Базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын нысаналы даярлау тетігін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiнiң м.а. 2012 жылғы 22 мамырдағы № 235 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 маусымда № 7707 тіркелді

Қолданыстағы

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын нысаналы даярлау тетігі бекітілсін.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.К. Орынхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы                М. Сарыбеков

Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының  
2012 жылғы 22 мамырдағы 
№ 235 бұйрығымен бекітілген

Базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын
нысаналы даярлау тетігі

1. Жалпы ережелер

      1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан базалық жоғары оқу  орындарында магистрлер мен PhD докторларын нысаналы даярлау тетігі (бұдан әрі - Тетік) магистрлер мен PhD докторларды нысаналы даярлаудың міндеттерін, шарттарын анықтайды.
      2. Тетік «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ Заңына сәйкес әзірленді.
      3. Магистрлер мен PhD докторларды нысаналы даярлаудың негізгі міндеті жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру, елдің тұрақты индустриалды-инновациялық дамуы үшін қажетті білімді игеру, жинақтау және беруді қамтамасыз ететін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігіне және теңгерімділігіне қол жеткізу болып табылады.
      4. Магистрлер мен PhD докторларды нысаналы даярлау - бұл мүдделі жақтардың келісімі негізінде жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бойынша мемлекеттік білім бepу тапсырысы есебінен жүзеге асырылатын білім беру субъектілерінің шаралары мен әрекеттерінің жүйесі.
      5. Магистрлер мен PhD докторларын нысаналы даярлау базалық жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады.
      6. Тетікте мынадай негізгі анықтамалар пайдаланылады:
      1)  базалық жоғары оқу орны (бұдан әрі - базалық ЖОО) - магистрлер мен PhD докторларды нысаналы даярлау бойынша қызметінің толық циклын іске асыратын ЖОО;
      2) магистрлер мен PhD докторларды нысаналы даярлауға тапсырыс берушілер - ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау үдерісіне қатысушы аймақтық жоғары оқу орындары (бұдан әрі - аймақтық ЖОО) және (немесе) ғылыми ұйымдар;
      3) нысаналы даярлау бағдарламалары бойынша білім алушылар - базалық ЖОО-да кәсіптік білім беру бағдарламасын игеру үшін және ақылы білім беру қызметін көрсету шарты негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы магистранттар мен PhD докторанттар.
      7. Магистрлер мен PhD докторларды нысаналы даярлаудың құқықтық қатынастар субъектілері болып мыналар табылады:
      1) білім беру саласындағы уәкілетті орган;
      2) базалық жоғары оқу орындары;
      3) магистрлер мен РҺD докторларды нысаналы даярлауға тапсырыс берушілер;
      4) нысаналы даярлау бағдарламалары бойынша білім алушылар.

Магистрлер мен PhD докторларды нысаналы даярлау тетігі

      8. Магистрлер мен PhD докторларды нысаналы даярлау базалық ЖОО-да тапсырыс берілген мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.
      9. Осы Тетіктің 1-қосымшасына сәйкес базалық және өңірлік ЖОО, ғылыми ұйымдардың басшылары жыл сайын білім беру саласындағы уәкілетті органға белгіленген үлгіде магистрант пен PhD докторларын нысаналы даярлауға тапсырыс береді.
      10. Магистрлер мен PhD докторларды нысаналы даярлауға тапсырыс берушілерден алынған тапсырыстар негізінде білім беру саласындағы уәкілетті орган нысаналы даярлау аясында ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларға деген жалпы қажеттілікті қалыптастырады.
      11. Магистрлер мен PhD докторларды нысаналы даярлау бойынша қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      12. Нысаналы даярлау аясында базалық ЖОО-ның қабылдау комиссиясына тапсыруға ұсынылған тұлғалар 30 тамызға дейін ақылы білім беру қызметін көрсету (магистратура/PhD докторантура) шарт (бұдан әрі - Шарт) жасасады.
      13. Шарт магистранттap мен (немесе) PhD докторанттap, базалық ЖОО мен аймақтық ЖОО және (немесе) ғылыми ұйым арасында жасалынады.
      14. Шартта міндетті түрде:
      1) шарттың мәні;
      2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
      3) білім беру қызметін көрсету ақысының мөлшері мен төлеу тәртібі;
      4) тараптардың жауапкершіліктері;
      5) келіспеушіліктерді шешу тәртібі;
      6) келісім-шарттың қызмет ету мерзімі, өзгерту енгізу және оны бұзу тәртібі көрсетіледі.

Базалық жоғары оқу орындарында   
магистрлер мен PhD докторларын нысаналы
даярлау тетігіне 1-қосымша     

үлгі

Магистрлерді/ PhD докторларды мақсатты даярлауға өтінім
_________________________________________________________
ЖОО-ң/ғылыми ұйымның - тапсырыс берушінің атауы)

Мамандықтың коды және атауы

Қажеттілік

Базалық ЖОО-ң атауы







Барлығы:



ЖОО-ң/ғылыми ұйымның жетекшісі                   Т.А.Ә.

Базалық жоғары оқу орындарында   
магистрлер мен PhD докторларын нысаналы
даярлау тетігіне 2-қосымша     

Ақылы білім беру қызметін көрсету
(магистратура/PhD докторантура)
шарты

_____________________қаласы
«___»___________________20____ж.

_________________________________________мекен-жай бойынша орналасқан
____________________________________________________________________
мемлекеттік қайтадан тіркеу туралы куәлік №_____,
«____»____20_____ж., Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігімен берілген лицензия №_____, сериясы__________________,
«____»____20_____ж., атынан Жарғы негізінде әрекеті етуші
______________, бұдан әрі "Білім беру ұйымы" деп аталатын бір жағынан
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                       (тегі, аты, әкесінің аты)

екінші жақтан, немесе
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
негізінде және азамат(ша) мүддесі үшін әрекет етуші
_________________________________________________________________
(заңды тұлғаның немесе басқа уәкілетті тұлғалардың тегі, аты,
әкесінің аты және лауазымы)
____________________________________________________________________
атынан, бұдан әрі "магистрант/докторант" деп аталатын
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      (жеке және заңды тұлғаның атауы)
үшінші жақтан төмендегілер туралы осы шартты жасады.

I. ШАРТТЫҢ МӘНІ

      1. Білім беру ұйымы өзіне
      1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес күндізгі оқыту нысаны бойынша магистратураның/PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша білім алушының оқуын ұйымдастыру бойынша міндеттерін алады.
Мамандық шифры және атауы:
____________________________________________________________________

II. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚTAPЫ MЕН МІНДЕТТЕРІ

      2. Білім беру ұйымы өзіне мынадай міндеттемелер алады:
      1) мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес магистрантты/докторантты нысаналы даярлау аясында конкурс қорытындысы бойынша қабылдау;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім беруді қамтамасыз ету.
      3. Білім беру ұйымының құқықтары:
      1) Магистранттан/докторанттан осы шарт пен білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелеріне, білім беру ұйымының Жарғысына сәйкес міндеттерді адал және тиісті орындауды талап ету;
      2) оқу жоспарын және жеке жоспарды орындамағаны, ішкі тәртіп ережелерін және білім беру ұйымының Жарғысын бұзғаны үшін магистранттарға докторанттарға оқудан шығаруға дейінгі тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану;
      3) Магистранттың/докторанттың оқу жетістіктерін тексеру мақсатында ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау түрлерін анықтау.
      4. Магистранттың докторанттың міндеттері:
      1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының көлемінде білімді, іскерліктерді және практикалық дағдыларды меңгеру;
      2) білім беру ұйымы басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін және осы шарт талаптарын сақтау және орындау;
      3) жанұя жағдайы, тұрғылықты орны, телефоны өзгерген жағдайда осы жағдайлар болған сәттен бастап үш күндік мерзім ішінде хабардар ету.
      5. Магистратурада/докторантурада білім алу кезеңінде:
      1) келесі бөлімдерден тұратын жеке жұмыс жоспарын орындау:
      жеке оқу жоспары;
      2) ғылыми-зерттеу/сараптамалық-зерттеу жұмыстары (тақырыбын, зерттеу бағытын, есеп беру мерзімі мен нысанын);
      3) практика (бағдарлама, база, мерзімі және есеп беру түрі);
      4) негіздемемен және құрылымы.мен магистрлік/докторлық диссертация тақырыбы:
      5) магистрлік докторлық диссертацияны орындау жоспары;
      6) ғылыми мақалаларды жариялау және тағылымдамадан өту жоспары;
      7) білім беру ұйымы белгіленген мерзімде жеке жоспардың орындалуы туралы есеп беру;
      8) аралық аттестаттаудан өту;
      9) магистрлік/докторлық диссертацияны дайындау;
      10) диссертацияны сараптамалық кеңеске ұсыну;
      11) қорытынды аттестаттаудан өту: кешенді емтихан тапсыру, ашық түрде магистрлік/докторлық диссертацияны қорғау;
      12) оқуды аяқтағаннан кейін сәйкес ЖОО-да уәкілетті органның мақсатты тапсырысына байланысты кем дегенде 3 жыл жұмыс жасау.
      6. Магистранттың докторанттың құқықтары:
      1) магистратураның/докторантураның білім беру бағдарламасымен қарастырылған тапсырмаларды орындау мақсатында білім беру ұйымының материалдық-техникалық жабдықтарын пайдалануға;
      2) ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне, конференцияларға, симпозиумдарға, қатысу, басылымдарға, соның ішінде білім беру ұйымының басылымдарына өзінің жұмыстарын ұсынуға;
      3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үдерісін ұйымдастыру мазмұнын жетілдіру, оқыту әдістемесі, оқытушылардың жеке құрамы бойынша ұсыныстарды кез келген түрде (жазбаша, ауызша) беруге.

ІІІ.ЕРЕКШЕ ШАРТТАР

      7. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы магистрат/докторант үшін оқуды аяқтаған соң
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                              (ЖОО атауы)
      3 жыл еңбек етуі міндетті шарт болып табылады.
      8. Магистрант/докторант оқудан шығып кеткен, ауысқан немесе қайтадан оқыту курсына қалған жағдайда мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алу құқығынан айрылады.

IV. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ

      9. Тараптар өздерінің міндеттемелерін осы шартпен қарастырылмаған жағдайларды орындамағаны немесе тиесілі деңгейде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген жауапкершіліктерді алады.
      10. Шарттың 7 бөлімін орындамағаны үшін магистрант/докторант өзінің білім алуына қатысты республикалық бюджет шығындарын қайтаруға міндетті.

V.ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

      11. Осы шартты орындау үрдісінде туындайтын келіспеушіліктер мен даулы жағдайлар, өзара қолайлы шешімдерге келуі мақсатында тікелей тараптардың қаулысымен қарастырылады.
      12. Тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес шешіледі.

VI. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫС МЕРЗІМІ, ТАЛАПТАРДЫ ӨЗГЕРТУ
ЖӘНЕ ОНЫ БҰЗУ ТӘРТІБІ

      13. Осы шарт оған тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және оқу аяқталған соң оны жіберген аймақтық ЖОО/ғылым ұйымы магистрант/докторантпен шарт жасаған кезден күшін жояды.
      14. Осы шарттың талаптары тараптардың өзара жазбаша келісімдері бойынша өзгеруі және толықтырылуы мүмкін.
      15. Осы шарт бірдей заңды күшке ие үш данада мемлекеттік/орыс тілінде жасалынады және бір данадан білім беру ұйымына, магистрантқа/докторантқа және Тапсырыс берушіге беріледі.

Білім алушы:                                         Білім беру ұйымы:
______________________________________________________________

Аты-жөні_____________________________
______________________________

Білім реквизиттер

ИИК


 
 
 

БИК

СТН

БИН

Код 16

Жеке куәлігі №_______________________

СТН__________________________________

Мекен-жайы___________________________
______________________________
______________________________

телефон _____________________________
электрондық пошта
______________________________

Білім алушы__________________________



Тапсырыс беруші:
______________________________
______________________________
е.а/ш_________________________
______________________________
БИК___________________________
СТН___________________________
Мекен-жайы____________________
______________________________
Ректор________________________




Білім беру ұйымының Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығын беретін лицензиямен, Ішкі тәртіп ережесімен, осы Шартпен таныстым
_______________________________________________________
                 (Білім алушының қолы)