралар жиынтығы;
      3) мамандандырылған ұйым– акционерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарығында жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында құрылатын олардың аффилиирленген тұлғалары болып табылатын ұйым.
      3. Мониторингті астық нарығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және облыстардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

2. Мониторинг жүргізу тәртібі

      4. Мониторинг кезеңдері:
      1) деректерді жинау;
      2) деректерді өңдеу;
      3) деректерді талдау.
      5. Мониторинг деректері:
      1) астықты ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы;
      2) астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпаратты қамтиды.
      6. Мониторинг деректерін талдау үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұлттық тасымалдаушыдан және темір жол көлігіндегі басқа тасымалдаушылардан алынатын астықты ішкі нарықта, экспортқа және импортқа тасымалдау туралы ақпарат пайдаланылады.
      7. Ауыл шаруашылығы нарықтарының мониторингі саласындағы мамандандырылған ұйым (бұдан әрі – Мамандандырылған ұйым) астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпаратты уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апта сайынғы негізде ұсынады.
      8. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпаратты ай сайын облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесіне ұсынады, ол оны жинақтап және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Аргоөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің тиісті облыстық аумақтық бөлімшесіне және уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдайды.
      9. Мониторинг деректерін жөндеу және талдау кезінде жергілікті атқарушы органдардың облыстағы құрылымды бөлімшелері, Мамандандырылған ұйым, ұлттық тасымалдаушы мен темір жол көлігіндегі басқа тасымалдаушылар ұсынған деректері пайдаланылады.
      10. Мониторинг деректерін талдауды, деректерді Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуды уәкілетті орган жүзеге асырады.
      11. Мониторинг деректері астық нарығына қатысушылар үшін жалпы қолжетімді болып табылады.

Астық нарығының мониторингін   
жүргізу қағидаларына      
1-қосымша            

Нысан

           20____жылы «___» ______ жай-күй бойынша астықты
      ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы ақпарат

_____________________________________________________________________
(ұлттық тасымалдаушының және басқа да тасымалдаушылардың атауы
                      және мекенжайы)

Индексі: № 2-АІНЭТ.
Кезеңділігі: ай сайын.
Ұсынатын тұлғалар тобы: Теміржол көлігіндегі ұлттық тасымалдаушы және
басқа да тасымалдаушылар.
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігіне.
Тапсыру мерзімі: әр айдың 25-іне дейін

астық тоннада

Облыс атауы

20___ жылғы 1 қаңтардан «____» _____ дейінгі
өспелі қорытындымен

20___ жылғы «___»___ бастап «____» ___ дейінгі
есепті кезеңде

тиеп жөнелтілді

келіп түсті

тиеп жөнелтілді

келіп түсті

экспортқа

республика ішінде

импорт бойынша

республика ішінде

импорт бойынша

республика ішінде

импорт бойынша

республика ішінде



















Барлығы









Басшы _____________ _________________________________________________
           (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Орындаушы ___________ _______________________________________________
             (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Телефон _________ 20 __ жылғы «_____» _________

Астықты ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. Астықты ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы толтырылған нысан:
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылады, ұсыну мерзімі ай сайын, әр айдың 25-іне дейін.
      2. Астықты ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы ақпарат нысанында:
      1) нысанның 1-бағанында облысың атауы көрсетіледі;
      2) нысанның 2-бағанында ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезең бойынша астықтың экспортқа тиеп жөнелтілген саны көрсетіледі;
      3) нысанның 3-бағанында ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезең бойынша республика ішіндегі тиелген астықтың саны көрсетіледі;
      4) нысанның 4-бағанында ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезең бойынша келіп түскен импорттық астықтың саны көрсетіледі;
      5) нысанның 5-бағанында ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезең бойынша республикаішілік тасымалдау кезінде келіп түскен астықтың саны көрсетіледі;
      6) нысанның 6-бағанында көрсетілген кезеңде экспортқа тиелген астықтың саны көрсетіледі;
      7) нысанның 7-бағанында көрсетілген кезеңде республика ішінде тиелген астықтың саны көрсетіледі;
      8) нысанның 8-бағанында көрсетілген кезеңде келіп түскен импорттық астықтың саны көрсетіледі;
      9) нысанның 9-бағанында көрсетілген кезеңде республикаішілік тасымалдау кезінде келіп түскен астықтың саны көрсетіледі

Астық нарығының мониторингін   
жүргізу қағидаларына      
2-қосымша            

Нысан

       20 __ жылғы «__» _________ астықтың орташа нарықтық
                     бағалары туралы ақпарат

Индексі: № 3-АОНБ.
Есепті: апталық.
Ұсынатын тұлғалар тобы: Ауыл шаруашылығы нарықтарының мониторингі
саласындағы мамандандырылған ұйым.
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігіне.
Тапсыру мерзімі: жұма сайын



Облыстар

Атауы

Өлшем бірлігі

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Батыс Қазақстан

Жамбыл

Қарағанды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

3-сынып бидайы

теңге/тонна








2-сынып арпасы

теңге/тонна








кестенің жалғасы

Облыстар

Қостанай

Қызылорда

Маңғыстау

Оңтүстік Қазақстан

Павлодар

Солтүстік Қазақстан

Шығыс Қазақстан

Астана қ.

Алматы қ.

10

11

12

13

14

15

16

17

18



















Басшы _____________ _________________________________________________
          (қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Орындаушы ___________ _______________________________________________
             (қолы)   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Телефон _________ 20 __ жылғы «_____» _________

Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы толтырылған ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылады, ұсыну мерзімі апта сайын, айдың әр жұмасы.
      2. Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанында:
      1) нысаның 1-бағанында астықтың атауы және сыныбы көрсетіледі;
      2) нысаның 2-бағанында өлшем бірлігі көрсетіледі;
      3) 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 және 18-бағандарда облыстағы астықтың бір тоннаға бағасы теңгемен көрсетіледі.

Астық нарығының мониторингін   
жүргізу қағидаларына      
3-қосымша            

Нысан

        20___ жылғы «____» _____________ астық қабылдау
        кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпарат

Индексі: № 1- ҚКЖ
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатын тұлғалар тобы: Облыстың жергілікті атқарушы органының
бөлімшесі.
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық
аумақтық бөлімшесіне, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігіне.
Тапсыру мерзімі: әр айдың 1-іне қарай.

Р/с №

Астық қабылдау кәсіпорнының атауы

Жалпы сыйымдылығы, мың тонна

Барлық астық, мың тонна

Астық қабылдау кәсіпорнының жүктелгендігі, %

1

2

3

4

5





















Басшы _____________ _________________________________________________
         (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Орындаушы ___________ _______________________________________________
            (қолы)    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Телефон _________ 20 __ жылғы «_____» _________

Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы толтырылған ақпарат:
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық бөлімшесіне ұсынылады, ұсыну мерзімі – ай сайын, әр айдың 1-іне дейін;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылады, ұсыну мерзімі – ай сайын, әр айдың 1-іне дейін.
      2. Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпарат нысанында:
      1) нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;
      2) нысанның 2-бағанында астық қабылдау кәсіпорнының атауы көрсетіледі;
      3) нысанның 3-бағанында астық қабылдау кәсіпорнының жалпы сыйымдылығы көрсетіледі;
      4) нысанның 4-бағанында көрсетілген кезеңдегі астықтың жалпы саны көрсетіледі;
      5) нысанның 5-бағанында көрсетілген кезеңде астық қабылдау кәсіпорнының жүктелгендігі пайызбен көрсетіледі.