"Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 наурызда № 20196 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елдер бөлінісінде "Болашақ" халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыс нормаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жол жүру бойынша шығыстар "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, тағылымдамадан өту орнына академиялық оқу немесе тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, тағылымдамадан өту басталуына дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес және кері бағытта тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық, академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту аяқталған соң күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей шыққан кезде жүргізімді.

      Академиялық оқу 1 (бір) оқу жылынан ұзақ болған жағдайда, жол жүру бойынша шығыстар Қазақстан Республикасында тұратын жерінен оқитын жеріне оқудың әрбір оқу жылы басталуына дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес және кері бағытта оқудың әрбір оқу жылы аяқталған соң күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмей жол жүру бойынша жүргізіледі.

      Академиялық оқу орнынан, тағылымдамадан өтуден, тілдік курстардан,магистер алдындағы даярлықтан өту және кері қайту жөніндегі шығыстарды төлеу визаны, оның ішінде Қазақстан Республикасында ресімдеу немесе ұзарту қажет болған жағдайда жүргізіледі.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы шегінен тыс жол жүру кезінде әуе көлігін пайдалану бойынша шығыстарды төлеу стипендиат өтініші бойынша "Болашақ" бағдарламасы әкімшісі билетті брондап қойған сәттегі жол ақысының ең аз құны шеңберінде жүргізімді.

      Елде академиялық оқу, тағылымдамадан өту, тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындықты тоқтатқан/тоқтата тұрған жағдайда немесе академиялық оқу, тағылымдамадан өту, тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық қашықтықтан оқытуға көшсе, еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы салдарынан, атап айтқанда: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, соғыс қимылдары, қоршаулар, эпидемиялар және басқа да мән-жайлар туындауының салдары болып табылса, егер шарттық міндеттемелерді орындауға тікелей әсер етсе, мұндай әсер етуге кедергі болу мүмкін болмаған және қолданылуын қалыптасқан жағдайлардан күтуге болатын барлық ықтимал шаралар мен әрекеттер қабылданған жағдайда (әрі қарай - еңсерілмейтін күш жағдайлары):

      академиялық оқу орнынан, тағылымдамадан өту, тілдік курстардан өту, магистратура алдындағы дайындық орнынан Қазақстан Республикасында тұратын жеріне дейін және еңсерілмейтін күш жағдайлары аяқталғаннан кейін/оқуды қайта бастау кері қайту жолына;

      визаны ресімдеу не ұзарту қажет болған жағдайда, академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өту орнынан және кері бағытта шыққан кезде;

      тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өту, академиялық оқу, тағылымдамадан өту елдерінің және/немесе шетелдік жоғары оқу орнының, тілдік мектептің, шетелдік ұйымның талаптары бойынша міндетті медициналық тексеруді қоса алғанда, визаны рәсімдеу, ұзарту (консулдық жинақ), виза (консулдық жинақты) рәсімдеу үшін Елшіліктің талабы бойынша міндетті көрсетілетін қызметтерді төлеу жүзеге асырылады.

      Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы салдарынан елде академиялық оқу, тағылымдамадан өту, тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындықты тоқтатқан/тоқтата тұрған жағдайда немесе академиялық оқу, тағылымдамадан өту, тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық қашықтықтан оқытуы ауысқан жағдайларында стипендиат Қазақстан Республикасының аумағына қайтарылады.

      Еңсерілмейтін күш жағдайларының пайда болуы салдарынан тұруға және тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасын есептеу:

      академиялық оқу, тағылымдамадан өту, тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық елінің бекітілген нормативі бойынша бір айдан аспайтын мерзімде егер еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы салдарынан академиялық оқуды, тағылымдамадан өтуді, тілдік курстарды, магистратура алдындағы дайындықты тоқтату/тоқтата тұру кезеңінде немесе академиялық оқу, тағылымдамадан өту, тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық қашықтықтан оқытуға көшсе;

      академиялық оқу, тағылымдамадан өту, тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық елінің бір айдан астам еңсерілмейтін күш жағдайлары әсер еткен жағдайда және академиялық оқу, тағылымдамадан өту, тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық қашықтықтан оқытуға көшу/көшуінің болмауы, егер стипендиат академиялық оқу, тағылымдамадан өту, тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық елінде болса;

      академиялық оқу, тағылымдамадан өту, тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық елінің (тұруға) және Қазақстан Республикасында тілдік курстардан өту үшін көзделген нормативтерге (тамақтануға) сәйкес бір айдан астам еңсерілмейтін күш жағдайлары әсер еткен жағдайда және академиялық оқу, тағылымдамадан өту, тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық қашықтықтан оқытуға көшу/көшуінің болмауы жағдайда, егер стипендиат Қазақстан Республикасында болса бекітілген нормативі бойынша жүргізіледі.

      Шығыстарды төлеу растаушы құжаттардың негізінде нақты шығыстар бойынша жүк тасымалдау ақысын төлеусіз, жүргізіледі:

      1) Қазақстан Республикасының ішінде жол жүру бойынша – тікелей қатынайтын әуе және (Қазақстан Республикасына келген сәттен тұру жеріне дейін/тұру жерінен Қазақстан Республикасынан шығу сәтіне дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен аспауы қажет) купе вагоны (жүрдек поездардың жұмсақ дивандары төмен орналасқан, қалпын реттейтін құрылғысымен бірге жұмсақ креслолары бар (СВ), сондай-ақ "Турист" және "Бизнес" класындағы екіорындық купелі вагондарды қоспағанда) тарифінен жоғары емес теміржол көлігін пайдалану үшін сол аймақта қолданыстағы жол жүру құнымен тас жол және қара жол бойынша автокөлікті (таксиді қоспағанда) пайдалану үшін;

      2) Қазақстан Республикасынан тыс жерге жол жүру бойынша – үнемділік класы бойынша тікелей қатынайтын әуе көлігін пайдалану үшін, үнемділік класы бойынша теміржол көлігін пайдалану үшін, сол аймақта қолданыстағы жол жүру құны бойынша тас жол мен қара жол бойынша автокөлікті (таксиді қоспағанда) пайдалану үшін.

      3) магистратура алдындағы дайындықтан өту орнынан ел ішінде академиялық оқу орнына дейін (қала/штат) жол жүру бойынша - үнемділік класы бойынша тікелей қатынайтын әуе көлігін пайдалану үшін, үнемділік класы бойынша теміржол көлігін пайдалану үшін, сол аймақта қолданыстағы жол жүру құны бойынша тас жол мен қара жол бойынша автокөлікті (таксиді қоспағанда) пайдалану үшін.

      Стипендияны есептеу стипендиаттың нақты тұрған жерінің шығыс нормалары бойынша жүргізіледі. Егер стипендиат тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық, академиялық оқу (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында көзделген басқа жұмыс) уақытында "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалған елден ерекшеленетін елде, штатта немесе қалада болса, есептеу стипендиаттың нақты тұратын елінің бекітілген нормативі бойынша осындай норматив елдер бөлінісіндегі шығыс нормаларының бекітілген тізімінде болса, жүргізіледі. Норматив болмаған жағдайда, есептеу тағайындау елі бойынша жүргізіледі. Стипендиат академиялық оқу (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында қарастырылған басқа жұмыс) кезінде Қазақстан Республикасы аумағында болса, есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлеріне сәйкес жасалады.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлеріне оқу елінде тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомасын есептеу кезеңі шетелдік жоғары оқу орнының/білім беру ұйымының академиялық күнтізбесіне, шақыру хатына (алғаш рет шығатындар үшін), студенттік визаны рәсімдеу үшін иммиграциялық емес нысандарға (DS-2019, 1-20), тағылымдамадан өтудің бекітілген бағдарламасына, бекітілген оқу жоспарына/жеке оқу жоспарына (академиялық оқуын жалғастыруға шығатындар үшін) сәйкес оқу елінде нақты оқудың, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өтудің, бірақ оқуды/ тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру шартымен белгіленген мерзімнен аспайтын кезеңі болып табылады.

      Оқу елінде тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын есептеу әрбір күнтізбелік айға толық көлемде жасалады.

      Академиялық оқудың, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өтудің бірінші айы және академиялық оқудың, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өтудің соңғы айы күндерінің жалпы саны күнтізбелік 30 (отыз) немесе одан кем күнді құраса, онда төлем академиялық оқудың, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өтудің бірінші немесе соңғы айында жүзеге асырылады.

      Оқу кезеңінің бірінші немесе соңғы айының оқу күндерінің саны күнтізбелік 3 (үш) күннен аспаса, онда осы айлар үшін төлем жасалмайды.

      Академиялық оқу кезеңінде оқу материалдарын сатып алу шығыстарының сомаларын есептеу бекітілген оқу жоспарына сәйкес жылына екі рет жүргізіледі, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан және тағылымдамадан өту кезеңінде ай сайын жүргізіледі.

      Тұру, тамақтану және оқу әдебиеттерін сатып алу үшін стипендияны есептеу және төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген нормаларға сәйкес тізімдеме құру күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі. Тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын төлеу алдыңғы айдың 25-інен бастап ағымдағы айдың 5-іне дейін жүргізіледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің жоғары арнаулы білім алу, клиникалық ординатурада, аспирантурада оқу үшін "бакалавриат" бағдарламасы бойынша оқу процесінде оқу әдебиеттерін сатып алу бойынша шығыс нормалары 2012 жылға дейінгі "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысқан стипендия иегерлеріне қолданылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін, осы бұйрықтың 1-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов