Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 110-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 16 мамырда № 7664 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі бекітілсін.
      2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қолданыстағы оң қорытындысы бар жол берілетін шекті шығарындылар, төгінділер нормативтерінің жобалары және қалдықтардың орналасуы жобалары қорытындысының күші жойылғанға дейін жарамды.
      3. «Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 158 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4726 тіркелген, «Заң газеті» 2007 ж. 10 тамыз № 122 (1151), «Ресми газет» 2007 ж. 13 қазан № 41 (354) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Н. Қаппаров

Қазақстан Республикасы 
Қоршаған ортаны қорғау 
министрінің       
2012 жылғы 16 сәуірдегі  
№ 110-ө бұйрығына   
қосымша        

Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау
әдістемесі

      1. Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына және 28-бабының 4-тармақшасына сәйкес әзірленген және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындаудың есептеу әдістеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
      2. Есептеу жолымен әртүрлі орталарға эмиссиялар нормативтері, соның ішінде атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттардың шекті жол берілген шығарындыларының, су объектілеріне, жергілікті жер бедеріне, сүзгілеу алаңдарына, сарқынды сулар жинақтауыштарына ластаушы заттардың төгінділерінің нормативтері, өндіріс және тұтыныс қалдықтарын орналастыру нормативтері, жол берілетін физикалық әсерлердің нормативтері айқындалады.

1. Атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттар
шығарындыларының нормативтерін есептеу

      3. Атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттар шығарындыларының нормативтері (шекті жол берілген шығарынды - ШЖБШ) өнеркәсіп кәсіпорындарының даму болашағын және атмосферада зиянды заттардың сейілуін ескере отырып, осы көзден және қаланың немесе басқа елді мекеннің көздерінің жиынтығынан жер бетіндегі шоғырлану елді мекендердің шекті жол берілген шоғырлануларынан аспайтындай етіп әрбір нақты атмосфераны ластау көзі үшін анықталады. Жалпы кәсіпорын үшін шығарындылар нормативтері осы кәсіпорынның қолданыстағы, жобаланатын және реконструкцияланатын ластаушы көздері үшін шығарындылар нормативтері мәндерінің жиынтығы бойынша белгіленеді.
      Ықтимал болатын авариялық жағдайлар кезіндегі ластаушы заттар шығарындыларының нормативтері белгіленбейді.
      Жаппай ластаушы көздерінің шығарындылары нормалауға жатады.
      4. Шығарындылар көздерінің тізбесі және олардың сипаттамалары жобаланатын объектілер үшін - жобалау ақпаратының негізінде, қолданыстағы объектілер үшін - атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шекті жол берілген шығарындылары нормативтерінің жобасын әзірлеудің бірінші кезеңі болып табылатын, атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының және олардың көздерінің түгендеуі негізінде айқындалады.
      Атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттардың, физикалық әсерлердің шекті жол берілген шығарындыларына Түгендеуді жүргізу бойынша методология осы Әдістеменің 1-қосымшасында көрсетілген.
      5. Жүргізілген шығарындыларды түгендеу нәтижелері бойынша осы Әдістеменің 2-қосымшасындағы ңысанға сәйкес атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының және олардың көздерінің түгендеу бланкілері толтырылады.
      6. Көздерден шығарындылар нормативтері уақыт бірлігінде (секундына) шығарылатын ластаушы заттың массасы (граммен) ретінде айқындалады. Ең жоғары бір реттік ШЖБШ-мен (г/сек) қатар жедел мақсаттарда шығарындылардың төмендеуін және газ-ауа қоспасымен әкетілетін зиянды заттарды мүмкін болатын кәдеге жаратуды жобалық бағалауларды орындау үшін әрбір көз және жалпы кәсіпорын үшін ШЖБШ-ның жылдық мәндері (тонна жылына - т/жыл) белгіленеді.
      7. Атмосфераға шығарындылар нормативтері объектінің санитарлық-қорғаныш аймағының шекарасында, сондай-ақ жақын тұрғын үй аймағының аумағында атмосфералық ауаның жерге жақын қабатындағы ластаушы заттардың ең жоғары бір реттік шоғырлануы аялық шоғырлануларды ескере отырып, елді мекендердің атмосфералық ауасы үшін тиісті гигиеналық нормативтерден аспайтындай етіп белгіленуі тиіс.
      8. Курорттарды санитариялық қорғау аймақтары, ірі санаторийлер мен демалыс үйлерінің орналасу орындары, қалалардың демалыс аймақтары үшін, сондай-ақ, атмосфералық ауаны қорғауға жоғары талаптар қойылатын басқа да аумақтар үшін әлеуетті қауіпті химиялық заттардың шекті жол берілген ең жоғарғы бір реттік шоғырланулары (бұдан әрі - ШЖБШуе.б.) 0,8 ШЖБШуе.б.-ға ауыстырылады.
      9. Ластаушы заттардың атмосферадағы таралу есебі атмосфералық ауаға әсерді бағалау мақсатында алаңда тұрақты (стационарлы) жұмыс істейтін жылжымалы көздердің іштен жану қозғалтқыштарынан ластаушы заттардың ең жоғарғы бір реттік шығарындыларын ескере отырып жүргізіледі.
      Егер нысаналы көрсеткіштер белгіленсе, онда нормалау осы нысаналы көрсеткіштерге сәйкес орындалады.
      Көз бойынша атмосфераға жыл ішіндегі соммалық шығарынды, егер мұндай белгіленсе, шығарындылардың квотасынан аспауы тиіс.
      10. Объектінің санитарлық-қорғаныш аймағы (бұдан әрі - СҚА) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларға сәйкес белгіленеді.
      11. Елді мекендердің атмосфералық ауасы үшін гигиеналық нормативтер ретінде атмосфераға шығарындыларды нормалау мақсатында: әлеуетті-қауіпті химиялық заттардың шекті жол берілген ең жоғарғы бір реттік шоғырлануының мәндері немесе, ШЖБШуе.б. болмаған жағдайда - әлеуетті-қауіпті химиялық заттардың бағдарлы қауіпсіз әсерлер деңгейлері (бұдан әрі - БҚӘД) нормативтерінің мәндері қабылданады; егер зат үшін тек шекті жол берілген орташа тәуліктік шоғырлануы (ШЖБШу0.Т.) болса, онда ол үшін 0,1 С<ШЖБШу0.Т. қатынасы қолданылады.

2. Ластаушы заттар төгінділерінің нормативтерін есептеу

      12. Жер үсті су объектілеріне, жергілікті жер бедеріне, сүзгілеу алаңдарына және сарқынды сулар жинақтауыштарына сарқынды сулармен ластаушы заттардың шекті жол берілген төгінділерінің (бұдан әрі - ШЖБТ) нормативтері сарқынды сулардың әрбір шығарылуы үшін есептеледі. Жалпы кәсіпорын үшін ШЖБТ нормативтері осы кәсіпорынның қолданыстағы, жобаланатын және реконструкцияланатын жеке ластаушы көздері үшін ШЖБТ мәндерінің жиынтығы бойынша белгіленуі тиіс.
      13. Қалалық кәріз желілеріне бұрылатын өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулар үшін ШЖБТ нормативтері белгіленбейді.
      14. Тек жылулық ластануы бар нормативтік (шартты) таза сарқынды суларды су объектілеріне төгу кезінде ластаушы заттардың ШЖБТ нормативтері белгіленбейді.
      Бұл ретте төгілетін сулар құрамының су объектісінің су бұру ауданындағы (бір су объектісінде суды пайдалану шартымен) су құрамына сәйкестігі бөлігінде бақылау жүргізу қажет.
      Нормативтік (шартты) таза сарқынды сулар дегеніміз қосалқы операциялар мен процестерде технологиялық аппаратура мен қуаттық агрегаттарды салқындатқаннан түзілетін, ластанбаған, бірақ жоғары температурасы бар сулар.
      15. Төгулер тізбесі және олардың сипаттамалары жобаланатын объектілер үшін - жобалық ақпарат негізінде, қолданыстағы объектілер үшін - төгулерді түгендеу негізінде айқындалады, ол сынамалар алуды жүргізумен және талдамалық зерттеулермен ілесіп жүруі тиіс.
      16. Жүргізілген түгендеу нәтижелері жобалық құжаттаманың құрамында осы Әдістеменің 3-қосымшасындағы нұсқа бойынша ұсынылады.
      17. ШЖБТ шамалары су пайдаланушылардың барлық санаттары үшін ең жоғары сарқынды сулардың бір сағаттағы ең жоғары шығынының q (м3/сағ) төгуге жол берілген ластаушы заттардың шоғырлануына (СШЖБТ, г/м3) туындысы ретінде анықталады. Сарқынды сулар төгінділерінің шарттарын есептеу кезінде бастапқысында бақылау қақпасында судың нормативтік сапасын қамтамасыз ететін СШЖБТ мәні айқындалады, содан кейін ШЖБТ (г/сағ) формулаға сәйкес айқындалады:

ШЖБТ = q х СШЖБТ                                  (1)

      мұнда q - сарқынды сулардың бір сағаттағы ең жоғары шығыны, м3/сағ;
      СШЖБТ - төгуге жол берілген ластаушы заттың шоғырлануы, г/м3.
      18. Егер жұмыс істейтін кәсіпорынның іс жүзіндегі төгінділері есептік ШЖБТ-дан кем болса, онда ШЖБТ ретінде іс жүзіндегі төгінділер қабылданады.
      19. Жобаланатын және салынып жатқан кәсіпорындардың ШЖБТ шамалары жобалық құжаттаманың құрамында айкындалады.
      20. Су объектілеріне төгінділер нормативтері жол берілген төгінділердің есептік мәндері болып табылады. Бұл бақылау қақпасында су сапасы нормаларын қамтамасыз ету мақсатында уақыт бірлігінде су объектісінің аталмыш пунктінде белгіленген тәртіппен төгуге ең жоғарғы жол берілетін, сарқынды сулардағы заттардың массасы деген түсінік.
      21. Төгінділер нормативтері бақылау қақпасындағы ластаушы заттардың шоғырланулары су объектілерінің осы түрі үшін шекті жол берілген шоғырланулардың немесе, егер олар белгіленсе, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің талаптарына сәйкес болатындай, ал, егер олар белгіленсе, заттың жыл ішіндегі соммалы төгіндісі төгінділерге квотадан астайтындай етіп белгіленуі тиіс. Су объектісін немесе оның учаскесін халықтың әртүрлі мұқтаждығына бір уақытта пайдаланылған жағдайда жер үсті суларының құрамы мен қасиеттеріне белгіленген нормалардың ішіндегі ең қатаңдары қойылады.
      22. Бақылау қақпасы табиғи суларды ластау көзінен (сарқынды суларды төгу, пайдалы қазбаларды өндіру орындары, су объектісінде жұмыстар жүргізу және т.б.) 500 метр қашықтықта орнатылады.
      23. Су объектілеріне төгінділерді нормалау мақсатында шекті жол берілген шоғырланулар ретінде су пайдалану түріне сәйкес келетін шоғырланулар қабылданады.
      Су объектісін немесе оның учаскесін әртүрлі мақсаттарға бір уақытта пайдаланған жағдайда судың құрамы мен қасиеттеріне белгіленген нормалардың ішіндегі ең қатаңдары қойлады.
      24. Егер су объектісінің аялық ластануы қандайда бір көрсеткіштер бойынша бақылау қақпасында судың нормативтік сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермесе, онда осы көрсеткіштер бойынша ШЖБТ су объектілері суының құрамы мен қасиеттеріне қойылатын нормативтік талаптарды сарқынды сулардың өзіне жатқызуды негізге ала отырып белгіленеді.
      25. Егер су объектісінің аялық ластануы табиғи себептермен байланысты болса, онда ШЖБТ бақылау пунктінде қалыптасқан судың аялық сапасын сақтау шартын негізге ала отырып белгіленеді.
      26. Табиғи, қалыпты аяға (алюминий, мыс иондары, селен, теллур, фтор және басқалар) өсімдер нормаланатын заттар үшін ШЖБТ осы табиғи, қалыпты аяларға жол берілген өсімдерді ескере отырып белгіленуі тиіс.
      27. Табиғи сулардың минералдануы жоғары аудандарда орналасқан кәсіпорындар үшін ШЖБТ есептеу кезінде 1500 г/м3 шамасын жер үсті суларының шекті минералдану деңгейі ретінде қабылдауға жол беріледі. Теңіз сулары үшін минералдану бойынша ШЖБТ белгіленбейді.
      28. Судың аялық құрамы бойынша деректерді су пайдаланушылар «Қаз-гидромет» РМК-ның жергілікті органдарынан сұратады.
      29. Жергілікті жер бедеріне немесе сүзгілеу алаңдарына сарқынды сулармен бұрылатын заттардың ШЖБТ есептеулері кезінде осы заттың шекті жол берілетін шоғырлануы (СШЖБТ) сүзілген сулардың жер асты суларының ағынында араласуды (n) ескере отырып сулы қат-қабатта ластаушы заттың аялық шоғырлануын (Са) аспайтындай етіп алынады.

СШЖБТ = n х Са                       (2)

      мұнда n - сүзілген сулардың жер асты суларымен араласу еселілігі;
      Са - ластаушы заттың сулы қат-қабаттағы аялық шоғырлануы.
      Жайылу күмбезінің сыртында орналасқан бақылау ұңғымалары бойынша анықталады.
      Жайылу күмбезінің радиусы мына формула бойынша анықталады:

 (3)

      мұнда R - жайылу күмбезінің радиусы, м;
      К - сүзілу коэффициент, м/тәу;
      Н - топырақ суларының сүзгілеу алаңдарының түбінен орналасудың алғашқы тереңдігі, м;
      h - сүзгілеу алаңдарындағы судың тереңдігі, м;
      m - сулы қат-қабаттың қалыңдығы, м;
      Р - сүзгілеу алаңының периметрі, м;
      G - сүзгілеу алаңдарына түсетін сарқынды сулардың шығыны, м3/тәу.
      30. Жинақтауыштарға сарқынды суларды төгу кезіндегі ластаушы заттардың жол берілетін шоғырлануларының есебі мына формула бойынша жүргізіледі:

СШЖБТ = Са + (СШЖБШ – Са) х Ка         (4)

      мұнда СШЖБТ - жинақтауышта (бақылау қақпасында) судың нормативтік сапасын қамтамасыз ететін, сарқынды сулардағы ластаушы заттың есеппен анықталған шоғырлануы, мг/л;
      Са - ластаушы заттың жинақтауыштағы (бақылау қақпасындағы) аялық шоғырлануы, мг/л;
      СШЖБШ - ластаушы заттың сарқынды суларының ақырғы суқабылдағышының суындағы шекті жол берілген шоғырлануы, мг/л;
      Ка - жинақтауыштың ассимиляциялық, булану, сүзгілеу қасиеттерін жиынтықты ескеретін коэффициент.

      Ка коэффициенті мына формула бойынша анықталады:

      (5)

      мұнда qж -ішкі су айдыны үдерістеріне қатысатын, жинақтауыш суының үлесті көлемі, м3/жыл;
      qб- жинақтауыштың бетінен буланатын судың үлесті көлемі, м3/жыл;
      qc - жинақтауыштан сүзілетін сарқынды сулардың көлемі, м3 /жыл;
      qп - пайдаланылатын судың көлемі (егер мұндай көлемдер болса), м3/жыл;
      qcap - жинақтауышқа бұрылатын сарқынды сулардың шығыны, м3 /жыл.
      qж,qб және qc мәндері мына формулалар бойынша табылады:

qн = Q/tп         (6)

qи = Qб/tп         (7)

      (8)

      мұнда Q - ШЖБТ есептеу кезіндегі СС жинақтауышының нақты көлемі, м3:
      tп - жинақтауышты нақты пайдалану уақыты, жылдар;
      Qб - жинақтауыштың буландыру қабілеті, м3;
      k - жинақтауыш арнасының сүзгілеу коэффициент, м/тәу;
      m - сулы қат-қабаттың қалыңдығы, м;
      Н - жинақтауыштағы сарқынды сулар бағанасының биіктігі, м;
      R - жинақтауыш ортасынан сулы қат-қабат қалыңдығының қоректену нобайына дейінгі қашықтық, м;
      Rk - жинақтауыштың радиусы, м;
      365 - бір жылдағы тәуліктің саны (тәуліктерді жылға аудару).
      31. Жинақтауыш сарқындарының бір бөлігін өзендерге немесе суаруға бүрған жағдайда СШЖБШ ретінде сәйкесінше балық шаруашылығы су пайдаланудың шекті жол берілген шоғырланулары (ШЖБШбал) және суару суы сапасының нормалары (ШЖБШсуғару) алынады.
      32. Егер сарқынды сулардың ақырғы су қабылдағышы ретінде жабық типті жинақтауыш болған жағдайда, яғни суаруға арналған ашық су алу болмағанда немесе жинақтауыш сарқындарының бір бөлігінің төгінділері өзендерге немесе басқа табиғат объектілеріне жүзеге асырылмағанда, жол берілетін шоғырланудың есебі мына формула бойынша жүргізіледі:

СШЖБТ = Снақты          (9)

      мұнда Снақты  - тазарту құрылғыларынан кейінгі ластаушы заттардың нақты төгіндісі, мг/л.
      Жинақтауыш мұндай жағдайда сарқынды сулардың жинақтауыш-буландырғышы ретінде пайдаланылады.
      33. Жер үсті су объектілеріне сарқынды суларды төгу кезінде ластаушы заттардың жол берілген шоғырлануларының есебі консервативті заттар үшін мына формула бойынша жүргізіледі:

СШЖБТ= n х (Сшжбш - Са) + Са            (10)

      мұнда Сшжбш - ластаушы заттың су объектісі суындағы шекті жол берілген шоғырлануы, г/м3;
      Са - ластаушы заттың сарқынды сулар шығаруынан 0,5 км жоғары су ағысындағы аялық шоғырлануы, г/м3;
      n - сарқынды сулардың су ағысындағы араласу еселілігі. 0,0025<g/Q<0,1 теңсіздігін сақтаған жағдайда қолданылады.

     (11)

      мұнда g - сарқынды сулардың шығыны, м3/с;
      Q - су ағысындағы судың есептік шығыны, м3/с;
      y - өзен шығынының қандай бөлігінің есепті өзен қақпасындағы ең ластанған ағыстың сарқынды суларымен араласуын көрсететін, араласу коэффициенті. Ірі су ағыстары үшін шамамен y=0,6, орташалары үшін y=0,8, кішілері үшін y=1,0.
      34. Салынды заттардың жол берілген шоғырлануының есебі мына формула бойынша жүргізіледі:

СШЖБТ=А(1+y Q/g)+Са         (13)

      мұнда A = 0,75 коммуналдық тұрмыстық су пайдалану су ағысы үшін және екінші санаттағы балық шаруашылығы су ағыстары үшін; A = 0,25 жоғары және бірінші санаттағы балық шаруашылығы су ағыстары үшін, сондай-ақ оларды шаруашылық-ауыз су мақсаттарда пайдаланған жағдайда.

3. Қалдықтарды орналастыру нормативтерін есептеу

      35. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері (бұдан әрі - ҚОН) жүргізілетін өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша қалдықтарды орналастыру объектісінің СҚА шекарасында алынған, қоршаған ортаның құрамдас бөліктерінің (атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты сулары, топырақ жамылғысы) жай-күйі туралы деректерді ескере отырып есептеледі.
      36. Осы қалдықтар түрін орналастыру нормативі жыл сайын тонналарда мына формула бойынша анықталады:

      Мнорм = 1/3 · Мтұз · (Кс + Кт + Ка) · Кр,     (14)

      мұнда Мнорм осы қалдықтар түрін орналастыру нормативі, тонна/жыл;
      Мтүз - осы қалдық түрінің түзілу көлемі, т/жыл;
      Кс, Кт, Ка, Кр - жер асты суларына, жақын жатқан аумақтардың топырағына ЛЗ көшу дәрежесін, эолдық таралуды, рекультивациялау ұтымдылығын есепке алудың төмендету, өлшемсіз коэффициенттері.
      37. Қоймаланған қалдықтардан ластаушы заттардың жер асты суларына көшуін (Кс), қоймаланған қалдықтардан ЛЗ жақын жатқан аумақтардың топырағына ауысу дәрежесін (Кт) және жинақтауыштан шаң түрінде дисперсияларды шығару жолымен ЛЗ атмосферада эолдық таралу дәрежесін (Ка) ескеретін төмендету коэффициенттері «мөлшер-әсер» тәуелділігінің экспоненциалды сипатын ескере отырып мына формулалар бойынша есептеледі:

        (15)

        (16)

        (17)

      мұнда dc, dт, da - сәйкесінше жер асты суларының, топырақтың және атмосфералық ауаның қалдықтарда бар химиялық элементтермен және қосылыстармен ластану деңгейінің көрсеткіштері, олар мына формулалармен анықталады:

       (18)
       (19)

       (20)

      мұнда і - і-ші ластаушы зат үшін изотиімділік коэффициенті
      бірінші қауіптілік сыныбындағы ЛЗ үшін - 1,0;
      екінші қауіптілік сыныбындағы ЛЗ үшін - 0,5;
      үшінші қауіптілік сыныбындағы ЛЗ үшін - 0,3;
      төртінші қауіптілік сыныбындағы ЛЗ үшін - 0,25-ке тең.
      d, d, dіa - қалдықтарды орналастыру объектісінің санитариялық қорғаныш аймағының шекарасында сәйкесінше жер асты суларды, топырақты және атмосфералық ауаны сынамалау бойынша есептелген і-ші ластаушы затпен ластану деңгейі;
      n - ластаушы заттардың саны (зерттелетін қалдықтарды орналастыру объектісі үшін белгіленген ластаушы заттардың қауымдығымен анықталады).
      Ортаның тиісті құрамдас бөлігінің ластану деңгейі мына формулалар бойынша анықталады:

      (21)

      (22)

      (23)

      мұнда Cic, C, және Сіa - і-ші ЛЗ шоғырлануының сәйкесінше судағы (мг/дм3), топырақтағы (мг/кг) және атмосфералық ауадағы (мг/дм3) орташаланған мәні;
      ШЖБШіс, ШЖБШіт және ШЖБШіа-і-ші ЛЗ сәйкесінше судағы (мг/дм3), топырақтағы (мг/кг) және атмосфералық ауадагы (мг/дм3) шекті жол берілген шоғырлануы.
      ҚО тиісті компонентіндегі ЛЗ шоғырлануының орташаланған шамасы мына формулалармен есептеледі:

       (24)

       (25)

       (26)

      мұнда m - сулардағы ЛЗ бар болуын анықтау үшін сынама алу нүктелерінің жалпы саны;
      k - топырақта ЛЗ бар болуына сынама алу нүктелерінің жалпы саны;
      r - ауада ЛЗ бар болуына сынама алу нүктелерінің жалпы саны;
      Cjic, Cjіт, Cjia, - сәйкесінше судағы (мг/дм3), топырақтағы (мг/кг) және атмосфералық ауадағы (мг/дм3) і-ші сынама алу нүктесіндегі і-ші ЛЗ шоғырлануы.
      38. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру объектісінің орналасу ауданындағы (СҚА шекарасында) қоршаған орта (атмосфералық ауаның, жер үсті және жер асты суларының, топырақ жамылғысының) құрамдас бөліктерінің ахуалы туралы мәліметтер жүргізіліп жатқан өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша көрсетіледі.
      Қоршаған орта құрамдас бөліктерінің жиынтық ластану көрсеткіші (Лж) жеке ЛЗ шоғырлану коэффициенттерінің соммасы (Кші) ретінде мына формула бойынша анықталады:

       (27)

      мұнда Лж - қоршаған орта құрамдас бөліктерінің жиынтық ластану көрсеткіші;
      Кші - і-ші ластаушы заттың шоғырлану коэффициенті
      і - ластаушы заттың реттік нөмірі;
      n - қоршаған ортаның құрамдас бөлігінде анықталатын ластаушы заттардың саны.
      Жеке ЛЗ шоғырлануының коэффициенті мына формула бойынша анықталады:

Кші = Сі/ШЖБШі         (28)

      мұнда Сі - қоршаған ортаның құрамдас бөлігінде ЛЗ шоғырлануы, мг/дм3 (су үшін); мг/кг (топырақ үшін) және мг/м3 (атмосфералық ауа үшін);
      ШЖБШі - қоршаған ортаның құрамдас бөлігіндегі ЛЗ шекті жол берілген шоғырлануы, мг/дм3; мг/кг; мг/м3.
      ҚО жай-күйі бірқатар көрсеткіштердің шамасына байланысты осы әдістеменің 4-ші қосымшасында берілген.
      ҚО жай-күйіне сәйкес осы орналастыру объектісіне ӨҚ сақтау мүмкіндігі туралы тиісті шешім қабылданады. Бұл ретте экожүйеге келесі салмақтар жіктеуі қарастырылады:
      1) жол берілген, яғни шамалы (қайтымды) өзгерістермен, экожүйенің құрылымы мен қызметі сақталатын техногенді салмақ;
      2) қауіпті - салмақ, яғни құрылым әлі сақталуда, бірақ қайтымды өзгерістер санының артуымен қоса экожүйенің қызмет етуінің бұзылуы байқалуда;
      3) өте қиын, яғни экожүйенің ахуалы мен құрылымына елеулі кері өзгерістер тигізетін ҚО құрамдас бөліктеріндегі өзгерістердің елеулі жиналуы пайда болуда;
      4) апатты, экожүйенің жеке бөліктерінің түсуіне, тіпті олардың толық қирауына (бұзылуына) дейін әкеліп соқтыратын салмақ.
      Егер қоршаған ортаның ахуалына салмақ өте қиын немесе апатты болып анықталса, онда қалдықтарды орналастыруға болмайды.
      39. Рекультивациялауды есепке алу коэффициенті нормаланатын жылдың алдындағы жылға жыныс үйіндісін іс жүзіндегі және жоспарлы рекультивациялау аудандарының қатынасы ретінде мына формула бойынша табылады:

      (29)

      мұнда Рж, Ріж - нормаланатын жылдың алдындағы жылға жоспарланған орналастыру орнын рекультивациялау ауданы және іс жүзінде рекультивациялау жүргізілген аудан.
      40. Рекультивациялауды есепке алу коэффициентінің (Кр) шамасы 0,5 - 1,0 аралығының шегінен тыс болса, онда Мнорм есептеу кезінде оларға көрсетілген аралықтың ең жақын шегінің мәні беріледі.
      41. Егер осы қалдықтар түрін орналастыру үшін жылдық квота белгіленсе, онда қалдықтарды орналастыру нормативтері квотаны сақтауды қамтамасыз ететін шектерде белгіленуі тиіс.
      42. Жүргізілген өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерін есептеу нәтижелері осы әдістеменің 5-қосымшасындағы кестеге кіргізіледі.

4. Жол берілген физикалық әсерлер нормативтерін есептеу

      43. Жол берілген физикалық әсерлер нормативтері әрбір шуыл, діріл, радиациялық және өзге әсер көздері үшін бекітіледі.
      44. Әсерлер көздерінің тізбесі және олардың сипаттамалары жобаланатын объектілер үшін - жобалық ақпарат негізінде, қолданыстағы объектілер үшін - әсерлер көздерін түгендеу негізінде айқындалады, ол физикалық факторларды өлшеулермен ілесіп жүруі тиіс.
      45. Көздерден физикалық әсерлер нормативтері 24 сағат ішіндегі әсерді ескере отырып, әрбір бағаланатын факторға сәйкес келетін бірліктерде айқындалады.
      дБА - шуыл факторы үшін;
      дБ - діріл үшін;
      В/м, мкВт/см2, кВ/м, А/м электромагниттік сәулелер үшін жиілік диапазона сәйкес және басқаларға;
      мкЗв/сағ - радиациялық ая деңгейі үшін.
      46. Жол берілген физикалық әсерлер нормативтері объектінің санитарлық-қорғаныш аймағының және жақын жатқан тұрғын үй аймағының шекарасындағы тиісті физикалық факторлардың деңгейі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітілген «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес болатындай белгіленуі тиіс.
      47. Физикалық әсер нормативтерін есептеу кезінде санитарлық-қорғаныш аймағының шекарасындағы осы физикалық факторлардың аялық деңгейі ескеріледі.
      48. Жол берілген физикалық факторлар нормативтерін есептеу үшін қолданыстағы объектіде жүргізілетін эксперименталды өлшеулер пайдаланылады, немесе жобалау кезеңі үшін факторлардың көзделетін деңгейлері есептеледі.
      Эксперименталды өлшеулер барысында санитарлық қорғаныш және жақын жатқан тұрғын үй аймағының шекарасындағы физикалық факторлардың деңгейінің олардың көздеріндегі физикалық факторлардың нақты деңгейі кезіндегі жол берілген деңгейге сәйкестігі расталуы тиіс.
      49. Есептеу әдісінің қателіктеріне байланысты есептік көрсеткіштердің шамаларында талап етілетін деңгейден 13 %-дан аспайтын ауытқушылықтарға жол беріледі.
      50. Есептелетін физикалық фактордың аялық деңгейі осы көзді алып тастаған кезде шекті жол берілген шамалардан артық болған жағдайда нормаланатын көз фактордың жиынтық шамасына 10 %-дан артық емес қосымша үлес құруы тиіс.
      51. Шекті жол берілген шаманың радиациялық факторы аялық деңгейден артық болған жағдайда нормаланатын иондаушы сәулелену көзі халық үшін тиімді мөлшері кез-келген келесі 5 жыл үшін орташа 1 мЗв/жыл, алайда 5 мЗв/жыл артық емес құратындай фактордың жиынтық шамасына қосымша үлес құруы тиіс.

Қоршаған ортаға    
эмиссиялар нормативтерін
айқындау әдістемесіне
1-қосымша      

Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларын,
физикалық әсерлерді және олардың көздеріне түгендеу өткізу жөніндегі методология

      1. Түгендеуді өткізу тек стационарлық көздерге ғана жатады.
      Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының стационарлық көзіне атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының белгілі аумақта тұрақты немесе уақытша орналасқан немесе жұмыс істейтін кез-келген көзі жатады.
      2. Атмосфералық ауаға зиянды заттар шығарындыларын және олардың көздерін түгендеу (бұдан әрі - түгендеу) атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шекті жол берілген шығарындылары нормативтерінің жобасын әзірлеудің бірінші кезеңі болып табылады және оны тапсырыс беруші бекітеді.
      3. Шығарындыларды түгендеудің негізгі мақсаттары:
      жалпы кәсіпорын бойынша да, атмосфералық ауаны жеке ластау көздері бойынша да ластаушы заттар шығарындыларының атмосфералық ауаға әсерінің дәрежесін бағалау және атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шекті жол берілген шығарындыларының нормативтерін белгілеу үшін бастапқы деректер алу;
      ластаушы заттар шығарындыларының сандық сипаттамаларын айқындау;
      қаралатын объекті үшін мемлекеттік есепке алу мен нормалауға жататын зиянды (ластаушы) заттар тізбесін айқындау;
      шаң-газ тазарту жабдығы жұмысының тиімділігін бағалау болып табылады.
      4. Барлық технологиялық мүмкін жағдайларда шығарындыларды түгендеу құрал-сайманды өлшеулер жүргізу арқылы, ал басқа жағдайларда - ластаушы заттар шығарындыларын есептеуді құру негізінде жүзеге асырылады.
      5. Шығарындыларды түгендеу жөніндегі жұмыс:
      1) дайындық;
      2) зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларын түгендей байқап қарауды жүргізу;
      3) байқап қарау нәтижелерін өңдеу және түгендеу материалдарын ресімдеу кезеңдерін қамтиды.
      6. Жұмыстар орындаудың дайындық кезеңінде атмосфералық ауаны ластау көзі ретінде кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы, негізгі технологиялық процестердің схемасы мен сипаты дайындалады.
      7. Зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларын түгендей байқап қарауды жүргізу кезеңінде атмосфералық ауаға бөліну және ластау көздерін байқап қарау жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша ластаушы заттар мен олардың шығарынды көздері айқындалулары тиіс, шаң-газ тазарту жабдығы жұмысының тиімділігі анықталады.
      Атмосфералық ауаға бөліну және ластау көздерінің, газ тазарту және шаң қармау қондырғыларының сипаттамалары туралы деректер түгендеу бланкісінде түгендеуді бастау күніндегі жай-күй бойынша жазылады, ал шығарылатын және қармаланатын зиянды заттар саны, газ тазартумен қамсыздану коэффициенті, газ тазартуға шығындар туралы деректер өткен жылға жазылады.
      8. Өткізілген шығарындыларды түгендеу нәтижелері бойынша атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларын және олардың көздерін түгендеу бланкілері осы Әдістеменің 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес толтырылады.

Қоршаған ортаға   
эмиссиялар нормативтерін
айқындау әдістемесіне 
2-қосымша       

Нысан

БЕКІТЕМІН        
Кәсіпорын басшысы         
_____________________(Т.А.Ә.)
(қолы)              
20___жылғы «_____»_________
М.О.

Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларын және
олардың көздерін түгендеу бланкісі

1. Зиянды (ластаушы) заттардың бөліну көздері

Өндіріс атауы, цех, учаске нөмірі және т.б.

Атмосфераны ластау көзінің нөмірі

Бөліну көзінің нөмірі

Ластаушы заттың бөліну көзінің атауы

Шығарылатын өнім атауы

Бөліну көзінің жұмыс уақыты, сағат

Ластаушы заттың атауы

Зиянды зат коды (ШЖБШу немесе БҚӘД)

Бөліну көзінен шығатын ластаушы заттың мөлшері,т/жыл

тәулігіне

жылына

А

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      А бағанында бөліну көздері мен атмосфералық ауаға шығарындылар көздері (бұдан әрі - көздер) қандай өндіріске жатқызылатыны, цехтердің, учаскелердің нақты атаулары (мысалға, дайындау, формалау және т.б.) көрсетіледі. Өндіріс өзіне бір немесе бірнеше цехты, учаскені және т.б. (мысалға, агломерациялық, жылу-қуаттық, вискоза өндірісі және басқалары) қамтиды, сондай-ақ олардың реттік нөмірлері көрсетіледі.
      1-бағанда атмосфералық ауаны ластау көздерінің кәсіпорында құрылуы және сақталуы тиіс орналасу схемасына сәйкес нөмірлері көрсетіледі. Көздерді нөмірлеу жылдан жылға ауыспауы тиіс. Атмосфералық ауаны жаңа ластау көзі пайда болған кезде оған бұрын пайдаланылмаған нөмір беріледі. Көзді жойған кезде оның нөмірі одан әрі пайдаланылмайды. Атмосфералық ауаны барлық ұйымдастырылған ластау көздеріне 0001 - 5999 шегіндегі нөмір беріледі, ал барлық ұйымдастырылмаған көздерге 6001 - 9999 шегіндегі нөмір беріледі.
      2-бағанда бөліну көздерінің кәсіпорында құрылатын орналасу схемасына сәйкес нөмірлері көрсетіледі. Жаңа бөліну көзі пайда болған кезде оған бұрын пайдаланылмаған нөмір беріледі. Көзді жойған кезде оның нөмірі одан әрі пайдаланылмайды.
      3-бағанда қондырғы мен агрегаттың атауы, типі, сондай-ақ зиянды (ластаушы) заттарды тікелей түзетін процестер (мысалға, бу қазандығында, домна пешінде отын жағу, түсіру алаңдарында сусымалы материалды түсіру немесе сусымалы материалдың бетінен бөлшектердің үрленуі) көрсетіледі.
      «Шығарылатын өнім атауы» деген 4-бағанда жалпы өнеркәсіптік өнім жіктегішіне сәйкес шығарылатын өнімнің атауы мен типі көрсетіледі.
      5 және 6-бағандарда жабдықтың тәуліктегі және түгендеу алдындағы жылдағы жұмыс сағаттарының орташа сомалық саны көрсетіледі.
      7-бағанда зиянды (ластаушы) заттардың атаулары жазылады.
      8-бағанда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен гигиеналық нормативтерге сәйкес зиянды (ластаушы) заттың коды жазылады.
      9-бағанда Бөліну көзінен тазарту құрылысымен жарақтанғанына немесе жарақтанбағанына қарамастан бөлінетін зиянды (ластаушы) заттардың жалпы мөлшері (тонна жылын) келтіріледі.

2. Атмосфералық ауаны ластау көздерінің сипаттамасы

Ластау көзінің нөмірі

Ластау көзінің параметрлері

Ластау көзінен шығардағы газ-ауа қоспасының параметрлері

Ластаушы заттың коды (ШЖБШу немесе БҚӘД)

Атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың мөлшері

биіктігі, м

діңгегін ің, ауызының диаметрі, өлшемі, м

жылдамдығы,
м/с

көлемді шығысы,
м3

температура,
С0

ең көп,
г/с

сомалық, т/жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      1-бағанда атмосфералық ауаны ластау көзінің нөмірі көрсетіледі.
      2 және 3-бағандарда көздің жер деңгейінен биіктігі туралы сәйкесінше деректер немесе көздің ауыз кескінің диаметрі немесе өлшемдері келтіріледі.
      4-бағанда атмосфералық ауаны ластау көзінің ауызындағы шығарылатын газ-ауа қоспасының жылдамдығы, 5-бағанда - көлемді шығысы, 6-бағанда - температурасы көрсетіледі. Ұйымдастырылмаған көздер үшін 4, 5 және 6-бағандар көздің типі бойынша толтырылады.
      7-бағанда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен гигиеналық нормативтерге сәйкес зиянды (ластаушы) заттың коды көрсетіледі.
      8-бағанда зиянды (ластаушы) заттың уақыт бірлігіндегі ең жоғары шығарындысы көрсетіледі, г/с.
      9-бағанда атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) зат шығарындысының жыл ішінде сомалық массасы көрсетіледі, т/жыл.

3. Шаң-газ тазарту жабдығы жұмысының көрсеткіштері

Бөліну көзінің нөмірі

Шаң-газ қармау жабдығының атауы мен типі

Аппараттардың ПӘК-і,
%

Ол бойынша тазарту жүргізілетін ластаушы заттың коды

Қамтамасыз етілу коэффициенті K(1)

жобалық

іс жүзіндегі

нормативтік

іс жүзіндегі

1

2

3

4

5

6

7








Іс жүзіндегі ПӘК мына формула бойынша айқындалады:

      Скір және Сшығ - сәйкесінше тазартуға дейінгі және одан кейінгі ластаушы заттың шоғырлануы (г/м3), өлшеулер нәтижелері бойынша айқындалады;
      Vкір және Vшығ - сәйкесінше ШГЖ кірістегі және шығыстағы газ-ауа қоспасы көлемінің шығысы (м3/с).
      Ластаушы заттардың шоғырлануын өлшеулерді аттестатталған зертханалар орындайды.
      5-бағанда МемСТ 17.2.3.02-78 сәйкес қамтамасыз етілу (нормативтік) коэффициенті көрсетіледі.
      6-бағанда ластану көздерінің ШГЖ іс жүзіндегі қамтамасыз етілу коэффиценті пайызбен көрсетіледі, ол мына формула бойынша айқындалады:

      Тт - технологиялық жабдықтың жыл ішіндегі жұмыс уақыты, сағат;
      Тг - газ тазарту қондырғыларының (тазарту дәрежесіне қарамастан) жыл ішінде жұмыс уақыты, сағат.

Атмосфераға зиянды (ластаушы) заттардың сомалық шығарындылары,
оларды тазарту және кәдеге жарату, т/жыл

Ластаушы заттың коды

Ластаушы заттың атауы

Бөліну көзінен бөлінетін ластаушы заттардың мөлшері

Соның ішінде

Тазартуға түскеннен

Атмосфераға шығарылғаны, барлығы

тазартусыз шығарылатыны

тазартуға түсетіні

атмосфераға шығарылғаны

Қармалғаны және залалсыздандырылғаны

іс жүзінде

соның ішінде кәдеге жаратылғаны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Барлығы









соның ішінде:









қаттылар, соның ішінде:









газ тәріздес, соның ішінде:


















      IV бөлімде олар бойынша I және II бөлімдерде деректер келтірілген барлық заттар бойынша мәліметтер келтіріледі.
      1 және 2-бағандарда ластаушы заттың коды және атауы көрсетіледі.
      3-бағанға барлық стационарлық бөліну көздерінен бөлінетін, газ тазарту қондырғысына бағытталатынына немесе бағытталмайтынына қарамастан газ тазарту жүйелеріне жиналатын да (ұйымдастырылған шығарынды), тікелей атмосфераға түсетін де (ұйымдастырылмаған шығарынды) зиянды заттардың мөлшері (жеке заттар бойынша) қосылады. Зиянды заттардың осы мөлшеріне технологиялық газдардың және өндіріс үшін арнайы қармаланатын өнімнің құрамында бар заттар кірмейді.
      4-бағанда атмосфераға арнайы құрылғылар (құбырлар, желдету қондырғылары, аэрациялық фонарлар және т.б.) арқылы түсетін, бұл ретте тазартуға ұшырамаған зиянды заттардың, сондай-ақ оларды қармауға арналмаған газ тазарту және шаң қармау қондырғылары арқылы өткен қармалмаған зиянды заттардың мөлшері көрсетіледі.
      5-бағанда олардың қайсысы газ тазарту құрылғысында тазартудан өтетініне қарамастан тазарту құрылыстарына келіп түсетін барлық зиянды заттар енгізіледі. Бұл ретте 5-бағанның деректері 6 және 7-бағандар деректерінің сомасына тең болулары тиіс.
      6-бағанда тазарту жүйесінен өткеннен кейін атмосфераға түсетін зиянды заттардың мөлшері (жеке заттар бойынша) келтіріледі.
      7-бағанда өнім өндіру үшін қармалған заттардан басқа қармалған және залалсыздандырылған зиянды заттардың іс жүзіндегі мөлшері көрсетіледі.
      «соның ішінде кәдеге жаратылғаны» деген 8-бағанда өндіріске қайтарылған немесе тауарлық өнім алу үшін пайдаланылған зиянды заттардың мөлшері көрсетіледі.
      «Атмосфераға шығарылғаны» деген 9-бағанда тазартудан кейін атмосфераға түскен де, тазартусыз шығарылған да зиянды заттардың жалпы мөлшері (жеке заттар бойынша) көрсетіледі. Осы бағанның деректері 3 және 7-бағандар мәндерінің айырмасына тең, сондай-ақ 4 және 6-бағандар деректерінің сомасына тең болулары тиіс.
      Осы 9-бағанда көрсетілетін барлық көздер бойынша және жеке заттар бойынша зиянды заттар шығарындыларының сомалық «барлығы» II бөлімнің 13-бағанының деректерінен алынады.
      Кәсіпорында тазарту құрылыстары жоқ болған кезде 5, 6, 7, 8-бағандарға нөл жазылады. Онда 3, 4, 9-бағандардың деректері бір-бірімен тең болады.
      «барлығы» деген жолда II бөлімнің 13-бағанында көрсетілген барлық жолдардың сомасы жазылады.
      «қаттылар» деген жолда II бөлімнің 13-бағанында қатты зиянды заттар бойынша көрсетілген барлық жолдар сомасы және әрбір қатты зат бойынша жеке жолдар сомасы есептеледі.
      «газ тәріздес» және «сұйықтар» деген жолдарда II бөлімнің 13-бағанында сұйық және газ тәріздес зиянды заттар бойынша көрсетілген барлық жолдар сомасы жазылады, сондай-ақ әрбір зиянды сұйық және газ тәріздес зат бойынша жеке жолдар сомасын есептеу жүргізіледі.
      «Барлығы» деген жолда II бөлімнің 8-бағанында көрсетілген барлық жолдар сомасы есептеледі.
      «қаттылар» деген жолда II бөлімнің 8-бағанында қатты заттар бойынша көрсетілген барлық жолдар сомасы және әрбір қатты зат бойынша жеке жолдар сомасы есептеледі.
      «газ тәріздес» және «сұйықтар» деген жолдарда II бөлімнің 8-бағанында сұйық және газ тәріздес ластаушы заттар бойынша көрсетілген барлық жолдар сомасы жазылады, сондай-ақ әрбір ластаушы сұйық және газ тәріздес зат бойынша жеке жолдар сомасын есептеу жүргізіледі.

Қоршаған ортаға   
эмиссиялар нормативтерін
айқындау әдістемесіне
3-қосымша       

Сарқынды сулар шығаруларын түгендеу нәтижелері

Шығару нөмірі

Шығару диаметрі

Жұмыс режимі, сағ/жыл

Су қабылдауыш

Сарқыңды сулар санаты (шаруашылық тұрмыстық немесе өндірістік)

Орналасқан орны (өндіріс алаңының атауы)

Тазарту құрылғылары (жобалық/іс жүзіндегі өнімділігі, тазарту тиімділігі)

Шығын, м3/тәулік

1

2

3

4

5

6

7

8

Қоршаған ортаға    
эмиссиялар нормативтерін
айқындау әдістемесіне
4-қосымша        

Қоршаған ортаның экологиялық жай-күйі

Параметрлердің атауы

Қоршаған ортаның экологиялық жай-күйі

жол берілген (салыстырмалы қанағаттанарлық)

қауіпті

сыни (төтенше)

апаттық (зілзала)

1

2

3

4

5

I. Су ресурстары

1. ШЖБШу артық болу, есе:





- 1-2 қауіптілік сыныбы ЛЗ үшін

1

1-5

5-10

10 артық

- 3-4 қауіптілік сыныбы ЛЗ үшін

1

1-50

50-100

100 артық

2. Сомалық ластану көрсеткіші:





- 1-2 қауіптілік сыныбы ЛЗ үшін

1

1-35

35-80

80 артық

- 3-4 қауіптілік сыныбы ЛЗ үшін

10

10-100

100-500

500 артық

3. Өңірлік минералдану деңгейінің артық болуы, есе

1

1-2

2-3

3-5

II. Топырақтар

А. Физикалық параметрлер
1. Топырақ берінің абиотикалық техногенді тасындымен жабылуы, см

мүлдем жоқ.

10 дейін

10-20

20 артық

2. 0-30 см қабаты тығыздығының артуы, рендікке еселігі

1,1 дейін

11-1,3

1,3-1,4

1,4 артық

Б. Химиялық параметрлер

1. Суда еритін тұздар құрамының артуы, 0-30 см қабатта г/100г топыраққа

0,1 дейін

0,1-0,4

0,4-0,8

0,8 артық

2. ЛЗ ШЖБШу артық болуы





- I қауіптілік сыныбы

1 дейін

1-2

2-3

3 артық

- II қауіптілік сыныбы

1 дейін

1-5

5-10

10 артық

- IІІ қауіптілік сыныбы

1 дейін

1-10

10-20

20 артық

3. Сомалық ластану көрсеткіші*

16 кем

16-32

32-128

128 артық

В. Биологиялық параметрлер
1. Микробтық масса деңгейінің төмендеуі, еселігі

5 дейін

5-50

50-100

100 артық

III. Атмосфералық ауа

1. ШЖБШу артық болуы, есе
- 1-2 қауіптілік сыныбы ЛЗ үшін

1 дейін

1-5

5-10

10 артық

- 3-4 қауіптілік сыныбы ЛЗ үшін

1 дейін

1-50

50-100

100 артық

Қоршаған ортаға    
эмиссиялар нормативтерін
айқындау әдістемесіне
5-қосымша       

(Кәсіпорын атауы) үшін _____ жылға белгіленген қалдықтарды
орналастыру нормативтері

Қалдықтардың атауы

Түзілу, т/жыл

Пайдалану, залалсыздандыру, т/жыл

Орналастыру, т/жыл

мамандандырылған кәсіпорындарда

меншікті кәсіпорында

көму

өнеркәсіп алаңшасы аумағында сақтау

1

2

3

4

5

6

Барлығы






соның ішінде өндіріс қалдықтары






тұтыну қалдықтары






Янтарлы қауіптілік деңгейі

қалдықтар тізбесі






Жасыл қауіптілік деңгейі

қалдықтар тізбесі






Қызыл қауіптілік деңгейі

қалдықтар тізбесі