Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру Қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 18-02/158 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 мамырда № 7646 тіркелді

Жаңартылған

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 24-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру Қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (Н.Х.Жақыпбаев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                           Е. Аман

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы   
министрінің м.а. 
2012 жылғы 6 сәуірдегі
№ 18-02/158 бұйрығымен
бекітілген     

Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары
қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 24-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүргізу тәртібін белгілейді.
      2. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 6.11.2014 № 7-1/573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін оларды өткізу және қолдану кезеңдерінде мемлекеттік ветеринариялық ұйым (бұдан әрі - ұйым) жүзеге асырады.

2. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары
қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру тәртібі

      4. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) ақпаратты жинау және өңдеу;
      2) оларды қолданудың мүмкін болатын теріс салдарларын анықтау, мұндай препараттар қолдануды болдырмау және жануарларды қорғау мақсатында ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі кезінде алынған, өңделген ақпаратты талдауды, бағалауды және болжауды жүзеге асыру;
      5. Ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүргізген кезде:
      1) ветеринариялық препараттардың, жемшөп және жемшөп қоспаларының серияларын (партияларын) оларды рекламациялау кезіндегі бақылау нәтижелері;
      2) жанама әсер туралы жеке және заңды тұлғалардан алынған хабарламалар;
      3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде алынған ақпарат;
      4) республикалық бюджет қаржысының есебінен алынатын ветеринариялық препараттар туралы ақпарат;
      5) бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарында жалпы қолжетімді, телекоммуникациялық желілерде, ғылыми жарияла бар ақпарат.

3. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары
қауіпсіздігінің мониторингін талдау, бағалау, болжау

      6. Ұйым жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша алынған ақпаратты талдайды, жануарларды саулығы мен өмірі үшін ауыр салдарларға әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкін ветеринариялық препараттардың анықталған жанама әсері туралы тәуекелдің, тиімділігінің жоқ болуының жай-күйін бағалайды және жануарлардың жай-күйі мен олардың сипаттамаларының бақыланатын өзгерістерін болжайды және жалпыланған мәліметтер мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) жолдайды.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда -  ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 6.11.2014 № 7-1/573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Комитет ұйым ұсынған ұсынымдарды басшылыққа ала отырып, бір айлық мерзімде:
      1) ветеринариялық препараттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қосымша сынап тексеру сынақтарын өткізу қажеттілігі туралы;
      2) ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспасын мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтару туралы шешім қабылдайды.
      8. Ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі үшін пайдаланылатын ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында ұйым ветеринариялық препараттардың, жемшөп және жемшөп қоспаларының анықталған жанама әсері туралы хабарларды тіркеу журналын осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
      9. Ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүргізу толықтығын қамтамасыз ету мақсатында ұйым тоқсан сайын тоқсанның соңғы айының 30-күніне дейін Комитетке ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі туралы есепті осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес ұсынады.
      10. Комитет ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі нәтижелері туралы есепті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.

Ветеринариялық препараттар,   
жемшөп пен жемшөп қоспалары   
қауіпсіздігінің мониторингін   
жүзеге асыру қағидасына     
1-қосымша          

Нысан

Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының
анықталған жағымсыз әсерлері туралы хабарламаларды тіркеу
журналы

Жағымсыз қауіпті әсердің шыққаны жөнінде Хабаршының аты-жөні (болған жағдайда) (бұдан әрі - Ф.А.Ә.)

Жағымсыз әсерін күні

Ұйым атауы (мекенжайы, тел/факс, е-mail)

Атауы (халықаралық, химиялық, саудалық, өндіруші фирма, ел)

Серия (партия) нөмірі

1

2

3

4

5

6













      кестенің жалғасы

Шығару нысаны

Енгізу тәсілі

Сипаты

Қабылданған шаралар

Ф.А.Ә.

Күні (қолы)

7

8

9

10

11

12













Ветеринариялық препараттар,   
жемшөп пен жемшөп қоспалары   
қауіпсіздігінің мониторингін   
жүзеге асыру қағидасына     
2-қосымша          

Нысан

Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары
қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері туралы есеп

Жемшөп және жемшөп қоспалары мен ветеринариялық препараттарының атауы (халықаралық, химиялық, саудалық)

Дайындап шығаратын ел

Кеден одағы елдерінің Қазақстан Республикасындағы Жемшөп және жемшөп қоспалары мен ветеринариялық препараттарының тіркеу мерзімі (күні, айы, жылы)

Жағымсыз қауіпті әсердің шыққаны жөнінде тіркеу мерзімі (күні, айы, жылы)

Жағымсыз қауіпті әсердің шығуы (бейнелеп суреттеу)

Шара қолдану

1

2

3

4

5

6

7