БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________ Б. Сұлтанов
20___ жылғы 28 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е. Досаев
20___ жылғы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндеттерін атқарушы
______________ М. Құсайынов
2015 жылғы 30 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 4-6/1114 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі
1. «Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7713 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 15 тамыздағы № 510-515 (27588) жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасы осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-1/487 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11596 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгілік нысанына 2-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-1/502 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11848 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуі мен таратылуына қойылатын талаптарда, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарында:
2-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) уәкілетті орган – құзыретi шегiнде астық нарығына қатысушылардың қызметiн үйлестiру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;
4. «Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-2/616 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12065 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қазандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама (бұдан әрі – сапасына сараптама) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, мемлекеттік сортсынау учаскелері мен станциялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен бекітілген Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11773 болып тіркелген) сәйкес аттестатталған бірінші, екінші және үшінші репродукциялы бірегей және элиталық тұқым өндірушілер үшін жүргізіледі.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің, мемлекеттік сорт сынау учаскесі мен станциясының әрқайсысы бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң түрлері бойынша тұқымның сапасына зерттеулер жүргізу санын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі – аудан әкімдігі) шешімімен құрылған комиссия айқындайды (бұдан әрі – комиссия). Комиссия құрамына аудан әкімдігінің, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің қызметкерлері, облыстың (ауданның) мемлекеттік тұқым шаруашылығы жөніндегі инспекторы, салалық қоғамдық және ғылыми ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік палаталарының өкілдері кіреді. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) комиссияның жұмыс органы болып табылады.».
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 8 мамырдағы
№ 18-03/241 бұйрығымен бекітілген
Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және астық нарығының мониторингін жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) астық нарығына қатысушылар – астықты өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және өткізуге қатысатын заңды және жеке тұлғалар;
2) астық нарығының мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) – астық нарығына қатысушылар астықты өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді қоса алғандағы онымен жүзеге асыратын операциялар туралы деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған тұрақты іс-шаралар жиынтығы;
3) мамандандырылған ұйым– акционерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарығында жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында құрылатын олардың аффилиирленген тұлғалары болып табылатын ұйым.
3. Мониторингті астық нарығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және облыстардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
2. Мониторинг жүргізу тәртібі
4. Мониторинг кезеңдері:
1) деректерді жинау;
2) деректерді өңдеу;
3) деректерді талдау.
5. Мониторинг деректері:
1) астықты ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы;
2) астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпаратты қамтиды.
6. Мониторинг деректерін талдау үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұлттық тасымалдаушыдан және темір жол көлігіндегі басқа тасымалдаушылардан алынатын астықты ішкі нарықта, экспортқа және импортқа тасымалдау туралы ақпарат пайдаланылады.
7. Ауыл шаруашылығы нарықтарының мониторингі саласындағы мамандандырылған ұйым (бұдан әрі – Мамандандырылған ұйым) астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпаратты уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апта сайынғы негізде ұсынады.
8. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпаратты ай сайын облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесіне ұсынады, ол оны жинақтап және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Аргоөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің тиісті облыстық аумақтық бөлімшесіне және уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдайды.
9. Мониторинг деректерін жөндеу және талдау кезінде жергілікті атқарушы органдардың облыстағы құрылымды бөлімшелері, Мамандандырылған ұйым, ұлттық тасымалдаушы мен темір жол көлігіндегі басқа тасымалдаушылар ұсынған деректері пайдаланылады.
10. Мониторинг деректерін талдауды, деректерді Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуды уәкілетті орган жүзеге асырады.
11. Мониторинг деректері астық нарығына қатысушылар үшін жалпы қолжетімді болып табылады.
Астық нарығының мониторингін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
20____жылы «___» ______ жай-күй бойынша астықты
ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
(ұлттық тасымалдаушының және басқа да тасымалдаушылардың атауы
және мекенжайы)
Индексі: № 2-АІНЭТ.
Кезеңділігі: ай сайын.
Ұсынатын тұлғалар тобы: Теміржол көлігіндегі ұлттық тасымалдаушы және
басқа да тасымалдаушылар.
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігіне.
Тапсыру мерзімі: әр айдың 25-іне дейін
астық тоннада
Облыс атауы |
20___ жылғы 1 қаңтардан «____» _____ дейінгі |
20___ жылғы «___»___ бастап «____» ___ дейінгі |
||||||
тиеп жөнелтілді |
келіп түсті |
тиеп жөнелтілді |
келіп түсті |
|||||
экспортқа |
республика ішінде |
импорт бойынша |
республика ішінде |
импорт бойынша |
республика ішінде |
импорт бойынша |
республика ішінде |
|
Барлығы |
Басшы _____________ _________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Орындаушы ___________ _______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Телефон _________ 20 __ жылғы «_____» _________
Астықты ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
1. Астықты ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы толтырылған нысан:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылады, ұсыну мерзімі ай сайын, әр айдың 25-іне дейін.
2. Астықты ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы ақпарат нысанында:
1) нысанның 1-бағанында облысың атауы көрсетіледі;
2) нысанның 2-бағанында ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезең бойынша астықтың экспортқа тиеп жөнелтілген саны көрсетіледі;
3) нысанның 3-бағанында ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезең бойынша республика ішіндегі тиелген астықтың саны көрсетіледі;
4) нысанның 4-бағанында ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезең бойынша келіп түскен импорттық астықтың саны көрсетіледі;
5) нысанның 5-бағанында ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезең бойынша республикаішілік тасымалдау кезінде келіп түскен астықтың саны көрсетіледі;
6) нысанның 6-бағанында көрсетілген кезеңде экспортқа тиелген астықтың саны көрсетіледі;
7) нысанның 7-бағанында көрсетілген кезеңде республика ішінде тиелген астықтың саны көрсетіледі;
8) нысанның 8-бағанында көрсетілген кезеңде келіп түскен импорттық астықтың саны көрсетіледі;
9) нысанның 9-бағанында көрсетілген кезеңде республикаішілік тасымалдау кезінде келіп түскен астықтың саны көрсетіледі
Астық нарығының мониторингін
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
20 __ жылғы «__» _________ астықтың орташа нарықтық
бағалары туралы ақпарат
Индексі: № 3-АОНБ.
Есепті: апталық.
Ұсынатын тұлғалар тобы: Ауыл шаруашылығы нарықтарының мониторингі
саласындағы мамандандырылған ұйым.
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігіне.
Тапсыру мерзімі: жұма сайын
Облыстар |
||||||||
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Ақмола |
Ақтөбе |
Алматы |
Атырау |
Батыс Қазақстан |
Жамбыл |
Қарағанды |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
3-сынып бидайы |
теңге/тонна |
|||||||
2-сынып арпасы |
теңге/тонна |
кестенің жалғасы
Облыстар |
||||||||
Қостанай |
Қызылорда |
Маңғыстау |
Оңтүстік Қазақстан |
Павлодар |
Солтүстік Қазақстан |
Шығыс Қазақстан |
Астана қ. |
Алматы қ. |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
Басшы _____________ _________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Орындаушы ___________ _______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Телефон _________ 20 __ жылғы «_____» _________
Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
1. Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы толтырылған ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылады, ұсыну мерзімі апта сайын, айдың әр жұмасы.
2. Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанында:
1) нысаның 1-бағанында астықтың атауы және сыныбы көрсетіледі;
2) нысаның 2-бағанында өлшем бірлігі көрсетіледі;
3) 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 және 18-бағандарда облыстағы астықтың бір тоннаға бағасы теңгемен көрсетіледі.
Астық нарығының мониторингін
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
20___ жылғы «____» _____________ астық қабылдау
кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпарат
Индексі: № 1- ҚКЖ
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатын тұлғалар тобы: Облыстың жергілікті атқарушы органының
бөлімшесі.
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық
аумақтық бөлімшесіне, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігіне.
Тапсыру мерзімі: әр айдың 1-іне қарай.
Р/с № |
Астық қабылдау кәсіпорнының атауы |
Жалпы сыйымдылығы, мың тонна |
Барлық астық, мың тонна |
Астық қабылдау кәсіпорнының жүктелгендігі, % |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Басшы _____________ _________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Орындаушы ___________ _______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Телефон _________ 20 __ жылғы «_____» _________
Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
1. Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы толтырылған ақпарат:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық бөлімшесіне ұсынылады, ұсыну мерзімі – ай сайын, әр айдың 1-іне дейін;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылады, ұсыну мерзімі – ай сайын, әр айдың 1-іне дейін.
2. Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпарат нысанында:
1) нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;
2) нысанның 2-бағанында астық қабылдау кәсіпорнының атауы көрсетіледі;
3) нысанның 3-бағанында астық қабылдау кәсіпорнының жалпы сыйымдылығы көрсетіледі;
4) нысанның 4-бағанында көрсетілген кезеңдегі астықтың жалпы саны көрсетіледі;
5) нысанның 5-бағанында көрсетілген кезеңде астық қабылдау кәсіпорнының жүктелгендігі пайызбен көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Астық қабылдау кәсіпорны мен
астық иесі арасындағы астықты
сақтаудың жария шартының
үлгілік нысанына
2-қосымша
Нысан
20 ___ жылғы _______ ___________________ тиесілі астықтың (айы) (Иеленушiнiң атауы)
бар-жоғы және қозғалысы туралы мәліметтер
Р/с № |
Астық қолхатының сериясы мен нөмірі |
Берілген күні |
Өнім беруші |
Дақыл |
(кестенің жалғасы)
Сыныбы |
Егін жинау жылы |
Сорты |
Репродукциясы |
Себу стандартының сыныбы |
Ылғалдылығы, % |
(кестенің жалғасы)
Арамшөптік қоспасы, % |
Дәндік қоспасы, % |
Дән маңызы, %/ |
Дән маңызының сапасы, бірлігі |
Залалдануы |
(кестенің жалғасы)
Жылтырлығы, % |
Заттай күйі, г/л |
Ақуыздың массалық үлесі, құрғақ затқа %-ы |
Құлау саны |
Ай басындағы қалдық |
(кестенің жалғасы)
Кіріс |
Шығыс |
|||||
Астық қолхатын айырбастау |
Индоссамент |
Астық қолхатын қалпына келтіру |
Астық қолхатын айырбастау |
Индоссамент |
Тиеп-жіберу |
Ай соңындағы қалдық |
Aстық қабылдау
кәсіпорнының басшысы: __________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда
Мөр орыны