«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице–министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 6 қарашадағы
№ 7-1/573 бұйрығына
қосымша
Өзгеріс енгізіліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Модульді мал сою бекеттеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізетін зертханаларға арналған ветеринариялық нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5521 болып тіркелген; 2009 жылғы 6 наурыздағы № 35 (1632) «Юридическая газета» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ветеринария саласындағы уәкілетті орган оның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп заңнамада бекітілген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.».
2. «Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7590 болып тіркелген; 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiнде:
тақырыбы орыс тілінде өзгереді, мемлекеттік тілде өзгермейді;
1-тармақтың бірінші бөлігі орыс тілінде өзгереді, мемлекеттік тілде өзгермейді;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар – цистицеркоз (аумағы 40 шаршы сантиметр ет кесіндісінде 3 артық емес цистицеркозбен зақымданған), бруцеллез, туберкулез, Ауески ауруы, везикулярлі стоматит, лейкоз, лептоспироз, листериоз, пастереллез, паратуберкулез, кампилобактериоз, фузариотоксикоз, ку лихорадкасы;»;
2-тармақтың бірінші бөлігі орыс тілінде өзгереді, мемлекеттік тілде өзгермейді.
3. «Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру Қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 18-02/158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7646 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 шілдедегі № 415-421 (27495) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру қағидасында:
2-тармақ алынып тасталсын:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ұйым жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша алынған ақпаратты талдайды, жануарларды саулығы мен өмірі үшін ауыр салдарларға әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкін ветеринариялық препараттардың анықталған жанама әсері туралы тәуекелдің, тиімділігінің жоқ болуының жай-күйін бағалайды және жануарлардың жай-күйі мен олардың сипаттамаларының бақыланатын өзгерістерін болжайды және жалпыланған мәліметтер мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) жолдайды.».