Шетелдіктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 16-03/213 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 мамырда № 7679 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 18-03/462 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.09.17 № 18-03/462 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 51-32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Шетелдіктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасу қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2013 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                            Е. Аман

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2012 жылғы 26 сәуірдегі    
№ 16-03/213 бұйрығымен    
бекітілген            

Шетелдіктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды
ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шетелдіктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 51-32) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағида шетелдіктермен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасу тәртібін айқындайды.

2. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған
шартты жасасу тәртібі

      3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасуды Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастығының құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) (бұдан әрі – Қауымдастық) жүзеге асырады.
      4. Қауымдастық шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысанда, мыналар:
      1) жануарлар дүниесін алуға квота;
      2) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат болған жағдайда жасасады.
      5. Қазақстан Республикасы территориясында әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін шетел азаматы әуесқойлық (спорттық) балық аулаудың басталуына дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей Қауымдастыққа туристік ваучерді көрсете отырып әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға шарт жасасу туралы өтініш жолдайды.
      6. Қауымдастық:
      1) 7 күнтізбелік күн ішінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарт жасасу туралы өтінішті қарастырып, шетел азаматымен осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарт жасасады, не жазбаша түрде бас тартылатыны туралы дәлелді жауап беріледі;
      2) есептік кезеңнен кейінгі 20 қаңтардан кешіктірмей жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органға осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысанда шетел азаматтарымен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған жасалған шарттардың саны туралы ақпаратты жолдайды.
      7. Шетел азаматымен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарт жасасудан бас тартудың негіздері мыналар болып табылады:
      1) өтініште көрсетілген мәліметтерді толық емес көлемде ұсыну;
      2) өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыс еместігі.

Шетелдіктермен      
әуесқойлық (спорттық)  
балық аулауды ұйымдастыруға
арналған шарттарды жасасу
қағидасына 1-қосымша  

Шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды
ұйымдастыру туралы
ТИПТІК КЕЛІСІМ-ШАРТ

қ. ______________                               «__»_________ 20__ж.

_______________________________________________________________
(Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық
бірлестіктері құрылымдық бөлімшелерін
____________________________________________________________________,
(филиалдары мен өкілдіктерін)

әрі қарай «Қауымдастық» деп аталатын, ______________________________,
                                            (жетекшінің А.Ә.Т.)

атынан__________ негізінде әрекет ететін, __________________________,
бір тараптан, және__________________________________________________,
                             (шетелдік азаматтың А.Ә.Т.)

бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын екінші тараптан, бұдан әрі
«Жақтар» деп аталатын, төмендегілер туралы шарт жасасты.

1. Шарттың мәнi

      1. Осы келісім-шарттың мәні ___________________________________
                   (балық шаруашылығы су тоғанның және (немесе) учаскесінің атауы)

балық шаруашылығы су тоғаны және (немесе) учаскесінің аумағында Тапсырыс беруші қатысуымен Қауымдастықтың әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыру болып табылады.

2. Келісім-шарттың орындалу шарттары

      2.1. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру мақсатымен Қауымдастық шетелдік азаматы жүгінген жағдайда,
Қауымдастықтың уәкілетті тұлғасы ___________________________________,
                                 (балық шаруашылығы су тоғанның және
                                      (немесе) учаскесінің атауы)

балық шаруашылығы су тоғаны және (немесе) учаскесі шегінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдаманы рәсімдейді.
      2.2. Жолдама рәсімдеу кезінде Қауымдастықтың уәкілетті тұлғасы Тапсырыс берушіге Балық аулау ережесі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды, балық шаруашылығы тоғаны және (немесе) учаскесінің шекараларын және осы балық шаруашылығы су тоғанында және (немесе) учаскесінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу үшін қажетті мәліметті түсіндіруді жүзеге асырады.
      2.3. Қауымдастық, техникалық мүмкіншілік бар жағдайда Тапсырыс берушіге қосымша төлеудің артынан, басқа қызметтерді көрсете алады.
      2.4. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауға төлем ақысының көлемі шарттасқан болып табылады.

3. Жақтардың құқықтары мен міндеттері

      3.1. Тапсырыс беруші спорттық және әуесқойлық балық аулауды жүзеге асырғанда өзінде жолдама, төлқұжат немесе тұлғаны куәландыратын өзге де құжат болу міндетті.

4. Жақтардың жауапкершілігі

      4.1. Келісім-шартты орындалмаған немесе тиістісіз орындаған жағдайда жақтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      4.2. Тапсырыс беруші жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың қолданыстағы нормаларын бұзу жағдайында Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      4.3. Осы келісім-шартымен барлық жағдайларда жақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

5. Келісім-шарт мерзімі

      5.1. Келісім шарт Тапсырыс беруші осы келісім-шарттың талаптарымен таныстырылған туралы жолдаманың тиісті бағанында қол қойған күнінен күшіне енеді.
      5.2. Келісім-шарт жолдама қолданысы кезеңі мерзіміне жасалады.

«Қауымдастық»                        «Тапсырыс беруші»

________________________________     ________________________________
                                       (шетелдік азаматтың А.Ә.Т.)

--------------------------------     --------------------------------
     (мекен-жайы тел. нөмірі)
________________________________     ________________________________
    (банктың реквизиттері)           ________________________________
                                          (банктың реквизиттері)
________________________________
      (лауазым, А.Ә.Т.)      

__________________                   ___________________________
   (қолы, мөр)                       (қолы, мөр болған жағдайда)

      М.О.

Шетелдіктермен      
әуесқойлық (спорттық)  
балық аулауды ұйымдастыруға
арналған шарттарды жасасу
қағидасына 2-қосымша  

Нысан

Шетел азаматтарымен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды
ұйымдастыруға арналған жасалған шарттардың саны туралы ақпарат

Жолдаманың, шарттың нөмірі

Шарт тараптары

Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері (атауы, аймақ, кімге бекітіліп берілген)

Ауланатын балық түрлері

Саны, кг (дана)

Жолдамаға сәйкес

нақты

1.







2.







3.







4.







5.







...


Барлығы






Ассоциацияның басшысы_____________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Жеке қолы_________________________________________________________

Тапсырған күні: «____»_______________________________201__жыл

М.О.
_____________________________________________________________________
(ақпарат қабылдаушының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)