Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.03.2016 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 73) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, елдер бөлімінде "Болашақ" халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыстар нормалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 09.12.2016 № 696 бұйрығымен.2. Мына:
1) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға;
2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (ауылдық елдімекеннен шыққан үміткерлер, инженерлік-техникалық, медициналық қызметкерлер санаты бойынша конкурсқа қатысқан адамдар үшін);
3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тағылымдамадан өтуге;
4) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес, резидентурада оқуды ұйымдастыруға;
5) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға;
6) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (мемлекеттік қызметшілер санаты бойынша конкурсқа қатысқан адамдар үшін) арналған үлгілік шарттар бекітілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2025 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (А.А.Нұрмағамбетов):
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін соң, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Осы бұйрықтың 2-тармағы 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысатын адамдарға таратылады.
Министр | Б. Жұмағұлов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына 1-қосымша |
Елдер бөлінісінде "Болашақ" халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыс нормалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2017 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 14.09.2017 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.12.2017 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.03.2020 № 118 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз); 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 23.09.2020 № 407 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 03.06.2021 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.06.2021 № 278 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз); 27.03.2023 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 18.04.2025 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1. Тұруға, тамақтануға және оқу әдебиеттерін сатып алуға арналған шығыс нормалары:
Р/с № | Мемлекет | Бір айда "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің оқу/тағылымдама процесінде тұруға арналған шығыс нормалары | Бір айда "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің оқу/тағылымдама процесінде тамақтануға арналған шығыс нормалары | "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің оқу/тағылымдама процесінде оқу әдебиеттерін сатып алу бойынша шығыс нормалары | ||||
бакалавриат/ жоғары арнаулы білім (оқу жылы) | магистратура/ клиникалық ординатура/резид ентура (оқу жылы) | аспирантура/ докторантура (оқу жылы) | тілдік курстар (ай) | тағылымдамалар (ай) | ||||
1. | Аустрия Республикасы | 750 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 75 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
2. | Аустралия | 1100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 75 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
3. | Израиль мемлекеті | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 80 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
4. | Ирландия Республикасы | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 85 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
5. | Италия Республикасы | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 80 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Рим қ. | 1050 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 80 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
6. | Дания Корольдігі | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 750 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 75 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
7. | Бельгия Корольдігі | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 750 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 75 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
8. | Испания Корольдігі | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 60 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
9. | Канада | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1200 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
10. | Қытай Халық Республикасы | 450 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 350 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 150 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 250 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 25 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Шанхай қ. | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 150 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 250 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 25 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
11. | Нидерланды Корольдігі | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1200 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 95 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
12. | Норвегия Корольдігі | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 75 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
13. | Швеция Корольдігі | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 75 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
14. | Латвия Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 45 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
15. | Жаңа Зеландия | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 750 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 60 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
16. | Болгария Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 45 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
17. | Мажарстан Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 60 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
18. | Үндістан Республикасы | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 300 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 150 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 250 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 25 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
19. | Корея Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 45 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Сеул қ. | 750 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 45 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
20. | Польша Республикасы | 550 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 60 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
21. | Сингапур Республикасы | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
22. | Украина Республикасы | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 200 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 35 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
23. | Ресей Федерациясы | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 200 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 35 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Мәскеу қ. | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 200 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 35 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
24. | Румыния | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 300 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 35 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
25. | Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 75 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Лондон қ. | 1200 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 75 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
26. | Америка Құрама Штаттары: | |||||||
Айова, Алабама, Арканзас, Индиана, Вирджиния, Висконсин, Батыс Вирджиния, Канзас, Кентукки, Миссисипи, Миссури, Небраска, Огайо, Оклахома, Орегон, Солтүстік Дакота, Солтүстік Каролина, Теннесси, Оңтүстік Дакота, Оңтүстік Каролина штаттары | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1300 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 120 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
Айдахо, Аризона, Вайоминг, Вермонт, Делавэр, Луизиана, Монтана, Мэн, Невада, Нью-Мексико, Техас, Юта штаттары | 800 АҚШ долларына | 750 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1300 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 120 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
Аляска, Вашингтон, Джорджия, Колорадо, Мичиган, Нью-Йорк, Нью-Хэмпшир, Пенсильвания штаттары | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1300 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 120 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
Гавай, Миннесота штаттары | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1300 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 120 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
Иллинойс, Коннектикут, Массачусетс, Мэриленд, Нью-Джерси, Род-Айленд, Флорида, Колумбия Федеративтік округы штаттары | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 850 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1300 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 120 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
Калифорния штаты | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1300 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 120 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
Бостон, Бруклин, Кембридж, Медфорд, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалалары | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1300 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 120 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
27. | Түркия Республикасы | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 300 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 35 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
28. | Германия Федеративтік Республикасы | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 60 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
29. | Финляндия Республикасы | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 75 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
30. | Француз Республикасы | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 75 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Париж қ. | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 75 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
31. | Малайзия Федерациясы | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 450 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 75 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
32. | Чехия | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 60 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
33. | Швейцария Конфедерациясы | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 85 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
34. | Жапония | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 55 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Токио қ. | 1100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 55 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
35. | Словакия Республикасы | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | - | - | - | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
36. | Беларусь Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | - | - | - | 20 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
37. | Литва Республикасы | 675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | 560 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 55 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
38. | Әзербайжан Республикасы | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | 450 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 45 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 55 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
39. | Сербия Республикасы | 680 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 680 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | - | - | - | 60 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
40. | Бахрейн Корольдігі | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | 560 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
41. | Біріккен Араб Әмірліктері | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | 560 АҚШ долларына балама сомаданартық емес | 675 АҚШ долларына баламасомадан артық емес | 50 АҚШ долларына балама сомаданартық емес | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
42. | Эстония Республикасы | 675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | 560 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 55 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
43. | Мексика Құрама Штаттары | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
44. | Чили Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | 65 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
45. | Бразилия Федеративтік Республикасы | 450 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 550 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
46. | Оңтүстік Африка Республикасы | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 550 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | 45 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
47. | Қазақстан Республикасы* | 130 мың теңге | 150 мың теңге | - | - | - | - | - |
48 | Хорватия Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | - | - | - | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
49 | Португалия Республикасы | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | - | - | - | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
*Ескертпе: Қазақстан Республикасында тілдік курстардан өту үшін.
2. Өзге де шығыс нормаларына:
1) визаны ресімдеу, ұзарту (консулдық алым), визаны (консулдық алымды) ресімдеу үшін Елшіліктің талабы бойынша міндетті көрсетілетін қызметтер;
2) шетелдік жоғары оқу орындарына 5-тен (бестен) аспайтын сауалнама нысанын ресімдеу және беру;
3) қабылдаушы елдің уәкілетті органдарында және шетелдік жоғары оқу орындарында стипендиаттардың тіркелуі;
4) шет тілін білу деңгейін анықтауға аралық және қорытынды бақылау тестілеуді қоса алғанда, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша өтуі қажет болған жағдайда тілдік курстар;
5) академиялық оқытудан немесе тағылымдамадан өту;
6) стипендиаттың академиялық оқуға, тілдік курстарға түсуі кезінде, сондай-ақ стипендиаттың тілдік дайындығы, академиялық оқуы, тағылымдаман өтуі процесінде қажетті тілдік курстардан өткізуді жүзеге асыратын (бұдан әрі - тілдік мектептер) шетелдік жоғары оқу орындарының, тағылымдамаларды өткізуді жүзеге асыратын шетелдік ұйымның (бұдан әрі - шетелдік ұйым) талаптары бойынша міндетті қызметтер;
7) тілдік курстардан, академиялық оқудан, тағылымдамадан өту елдерінің және/немесе шетелдік жоғары оқу орнының, тілдік мектептің, шетелдік ұйымның талаптары бойынша міндетті медициналық тексеріс;
8) стипендиаттың банк карточкасын шығару, қолданылу мерзімінің аяқталуы бойынша оны қайта шығару және оған қызмет көрсету;
9) шет мемлекеттердің уәкілетті органдары айқындайтын шетелдік жоғары оқу орындарының, тілдік мектептердің немесе шетелдік ұйымдардың (бұдан әрі – шетелдік әріптестер) стипендиаттың үлгерімі туралы ресми құжаттарды (транскриптерді) беруі;
10) шетелдік студенттер үшін көзделген жазатайым оқиғалардан және аурулардың кенеттен пайда болуынан медициналық сақтандыру;
11) академиялық оқытуды, тілдік курстардан, тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар бойынша олардың міндеттемелерін орындауға байланысты шетелдік әріптестердің шығыстары кіреді.
Шығыстарды төлеу растаушы құжаттардың негізінде нақты шығыстар бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.04.2025 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Жол жүру бойынша шығыстар төлемі "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу, тілдік курстардан, тағылымдамадан өту орнына дейін және кері бағытта академиялық оқу, тілдік курстар, тағылымдамадан өту орнынан Қазақстан Республикасында тұратын жеріне дейін әр оқу жылы басталғанға (Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқуға, тілдік курстардан, тағылымдамадан өтуге алғаш рет баратын адамдарды қоспағанда, оларға жол жүру бойынша шығыстар виза алғаннан кейін жүргізіледі) және аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей шыққан кезде жүргізіледі. Бұл ретте, жол жүру бойынша шығыстар төлемі академиялық оқу орнынан Қазақстан Республикасында тұратын жеріне дейін және кері бағытта докторантура бағдарламасы бойынша оқитындар үшін оқу орнынан жазбаша ресми растама не бекітілген жеке оқу жоспарының негізінде әр оқу жылы ішінде бір реттен артық емес жүргізіледі.
Академиялық оқу орнынан Қазақстан Республикасында тұратын жеріне дейін және кері бағытта ұзақтығы 2 (екі) ай және одан да көп семестр аралық каникул кезеңінде магистратура бағдарламасы бойынша оқитын стипендиаттарға шетелдік жоғары оқу орнының академиялық күнтізбесіне сәйкес каникул демалысы басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей және кері бағытта каникул кезеңі аяқталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей шығыстар төлемі жүргізіледі.
Академиялық оқу орнынан, тағылымдамадан өтуден, тілдік курстардан өту және кері қайту бойынша шығыстарды төлеу визаны, оның ішінде Қазақстан Республикасында ресімдеу немесе ұзарту қажет болған жағдайда жүргізіледі.
Бұл ретте жол жүру кезінде әуе көлігін пайдалану бойынша шығыстарды төлеу стипендиаттың өтініші бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясының әкімшісі билетті броньдап қойған сәттегі жол ақысының ең аз құны бойынша жүргізіледі.
Академиялық оқу орнынан, тағылымдамадан өтуден, тілдік курстардан өту және кері қайту бойынша билеттерді уақтылы пайдаланбаған кезде, кері қайту билетін қоспағанда, билеттерді пайдалану көзделмейді.
Стипендиат брондауды жою және/немесе өзгерту кезінде туындаған қосымша шығыстарды өзі төлейді.
Шығыстарды төлеу қосымша багажды және қосымша ақылы қызметтерді қоспағанда, растаушы құжаттардың негізінде нақты шығыстар бойынша жүргізіледі:
1) Қазақстан Республикасының ішінде жол жүру бойынша – тікелей қатынайтын әуе және (Қазақстан Республикасына келген сәттен тұру жеріне дейін/тұру жерінен Қазақстан Республикасынан шығу сәтіне дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен аспауы қажет) купе вагоны тарифінен жоғары емес теміржол көлігін пайдаланғаны үшін сол аймақта экономикалық класс тарифі бойынша жол жүру құнымен тас жол және қара жол бойынша автокөлікті (таксиді қоспағанда) пайдалану үшін;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерге жол жүру бойынша – экономикалық класс бойынша тікелей қатынайтын/транзитті әуежайларда/аймақтарда ауысып отыру арқылы әуе көлігін пайдалану үшін (әрбір транзиттік аймақта Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту жеріне дейін жол жүру/ұшу сәтінен бастап және кері бағытта 24 (жиырма төрт) сағаттан аспайды), экономикалық класс тарифы бойынша теміржол көлігін пайдалану үшін, сол аймақта экономикалық класс тарифі бойынша жол жүру құны бойынша тас жол мен қара жол бойынша автокөлікті (таксиді қоспағанда) пайдалану үшін;
3) тілдік курстардан өту орнынан ел ішінде академиялық оқу орнына дейін (қала/штат) жол жүру бойынша – экономикалық класс бойынша тікелей қатынайтын әуе көлігін пайдалану үшін, экономикалық класс бойынша теміржол көлігін пайдалану үшін, сол аймақта экономикалық класс тарифі бойынша жол жүру құны бойынша тас жол мен қара жол бойынша автокөлікті (таксиді қоспағанда) пайдалану үшін.
Стипендияны есептеу стипендиаттың нақты тұрған жерінің шығыс нормалары бойынша жүргізіледі. Егер стипендиат тілдік курстар, академиялық оқу (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында көзделген жұмыс) уақытында "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалған елден ерекшеленетін елде, штатта немесе қалада болса, есептеу стипендиаттың нақты тұратын елінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген) елдер бөлінісінде "Болашақ" халықаралық стипендиясының мөлшерін айқындау үшін шығыстар нормалары (бұдан әрі – осы шығыстар нормалары) бойынша стипендиаттың нақты орналасқан елі, егер мұндай шығыстар нормаларының елдер бөлінісінде бекітілген тізімінде болса, жүргізіледі. Норматив болмаған жағдайда, есептеу осы шығыстар нормалары бойынша тағайындау елі бойынша жүргізіледі. Стипендиат академиялық оқу (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында қарастырылған жұмыс) кезінде Қазақстан Республикасының аумағында болса, елдер бөлінісінде "Болашақ" халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін осы шығыс нормаларының 4-тармағын қоспағанда, есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлеріне сәйкес жасалады.
"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлеріне оқу елінде тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомасын есептеу кезеңі шетелдік жоғары оқу орнының/білім беру ұйымының академиялық күнтізбесіне, шақыру хатына (алғаш рет шығатындар үшін), студенттік визаны ресімдеу үшін иммиграциялық емес нысандарға (DS-2019, 1-20), тағылымдамадан өтудің бекітілген бағдарламасына, бекітілген оқу жоспарына/жеке оқу жоспарына (академиялық оқуын жалғастыруға шығатындар үшін) сәйкес оқу елінде нақты оқудың, тағылымдамадан, тілдік курстардан өтудің, бірақ оқуды/ тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру шартымен белгіленген мерзімнен аспайтын кезеңі болып табылады.
Оқу елінде тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын есептеу әрбір күнтізбелік айға толық көлемде жасалады.
Оқу жылының бірінші айы және оқу жылының соңғы айы күндерінің жалпы саны 30 (отыз) күнтізбелік немесе одан кем күндерді құраса, онда төлем әрбір академиялық оқу жылының бірінші немесе соңғы айында жүзеге асырылады.
Егер академиялық оқу үшін әрбір оқу жылының бірінші немесе соңғы айындағы оқу күндерінің саны, тағылымдамадан, тілдік курстардан өтудің жалпы мерзімі күнтізбелік 3 (үш) немесе одан кем күндерді құраса, онда осы айлар үшін төлем жасалмайды.
Академиялық оқу кезеңінде оқу материалдарын сатып алу шығыстарының сомаларын есептеу бекітілген оқу жоспарына сәйкес жылына екі рет жүргізіледі, тілдік курстардан және тағылымдамадан өту кезеңінде ай сайын жүргізіледі.
Тұру, тамақтану және оқу әдебиеттерін сатып алу үшін стипендияны есептеу және төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген шығыстар нормаларына сәйкес тізімдеме құру күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі. Тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын төлеу алдыңғы айдың 25-інен бастап ағымдағы айдың 5-іне дейін жүргізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.04.2025 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Елде академиялық оқу (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында қарастырылған жұмыс), тағылымдамадан, тілдік курстардан өтуін тоқтатқан, тоқтата тұрған жағдайда немесе академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өтуі қашықтан оқытуды және/немесе аралас оқу нысанын қолдана отырып оқуға көшсе, еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы салдарынан, атап айтқанда: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, соғыс қимылдары, қоршаулар, эпидемиялар және басқа да мән-жайлар туындауының салдары болып табылса, егер шарттық міндеттемелерді орындауға тікелей әсер етсе, мұндай әсер етуге кедергі болу мүмкін болмаған және қолданылуын қалыптасқан жағдайлардан күтуге болатын барлық ықтимал шаралар мен әрекеттер қабылданған жағдайда (бұдан әрі – еңсерілмейтін күш жағдайлары):
академиялық оқу (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында қарастырылған жұмыс) орнынан, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту орнынан Қазақстан Республикасында тұратын жеріне дейін және еңсерілмейтін күш жағдайлары аяқталғаннан кейін/оқуды қайта бастау кері қайту жолына;
визаны ресімдеу не ұзарту қажет болған жағдайда, академиялық оқу (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында қарастырылған жұмыс), тағылымдамадан, тілдік курстардан өту орнынан және кері бағытта шыққан кезде;
тілдік курстардан, академиялық оқу, тағылымдамадан өту елдерінің және/немесе шетелдік жоғары оқу орнының, тілдік мектептің, шетелдік ұйымның талаптарына сәйкес міндетті медициналық тексеруді қоса алғанда, визаны рәсімдеу, ұзарту (консулдық алым), виза (консулдық алымды) рәсімдеу үшін Елшіліктің талабы бойынша міндетті көрсетілетін қызметтерді төлеу жүзеге асырылады.
Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы салдарынан елде академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстар өту бір айдан астам мерзімге тоқтатқан, тоқтата тұрған жағдайда шетелде жүрген стипендиат, әуе және/немесе темір жол көлігі болған кезде Қазақстан Республикасының аумағына қайтарылады.
Еңсерілмейтін күш жағдайларының пайда болуы салдарынан тұруға және тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасын есептеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту елінде академиялық оқудың немесе оқу жылының (семестр/триместр), тағылымдамадан, тілдік курстардан өтудің тоқтату, тоқтата тұру, аяқтау және стипендиаттың Қазақстан Республикасына қайтып оралуына кедергі келтіретін жағдайлардың туындауы;
2) шетелде окуға алғашқы рет кірісетін/жалғастыратын және академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту елінің аумағында орналасқан тұлғалар үшін қашықтан оқытуды және/немесе аралас оқыту нысанын қолдана отырып, академиялық оқуы, тағылымдамадан, тілдік курстардан өтуін бастау және/немесе көшу;
3) Қазақстан Республикасының аумағында академиялық оқуға, тағылымдамадан, тілдік курстардан өтуге алғашқы рет кірісетін/жалғастыратын тұлғалар үшін қашықтан оқытуды қолдана отырып, академиялық оқуды, тағылымдамадан, тілдік курстардан өтуі;
4) шетелден Қазақстан Республикасының аумағына амалсыздан оралған және Қазақстан Республикасының аумағында оқуды жалғастыратын тұлғалар үшін қашықтан оқытуды қолдана отырып, академиялық оқуы, тағылымдамадан, тілдік курстардан өтуіне көшу;
Бұл ретте тұру мен тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасын есептеу:
академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту елінің, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін оқуды тоқтатқан, тоқтата тұрған, аяқтаған сәттен бастап бір айдан аспайтын мөлшерде;
академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту елінің осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін;
Қазақстан Республикасында тілдік курстардан өту үшін көзделген нормативтерге сәйкес, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін;
академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстар өту (тұруға) елінің және Қазақстан Республикасында тілдік курстардан өту үшін көзделген нормативтерге (тамақтануға) сәйкес, осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін осы шығыстар нормативі бойынша жүргізіледі;
Қазақстан Республикасының аумағына мәжбүрлі түрде қайтып келген және Қазақстан Республикасының аумағында қашықтан оқытуды қолдана отырып оқуды жалғастыратын стипендиат еңсерілмейтін күш жағдайлары кезеңінде, академиялық оқуды, тағылымдамадан, тілдік курстардан өтуді жалғастыратын Стипендиат (тұрғаны үшін) академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту елінің нормативі бойынша осы төлемді жүзеге асыру үшін академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту елінде тұрғаны үшін шығыстарды төлеу бойынша міндеттемелердің бар екендігі туралы растайтын құжаттарды, атап айтқанда: тұрғын үйді жалдау шарты, сондай-ақ төлем туралы чектердің түпнұсқалары немесе төлем туралы түбіртектер, немесе банктің мөртабанымен расталған клиенттің банк шоты бойынша үзінді көшірме немесе төлем фактісін растайтын шетелдік банктен ресми анықтама/хат академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстар өту (тұру үшін) елінің нормативі бойынша осы төлемді жүзеге асыру үшін ұсынады.
Академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту елінде тұрғаны үшін ақы төлеу бойынша міндеттемелер болмаған жағдайда тұрғаны үшін есептеу Қазақстан Республикасында тілдік курстардан өту үшін көзделген нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Еңсерілмейтін күш жағдайларының пайда болуы салдарынан егер бір күнтізбелік ай ішінде стипендиат академиялық оқудан, тағылымдамадан, тілдік курстар өтуден Қазақстан Республикасында және оқу елінде өтсе, онда стипендияны есептеу стипендиаттың академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстар өту елінде күнтізбелік 4 (төрт) және оданда артық күндер болған кезде академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстар өту елінің нормативі бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.04.2025 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Жеке оқу жоспарында көзделген мерзімде оқуды аяқтаудың мүмкін болмауына әкеп соққан, коронавирустық инфекция пандемиясымен байланысты шектеу іс-шараларының салдарынан академиялық оқыту (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында қарастырылған жұмыс) мерзімі ұзартылған жағдайда, тұруға және тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасын есептеу академиялық оқу елінің шығыстары нормаларының шегінде:
1) бакалавриат, магистратура бағдарламалары бойынша оқитын стипендиаттар үшін 1 (бір) семестрден/триместрден артық емес;
2) докторантура бағдарламасы бойынша білім алатын стипендиаттар үшін 12 (он екі) айдан аспайтын мөлшерінде жүргізіледі.
Академиялық оқу мерзімі коронавирустық инфекция пандемиясымен байланысты шектеу іс-шараларының салдарынан ұзартылған жағдайда оқу әдебиетін (материалдарын) сатып алуға арналған шығыстар сомасын есептеу жүргізілмейді.
Тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын есептеу "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жеке айқындаған мерзім шегінде жүргізіледі және осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында белгіленген мерзімнен аспайды.
Тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын есептеу кезеңі қайта бекітілген оқу жоспарына/жеке оқу жоспарына сәйкес нақты академиялық оқу кезеңі болып табылады.
Тұруға және тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасы 2020 жылы коронавирустық инфекция пандемиясымен байланысты шектеу іс-шараларының салдарынан өтініш жасаған адамдарға Комиссия шешімінде көрсетілген кезеңге академиялық оқуды ұзарту қажеттігі туралы қосымша есептеледі.
Тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын есептеу үшін күндер санын есептеу осы шығыстар нормасының 3-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Осы бұйрықтың 5-тармағының күші 2020 жылғы 11 наурыздан бастап коронавирустық инфекция пандемиясымен байланысты шектеу іс-шараларының жағдайларында болған адамдарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.04.2025 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған үлгілік шарт |
Типовой договор на организацию обучения для получения степени магистра |
9. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ, РЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ/ АДРЕСА, РЕКВИЗИТЫ И ПОДПИСИ СТОРОН | |
"ОРТАЛЫҚ"/ "ЦЕНТР" |
"СТИПЕНДИАТ"/ "СТИПЕНДИАТ" |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.04.2025 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған үлгілік шарт |
Типовой договор на организацию обучения для получения степени магистра |
9. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ, РЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ/ АДРЕСА, РЕКВИЗИТЫ И ПОДПИСИ СТОРОН | |
"ОРТАЛЫҚ"/ "ЦЕНТР" |
"СТИПЕНДИАТ"/ "СТИПЕНДИАТ" |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.04.2025 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тағылымдамадан өтуге арналған |
ТИПОВОЙ ДОГОВОР | ||
9. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ, ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ/АДРЕСА, РЕКВИЗИТЫ И ПОДПИСИ СТОРОН | |||
"ОРТАЛЫҚ"/"ЦЕНТР" |
"СТИПЕНДИАТ"/ |
"ЖҰМЫС БЕРУШІ"/ |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына 5-қосымша |
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.04.2025 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Резидентурада оқу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған үлгілік шарт |
Типовой договор на организацию обучения в резидентуре |
9. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ, РЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ/ АДРЕСА, РЕКВИЗИТЫ И ПОДПИСИ СТОРОН | |
"ОРТАЛЫҚ"/ "ЦЕНТР" |
"СТИПЕНДИАТ"/ "СТИПЕНДИАТ" |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына 6-қосымша |
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.04.2025 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Философия докторы (PhD), доктор бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған арналған үлгілік шарт |
Типовой договор на организацию обучения для получения степени доктора философии (PhD), доктора по профилю |
9. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ, РЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ/ АДРЕСА, РЕКВИЗИТЫ И ПОДПИСИ СТОРОН | |
"ОРТАЛЫҚ"/ "ЦЕНТР" |
"СТИПЕНДИАТ"/ "СТИПЕНДИАТ" |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына 7-қосымша |
Ескерту. Бұйрық 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.04.2025 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған үлгілік шарт |
Типовой договор на организацию обучения для получения степени магистра | ||
9. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ, РЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ/ АДРЕСА, РЕКВИЗИТЫ И ПОДПИСИ СТОРОН | |||
"ОРТАЛЫҚ"/"ЦЕНТР" |
"СТИПЕНДИАТ"/ "СТИПЕНДИАТ" |
"ЖҰМЫС БЕРУШІ"/ "РАБОТОДАТЕЛЬ" |