«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-тармағының 23) тармақшасын және 14-2-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын пайдалану қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (С.С.Хасенов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. Е. Аман
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушының
2012 жылғы 6 сәуірдегі
№ 18-03/159 бұйрығымен
бекітілген
Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын пайдалану қағидасы
1. Жалпы қағидалар
1. Осы Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 1-тармағының 23) тармақшасына және 14-2-бабына сәйкес әзірленді және оларды пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы «Карантиндік объектілер, бөтен текті түрлер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысымен бекіткен тізбеге (одан әрі - Тізбе) енгізілген аса қауіпті зиянды организмдердің тосыннан жаппай таралуын жою үшін пайдаланылатын, ұдайы жаңартылатын пестицидтердің белгілі көлемі болып табылады.
3. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады.
4. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын қалыптастыруды және оның сақталуын, пайдалануын бақылауды қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (одан әрі - Комитет) жүзеге асырады.
2. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын пайдалану тәртібі
5. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын пайдалану Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының (одан әрі - Мемлекеттік инспектор) бөлуі бойынша:
1) Тізбеге енгізілген аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай таралған және болжамды көлемінен асып түскен;
2) аса қауіпті зиянды организмдердің шектес мемлекеттерден енген (ұшып келген) және фитосанитариялық іс-шараларды жоспардан тыс жүргізу қажет болған жағдайда жүзеге асырылады.
6. Аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай таралғаны, болжамды көлемінен асып түскені немесе енгені (ұшып келгені) туралы ақпарат, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комитеттің аумақтық инспекцияларының бастықтарымен бекітілген «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің мамандарымен қоныстануына (зарардануына) жүргізілген тексерулер туралы актілермен нақтыланады.
7. Аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай таралғаны, болжамды көлемінен асып түскені немесе енгені (ұшып келгені) туралы ақпарат бір күнтізбелік күн ішінде Комитетке ұсынылады.
8. Қағиданың 5-тармағында көзделген жағдайлардың туындауы туралы ақпарат түскен кезде, Мемлекеттік инспектор бір жұмыс күні ішінде, аса қауіпті зиянды организмдердің түрін ескере отырып, пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын бөлуді бекітеді.
9. Жоғарыда аталған бөлуге сәйкес рұқсат қағаз ресімделеді және Комитетпен бір жұмыс күні ішінде пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын сақтауды жүзеге асыратын ұйымға жіберіледі.
Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын тасымалдау үшін көлік құралын жіберу қажеттігі туралы рұқсат қағаз Комитетпен бір жұмыс күні ішінде тасымалдаушы ұйымға жіберіледі.
10. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын сақтауды жүзеге асыратын ұйым оларды тасымалдаушы ұйымға қолдану орнына дейін тасымалдауға беруді қамтамасыз етеді.
Тасымалдаушы ұйым пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын аймақтарда оларды қолдану орнына дейін жеткізуді жүзеге асырады.
Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын беру және тасымалдау жүк-тасымал құжаттарын рәсімдеу арқылы жүргізіледі.
11. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын жеткізілген жерінде қабылдау және оларды қолдану жөніндегі қызмет көрсетулерді бағалау үшін Облыстық аумақтық инспекцияның бастығының бұйрығымен Комиссия құрылады.
Комиссияның құрамына: Комитеттің аумақтық инспекцияларының және жергілікті атқарушы органдардың (келісім бойынша) басшылары мен өсімдіктерді қорғау туралы мамандары, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау жөніндегі қызмет көрсетулерді жеткізушінің өкілдері кіреді.
Комиссия пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын жеткізілген жерінде қабылдауды жүзеге асырады және оларды қалыптасқан фитосанитарлық жағдайды ескере отырып аса қауіпті организмдерге қарсы қолдануды қамтамасыз етеді.
12. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын қолдану қорытындылары бойынша Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау жөніндегі көрсетілген қызметтерді бағалау актісі рәсімделеді.
Өсімдіктерді қорғау жөніндегі көрсетілген қызметтерді бағалау актісі пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын есептен шығару үшін Комитетке тапсырылады.
13. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы, «Фитосанитарлық нормативтерді, фитосанитарлық есепке алу нысандарын, сондай-ақ Фитосанитарлық есепке алу нысандарын табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1394 қаулысына сәйкес қалыптастырылады.
14. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын сақтау және тасымалдау Заңға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
15. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын жаңарту тиісті бюджеттік бағдарламада көзделген сомалар шегінде жыл сайын сатып алынатын пестицидтердің көлемінен жүзеге асырылады.
Пестицидтердің (улы химикаттардың)
запасын пайдалану қағидасына
1-қосымша
Нысан
БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
______________________________
(облыс атауы)
облыстық аумақтық
инспекциясы бастығы
______________________________
(Қолы, м-рі)
______________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар
______________________________
болса) (одан әрі - Т.А.Ә.))
20___ жылғы «__» _____________
Қоныстануына (зарарданғанына) тексеру жүргізу туралы
Акт
_________________________________________
(аса қауіпті зиянды организмдердің атауы)
рет- |
Аудандардың (қалалардың) ауылдық округтардың атауы |
Тексеруді жүргізу күні |
Барлық тексерілгені, мың гектар |
Қоныстанғаны (зарарданғаны), мың гектар |
оның ішінде экономикалық зиянды шегінен жоғары (одан әрі - ЭЗШ), мың гектар |
1. |
|||||
2. |
|||||
... |
|||||
Барлығы: |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік
инспекция комитетінің ________________
(облыстың атауы)
облыстық аумақтық инспекциясының
өсімдіктерді қорғау бөлімінің бастығы _________________ ____________
(қолы) (Т.А.Ж.)
«Республикалық фитосанитарлық диагностика
және болжамдар әдістемелік орталығы»
мемлекеттік мекемесінің __________________
(облыстың атауы)
облыстық филиалының директоры _________________ ____________
(қолы) (Т.А.Ж.)
Пестицидтердің (улы химикаттардың)
запасын пайдалану қағидасына
2-қосымша
Нысан
Өсімдіктерді қорғау жөнінде көрсетілген қызметтерді бағалау
АКТІСІ
____________________________ «__»__________20__ жыл
(облыс, аудан, елді мекен)
_______________________________________ құрылған Комиссия, құрамында:
(Комиссия кімнің шешімімен құрылды, күні және шешімнің нөмері көрсетілсін)
комиссия төрағасы, __________ ___________
(лауазымы) (Т.А.Ж.)
Комиссия мүшелері: __________ __________
(лауазымы) (Т.А.Ж.)
сондай-ақ 20 ___жылғы «___» _____ №__ сенімхатқа сәйкес
_____________________________________ мүддесін қорғауға уәкілетті
(Қызмет көрсетуді жеткізушінің толық атауы)
өкілі, _______ 20___жылғы «__»_____ № ___ Келісім-шартқа сәйкес _____
(Т.А.Ж.)
ауданының жерінде__________________ қарсы_______________________
(зиянды организмнің атауы) (ұшақтармен, АЖҰ, аэрозольді
генераторлармен, атомайзерлік
қондырғылармен, тракторлік
бүріккіштермен және басқалар)
химиялық өңдеулер жөніндегі көрсетілген қызметтерді қарастырып, келесі қорытындыны құрады:
Ауылдық округтың атауы |
Қызмет көрсету мерзімі |
Биологиялық тиімділігі, % |
Қолданылған пестицид (саудалық атауы) |
Саны, (литр, килограмм) |
Жұмсау нормасы, (литр/гектар, килограмм/гектар) |
Өңдеу алаңы, гектар |
1 гектардың бағасы, теңге |
Сома, теңге |
Барлығы |
Комиссия төрағасы ________________________
(қолы, Т.А.Ж., мөр)
Комиссия мүшелері ________________________
(қолы, Т.А.Ж.)
Қызмет көрсетуді жеткізуші ________________________
(қолы, Т.А.Ж.)