Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – Өзгерістер мен толықтырулар) енгізілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының тоқсаныншы, 3-тармағының қырық жетінші абзацтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 28 сәуірдегі
№ 172 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық
актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу
мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктiң жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы» 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 140 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5339 тіркелген) белгiленген.
2. Банк акционерлерден меншiктi акцияларды, егер мұндай сатып алу қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген кез келген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi бұзуға алып келмейтiн жағдайда ғана сатып алады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк коэффициенті»;
3 және 3-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Меншiктi капитал бiрiншi деңгейдегi капитал мен екiншi деңгейдегi капиталдың (екiншi деңгейдегi капитал бiрiншi деңгейдегi капиталдан аспайтын мөлшерде енгiзiледi) және банк инвестицияларын шегергендегi үшiншi деңгейдегi капиталдың (үшiншi деңгейдегi капитал нарықтық тәуекелдi өтеуге арналған бiрiншi деңгейдегi капитал бөлiгiнiң екi жүз елу пайызынан аспайтын мөлшерде енгiзiледi) сомасы ретiнде есептеледi.
Банктiң заңды тұлғаның акцияларына (жарғылық капиталына қатысу үлестерiне) салымдары, сондай-ақ заңды тұлғаның жиынтық мөлшерi банктiң бірінші деңгейдегі капиталы мен екінші деңгейдегі капиталы сомасының он пайызынан асатын реттелген борышы банктің инвестицияларын білдіреді.
Үшінші деңгейдегі капитал нарықтық тәуекел шамасын өтеуге арналған.
Бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді өтеуге арналған бөлігі мынадай тәртіппен есептеледі:
1) активтердің, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің жалпы сомасы мен операциялық тәуекелдің мөлшері айқындалады;
2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес есептелген алынған тәуекелдер шамасын осы Нұсқаулықтың 16-тармағында айқындалған меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің нормативтік мәніне көбейту арқылы меншікті капиталға екінші деңгейдегі капиталды қосу бойынша белгіленген шектеулерді ескере отырып меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтерін орындауға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың ең төменгі мөлшері айқындалады;
3) бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді өтеуге арналған бөлігі бірінші деңгейдегі капиталдың нақты мөлшері мен бірінші деңгейдегі капиталдың осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес есептелген ең төменгі мөлшерінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді өтеуге арналған бөлігі нарықтық тәуекел шамасының осы Нұсқаулықтың 16-тармағында айқындалған меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтік мәніне көбейтіндісі ретінде есептелетін, нарықтық тәуекелді өтеу үшін қажетті капитал мөлшерінің 3,5-ке қатынасынан аспайды.
Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін Standard&Poor's агенттігінің рейтингілік бағасынан басқа қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттіктер) рейтингілік бағаларын да таниды.
Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады:
1) Азия даму банкі (the Asian Development Bank);
2) Африка даму банкі (the African Development Bank);
3) Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
4) Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);
5) Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);
6) Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);
7) Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);
8) Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);
9) Халықаралық даму қауымдастығы;
10) Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);
11) Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);
12) Халықаралық валюта қоры;
13) Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы;
14) Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;
15) Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank).
3-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 4-тармағының мақсаттары үшін меншікті капиталды есептеген кезде банктің инвестициялары заңды тұлғаның жиынтық мөлшері банктің бірінші деңгейдегі капиталы мен екінші деңгейдегі капиталы сомасының он пайызынан асатын реттелген борышына банктің салымынан тұрады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мерзiмсiз қаржы құралдары мынадай талаптарға сай келедi:
1) белгiлi бір айналыс мерзiмi жоқ және депозит (немесе ұсынушыға мiндеттеме) болып табылмайды;
2) мерзiмсiз қаржы құралдарын шығарған банктiң бастамасы бойынша ғана мерзiмiнен бұрын, бiрақ оларды шығарған күннен бастап бес жыл мерзiм өткеннен ерте емес өтелуi тиiс, егер мұндай өтеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) жазбаша растауына сәйкес осы Нұсқаулықта белгiленген пруденциалдық нормативтердiң мәндерiн бұзу салдарына әкелмейтiн жағдайда;
3) банктiң мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша, оның iшiнде негiзгi сома және есептелген сыйақы бойынша мiндеттемелерiн орындауы банк меншiктi капитал мен өтiмдiлiктiң жеткiлiктiлiгi бөлiгiнде осы Нұсқаулықта белгiленген пруденциалдық нормативтердiң мәндерін орындаған жағдайда көзделеді. Банк осы тармақта көрсетiлген себептер бойынша мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша кезектi сыйақыны төлемеген жағдайда банктiң осы кезектi сыйақыны төлеуi жөнiндегi мiндеттемесi тоқтатылады (кумулятивтi болып табылмайды);
4) мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң қамтамасыз етулерi болмайды;
5) банктiң таратылған кезде мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша талаптар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабында белгiленген кезектiлiкке сәйкес банк мiндеттемелерi қанағаттандырылғаннан кейiн өтеледi;
6) сыйақы мөлшерлемесiн өзгерту шарт жасалған немесе банктiң мерзiмсiз қаржы құралдарын ықтимал мерзiмiнен бұрын өтеу талабымен мерзiмсiз қаржы құралдары шығарылған күннен бастап он жыл өткеннен кейiн ғана көзделедi. Мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша бастапқы мөлшерлеме сыйақысын ұлғайту бiржолғы тәртiппен және мына талаптар бойынша бiр реттен көп емес мөлшерде көзделедi:
мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтiндегi сыйақының негізгі мөлшерлемесi мен мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменi ұлғайту сәтiндегi негізгі мөлшерлеме арасындағы айырманы шегергендегі жүз негiзгi тармақ;
мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша сыйақының бастапқы мөлшерлемесi мен мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі сыйақының негізгі мөлшерлемесi арасындағы айырма ретiнде айқындалатын, содан кейiн мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі сыйақының негізгі мөлшерлемесi мен мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменi ұлғайту сәтiндегi сыйақының негізгі мөлшерлемесi арасындағы айырма шамасына азайтылған бастапқы кредиттiк маржаның елу пайызы.
Мерзiмсiз қаржы құралдары шығарылған күнгі сыйақының негiзгi мөлшерлемесi ретiнде мыналар пайдаланылады:
өзгермелi сыйақы мөлшерлемесi белгiленген жағдайда – мерзiмсiз қаржы құралдары шығарылымының валютасына сәйкес келетін валютада халықаралық банкаралық кредит нарықтарында белгiленетін мөлшерлемеге тең сыйақы мөлшерлемесi;
белгiленген мөлшерлеменi белгiлеген жағдайда – валютасында мерзiмсiз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекет (мемлекеттер одағы) уәкiлеттiк берген эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiлiк мөлшерлемесiне тең сыйақы мөлшерлемесi.
Мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменi ұлғайту сәтiндегi негізгі сыйақы мөлшерлемесi ретiнде валютасында мерзiмсiз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекет (мемлекеттер одағы) уәкiлеттiк берген эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiлiк мөлшерлемесiне тең сыйақы мөлшерлемесi пайдаланылады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Банктiң екiншi деңгейдегi реттелген борышы – бұл банктiң мынадай талаптарға сәйкес келетiн қамтамасыз етiлмеген мiндеттемесi:
1) салым не ұсынушыға мiндеттеме болып табылмаса;
2) банктiң немесе оның үлестес тұлғаларының талаптары бойынша кепiлдiк қамтамасыз ету болып табылмаса;
3) банк таратылған жағдайда «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабында белгiленген кезектiлiкке сәйкес мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мiндеттемелерiн банк орындағанға дейiн қанағаттандырса;
4) банк өтеуi (толық немесе iшiнара), оның iшiнде уәкілетті органның қорытындысына сәйкес мұндай өтеу кейіннен осы Нұсқаулықта белгiленген пруденциалдық нормативтердiң мәндерiн банктің сақтамауына әкелмеген жағдайда банктiң бастамасымен ғана мерзімінен бұрын өтеуі мүмкiн.
Екiншi деңгейдегi банктiң меншiктi капиталға енгiзiлген реттелген борышы – бұл өтеу басталғанға дейiн бес жылдан астам тарту мерзiмi бар реттелген борыш.
Екiншi деңгейдегi банктiң реттелген борышы банктiң меншiктi капиталының есебiне былайша енгiзiледi:
борышты өтеу басталғанға дейiн бес жылдан астам мерзім ішінде – борыштың толық сомасында;
борышты өтеу басталғанға дейiн қалған бес жыл ішінде;
1-шi жыл – реттелген борыш сомасының 100 пайызы;
2-шi жыл – реттелген борыш сомасының 80 пайызы;
3-шi жыл – реттелген борыш сомасының 60 пайызы;
4-шi жыл – реттелген борыш сомасының 40 пайызы;
5-шi жыл – реттелген борыш сомасының 20 пайызы.
Сондай-ақ Еуропалық Қайта құру және Даму Банкiнен немесе Азия Даму Банкiнен не Халықаралық Қаржы Қауымдастығынан тартылған, егер шартта қарыз алушының бастамасы бойынша қарызды мерзiмiнен бұрын өтеу (толық немесе iшiнара) мүмкiндiгi көзделiп, уәкiлеттi органның қорытындысына сәйкес мұндай өтеу банктiң қаржылық жағдайының нашарлауына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарының бұзылуына әкеп соқпаған жағдайда, 3) тармақшаны қоспағанда осы тармақтың талаптарына сәйкес келетін банктiң қарызы екiншi деңгейдегi банктiң реттелген борышы болып табылады.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Активтер, шартты және ықтимал талаптар мен шетелдік валюталардың айырбастау бағамының (бағалы металдардың нарықтық құнының) өзгеруіне байланысты міндеттемелер № 296 қаулының талаптарына сәйкес қалыптастырылған провизияларды шегергендегі ашық валюталық позицияның есебіне кіргізіледі.»;
2-1, 3-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Секьюритилендіру кезінде меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициентін есептеу ерекшеліктері»;
«3. Тәуекелдің бiр қарыз алушыға келетін ең жоғарғы мөлшерi»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Банктiң меншiктi капиталына қатысты мiндеттемелерi бойынша оның бiр заемшыға келетін банк тәуекелiнiң мөлшерiне қатысы:
бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденуші еншілес ұйымдарды (k3.1) қоспағанда, банкпен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар қарыз алушылар үшiн – 0,10 аспауы тиіс. Банкпен айрықша қатынастармен байланысты қарыз алушылар бойынша тәуекелдердiң жиынтық сомасы банктiң меншiктi капиталының мөлшерiнен аспауы тиіс;
басқа қарыз алушылар үшiн (k3) – 0,25 (оның iшiнде бланктік қарыздар, қарыз алушы алдындағы не банктiң ағымдағы және содан кейiнгi екi ай iшiнде қарыз алушыға талаптары туындауы мүмкін үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы үшін қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттемелер бойынша, осы Нұсқаулықтың 35-1-тармағында көрсетілген тиісті қарыз алушылардың міндеттемелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәуелсiз рейтингiнiң бiр тармағынан төмен болмайтын Standard&Poor's агенттiгiнiң рейтингiсі немесе одан басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар Қазақстан Республикасының резиденттеріне және Standard&Poor's агенттiгiнiң «А» рейтингiнен төмен емес рейтингiсі немесе одан басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар резидент еместерге талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының оффшор аймақтарда тіркелген немесе азаматтары болып табылатын резидент еместерінің мiндеттемелерi бойынша 0,10 аспайды) аспайды.
Әрқайсысының мөлшері банктің меншікті капиталының 10 (он) пайызынан асатын банктің бір қарыз алушыға қатысты тәуекелдерінің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен бес еседен аса аспайды.
«Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен аспайды.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуші еншілес ұйымдарға берілген күмәнді және үмітсіз активтердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен үш еседен аса аспайды.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Егер банк қарыз алушысы жағдай туындаған сәтте банкпен айрықша қатынастармен байланысты тұлға болып табылмаса, бірақ кейіннен сондай болса, онда осындай қарыз алушыға қатысты тәуекел осы Нұсқаулықтың 35-тармағының екiншi абзацында белгіленген мөлшерден асып кеткен жағдайда, көрсетілген асып кету мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:
банк осы Нұсқаулықтың 34-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қарыз алушының қосымша қамтамасыз етудi ұсыну немесе норматив мөлшерiн сақтау үшiн қажеттi мөлшерге дейiнгi банк талаптарының бөлiгiн орындау жөнiндегi қабiлеттiлiгiн растай отырып және уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмдерде осы тәртiп бұзуды жою жөнiнде мiндеттемелер қабылдай отырып осындай асып кету туралы уәкiлеттi органға дереу хабарласа;
№ 296 қаулының талаптарына сәйкес қарыз алушының қаржылық жағдайы қанағаттанарлықтан төмен емес деп бағаланса тәртiп бұзу ретiнде қарастырылмайды.»;
4, 5, 6, 6-1-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтімділік коэффициенттері»;
«5. Ашық валюталық позиция лимиттерi»;
«6. Банктiң негiзгi құрал-жабдықтарға және басқа қаржылық емес активтерге инвестицияларының ең жоғарғы мөлшерiнiң коэффициентi»;
«6-1. Банктерді Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру»;
мынадай мазмұндағы 6-2-тараумен толықтырылсын:
«6-2. Банктер қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициент
53-6. Банктер меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге есепті айдың ішінде ішкі активтердің орташа айлық шамасының реттелген борыштың орташа айлық шамасының, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық шамасының, банктің шетел валютасында шығарған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамасының және ішкі міндеттемелердің орташа айлық шамасының сомасына қатынасы 1-ден кем болмайтындай етіп орналастырады. Коэффициент үтірден кейін үш таңбамен беріледі.
53-7. Банктің ішкі активтері Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптарды (ақша, орналастырылған салымдар, берілген қарыздар, борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резиденттері-заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды, материалдық емес активтерден және тазартылған бағалы металдардан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан (аумағындағы) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті білдіреді.
Банктің ішкі міндеттемелері Қазақстан Республикасы резиденттерінің алдындағы реттелген борышты қоспағанда, Қазақстан Республикасы резиденттерінің алдындағы міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі мерзімсіз қаржы құралдарын, банк шығарған, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі борыштық бағалы қағаздарды және кастодиандық шарт негізінде банк қабылдаған инвестицияланбаған қаражат қалдығын білдіреді.
53-8. Ішкі активтердің, банктің ішкі міндеттемелерінің, реттелмеген борышының, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің, реттелген борышының, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың мерзімі өткен берешекті, есептелген сыйақыны, дисконттарды, сыйлықақыларды, тиісті есепті айдағы жұмыс күнінің санына оң (теріс) түзетулерді есептегендегі жалпы сомасының қатынасы ретінде есептеледі.
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап ішкі активтердің орташа айлық шамалары сонымен қатар № 296 қаулының талаптарына сәйкес қалыптастырылған провизиялар (резервтер) ескеріле отырып есептеледі.»;
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қорытынды ережелер».
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 27 наурыздағы № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5670 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) ислам банктері (бұдан әрі – банктер) үшін пруденциалдық нормативтерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілейді.
Пруденциалдық нормативтердің құрамына мыналар кіреді:
банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері;
меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті;
бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері;
өтімділік коэффициенті;
ашық валюталық позиция лимиттері;
банктің негізгі қаражатқа және басқа қаржылық емес активтерге инвестицияларының ең жоғарғы мөлшерінің коэффициенті;
банктерді Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру;
банк қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру коэффициенті.»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы» 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 140 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5339 тіркелген) белгiленген.
2. Банк акционерлерден меншiктi акцияларды, сатып алудың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген кез келген пруденциалдық нормативтер мен басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi бұзуына алып келмеуi шартымен сатып алады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк коэффициентi»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Меншiктi капитал бiрiншi деңгейдегi және екiншi деңгейдегi капитал сомасы (екiншi деңгейдегi капитал бiрiншi деңгейдегi капиталдан аспайтын мөлшермен енгiзiледi) сомасы ретiнде есептеледi.
Банк инвестициясы банктiң заңды тұлғалардың акциясына (жарғылық капиталдағы қатысу үлесiне) салымын, банктiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына және (немесе) әрiптестiк талабымен қатысу арқылы өндiрiстiк және сауда қызметiн қаржыландыру арқылы банк сатып алған акцияларды немесе жарғылық капиталға қатысу үлесiн қоспағандағы, заңды тұлға акциясына салымын (жарғылық капиталдағы қатысу үлесiн) бiлдiредi.
Нұсқаулықтың мақсаты үшiн «Standard & Poor's» агенттiгiнiң рейтингтiк бағасымен қатар қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган сондай-ақ Moody's Investors Service және Fitch агенттiктерiнiң (бұдан әрi – басқа рейтингтiк агенттiктер) рейтингілiк бағаларын таниды.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Шетел валюталарының (бағалы металдардың нарықтық құны) айырбас бағамының өзгеруiне байланысты активтер, шартты және ықтимал талаптар мен мiндеттемелер ашық валюталық позиция есебiне «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) (бұдан әрi – № 296 қаулысы) талаптарына сәйкес құрылған провизиялар шегеріле отырып енгiзiледi.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бiр қарыз алушыға арналған ең жоғары тәуекел мөлшерi;
34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Банктiң қарыз алушыға қойылатын талаптардың жалпы көлемi олар пайда болған күнi Нұсқаулықта белгiленген шектеулер шегiнде болған, бiрақ салдарынан соңғы үш ай iшiнде банктiң меншiктi капиталының деңгейi бес пайыздан аспайтындай төмендеуiне байланысты аталған шектеулерден асып кеткен жағдайда не соңғы үш ай iшiнде қарыз алушыға қойылатын талаптар он пайыз деп көрсетiлген теңгенiң шетел валютасымен орташа алынған биржалық бағамының ұлғаюынан банктiң қарыз алушыға қоятын талаптарының өсуiне байланысты бiр қарыз алушыға арналған тәуекел нормативiнiң ең жоғары мөлшерi орындалды деп есептеледi.
Көрсетілген жағдайларда банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетін (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) дереу хабардар етедi және ағымдағы және одан кейiнгi айларда асып кетудi жою жөнiнде мiндеттемелер қабылдайды. Егер осы асып кету көрсетілген мерзiмде жойылмаса, бiр қарыз алушыға арналған ең жоғары тәуекел мөлшерi нормативiнiң асып кетуі аталған асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтiң бұзылуы ретінде қарастырылады.
35. Егер банктің қарыз алушысы банк алдындағы мiндеттемелер туындаған сәтте банкпен айрықша қатынасы бар тұлға болып табылмаса, бірақ салдарынан сондай тұлға болып табылса, онда осы қарыз алушыға арналған тәуекелдің Нұсқаулықтың 33-тармағының екiншi абзацында белгiленген мөлшері асып кеткен жағдайда көрсетілген асып кету мынадай талаптарға сәйкес келу шартымен:
банк қарыз алушының қосымша қамтамасыз етудi ұсыну немесе банк талаптарының бір бөлігін норматив мөлшерiн сақтау үшiн қажеттi мөлшерге дейiн орындау мүмкіндігін растай және осы бұзушылықты қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген мерзімде жою жөнiнде мiндеттемелер қабылдай отырып, осы асып кету туралы уәкiлеттi органды дереу хабарландырған;
№ 296 қаулының талаптарына сәйкес қарыз алушының қаржылық жағдайы қанағаттанарлықтан төмен бағаланбаған жағдайда тәртiп бұзу ретiнде қарастырылмайды.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтiмдiлiк коэффициенттерi»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Өтiмдi активтер есебiне жоғары өтiмдi активтердi қоса алғанда, барлық қаржылық активтер № 296 қаулыға сәйкес арнайы қалыптасқан провизиялар, оффшорлық аймақтар аумағында тiркелген заңды тұлға немесе оның азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөнiндегi ұйым ақпарат алмасу жөнiнде мiндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тiзбесiне енгiзген мемлекеттердiң аумағында тiркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерiне немесе аталған оффшорлық аумақтарда тiркелген заңды тұлғаларға қатысты еншiлес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптар шегеріле отырып енгiзiледi. Қарыздар қарыз шартына сәйкес өтеу кестесi бойынша енгiзiледi.
Нұсқаулықтың 41-тармағының 3), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген, жоғары өтiмдi активтер есебiне енгiзiлмейтiн бағалы қағаздар осы бағалы қағаздардың мiндеттемелердiң мөлшерiн есептеуге енгiзiлетiн мiндеттемелердi қамтамасыз етуi болып табылуы шартымен өтiмдi активтер есебiне кiредi.
Осы бағалы қағаздарды өтiмдi активтердiң есебiне енгiзгенде, өтегенге дейiнгi мерзiмде бағалы қағаздар бойынша қалған мерзiм ретiнде қамтамасыз етуi осы бағалы қағаздар болып табылатын мiндеттемелердi өтеуге дейiнгi мерзiм алынады.»;
5, 6 және 7-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ашық валюталық позиция лимиттерi»;
«6. Банктiң негiзгi құрал-жабдықтарға және басқа қаржылық емес активтерге инвестицияларының ең жоғары мөлшерiнiң коэффициентi»;
«7. Банктердiң Қазақстан Республикасының резидент еместерi алдындағы мiндеттемелерге капиталдандыруы»;
мынадай мазмұндағы 8-тараумен толықтырылсын:
«8. Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициент
55. Банктер меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге есепті айдың ішінде ішкі активтердің орташа айлық шамасының реттелген борыштың орташа айлық шамасының, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық шамасының, банктің шетел валютасында шығарған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамасының және ішкі міндеттемелердің орташа айлық шамасының сомасына қатынасы 1-ден кем болмайтындай етіп орналастырады. Коэффициент үтірден кейін үш таңбамен беріледі.
56. Банктің ішкі активтері Қазақстан Республикасының резиденттерiне талаптарды (салымдарға орналастырылған ақша, берілген қарыздар, борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резиденттерi заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды, материалдық емес активтерді және тазартылған бағалы металдарды, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан (тұрған) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті білдіреді.
Банктің ішкі міндеттемелері Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы реттелген борышты қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының резиденттерiндегі мерзімсіз қаржы құралдарын, банк шығарған, Қазақстан Республикасының резиденттерiндегі борыштық бағалы қағаздарды және кастодиандық шарт негізінде банк қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтарын білдіреді.
57. Банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің, реттелген борышының, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары, реттелген борышының, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың жалпы сомасының, мерзімі өткен берешек, есептелген сыйақы, дисконттар, сыйақылар, оң (теріс) түзетулер ескеріле отырып, банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің тиісті есепті айдың жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
Ішкі активтердің орташа айлық шамалары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап № 296 қаулыға сәйкес қалыптасқан провизиялар (резервтер) ескеріле отырып есептеледі.»;
2-қосымша осы Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-қосымшасына сәйкес жазылсын.
4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне
екінші деңгейдегі банктердің қызметін
реттеу мәселелері бойынша енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулардың
1-қосымшасы
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне
екінші деңгейдегі банктердің қызметін
реттеу мәселелері бойынша енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулардың
2-қосымшасы
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне
екінші деңгейдегі банктердің қызметін
реттеу мәселелері бойынша енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулардың
3-қосымшасы
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне
екінші деңгейдегі банктердің қызметін
реттеу мәселелері бойынша енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулардың
4-қосымшасы
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне
екінші деңгейдегі банктердің қызметін
реттеу мәселелері бойынша енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулардың
5-қосымшасы
Ислам банктеріне арналған пруденциалдық
нормативтер, олардың нормативтік мәндері
және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулыққа
2-қосымша
Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген
шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесі
№ |
Баптардың атауы |
Конверсия коэффициенті пайызбен |
I топ |
||
1 |
Міндеттемелері толығымен: Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, Standard & Poor's агенттігінің «АА-» және одан жоғары деңгейіндегі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық банктері мен орталық үкіметтерінің қарсы кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); банктің басқаруына берілген ақшамен немесе тазартылған бағалы металдармен; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, Standard & Poor's агенттігінің «АА-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен қамтамасыз етілген банк кепілдіктері мен кепілдемелері |
0 |
2 |
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздарды немесе Standard & Poor's агенттігінің «АА-» және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттерінің орталық үкіметтері және орталық банктері шығарған бағалы қағаздарды, осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көзделген басқа жоғары өтімді бағалы қағаздарды сатып алу не сату бойынша шартты (ықтимал) міндеттемелер |
0 |
3 |
Банктің қаржы міндеттемелерінсіз; міндеттемелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, Standard & Poor's агенттігінің «АА-» және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттерінің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, Standard & Poor's агенттігінің «АА-» және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттерінің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен; банкке берілген ақшамен немесе тазартылған бағалы металдармен қамтамасыз етілген банк аккредитивтері |
0 |
4 |
Келешекте банктің талабы бойынша кез келген сәтте жойылуға жататын қарыздар мен салымдарды орналастыру бойынша ықтимал (шартты) міндеттемелер |
0 |
5 |
Банктің еншілес ұйымдары арқылы сыртқы қарыздар тартылған және банк міндеттемелерін орналастырған кезде олардың пайдасына берілген банктің кепілдіктері (кепілдемелері) |
0 |
6 |
Банк берілген қарыздың қамтамасыз етуіне қабылдаған кепілдіктер |
0 |
II топ |
||
7 |
Банктің келешекте өтеу мерзімі 1 жылдан кем қарыздар мен міндеттемелерді орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) міндеттемелер |
20 |
8 |
Міндеттемелері толығымен: Standard & Poor's агенттігінің «А-»-тен «АА-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің қарсы кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); Standard & Poor's агенттігінің «А-»-тен «АА-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен қамтамасыз етілген банк кепілдіктері мен кепілдемелері |
20 |
9 |
Міндеттемелері Standard & Poor's агенттігінің «А-»-тен «АА-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттерінің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); Standard & Poor's агенттігінің «АА-» және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар банктердің кепілдіктерімен (кепілдемелерімен), Standard & Poor's агенттігінің «А-»-тен «АА-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттерінің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен, Standard & Poor's агенттігінің «АА-» және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар банктердің бағалы қағаздарымен қамтамасыз етілген банк аккредитивтері |
20 |
III топ |
||
10 |
Банктің келешекте 1 жылдан астам өтеу мерзімі бар қарыздар мен міндеттемелерді орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) міндеттемелер |
50 |
11 |
Міндеттемелері толығымен: Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен «А-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің қарсы кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); Standard & Poor's агенттігінің «А-»-тен «АА-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар банктердің кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); Standard & Poor`s агенттігінің «АА-» және одан жоғары деңгейдегі рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар заңды тұлғалардың кепілдіктерімен (кепілдемелерімен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерімен; Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен «А-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен; Standard & Poor's агенттігінің |
50 |
12 |
Міндеттемелері толығымен: Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен «А-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің қарсы кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); Standard & Poor's агенттігінің «А-»-тен «АА-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар банктердің кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); Standard & Poor`s агенттігінің «АА-» және одан жоғары деңгейдегі рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар заңды тұлғалардың кепілдіктерімен (кепілдемелерімен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерімен; Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен «А-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен; Standard & Poor's агенттігінің |
50 |
IV топ |
||
13 |
Банкке қаржы құралдарын сату туралы және банктің оларды кері сатып алу міндеттемесі туралы келісім |
100 |
14 |
Банктің өзге де кепілдіктері (кепілдемелері) |
100 |
15 |
Банктің өзге де аккредитивтері |
100 |
16 |
Банктің өзге де шартты (ықтимал) міндеттемелері |
100 |
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша банктің шартты және ықтимал міндеттемелерін есебіне түсіндірме
Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес нарықтық тәуекелі ескерілген активтердің және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне қосылған шартты және ықтимал міндеттемелері валюталардың айырбастау бағамдарының және бағалы металдары бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне қосылған шартты және ықтимал міндеттемелерін қоспағанда, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне қосылмайды.
Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне
екінші деңгейдегі банктердің қызметін
реттеу мәселелері бойынша енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулардың
6-қосымшасы
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне
екінші деңгейдегі банктердің қызметін
реттеу мәселелері бойынша енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулардың
7-қосымшасы
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне
екінші деңгейдегі банктердің қызметін
реттеу мәселелері бойынша енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулардың
8-қосымшасы
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне
екінші деңгейдегі банктердің қызметін
реттеу мәселелері бойынша енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулардың
9-қосымшасы
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 28 сәуірдегі
№ 172 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1189 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2000 жылғы 9 қазандағы № 377 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1302 тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1189 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 25 қазандағы № 302 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3221 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылы № 9-13, 43-құжат жарияланған).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 395 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3408 тіркелген).
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3868 тіркелген) қосымшаның 1-тармағы.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5150 тіркелген).
7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 30 маусымдағы № 91 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5296 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2008 жылғы 15 қазанда № 10 жарияланған).
8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 251 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5535 тіркелген).
9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 170 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5765 тіркелген).
10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6554 тіркелген) қосымшаның 1-тармағы.
11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 22 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6866 тіркелген).