Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 сәуірде № 7584 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қолданушылардың назарына!
      Осы Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-3. қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының осы қаулының қосымшасына сәйкес қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Министр                                    Б.Жәмішев

      2012 жылғы 12 наурыз

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2012 жылғы 24 ақпандағы  
№ 42 қаулысымен     
бекітілген       

Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық
бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт
бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн, сондай-ақ резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу талаптарын (оның ішінде келісімшарттың сомасына қатысты асып кеткен жағдайда келісімшарттың есептік нөмірін алу талап етілетін шекті мәнін) айқындайды.
      Экспорттық-импорттық валюталық бақылау – бұл уәкілетті банктер, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) және басқа да мемлекеттік органдар резиденттердің шетел және ұлттық валютаны репатриациялау талабын (бұдан әрі – репатриациялау талабы) орындауын қамтамасыз ету мақсатында өз құзыреттері шеңберінде жүзеге асыратын шаралар кешені.
      Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібі репатриациялау талабының орындалуын бақылаудың негізгі және қосымша (жеке жағдайлардан) рәсімдерінен және оларды аяқтау талаптарынан, репатриациялау талабының орындалуын бақылаудың мақсаттары үшін келісімшарттар бойынша ақпарат алмасудан, сондай-ақ өтпелі ережелерден тұрады.
      2. Осы Қағидаларда қолданылған ұғымдар Заңда көрсетілген мағыналарда пайдаланылады.
      Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай терминдер мен ұғымдар да пайдаланылады:
      1) бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде заңды тұлға (филиал және өкілдік) үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
      2) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Ұлттық Банк бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен айқындалған теңгенің шетел валютасына қатысты орташа алғандағы биржалық бағамы, сондай-ақ теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін,  Ұлттық Банк бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептелетін шетел валютасына қатысты бағамы;
      3) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
      4) келісімшарт – тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспортын немесе импортын көздейтін валюталық шарт;
      5) келісімшарт бойынша салыстырып тексеру акті – келісімшарт бойынша тауарлардың қозғалысын салыстырып тексеру нәтижелері бойынша келісімшартты есептік тіркеу банкі мен кеден органы жасаған акт;
      6) келісімшарттарды тіркеу журналы – келісімшарттардың есептік нөмірі берілген келісімшарттарды тіркеу үшін келісімшартты есептік тіркеу банкі жүргізетін журнал;
      7) келісімшартты есептік тіркеу – келісімшарттың түпнұсқасына немесе көшірмесіне тиісті белгі қоя отырып, келісімшартқа келісімшарттың есептік нөмірін беру, сондай-ақ келісімшарт шеңберінде есеп жүргізу және міндеттемелердің орындалуы бойынша есептілік беру;
      8) келісімшартты есептік тіркеу банкі – келісімшарт шеңберінде репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау мақсатында келісімшартты есептік тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті банк (оның филиалы), Ұлттық Банктің аумақтық филиалы (бұдан әрі – филиал);
      9) келісімшарттың есептік нөмірі – келісімшартты есептік тіркеу банкі беретін, валюталық операциялар бойынша есепті және есептілікті қамтамасыз етуге арналған тіркеу нөмірі немесе осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін келісімшарт бойынша ресімделген мәміле паспортының нөмірі;
      10) Қазақстан Республикасының кеден органдары (бұдан әрі – кеден органдары) – кеден істері саласындағы уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері, Қазақстан Республикасының кедендері және кеден бекеттері;
      11) Қазақстан Республикасының салық органдары (бұдан әрі – салық органдары) – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар  бойынша аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ уәкілетті органның ауданаралық аумақтық бөлімшелері;
      12) лицензия – резиденттің резидент емеске коммерциялық кредит беруі үшін Ұлттық Банк 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейін берген лицензия;
      13) мәміле паспорты – репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау мақсаттары үшін осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін келісімшарт бойынша ресімделген құжат;
      14) репатриациялау мерзімі – экспорт датасы мен экспортты төлеуге валюта келіп түскен күн арасындағы не импорт бойынша ақша төленген және (немесе) аударылған күн мен резидент емес міндеттемелерін орындамаған және (немесе) толық орындамаған жағдайда импорт бойынша пайдаланылмаған аванс қайтарылған күн арасындағы, не импорт бойынша ақша төленген және (немесе) аударылған күн мен келісімшартта пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі болмаған жағдайда импорт күні арасындағы уақыт кезеңі;
      15) экспортер немесе импортер – келісімшарт жасаған не келісімшарт бойынша резидент емеске талап қою құқығы өткен Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлға, оның филиалы, сондай-ақ жеке кәсіпкер).

2. Репатриациялау талабының орындалуын бақылаудың негізгі рәсімдері

      3. Уәкілетті банктер, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдары осы Қағидалардың 29-тармағының 1)-5) және 7) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, елу мың АҚШ доллары баламасынан жоғары сомаға келісімшарттар бойынша репатриациялау талабының орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
      Егер келісімшарт АҚШ долларынан өзгеше валютамен көрсетілсе және келісімшартта АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамына нұсқау болмаса, келісімшарт сомасының АҚШ долларындағы баламасын айқындау үшін қайта санау келісімшарт жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
      Егер келісімшарт АҚШ долларынан өзгеше валютамен көрсетілсе, резидент еместің орындалмаған міндеттемелерінің сомасы келісімшарт валютасында оны кейіннен келісімшарт бойынша репатриациялау мерзімі аяқталатын айдың соңғы күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып АҚШ долларына қайта санау арқылы есептеледі. Келісімшартты есептік тіркеуден алу мақсатында резиденттің орындалмаған міндеттемелерінің сомасын АҚШ долларына қайта санау келісімшартты есептік тіркеуден алған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
      Егер келісімшарт міндеттемелерді орындау валютасынан өзгеше валютада көрсетілсе және келісімшарт тараптары міндеттемелерді орындау валютасын келісімшарт валютасына қайта есептеудің бағамы айқындалмаса, орындалған міндеттемелер сомасын келісімшарт валютасына қайта есептеу міндеттемелерді орындау күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
      4. Репатриациялау мерзімі келісімшарттың есептік нөмірін талап ететін келісімшарттар бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасының нысаны бойынша келісімшарттың есептік нөмірін алуға арналған өтініште, ал есептік нөмірді алуды талап етпейтін келісімшарттар бойынша еркін нысандағы өтініште көрсетіледі. Есептік нөмірді алуды талап етпейтін келісімшарттар үшін экспортердің немесе импортердің репатриациялау мерзімі көрсетілген өтініші болмаған жағдайда, бұл мерзім 180 күнтізбелік күнге тең болып қабылданады.
      Репатриациялау мерзімін экспортер немесе импортер келісімшарт бойынша тараптардың міндеттемелерді осы Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген тәртіппен орындау талаптарына қарай есептейді және толық жылдар мен күндердің саны ретінде көрсетіледі.
      5. Репатриациялау мерзімі еркін нысандағы өтініште мынадай жағдайларда жаңа репатриациялау мерзімін көрсету арқылы өзгертіледі:
      1) егер бұған дейін экспортер немесе импортер көрсеткен репатриациялау мерзімі келісімшарттың талаптарына сәйкес келмесе және (немесе) осы Қағидалардың нормаларын ескерместен есептелсе;
      2) келісімшарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімдеріне және талаптарына әсер ететін жағдайлардың басталуын растайтын мынадай құжаттар болса:
      келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар;
      соттың немесе өзге мемлекеттік органның, төрелік соттың шешімі;
      3) келісімшарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімдерін және талаптарын өзгертуге әсер ететін дүлей күш жағдайларының туындауы.
      Дүлей күш жағдайлары туындаған немесе соттың немесе өзге мемлекеттік органның, төрелік соттың шешімінде келісімшарт бойынша резидент еместің міндеттемелерін орындау мерзімдері болмаған кезде репатриациялау мерзімі үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
      6. Валюталық бақылау мақсаттары үшін тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспортының немесе импортының күні болып:
      1) тауарларды Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізген кезде – сыртқы сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік рәсім ретінде тауардың орналастырылуын растайтын тауарлар декларациясында көрсетілген, тауарлардың шығарылған күні;
      2) тауарларды Кеден одағының кеден аумағының ішінде импорт үшін өткізген кезде, «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті ресімдеу көзделген жағдайда – Қазақстан Республикасы салық органының тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу жөніндегі өтінішті қабылдағаны туралы белгі қойған күні;
      3) қалған жағдайларда:
      өзара сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік рәсім ретінде тауардың орналастырылуын растайтын тауарлар декларациясында көрсетілген, тауарлардың шығарылған күні (тауарлар декларациясын ресімдеу көзделген кезде);
      тауарлар беруді, жұмыстар орындауды (қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттарға қол қойылған (қабылданған) күн;
      нақты берілген тауарлар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін шот-фактураның, инвойстың берілген күні;
      жұмыстар орындалғанын (қызметтердің көрсетілгенін) растайтын құжаттарға қол қоюды (қабылдауды) және нақты орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін шот-фактура, инвойс беруді көздемейтін келісімшарттың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындаудың басталған күні;
      аумағына тауарлар импортталған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қабылдағаны туралы белгі қойған күні саналады.
      7. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін валютаны репатриациялау жөніндегі талаптың орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті банкке немесе Ұлттық Банктің филиалына келіп түсетін құжаттар валюталық бақылау құжаттары болып табылады. Мұндай құжаттарға мыналар жатады:
      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша немесе келісімшарттың есептік нөмірін алуды талап етпейтін келісімшарттар бойынша еркін нысандағы келісімшарттың есептік нөмірін алуға өтініш;
      2) есептік тіркеуден өтуі тиіс келісімшарттар үшін есептік нөмірдің берілгені туралы белгісі бар келісімшарт (түпнұсқасы немесе оның көшірмесі);
      3) мыналарды:
      келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерінің және талаптарының немесе тараптарының өзгергенін;
      келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалғанын (тауарлар декларациясын, жұмыстардың орындалғанын (қызметтердің көрсетілгенін) немесе тауарлардың Кеден одағының кеден аумағының ішінде экспорт немесе импорт үшін өткізілуін растайтын құжаттарды қоса алғанда);
      экспортердің немесе импортердің шетел банкіндегі банк шотының Заңның 12-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген шоттарға сәйкес келуін растайтын құжаттар;
      4) шетел банктеріндегі банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірмелер, төлем және шетел банктеріндегі банк шоттарынан төлемдер мен (немесе) аударымдарды растайтын және сәйкестендіретін өзге құжаттар;
      5) лицензия, тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік, мәміле паспорты;
      6) келісімшарт бойынша салыстырып тексеру акті.
      Егер тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште экспортталған немесе импортталған тауарлар бойынша жиынтық сома болмаса, экспортер немесе импортер бұл жиынтық соманы келісімшартты есептік тіркеу банкіне валюталық бақылау құжаты ретінде ұсынылатын тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесінде көрсетеді.
      Экспортер немесе импортер уәкілетті банктің немесе Ұлттық Банк филиалының талап етуі бойынша ұсынатын валюталық бақылау құжаттарының көшірмелері экспортердің немесе импортердің уәкілетті тұлғасының мөрімен және (немесе) қолымен расталады. Электрондық құжат айналымы болған кезде экспортер немесе импортер ұсынатын құжаттардың электрондық көшірмелері экспортердің немесе импортердің цифрлық қолтаңбасымен расталады.
      Шет тілдегі валюталық бақылау құжаттарының көшірмелері уәкілетті банктің немесе Ұлттық Банк филиалының талап етуі бойынша экспортердің немесе импортердің уәкілетті тұлғасының мөрімен және (немесе) қолымен расталып, мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылады.
      8. Тауарларды экспорт немесе импорт үшін Кеден одағының кедендік аумағы ішінде алып өтуді растайтын құжаттары мыналар болып табылады:
      1) тауарларды импорт үшін Кеден одағының кедендік аумағы ішінде алып өткен кезде, Салық кодексінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті ресімдеу көзделген кезде – тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (Қазақстан Республикасы салық органының жанама салықтардың төленгені туралы белгісі бар қағаз жеткізгіште);
      2) қалған жағдайларда:
      тауарды өзара сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кеденді рәсім арқылы алып өтуді растайтын, тауарларға арналған декларация;
      тауарлардың өткізілуін және (немесе) жұмыстардың орындалуын (қызметтердің көрсетілуін) растайтын акт;
      нақты өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін шот-фактуралар, инвойстар;
      Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлар экспортын растау үшін тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (аумағына тауарлар импортталған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтардың төленгені туралы белгісі бар қағаз тасымалдағышта).
      9. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін тауарларды экспорт немесе импорт үшін Қазақстан Республикасының аумағынан алып өту деп:
      тауарларды өзара сауда статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына (аумағынан) алып өту;
      сыртқы сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік рәсімдердің бірінде орналастырылған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасынан алып өту түсініледі.
      10. Экспортер немесе импортер тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімдері мен талаптарына әсер ететін жағдайлар туындаған жағдайда, растайтын құжаттарды келісімшартты есептік тіркеу банкіне ұсынады.
      Құжаттар олар бар болған кезде резидент еместің экспортер немесе импортер алдындағы орындалмаған міндеттемелерінің сомасы баламасы елу мың АҚШ долларынан асқан репатриациялау мерзімі аяқталатын айдың соңғы күнінен кешіктірмей ұсынылады.
      Вексель бойынша төлем алған кезде немесе вексель бойынша талаптар құқықтарын үшінші тұлғаға өткізу кезінде растау құжаттарын экспортер немесе импортер вексель бойынша төлем немесе вексель бойынша талаптар құқықтарын өткізу күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде ұсынады.
      Келісімшарт бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын резидент емес үшінші тұлға жүзеге асырған кезде импортер келісімшартты есептік тіркеу банкіне резидент емес үшінші тұлғаның атауын немесе аты-жөнін, тұратын елін, төлемнің күнін, сомасы мен валютасын көрсете отырып, осы ақша төлемдері және (немесе) аударымдары бойынша ақпаратты төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүргізілген күннен бастап күнтізбелік 180 күннен кешіктірмей ұсынады.
      11. Егер репатриациялау мерзімі аяқталып, ал резидент еместің экспортер немесе импортер алдындағы келісімшарт бойынша орындалмаған міндеттемелерінің сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, уәкілетті банк репатриациялау мерзімі аяқталғаннан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей экспортердің немесе импортердің атына резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі мен талаптарына немесе резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауына әсер ететін жағдайларды растайтын құжаттарды ұсынуы туралы сұрату (жазбаша нысанда не электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып) жібереді.
      Экспортер немесе импортер репатриациялау мерзімінің ұзартылуын немесе резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті банк Ұлттық Банкке осы Қағидалардың 51-тармағына сәйкес ақпарат жібереді.
      12. Ұлттық Банктің филиалы экспортердің немесе импортердің атына резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі мен талаптарына әсер ететін жағдайларды растайтын ақпаратты және құжаттарды, сондай-ақ:
      1) егер экспортер немесе импортер алдындағы келісімшарт бойынша орындалмаған міндеттемелерінің сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, Ұлттық Банктің филиалы келісімшарттың есептік тіркеу банкі болып табылатын келісімшарт бойынша репатриациялау мерзімі аяқталған;
      2) уәкілетті банктен осы Қағидалардың 51-тармағына сәйкес ақпарат алған жағдайларда резидент еместің міндеттемені орындағанын растайтын құжаттарды ұсыну туралы жазбаша сұрату жібереді.
      13. Осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарына сәйкес сұратылған құжаттарды (бар болған кезде) және ақпаратты экспортер немесе импортер сұрату алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жазбаша  түрде ұсынады.
      14. Ұлттық Банктің филиалы осы Қағидалардың 1012 және 13-тармақтарына сәйкес экспортер немесе импортер ұсынған құжаттар және ақпарат негізінде экспортердің немесе импортердің іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтың немесе қылмыстық жазалау іс-әрекетінің болуы туралы мәселені қарайды. Қылмыстық жазалау іс-әрекетінің белгілері болған кезде Ұлттық Банктің филиалы құқық қорғау органдарына олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктеріне сәйкес ақпарат жібереді.
      15. Есептік тіркеуге жататын келісімшарт бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, келісімшарттың есептік тіркеу банкі жүзеге асырады.
      Есептік тіркеуге жататын келісімшарт бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізу кезінде экспортер немесе импортер төлем құжаттарында келісімшарттың деректемелерін және келісімшарттың есептік нөмірін көрсетеді.
      Түскен сомаларды сәйкестендіру үшін экспортер немесе импортер резидент емеске экспортердің немесе импортердің пайдасына ақша аударуға арналған төлем құжаттарында келісімшарттың деректемелерін және оның есептік нөмірін көрсету қажеттілігі туралы хабарлайды.
      16. Репатриация талаптарының орындалуын бақылау талап етілетін келісімшарт бойынша ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізу кезінде уәкілетті банк төлем құжатында есептік тіркеуге жататын келісімшарттар үшін келісімшарт деректемелерінің және келісімшарт есептік нөмірінің болуын тексереді.
      Егер экспортердің немесе импортердің төлем құжатында келісімшарттың деректемелері дұрыс көрсетілмесе немесе келісімшарттың есептік нөмірі болмаса (есептік тіркеуге жататын келісімшарттар үшін), уәкілетті банк ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізуден бас тартады.
      Егер есептік тіркеуге жататын келісімшарттар бойынша экспортердің немесе импортердің пайдасына түскен ақша төлемі және (немесе) аударымы бойынша төлем құжатында келісімшарттың деректемелері дұрыс көрсетілмесе немесе келісімшарттың есептік нөмірі болмаса (есептік тіркеуге жататын келісімшарттар үшін), уәкілетті банк ақшаны есепке алуды экспортердің немесе импортердің келісімшарттың деректемелерін немесе келісімшарттың есептік нөмірін жазбаша растауы негізінде жүргізеді.
      Репатриациялау мерзімдерін сақтамау уәкілетті банк үшін ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.
      Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін мәмілелер паспорты ресімделген келісімшарттар бойынша ақша төлемін және (немесе) аударымын уәкілетті банк осы Қағидалардың 54-тармағында белгіленген тәртіппен келісімшарттың есептік нөмірі қойылғаннан кейін жүзеге асырады.
      17. Төлем құжатында келісімшарт бойынша түскен ақшаны есепке алу үшін қажетті деректер болмаған жағдайда, уәкілетті банк оларды экспортерді немесе импортерді келіп түскен сомаларды бірегейлендіру қажеттілігі туралы алдын ала жазбаша хабарлай отырып жіберушінің нұсқауларын сақтау шотына есепке алады.
      Экспортер немесе импортер есептік уәкілетті банкті келісімшарттың деректемелерін және оның есептік нөмірін көрсете отырып, түскен соманың сипаты туралы жазбаша хабардар етеді (есептік тіркеуге жататын келісімшарттар үшін).
      Егер түскен ақша күнтізбелік 180 күн ішінде келісімшарттың деректемелері немесе келісімшарттың есептік нөмірі бойынша бірегейлендірілмесе не экспортер немесе импортер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген құжаттар мен ақпаратты ұсыну бойынша өзге іс-әрекеттерді орындамаса, уәкілетті банк жіберушіге осындай нұсқауды орындамастан қайтарады.
      18. Есептік тіркеуге жататын келісімшарт бойынша басқа уәкілетті банкке ақша түскен кезде уәкілетті банк ақшаны экспортердің немесе импортердің банк шотына есепке алады және экспортердің немесе импортердің нұсқауы негізінде түскен ақшаны есептік тіркеу банкіне аударуды жүзеге асырады. Экспортер немесе импортер келісімшартты есептік тіркеу банкіне ақша аударуға арналған төлем құжатына келісімшарттың тіркеу нөмірі және оның берілген күні көрсетілген келісімшарт парағының көшірмесін қоса береді.
      19. Егер ақша төлемінің және (немесе) аударымының валютасы келісімшарттың валютасымен сәйкес келмесе, уәкілетті банк түскен соманы:
      1) ақша төлемінің және (немесе) аударымының валютасын келісімшарттың валютасына қайта есептеудің келісімшарттың тараптары айқындаған бағамына сәйкес;
      2) егер тараптар ақша төлемінің және (немесе) аударымының валютасын келісімшарттың валютасына қайта есептеу бағамын айқындамаса, ақша төлемі және (немесе) аударымы күнгі валюталар айырбастау бағамына сәйкес есепке алады.
      20. Тауарларды кедендік тазалау кезінде кеден органының уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағидаларға сәйкес есептік тіркеу нөмірін беру талап етілетін келісімшарттар бойынша келісімшарттың тауарларға арналған декларацияда мәлімделген есептік нөмірін келісімшарттың келісімшартты есепке алу банкі келісімшартта көрсеткен есептік нөмірмен не осы Қағидалардың 54-тармағында көрсетілген жағдайда мәміле паспортының нөмірімен салыстырып тексереді.

3. Резиденттердің келісімшарттардың есептік тіркеу нөмірлерін
алу талаптары

      21. Келісімшарт:
      1) экспортердің немесе импортердің банк шотына қызмет көрсететін уәкілетті банкте – ақша төлемдері және (немесе) аударымдары экспортердің немесе импортердің уәкілетті банктегі банк шоттарын пайдалана отырып асырылатын келісімшарттар бойынша;
      2) экспортердің немесе импортердің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалында – ақша төлемдері және (немесе) аударымдары толық түрде экспортердің немесе импортердің шетелдік банктегі, Заңның 12-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген шоттарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын келісімшарттар бойынша;
      3) уәкілетті банкте – уәкілетті банк экспортер немесе импортер болып табылатын келісімшарттар бойынша есептік тіркеледі.
      22. Экспортер немесе импортер келісімшарттың есептік нөмірін алуды келісімшарт бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы жүргізілгенге дейін және (немесе) тауарлар келісімшарт бойынша экспортердің немесе импортердің экспорты немесе импорты үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өткізілгенге дейін жүзеге асырады.
      23. Келісімшарттың есептік нөмірі:
      1) тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы экспорт немесе импорт үшін, оның ішінде жұмыстар орындау, қызметтер көрсету келісімшарттары шеңберінде немесе бір жылдан артық мерзімге лизинг келісімшарты бойынша алып өткізілген;
      2) тауарларды меншіктеу құқығының резиденттен резидент емеске не резидент еместен резидентке өтуіне байланысты бұрын басқа кедендік рәсім арқылы алып өткізілген тауарларға қатысты экспорттың кедендік рәсіміне арналған кедендік рәсім өзгерген;
      3) есептік тіркеу банкі болып табылмайтын уәкілетті банктің қызмет көрсетуіне өткен жағдайда, оның ішінде есептік тіркеу банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын тоқтата тұрған не айырған және келісімшартты есептік тіркеуден шығару үшін негіздер болмаған жағдайда;
      4) осы Қағидалардың 38-тармағында белгіленген жағдайларда, жеткізілетін тауарлардың құны келісімшарт жасау күні баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын әрбір келісімшарт бойынша жеке беріледі.
      24. Экспортер немесе импортер келісімшарттың есептік нөмірін алу үшін:
      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтінішті;
      2) келісімшарттың түпнұсқасын немесе көшірмесін ұсынады.
      25. Келісімшарттың есептік тіркеу банкінің қызметкері экспортер немесе импортер осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттарды берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде келісімшартты Қағидалардың 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша келісімшарттарды журналына тіркейді және келісімшарттың түпнұсқасының немесе көшірмесінің бірінші немесе соңғы парағында келісімшарттың есептік нөмірін және оны берген күнді көрсетеді, өз қолымен және келісімшарттың есептік тіркеу банкінің мөрімен растайды.
      Электрондық құжат айналымы кезінде келісімшарттың есептік тіркеу банкі электрондық цифрлық қолтаңбамен растай отырып, келісімшарттың электрондық көшірмесіне есептік нөмір береді.
      26. Уәкілетті банк немесе Ұлттық Банктің филиалы:
      1) келісімшартта Қазақстан Республикасының валюта заңнамасының талаптарына қайшы келетін талаптардың болуы, оның ішінде келісімшартта резидент еместің міндеттемелерді орындау мерзімдерінің болмауы;
      2) экспортердің немесе импортердің осы Қағидалардың 1-қосымшасының нысаны бойынша келісімшарттың есептік нөмірін алу үшін берілген өтініштегі қолдарының және (немесе) мөрлерінің экспортердің немесе импортердің банк шоты бойынша тұлғалардың қолдарының үлгісі бар құжаттағы қол қою және мөр үлгісіне сәйкес келмеген жағдайларда келісімшарттың есептік нөмірін беруден бас тартады.
      27. Келісімшартқа тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімі мен талаптарына, келісімшарттың сомасы мен валютасына әсер ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, экспортер немесе импортер есептік тіркеу банкіне осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімдерде растау құжаттарын ұсынады.
      28. Есептік тіркеу банкі әрбір экспортер немесе импортер бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлері бойынша, валюталық құжаттардың түсуіне қарай олардың көшірмелерінен қалыптастырылатын істі жүргізеді. Істі электрондық нысанда жүргізуге жол беріледі.
      29. Келісімшартқа есептік нөмір беру:
      1) Ұлттық Банк немесе уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы қолма-қол ақша алып өткен кезде;
      2) Ұлттық Банк немесе уәкілетті банктер шетел банктеріндегі металл шоттарға орналастыру үшін бағалы металдарды әкеткен кезде;
      3) Ұлттық Банк немесе уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының аумағына бағалы металдар әкелген кезде;
      4) ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыртқы заемдары немесе Қазақстан Республикасының кепілдік беруімен қамтамасыз етілген сыртқы заемдар есебінен жүргізілетін келісімшарттар үшін;
      5) Қазақстан Республикасының ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын мемлекеттік органдарының бөлімшелері (ведомстволары) арқылы жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерімен және мемлекеттік кәсіпорындарымен жасалған келісімшарттар үшін;
      6) резидент еместермен жасаған, экспорт немесе импорт үшін Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өту көзделмейтін келісімшарттар үшін;
      7) тауарларды ақша міндеттемелерінің туындауы көзделмейтін келісімшарттар бойынша алып өткен кезде талап етілмейді.
      30. Егер ақы төлеу аударым аккредитивін пайдалану арқылы экспортердің (сауда делдалының) және резидент-жүк жіберушінің пайдасына жүргізілсе, онда есептік нөмір аударым аккредитиві бойынша аударым жасайтын банк ретінде экспортерге қызмет көрсететін келісімшарттың есептік тіркеу банкіндегі келісімшартқа беріледі.
      Тауарлардың экспорты үшін ақы төлеу түсімі мына жағдайларда:
      1) егер екі бенефициардың (экспортердің және жүк жіберушінің) банк шоттарына түскен түсімдердің сомасы келісімшарт талаптарына сәйкес келсе. Бұл ретте экспорттан түскен түсім туралы ақпаратта аккредитив бойынша уәкілетті банкке келіп түскен барлық сома бірінші бенефициар-экспортер мен екінші бенефициар-жүк жіберуші арасында бөлінгенге дейін көрсетіледі;
      2) егер екінші бенефициардың банк шотына түскен түсімдер сомасы бірінші бенефициардың банк шотына түсуі тиіс соманы шегергенде келісімшарт сомасына тең болса (бірінші бенефициар аударым жасайтын банктің алғашқы талабы бойынша екінші бенефициар шотының (инвойстың) орнына өз шотын (инвойсты) ұсынбаған және аккредитив бойынша ақы төлеуді эмитент-банк екінші бенефициардың пайдасына жүзеге асырған жағдайда) толық көлемде түскен болып саналады.

4. Репатриациялау талабының орындалуын бақылаудың
қосымша рәсімдері (жеке оқиғалар)

      31. Уәкілетті банкте, сол сияқты шетел банкінде ашылған банк шоттарын пайдалану арқылы төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүзеге асырылатын келісімшарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылауды:
      уәкілетті банк арқылы жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бөлігінде уәкілетті банк;
      экспортер немесе импортер ұсынған құжаттар мен ақпарат негізінде Заңның 12-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген шетел банктеріндегі банк шоттары бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бөлігінде Ұлттық Банктің филиалы жүзеге асырады.
      Шетел банктеріндегі банк шоттарын пайдалану арқылы жүзеге асырылған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының сомаларын уәкілетті банк экспортердің немесе импортердің Ұлттық Банктің филиалына ұсынған осындай төлемдері және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратының негізінде есепке алады.
      32. Егер келісімшарт бойынша резидент емес берешегінің қалдық сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асатын болса, есептік тіркеу жүзеге асырылған келісімшарт бойынша басқа банктің қызметіне ауысқан кезде экспортер немесе импортер келісімшартты есептік тіркеген алдыңғы банкке:
      1) келісімшарт бойынша басқа банктің қызметіне ауысуына байланысты келісімшартты есептік тіркеуден шығару туралы еркін нысандағы өтінішті;
      2) келісімшартты есептік тіркеген басқа банкке келісімшарт бойынша ақша мен тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратты өзінің сұратуы бойынша беруге арналған жазбаша келісімді ұсынады.
      Экспортер немесе импортер келісімшартты есептік тіркеуден шығару туралы өтінішті берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен келісімшартты есептік тіркеген жаңа банктен келісімшарттың есептік нөмірін алады. Келісімшартты есептік тіркеген жаңа банк экспортердің немесе импортердің жазбаша келісімінің негізінде келісімшартқа жаңа есептік нөмір берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде келісімшартты есептік тіркеген алдыңғы банкке келісімшартқа жаңа есептік нөмір берілгені туралы хабарлауды және осы келісімшарт бойынша ақша мен тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратты беру туралы жазбаша сұрау салуды жібереді.
      Келісімшартты есептік тіркеген алдыңғы банк аталған хабарлау мен жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде келісімшарттың түпнұсқасына немесе көшірмесіне тиісті белгі қойып, келісімшартты есептік тіркеуден шығарады және келісімшартты есептік тіркеген жаңа банкке ақша мен тауарлардың қозғалысы және келісімшарттың есептік тіркеуден алынғаны туралы қолда бар ақпаратты ұсынады.
      Келісімшартты есептік тіркеген алдыңғы банк келісімшартты есептік тіркеуден шығарғаннан кейін келісімшарт бойынша ақша төлемі мен (немесе) аударымын жүргізбейді.
      Уәкілетті банктің бір филиалынан уәкілетті банктің басқа филиалының қызметіне ауысу арқылы келісімшартты есептік тіркеу банкі өзгерген жағдайда, келісімшартты есептік тіркеуден шығару талап етілмейді. Бұл ретте осы келісімшарт бойынша экспортерге немесе импортерге қызмет көрсеткен уәкілетті банктің филиалы бес жұмыс күні ішінде келісімшарт бойынша барлық құжаттар мен ақпаратты осы келісімшартты валюталық бақылауға қабылдайтын уәкілетті банктің филиалына береді.
      33. Мыналар:
      1) мыналарға:
      экспортерге немесе импортерге банк шотын ашқаны және келісімшарт бойынша жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі ақпаратпен банк шоты ашылған немесе төлем жүргізілген және (немесе) ақша аударылған операциялық күннен кешіктірмей уәкілетті банк пен оның филиалы арасында ақпарат алмасуға;
      осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ұсынылған келісімшарт бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратқа уәкілетті банктің көрсетілген ақпаратты алған операциялық күнінен кешіктірмей қол жеткізуге;
      уәкілетті банк (оның филиалдары) келісімшартқа есептік нөмір берген операциялық күннен кешіктірмей есептік нөмірі бар келісімшарттар жөнінде уәкілетті банк бойынша жалпы жиынтық ақпараттың болуына;
      экспорт немесе импорт бойынша маңызды электрондық іс қағаздарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін интеграцияланған автоматтандырылған ақпарат жүйесі;
      2) мына:
      экспортердің немесе импортердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүргізу;
      уәкілетті банктің өз филиалдарына келісімшарт бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратты жеткізу;
      уәкілетті банктің тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде уәкілетті банк филиалының валюталық бақылау агенттерінің функцияларын жүзеге асыруына және уәкілетті банктер филиалдарының келісімшарттар бойынша ақша мен тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратқа қол жеткізуіне байланысты тәуекелдерді бағалауды, өлшеуді, бақылауды және мониторингін жүзеге асыру рәсімдерін реттейтін ішкі ережелер;
      3) уәкілетті банк (оның филиалы) бойынша келісімшарттарға есептік нөмірлерді кейіннен беруді қамтамасыз ететін келісімшарттарды тіркеу журналын және экспорт немесе импорт бойынша істерді электрондық түрде жүргізу мүмкіндігі болған жағдайларда, уәкілетті банктің әртүрлі филиалдарында келісімшарт бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ уәкілетті банктің (оның филиалының) әртүрлі орналасқан жері бар операциялық залдарының келісімшарттарға есептік нөмірлерді беруіне рұқсат етіледі.
      34. Егер келіп түскен ақша экспортердің немесе импортердің банк шотына келісімшартты есептік тіркеу банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиясын тоқтата тұру не одан айыру себебі бойынша аударылмаған болса, онда экспорттық түсімнің түсуін не импорт жөніндегі келісімшарт бойынша бұрын аударылған ақшаның келісімшартты есептік тіркеу банкінің корреспонденттік шотына қайтарылуын бақылау мақсаттары үшін экспортердің немесе импортердің пайдасына ақшаның түскенін растайтын құжат ретінде келісімшартты есептік тіркеу банкінің тарату комиссиясының келісімшартты есептік тіркеудің таратылатын банкінің корреспонденттік шотына келісімшарттың нақты есептік нөмірі бойынша сәйкестендірілген ақшаның түскені туралы анықтамаларын қабылдауға рұқсат етіледі.
      35. Резиденттің келісімшарт бойынша төлеуші үшінші тұлға ретінде қатысуы:
      1) резидент үшінші тұлғаның резидент емеске кредит ұсынған;
      2) импортер мен резидент үшінші тұлғаның арасында жасалған бірлескен қызмет туралы шарттың не агенттік шарттың шеңберінде резидент үшінші тұлғаның келісімшарт бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған;
      3) экспортердің резидент емеске және резидент еместің резидент үшінші тұлғаға талаптары есепке алынған;
      4) үшінші тұлғалардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуын және өзге де мәмілелерді қаржыландырған, сондай-ақ үшінші тұлғалардың нәтижесінде ақшаны және өзге де мүлікті сыйақымен немесе сыйақысыз қайтару міндеттемелері орындалған тұлғаның осындай қаржыландыруды ұсынған және (немесе) осы орындауды жүзеге асырған тұлғаға міндеті туындайтын кредитор алдындағы борышкер міндеттемелерін орындаған жағдайларда мүмкін болады.
      36. Егер келісімшарт есептік тіркелуі тиіс болса, келісімшарт бойынша үшінші тұлға ретінде резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банк (бұдан әрі – үшінші тұлғаның банкі) төлем және (немесе) ақша аударымын экспортерге немесе импортерге қызмет көрсететін уәкілетті банктің келісімшарттың есептік нөмірін келісімшартқа бергенінен кейін ғана жүзеге асырады.
      Үшінші тұлғаның банкі резидент үшінші тұлға төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде резидент үшінші тұлғаның жазбаша келісімінің негізінде келісімшарттардың есептік нөмірлері бөлігінде келісімшарттар бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі ақпаратты осы Қағидаларға 4-қосымшаның нысаны бойынша келісімшартты есептік тіркеу банкіне жібереді. Келісімшартты есептік тіркеу банкінің Ұлттық Банкке осы Қағидалардың 35-тармағының 2)3)4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда келісімшарт бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін импортер мен резидент үшінші тұлға арасындағы төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратты жіберуі талап етілмейді.
      Келісімшартты есептік тіркеу банкі келісімшарт бойынша үшінші тұлғалардың банктері жүзеге асырған төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын ескере отырып, келісімшарт бойынша репатриация талаптарының орындалуына бақылау жасайды.
      Келісімшарт есептік тіркеуден шығарылған кезде келісімшартты есептік тіркеу банкі үш жұмыс күні ішінде үшінші тұлғаның банкіне келісімшарттың есептік нөмірін және оны беру күнін көрсете отырып, келісімшарттың есептік тіркеуден алынғаны туралы еркін нысандағы хабарлама жібереді.
      37. Келісімшартты есептік тіркеу банкі есеп айырысулардың вексельді нысанын көздейтін келісімшарт бойынша бақылауды вексель ұстаушылар болып табылатын экспортерден немесе импортерден мынадай құжаттарды:
      1) төлеуші не вексель бойынша міндетті өзге тұлға вексельді өтеген кезде ол бойынша төлемақы келіп түскен жағдайда, осы төлемді растайтын құжаттарды (акцептелген вексельдің көшірмесін және төлем құжатын);
      2) экспортер немесе импортер есепке алу үшін есеп кеңсесіне вексель ұсынған жағдайда, вексельдің жүргізілген есебін, яғни дисконтты шегере отырып немесе дисконтсыз экспортерге немесе импортерге вексель сомасын төлегенін растайтын құжаттарды (есеп кеңсесінің пайдасына индоссирленген вексельдің көшірмесін және төлем құжатын);
      3) вексельді төлем құралы ретінде пайдаланған жағдайда, вексель бойынша құқық берілген тұлғамен жасалған келісімшартты, тиісті ауыспалы жазуы (индоссаменті) бар осы вексельдің көшірмесін, осы операцияның жүргізілгенін растайтын өзге де құжаттарды (есептік нөмірі бар келісімшартты, тауар декларациясын және басқаларын) алғанға дейін (экспортердің немесе импортердің вексельді пайдалануына байланысты) жүзеге асырады.
      Вексель бойынша ақша басқа уәкілетті банкке түскен кезде вексель ұстаушы болып табылатын экспортер немесе импортер басқа уәкілетті банкке ақшаны келісімшартты есептік тіркеу банкіне аударуды тапсырады.
      Егер вексель беруші импортер болып табылса және импорт жөніндегі келісімшарт бойынша тауарлар вексель бойынша төлем мерзімі басталғанға дейін жеткізілген болса, онда келісімшарт осы вексель үшін ақы төлеуге ұсынылған күнге дейін бақылануы тиіс, бұл ретте вексель сомасы келісімшарттың жалпы сомасынан аспауы керек. Есеп айырысулардың вексельді нысанындағы импорт жөніндегі келісімшарт бойынша вексель эмитенті үшінші тұлға болып табылса, онда келісімшарт импортерге тауарларды жеткізген күнге дейін есептік тіркеуден алынбайды.
      Есеп айырысулардың вексельді нысанын көздейтін келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратты есептік тіркеу банкі Қағидалардың осы тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардың бірі басталған кезде осы Қағидалардың 47-тармағына сәйкес жібереді.
      38. Экспортер немесе импортер резидент емеске келісімшарт бойынша қойылатын талап ету құқығын резидентке берген кезде репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) егер резидент емеске келісімшарт бойынша қойылатын талап ету құқығы берілген резидентте талап ету құқығын беру нәтижесінде резидент емеске қойылатын талап ету сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, резидент осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен резиденттің банк шотына қызмет көрсететін банктен талап ету құқығын беру туралы шартқа есептік нөмір алады;
      2) шартқа есептік нөмір берілгені туралы резидент банкінің белгісі бар осы талап ету құқығын басқаға беру жөніндегі шарттың негізінде келісімшартты есептік тіркеу банкі экспортердің немесе импортердің резидент емеске қойылатын талаптарының басқаға беру сомасына азайтылған сомасына келісімшарт бойынша репатриациялау талаптарының орындалуына бақылауды жалғастырады.
      Келісімшартты есептік тіркеу банкі және талап ету құқығын беру туралы шартты есептік тіркеу банкі осы Қағидалардың 47-тармағына сәйкес Ұлттық Банкке жіберілетін ақпаратта тиісінше келісімшарт пен шарт жөнінде көрсете отырып, талап ету құқығын беру сомасын көрсетеді.
      Талап ету құқығын беру туралы шарт бойынша бақылауды резидент банкі егер де талап ету құқығын беру туралы шартта резидент еместің резидент алдындағы міндеттемелерінің орындалу мерзімі көзделмесе, келісімшарт бойынша репатриациялау мерзімін ескере отырып жүзеге асырады.
      39. Бір жылға және одан да көп мерзімге Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге байланысты тауарларды өңдеуді көздейтін жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындауға арналған келісімшарт бойынша егер де келісімшартта жұмыстардың (қызметтердің) экспорты көзделсе, экспорт бойынша не келісімшартта жұмыстардың (қызметтердің) импорты көзделсе, онда импорт бойынша келісімшарттың есептік нөмірі беріледі.
      40. Келісімшартты есептік тіркеу банкі таратылған жағдайда банктің тарату комиссиясы:
      банк клиенттеріне – экспортерлер мен импортерлерге осы Қағидалардың 43-тармағының 11) тармақшасына сәйкес келісімшарттарды есептік тіркеуден шығару қажеттілігі туралы өкілеттіктер қабылданған кезден бастап үш ай ішінде хабарлауды;
      келісімшарттарды экспортерлердің немесе импортерлердің өтініштері негізінде осы Қағидаларға сәйкес есептік тіркеуден алуға;
      Ұлттық Банкке келісімшарттардың есептік тіркеуден алынғаны туралы ақпаратты осы Қағидалардың 45 және 46-тармақтарына сәйкес электрондық түрде немесе жазбаша нысанда жіберуді;
      тарату өндірісінің барлық мерзімі ішінде валюталық бақылауда болған келісімшарттар бойынша істердің сақталуын және бес жұмыс күні ішінде ақша мен тауарлардың қозғалысы туралы қолда бар ақпаратты келісімшартты есептік тіркеген жаңа банкке не Ұлттық Банкке олардың жазбаша сұрау салуының негізінде ұсынуды қамтамасыз етеді.
      41. Осы Қағидалардың 43-тармағының 1)-3)6)12)-14),  19)тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша есептік тіркеуден бұрын шығарылған келісімшартты есептік тіркеуге қайта қабылдау туралы экспортердің немесе импортердің өтініші бойынша келісімшартты есептік тіркеу банкі келісімшартқа жаңа есептік нөмір бермей, есептік тіркеуді қайта бастайды.

5. Келісімшарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын
бақылау рәсімдерінің аяқталу шарттары

      42. Келісімшартты есептік тіркеу банкі келісімшарт бойынша репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау рәсімдері аяқталғаннан кейін келісімшартты есептік тіркеуден шығарады.
      Осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген негіздемелер бар болған жағдайда, келісімшартты есептік тіркеуден шығаруды келісімшартты есептік тіркеу банкі экспортердің немесе импортердің келісімшартты есептік тіркеуден шығару туралы өтінішін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Келісімшарт бойынша ақша мен тауарлардың қозғалысы оны есептік тіркеуге алған күннен бастап бір жыл ішінде болмаған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 43-тармағы бірінші бөлігінің 5)-8)15)16)20) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда келісімшартты есептік тіркеуден шығару экспортердің немесе импортердің тиісті өтінішін алмай-ақ жүзеге асырылады. 43-тармақтың бірінші бөлігінің 5)7)8)15)16)20) тармақшаларында көзделген жағдайларда Ұлттық Банктің филиалы экспортердің немесе импортердің мемлекеттік тіркелу орны бойынша осы Қағидаларға сәйкес алынған ақпарат негізінде келісімшартты есептік тіркеу банкіне келісімшартты есептік тіркеуден алу мүмкіндігі туралы хабарлайды.
      Есептік тіркеуден шығарылған келісімшарт бойынша экспорт немесе импорт жөніндегі істер келісімшартты есептік тіркеу банкінде келісімшартты есептік тіркеуден шығарған күннен бастап күнтізбелік бес жыл ішінде сақталады.
      43. Келісімшартты есептік тіркеуден алу үшін мыналар негіздемелер болып табылады:
      1) келісімшарт бойынша тараптардың міндеттемелерін толық орындауы не резидент еместің не резиденттің елу мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын сомада берешегінің қалдығы болуы, оның ішінде жеңілдікті, есепке алуды ұсыну арқылы, борышкер мен кредитор бір тұлға болған, мемлекеттік орган актісінің шығуы салдарынан орындау мүмкін емес жағдайда міндеттемелердің тоқтатылуын растайтын құжаттар және экспортердің немесе импортердің тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерінің тоқтатылғаны туралы жазбаша растауы болған жағдайда;
      2) импортердің осы келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша растауы болған жағдайда, бұрын алынған тауарларды резидент емеске не пайдаланылмаған авансты импортерге қайтару;
      3) резидент емес тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспортерге бұрын тиеп жөнелтілген тауарларды қайтару не экспортердің осы келісімшарттың қолданылуын тоқтатылуы туралы жазбаша растауы болған кезде экспортер тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспорт бойынша келісімшарттың ақысына экспортер алған валютаны резидент емеске қайтару;
      4) экспортер немесе импортер резидент еместің алдында міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспортер немесе импортер алдында өз міндеттемелерін толық көлемде орындаған резидент еместің тарапынан наразылықтардың жоқтығын растайтын құжаттарды ұсыну;
      5) жеке кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты мекен-жайға кетуі туралы уәкілетті органның растамасы;
      6) келісімшарт мерзімінің аяқталуы және тараптар міндеттемелерін орындаған соңғы күннен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде тараптар міндеттемелерді балама орындаған немесе резидент еместің не резиденттің елу мың АҚШ долларына балама болатын сомадан аспайтын қалдық берешегі болған жағдайда келісімшарт бойынша ақша және тауар қозғалысының болмауы;
      7) резидент еместі тарату туралы немесе банкрот деп тану туралы сот шешімінің не шет мемлекеттің өзге уәкілетті мемлекеттік органы құжатының болуы;
      8) экспортердің немесе импортердің таратылуы (құқықтық мирасқоры болмаған жағдайда);
      9) резидент еместің міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған жағдайда, экспортердің немесе импортердің сақтандыру төлемдерін алуы;
      10) экспортердің немесе импортердің банктік шотына шарт шеңберінде ақша талап етуін (факторинг) беруді қаржыландыруға ақшаның түсуі;
      11) келісімшартты есептік тіркеу банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын тоқтата тұру не одан айыру;
      12) уәкілетті банктің тараптар келісімшарт бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындаған не резидент еместің елу мың АҚШ долларына балама болатын сомадан аспайтын берешек қалдығы болған кезде келісімшарт бойынша есеп айырысу үшін импортер шығарған резидент емес ұсынған вексельді есепке алуы;
      13) экспортердің немесе импортердің келісімшарт бойынша резидент емес алдындағы өз борышын басқа тұлғаға резидент еместің келісімін растайтын құжаттар негізінде және экспортердің немесе импортердің келісімшартты есептік тіркеу банкіне ұсынылған осы келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы жазбаша өтініші болған жағдайда аударуы;
      14) растайтын құжаттар (талап ету құқығын беру шарты, өзара міндеттемелер бойынша салыстыру актісі, тауарларды қабылдау-өткізу актісі, тауардың ілеспе құжаттары және т.б.) және экспортердің немесе импортердің осы келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы жазбаша өтініші болған жағдайда, осы Қағидалардың 38-тармағына сәйкес, экспортердің немесе импортердің резидент емеске қойылатын талап ету құқықтарын басқа тұлғаға беруі немесе аударуы;
      15) құқықтық мұрагері жоқ болған жағдайда, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің қайтыс болуы;
      16) келісімшартты жеке есепке жатқызған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін;
      17) экспортердің немесе импортердің осы Қағидалардың 32-тармағының талаптарын ескере отырып, экспортерге немесе импортерге келісімшарт бойынша қызмет көрсететін келісімшартты есептік тіркеу банкін өзгертуі;
      18) келісімшартқа Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы экспорт немесе импорт үшін тауар өткізуді алып тастайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
      19) келісімшарт бойынша ақша және тауар қозғалысының болмауы;
      20) осы Қағидалардың 5-тармағына cәйкес белгіленген репатриация мерзімі ескеріле отырып, резидент еместің резиденттің алдындағы келісімшарт бойынша берешектің барлық сомасын өтеу бойынша резиденттің пайдасына соттың немесе өзге мемлекеттік органның, төрелік соттың шешімінің болуы;
      21) олардың арасында болған бастапқы міндеттемелерді орындау мәнін немесе тәсілін көздейтін сол тұлғалар арасындағы басқа міндеттемелермен ауыстыра отырып резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерін тоқтату.
      Тараптардың қатынастарын аяқтау мақсатында берешектің қалдық сомасына келісімшарт бойынша міндеттемелер орындалған немесе Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 1)6)7) немесе  20)тармақшалары негізінде есептік тіркеуден алынған келісімшарт бойынша ақшаны қайтарған жағдайда келісімшартқа есептік нөмірді жаңарту қажет етілмейді.
      44. Есептік нөмірлері бар келісімшарттар:
      1) келісімшартты есептік тіркеу банкі тарапынан одан әрі бақылануға жататын келісімшарт бойынша өзге операциялар болмаған жағдайда, қылмыстық іс немесе әкімшілік іс шеңберінде келісімшарт бойынша жүргізілген операциялар бойынша репатриациялау талаптарын бұзғаны үшін шешім қабылданған;
      2) мемлекеттік тіркелген орны бойынша экспортердің немесе импортердің болмауы жағдайларда экспортер немесе импортер мемлекеттік тіркелген жері бойынша Ұлттық Банктің филиалында жеке есепке алынуы тиіс.
      Ұлттық Банктің филиалы келісімшарттың есептік нөмірін көрсете отырып жекелеген есепке жатқызу туралы келісімшартты есептік тіркеу банкіне хабарлайды.
      Ұлттық Банктің филиалы жекелеген есепке жатқызылған келісімшарттар бойынша экспортерден немесе импортерден жыл сайын репатриациялау талаптарын орындау үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат сұратады. Егер экспортердің немесе импортердің орналасқан жері анықталмаса, Ұлттық Банктің филиалы уәкілетті банктерге, салық органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне қарай экспортердің немесе импортердің қызметі және (немесе) оның орналасқан жері туралы сұрату жібереді.
      Келісімшарт бойынша операцияларды жаңартқан жағдайда оны жеке шотқа жатқызған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін келісімшарт жеке есептен алынады.
      Келісімшарт жеке есепке алынған күннен бастап үш жыл аяқталған жағдайда Ұлттық Банктің филиалы осы Қағидалардың 43-тармағының бірінші бөлігінің 16) тармақшасына сәйкес келісімшартты есептік тіркеуден алу мүмкін екендігі туралы келісімшартты есептік тіркеу банкіне хабарлайды.

6. Репатриациялау талабының орындалуын бақылау мақсаттары үшін
келісімшарттар бойынша ақпарат алмасу

      45. Осы тармаққа және осы Қағидалардың 46-52-тармақтарына сәйкес ақпарат алмасу уәкілетті банктер, Ұлттық Банк, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын және кеден ісі саласындағы уәкілетті органдар арасында электрондық түрде жүзеге асырылады.
      Ұлттық Банк ақпарат алмасу форматтарын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын және кеден ісі саласындағы уәкілетті органдармен, сондай-ақ уәкілетті банктермен келіседі.
      Уәкілетті банк Ұлттық Банкке бұрын осы Қағидалардың 46 және 47-тармақтарына сәйкес жіберілген ақпаратқа Ұлттық Банк уәкілетті банктермен келіскен форматтарға сәйкес ақпарат жіберілген күннен бастап алты айдың ішінде электрондық түрде түзетулер енгізеді.
      46. Уәкілетті банк келісімшартқа есептік нөмір тағайындау, келісімшартқа есептік нөмір тағайындалған немесе келісімшартты есептік нөмірден шығарған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпаратты осы Қағидалардың 5-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Ұлттық Банкке жібереді.
      Уәкілетті банктің осы Қағидалардың 5-қосымшасының нысаны бойынша бұрын жіберген келісімшарт бойынша ақпаратты өзгертетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, уәкілетті банк келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді растайтын құжаттар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпаратты осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Ұлттық Банкке жібереді.
      47. Уәкілетті банк осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлері бөлігінде келісімшарттар бойынша міндеттемелердің орындалғандығы туралы ақпаратты Ұлттық Банкке мынадай мерзімдерде жібереді:
      ақша төлемін және (немесе) аударымын төлем карточкаларын пайдаланбай-ақ экспортердің немесе импортердің уәкілетті банктегі банк шоттары арқылы жүзеге асыру арқылы есептік айдағы келісімшарттар бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда – есептік айдан кейінгі айдың он бесінші күніне дейінгі мерзімде;
      ақша төлемін және (немесе) аударымын төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асыру және (немесе) келісімшарттар бойынша міндеттемелерді өзге тәсілмен орындау арқылы келісімшарттар бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда – экспортердің немесе импортердің не келісімшартты келісімшартты есептік тіркеу банкі болып табылмайтын банктің растау ақпараттарын және (немесе) құжаттарын ұсынған айдағы келесі айдың он бесінші күніне дейінгі мерзімде.
      Келісімшарттар бойынша есеп айырысулардың аккредитивтік нысаны не банк кепілдігін орындау жағдайында импорт бойынша деректер шетелдік жеткізушінің пайдасына ақша төлемін және (немесе) аударымын жүзеге асыру кезінде көрсетіледі.
      Егер аккредитив немесе кепілдік беру келісімшартты есептік тіркеу банкінде ресімделмеген жағдайда, аккредитивті немесе кепілдік беруді ресімдеген уәкілетті банк:
      егер орындаушы банк болып табылса, ақша төлемі және (немесе) аударымы күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;
      егер орындаушы банк шетелдік банк болып табылса, ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы мәліметтер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде келісімшартты есептік тіркеу банкіне ақша төлемі және (немесе) аударымы жүзеге асырылғанын растайтын төлем құжатының көшірмесін жібереді.
      48. Ұлттық Банк кеден ісі саласындағы уәкілетті органға уәкілетті банктерден есептік тіркелуге тиісті келісімшарттар бойынша алынған келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпаратты осы Қағидалардың 5-қосымшасында белгіленген нысан бойынша күн сайын жібереді.
      Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Ұлттық Банктен есептік тіркелуге тиісті келісімшарттар бойынша алынған келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпаратты келісімшарттың есептік нөмірін жүк кеден декларациясында көрсетілген нөмірге сәйкестігін тексеру үшін күн сайын кеден органдарына жібереді.
      49. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың он бірінші күніне дейінгі мерзімде, Ұлттық Банкке осы Қағидалардың 6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есептік айдағы келісімшарттардың есептік нөмірлері бөлігінде келісімшарттар бойынша тауар қозғалысы туралы ақпаратты жібереді.
      Ұлттық Банк кеден ісі саласындағы уәкілетті органнан есептік айдағы келісімшарттардың есептік нөмірлері бөлігінде келісімшарттар бойынша тауар қозғалысы туралы ақпаратты алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, осы ақпаратты келісімшартты есептік тіркеу банктеріне жібереді.
      50. Ұлттық Банк салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға уәкілетті банктерден келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарттар бойынша алынған ақпаратты осы Қағидалардың 5-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ай сайын жібереді.
      51. Резидент емес келісімшарт бойынша репатриациялау мерзімінде экспортердің немесе импортердің алдындағы есепті айдың соңғы күнгі жағдайы бойынша баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын сомадағы міндеттемелерді орындамаған кезде уәкілетті банк есептік айдан кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 7-қосымшасында белгіленген нысан бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасын Ұлттық Банкке жібереді.
      52. Уәкілетті банк Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оннан бастап елу мың АҚШ долларына дейінгі (қоса алғанда) сомаға жасалған және бір жүз мың АҚШ долларына дейінгі сомада тауар алып өту көздейтін (осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда) келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылатын ақша төлемі және (немесе) аударымы мониторингін жүзеге асырады. Егер есепті кезеңде осындай келісімшарттар бойынша экспортер немесе импортер алған немесе жіберген ақшаның жалпы сомасы баламасы бір жүз АҚШ долларынан асып кетсе, уәкілетті банк есептік айдан кейінгі айдың  он бесінші күніне дейін осы Қағидалардың 8-қосымшасында белгіленген нысан бойынша баламасы бір жүз АҚШ долларынан астам сомаға ақша төлемдері және (немесе) аударымдарын жүзеге асырған экспортер немесе импортер туралы ақпаратты Ұлттық Банкке жібереді.
      53. Егер уәкілетті банк, оның ішінде келісімшартты есептік тіркеуден алу кезінде қолдағы бар келісімшарттар бойынша тауар қозғалысы жөніндегі ақпаратта кеден органы ұсынған ақпаратпен айтарлықтай айырмашылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті банк және кеден органы келісімшарт бойынша салыстырып тексеру жүргізеді.
      Есептік тіркеуге қабылданған келісімшарттар бойынша тауар қозғалысы бойынша ақпаратты уәкілетті банк және кеден органы жарты жылда бір реттен көп емес салыстырып тексеру жүргізілуі мүмкін.
      Салыстырып тексеру нәтижесі уәкілетті банк және кеден органы басшыларының не тиісті өкілеттігі бар өзге де тұлғалар қол қойған жүктің кедендік декларациясының нөмірі мен күнін, тауардың шыққан күнін, келісімшарттың есептік нөмірі мен оны тағайындау күнін, кеден рәсімін көрсете отырып, келісімшарт бойынша салыстыру актісі түрінде ресімделеді.
      Кеден органы Қағидалардың осы тармағына сәйкес салыстырып тексеру актісін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салыстырып тексеру актісіне қол қояды немесе уәкілетті банкке анықталған айырмашылықтар туралы ақпарат жібереді.

7. Өтпелі ережелер

      54. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін мәміле паспортын ресімдеген келісімшарт есептік тіркеуге қабылданған деп саналады. Келісімшартқа есептік нөмірді тағайындау экспортердің немесе импортердің уәкілетті банкке өтініш беруіне орай не келісімшарт бойынша ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізу кезінде осы Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтініш бермей-ақ осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген тәртіппен бұрын ресімделген мәміле паспортының нөмірі мен күнін келісімшартқа ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Келісімшарт есептік тіркеу рәсімінен өткеннен кейін мәміле паспорты бес күнтізбелік жыл бойы мұрағатта сақталады.
      55. Мәміле паспорты 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейін ресімделген және резиденттің резидент емеске 180 күннен астам мерзімге коммерциялық кредит беруге арналған лицензиясы бар келісімшарттар бойынша репатриациялау мерзімін экспортер немесе импортер есептейді және лицензияда белгіленген міндеттемелерді орындау мерзімінің күнінен бастап 180 күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті банкке ұсынады.

Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық валюталық бақылауды
жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және
импорт бойынша келісімшарттардың есептік
нөмірлерін алу қағидаларына
1-қосымша

Нысан

Келісімшарттың есептік нөмірін алуға өтініш
___________________________
(банктің атауы)

      Жалпы құны (болжамды құны) _______________ (келісімшарттың валютасы көрсетіледі) экспортты немесе импортты (керегінің асты сызылады) көздейтін _______________ № ________________ келісімшартқа есептік нөмірін тағайындауды сұраймын.

Экспортер/импортер бойынша ақпарат:


Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_______________________

БСН/ЖСН

_______________________



Шетелдік сатып алушы (экспорт бойынша) немесе жеткізуші (импорт бойынша) туралы ақпарат:


Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Елі

______________________

_______________________

Репатриациялау мерзімі:

_______________________



Экспортер/импортер басшысының қолы

_______________________


_______________________


       (аты-жөні)



М.О.

Өтінішті қабылдау күні

________________

Келісімшартты есептік тіркеу банкінің белгілері _________________________________

_________________________________



1-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау

      1. «Банктің атауы» бағаны мыналарды ескере отырып, толтырылады:
      егер келісімшартты есептік тіркеу банкі ретінде уәкілетті банк болса, онда уәкілетті банктің толық атауы көрсетіледі;
      егер келісімшартты есептік тіркеу банкі ретінде уәкілетті банктің филиалы немесе Ұлттық Банктің филиалы болса филиалдың толық атауы көрсетіледі.
      2. Жеке тұлғада ЖСН коды болмаған жағдайда, жеке тұлғаның салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН) көрсетіледі.
      3. «Елі» бағанында шетелдік сатып алушының тұрған елінің коды ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 - 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Ел коды», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2 - 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3 - 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған код. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар» мемлекеттік жіктеушіге сәйкес көрсетіледі.
      4. «Репатриациялау мерзімі» бағаны нүктемен бөлінген екі бөліктен тұрады:
      бірінші бөлікте репатриациялау мерзімінің күн саны көрсетіледі;
      екінші бөлікте репатриациялау мерзімінің толық жыл саны көрсетіледі.
      5. «Келісімшартты есептік тіркеу банкінің белгілері» бағаны келісімшартты есептік тіркеу банкінің қызметтік ақпаратына арналған.

Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық валюталық бақылауды
жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және
импорт бойынша келісімшарттардың есептік
нөмірлерін алу қағидаларына
2-қосымша

1. Репатриациялау мерзімін есептеу тәртібі

      1. Репатриациялау мерзімін есептеу мақсаты үшін күнтізбелік күн пайдаланылады, бұл ретте 30 күн мерзімі бір ай болып, 360 күн – бір жыл болып қолданылады.
      2. Репатриациялау мерзімі резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындаудың ең ұзақ мерзімі ретінде есептеледі және нүктемен бөлінген екі бөліктен тұратын сандық код түрінде көрсетіледі:
      бірінші бөлікте, егер репатриациялау мерзімі 360 күннен аз болса немесе асып кетсе, толық емес жыл бойынша күндер саны көрсетіледі;
      екінші бөлікте репатриациялау мерзімінің толық жыл саны көрсетіледі.
      3. Экспорт бойынша репатриациялау мерзімі мынадай тәртіппен есептеледі:
      Егер келісімшарт бойынша тауарды Кеден одағының кедендік шекарасынан өткізу көзделсе және экспортердің тауар жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткеннен кейін тауарды тапсыру болып табылса, экспортер репатриациялау мерзімін келісімшарт бойынша резидент еместің тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындауының ең ұзақ мерзіміне тауарды кеден органдары шығарғаннан кейін тапсыру орнына дейін тауарды жеткізу үшін қажетті бір жылдан аспауы тиіс мерзімді қоса отырып есептейді.
      Егер келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасы мен Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің арасында тауарды өткізу көзделсе және экспортердің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасы шекарасынан өткеннен кейін тауарды тапсыру болып табылса, экспортер репатриациялау мерзімін келісімшарт бойынша резидент еместің тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындауының ең ұзақ мерзіміне тапсыру орнына дейін тауарды жеткізу үшін қажетті бір жылдан аспауы тиіс мерзімді қоса отырып есептейді.
      Егер экспортердің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Қазақстан Республикасы шекарасынан өткенге дейін тапсыру болып табылса, экспортер репатриациялау мерзімі ретінде келісімшарт бойынша резидент еместің тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындауының ең ұзақ мерзімін көрсетеді.
      Егер келісімшартта резидент еместің тауарға немесе жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындауының әртүрлі шарттары көзделсе (экспортердің тауарды тиегенге дейін немесе жұмысты орындағаннан кейін (қызмет көрсетілгеннен кейін) тауарға немесе жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеуі немесе экспортердің тауарды тиегеннен кейін немесе жұмыстарды орындағаннан кейін, қызмет көрсетілгеннен кейін тауарға немесе жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеуі), экспортер репатриациялау мерзімін резидент еместің тауарға немесе жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындауының келісімшартта белгіленген, экспортердің тауарды тиегеннен кейін немесе қызмет көрсетілгеннен кейін тауарға немесе жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеу мерзімін қоса отырып есептейді.
      Егер келісімшартта экспорт бойынша валюта түсімінің экспорт күні басталғанға дейін (резидент еместің алдын ала ақы төлеуі) не 180 күннен аспайтын мерзімде түсуі көзделсе, репатриациялау мерзімі 180 күн деп көрсетіледі.
      4. Импорт бойынша репатриациялау мерзімі мынадай тәртіппен есептеледі:
      Егер резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізгеннен кейін тауарды тапсыру болып табылса, импортер репатриациялау мерзімін шетелдік жеткізушінің келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауының ең ұзақ мерзіміне пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімін қосу (ол келісімшартта болған жағдайда) арқылы есептейді.
      Егер келісімшарт бойынша тауарды Кеден одағының кедендік шекарасынан өткізу және резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының шекарасынан өткенге дейін тауарды тапсыру болып табылса, импортер репатриациялау мерзімін резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемені орындауының келісімшарт бойынша ең ұзақ мерзіміне тауарды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жеткізу үшін және кеден органдарының тауарды шығару үшін қажетті мерзімін (бір жылдан аспауы тиіс), пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімін (ол келісімшартта болған жағдайда) қосу арқылы есептейді.
      Егер келісімшарт бойынша тауардың Қазақстан Республикасы мен Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің арасында өткізілуі және резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізгенге дейін тауарды тапсыру болып табылса, импортер репатриациялау мерзімін резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемені орындауының келісімшарт бойынша ең ұзақ мерзіміне тауарды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жеткізуге қажетті мерзімді, пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімін (ол келісімшартта бар болса) қосу арқылы есептейді.
      Егер келісімшартта резидент еместің тауарды жеткізу немесе жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша міндеттемелерін орындаудың әртүрлі талаптары (тауарға төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылғанға дейін тауарды жеткізу немесе жұмыстарды орындау, қызмет көрсету, тауарға төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылғаннан кейін тауарды жеткізу немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) көзделсе, импортер репатриациялау мерзімін келісімшартта көзделген резидент еместің тауарды жеткізу немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету бойынша міндеттемесін тауарға төлем жүргізгеннен және (немесе) ақша аударғаннан кейін орындау мерзімін ескере отырып, есептейді.
      Егер келісімшартта тауарды жеткізу немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету төлем жүргізгенге дейін және (немесе) ақша аударғанға дейін (резидент еместің тауарды алдын ала жеткізуі немесе алдын ала жұмыстарды жүргізуі, қызметтерді көрсетуі) не төлем жүргізген және (немесе) ақша аударған күннен кейін 180 күннен аспайтын мерзімде көзделсе, импортер репатриациялау мерзімін 180 күн деп көрсетеді.
      Егер келісімшартта тауарларды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өткізу көзделсе, импорт үшін репатриациялау мерзімін импортер тауарды әкелу туралы және Қазақстан Республикасы Салық органының жанама салықтардың төленгені туралы белгісі бар жанама салықты төлегені туралы өтінішті алу мерзімін ескере отырып есептейді, ол 180 күннен аспауы тиіс.

2. Экспорт бойынша репатриациялау мерзімін есептеудің мысалдары

      1) Келісімшартқа сәйкес экспортердің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан қалада тапсырғаннан кейін орындалды деп саналады. Резидент еместің тауарға ақы төлеуі: ішінара - алдын-ала ақы төлеу, ішінара – экспортер тауарды тиегеннен кейін ақы төлеу арқылы. Резидент еместің тауарға ақы төлеуінің ең ұзақ мерзімі – 210 күн. Кеден органдары тауарды шығарған күні мен резидент еместің тауарды Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан қалада өткізу күні арасындағы экспортер болжайтын мерзім (тауарды өткізу фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді қоса есептей отырып) – 30 күн.
      Есеп: 210 күн + 30 күн = 240 күн, яғни 240 күн, 00 жыл.
      Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 240.00 деп көрсетеді;
      2) Келісімшартқа сәйкес экспортердің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Кеден одағына мүше басқа мемлекетінің аумағында орналасқан қалада табыс еткеннен кейін орындалды деп саналады. Резидент еместің тауарға ақы төлеуі: ішінара - алдын-ала ақы төлеу, ішінара – экспортер тауарды тиегеннен кейін ақы төлеу арқылы. Резидент еместің тауарға ақы төлеуінің ең ұзақ мерзімі – 210 күн. Қазақстан Республикасы шекарасынан тауарды өткізу күні мен тауарды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалада резидент емеске тапсыру күні арасындағы экспортер болжайтын (тауарды табыс ету фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді есептегенде) мерзімі – 10 күн.
      Есеп: 210 күн +10 күн = 220 күн, яғни 220 күн, 00 жыл.
      Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 220.00 деп көрсетеді;
      3) келісімшартқа сәйкес экспортердің тауарды жеткізу жөніндегі міндеттемесі тауарды Алматы-1 станциясында тапсырғаннан кейін орындалды деп саналады. Резидент емес тауарға ақы төлеуді экспортер тауарды тиегеннен кейін жүзеге асырады. Тауарға ақы төлеудің ең ұзақ мерзімі – 210 күн.
      Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 210.00 деп көрсетеді;
      4) келісімшартқа сәйкес резидент емес тауарға алдын ала ақы төлеуді толық көлемде жүзеге асырады.
      Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 деп көрсетеді;
      5) келісімшартқа сәйкес резидент еместің тауарға немесе жұмыстарға, қызмет көрсетулерге ақы төлеуінің ең ұзақ мерзімі – 160 күн.
      Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 деп көрсетеді.

3. Импорт бойынша репатриациялау мерзімін есептеудің мысалдары

      1) келісімшартқа сәйкес резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан қалада тауарды табыс еткеннен кейін орындалды деп есептеледі. Резидент еместің тауарды жеткізуі, ішінара – алдын ала жеткізу арқылы, ішінара – тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударылғаннан кейін. Резидент еместің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі – 800 күн. Резидент еместің тауарды Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан қалада табыс ету күні (тауарды тапсыру фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді қоса алғанда) мен кеден органдарының тауарды шығару күнінің арасындағы импортер болжайтын мерзім – 70 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан қалада тауарды тапсыруды болжамдалған күнінен бастап – 100 күн.
      Есеп: 800 күн + 70 күн + 100 күн = 970 күн, яғни 250 күн, 02 жыл.
      Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 250.02 деп көрсетеді;
      2) келісімшартқа сәйкес резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалада тауарды тапсырғаннан кейін орындалды деп саналады. Резидент еместің тауарды жеткізуі, ішінара – алдын ала жеткізу арқылы, ішінара – тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударылғаннан кейін. Резидент еместің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі – 800 күн. Резидент еместің тауарды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалада тапсыру күні (тауарды тапсыру фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді қоса алғанда) мен тауарды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жеткізу күнінің арасында импортер болжайтын мерзім – 30 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі – тауарды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалада тапсырудың болжамдалатын күнінен бастап – 100 күн. Қазақстан Республикасы Салық органының жанама салықтардың төленгені туралы белгісі бар жанама салықты төлегені туралы өтінішті алудың мерзімі – 180 күн.
      Есеп: 800 күн + 30 күн + 100 күн + 180 күн = 1110 күн, яғни 030 күн, 03 жыл.
      Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 030.03 деп көрсетеді;
      3) келісімшартқа сәйкес резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Кеден одағының аумағынан тыс орналасқан қалада тапсырғаннан кейін орындалды деп саналады. Резидент еместің тауарды жеткізуі, алдын ала жеткізу арқылы, ішінара – тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударылғаннан кейін. Резидент еместің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі – 210 күн. Кеден органдарының тауарды шығару күні мен резидент емес тауарды Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан қалада табыс еткен күні (тауарды тапсыру фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді қоса алғанда) арасындағы импортер болжайтын мерзім – 70 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі белгіленбеген.
      Есеп: 210 күн + 70 күн = 280 күн, яғни 280 күн, 00 жыл.
      Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 280.00 деп көрсетеді;
      4) келісімшартқа сәйкес, резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Алматы-1 станциясында тапсырғаннан кейін орындалды деп саналады. Резидент еместің тауарды жеткізуі, ішінара – алдын ала жеткізу арқылы, ішінара – тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударғаннан кейін. Резидент еместің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі – 100 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі – 100 күн.
      Есеп: 100 күн + 100 күн = 200 күн, яғни 200 күн, 00 жыл.
      Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 200.00 деп көрсетеді;
      5) келісімшартқа сәйкес резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Алматы-1 станциясында тапсырғаннан кейін орындалды деп саналады. Резидент еместің тауарды жеткізуі, ішінара – алдын ала жеткізу арқылы, ішінара – тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударғаннан кейін. Резидент еместің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі – 100 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі анықталмаған.
      Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 деп көрсетеді;
      6) келісімшартқа сәйкес резидент емес тауарды алдын ала жеткізуді немесе жұмыстарды алдын ала орындауды, алдын ала қызмет көрсетуді толық көлемде жүзеге асырады.
      Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 деп көрсетеді;
      7) келісімшартқа сәйкес резидент еместің тауарды жеткізуінің немесе жұмыстарды орындауының, қызмет көрсетуінің ең ұзақ мерзімі – 160 күн.
      Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 деп көрсетеді.

Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық валюталық бақылауды
жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және
импорт бойынша келісімшарттардың есептік
нөмірлерін алу қағидаларына
3-қосымша

Нысан

Келісімшарттарды тіркеу журналы
____________________ келісімшартты есептік тіркеу банкінің атауы

_____жылы басталды
_____ жылы аяқталды

Келісімшарттың есептік нөмірін беру күні

Экспортердің немесе импортердің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Келісімшарттың деректемелері

1

2

3

4





3-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау

      1. Келісімшарттың есептік нөмірі көлбеу сызықпен бөлінген мынадай төрт бөліктен тұрады:
      1) бірінші бөлігінде келісімшарт экспорт бойынша болса «1» белгісі көрсетіледі, егер келісімшарт импорт бойынша «2» белгісі көрсетіледі;
      2) екінші бөлігінде келісімшартты есептік тіркеу банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 754 тіркелген «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысына сәйкес Ұлттық Банк берген үш мәнді коды көрсетіледі;
      3) үшінші бөлігінде келісімшартты есептік тіркеу банкінің уәкілетті банктің ішкі анықтамалығына сәйкес төрт цифрдан тұратын коды көрсетіледі;
      4) төртінші бөлігінде келісімшарттарды тіркеу журналына сәйкес экспорт немесе импорт бойынша келісімшарттың реттік нөмірі көрсетіледі.
      2. Келісімшарттарды тіркеу журналын есептік тіркеу банкі экспорт және импорт бойынша жеке жылдан жылға жүйелі түрде жүргізеді.
      Келісімшарттарды тіркеу журналының 1-бағанында келісімшарттың күнтізбелік жыл ішіндегі реттік нөмірі көрсетіледі. Бұл реттік нөмір келісімшарттың есептік нөмірінің төртінші бөлігін айқындайды.
      Егер келісімшарттарды тіркеу журналы қағаз тасымалдауышта жүргізілсе аяқталғаннан кейін журналға келісімшартты есептік тіркеу банкінің басшысы не өзге де тиісті өкілеттіктері бар тұлға қолын қояды және ол келісімшартты есептік тіркеу банкінің мұрағатында сақталады.
      Егер келісімшарттарды тіркеу журналы электрондық түрде жүргізілген жағдайда күнтізбелік жыл аяқталған соң журналға келісімшартты есептік тіркеу банкі басшысының не өзге де тиісті өкілеттіктері бар тұлғаның электрондық цифрлық қолы қойылады.

Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық валюталық бақылауды
жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және
импорт бойынша келісімшарттардың есептік
нөмірлерін алу қағидаларына
4-қосымша
Нысан

_____ жылғы ____айдағы
келісімшарттардың есептік нөмірлеріне қарай келісімшарттар бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат

Уәкілетті банктің БСН ________________

Келісімшарттың есептік нөмірінің деректемелері

Жіберуші

Күні

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН

ЖСН

Белгісі – заңды тұлға немесе жеке тұлға

Елі

Облыстың коды

Резиденттік коды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      кестенің жалғасы

Алушы

Ақша төлемі және (немесе) аударымы немесе

басқалай міндеттемені орындау туралы ақпарат

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН

ЖСН

Белгісі – заңды тұлға немесе жеке тұлға

Елі

Облыстың коды

Резиденттік коды

Күні

Сомасы мың бірлікпен

Есеп айырысу валютасы

Есеп айырысу тәсілінің коды

Белгісі - шығыс, кіріс

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22













4-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау

      1. 2, 3-бағандарда келісімшарттың есептік нөмірі және ол берілген күн көрсетіледі.
      2. 3, 18-бағандар мынадай тәртіппен сегіз санды көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.
      3. «Жіберуші», «Алушы» деген бағандарда Кеден одағының кеден аумағы ішінде тауарларды жеткізу туралы ақпарат жіберген кезде тиісінше экспортер немесе импортер туралы мәлімет көрсетіледі.
      4. 5, 12-бағандар 7, 14-бағандарда «1» белгісі көрсетілсе, жіберушінің немесе алушының БСН көрсету арқылы толтырылады. БСН болмаса, жіберушінің немесе алушының КҰЖЖ коды көрсетіледі.
      5. 5, 6, 12, 13-бағандар егер жіберуші немесе алушы резиденттер болып табылса толтырылады.
      6. 6, 13-бағандар 7, 14-бағандарда «2» белгісі көрсетілсе, жіберушінің немесе алушының ЖСН көрсету арқылы толтырылады. ЖСН болмаса, жіберушінің немесе алушының СТН көрсетіледі.
      9. 7, 14-бағандарда егер жіберуші немесе алушы заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі) болып табылса «1» белгісі көрсетіледі немесе жіберуші немесе алушы жеке тұлға болып табылса «2» белгісі көрсетіледі.
      10. 8, 15-бағандар ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін кодтар. 1-бөлік. Ел коды», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін код. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар» мемлекеттік жіктеушілерін пайдалана отырып толтырылады.
      11. 9, 16-бағандарда (егер жіберуші немесе алушы резидент болса) әкімшілік-аумақтық объектілердің (КАТО) ҚР МЖ 11-2009 жіктеушісіне сәйкес жіберушінің немесе алушының облысы кодының алғашқы 2 цифры көрсетіледі.
      12. 10, 17-бағандар төлем мақсатының бірыңғай жіктеушісінің мемлекеттік жіктеушісінің мақсаты үшін пайдаланылатын резиденттік анықтамасына сәйкес толтырылады.
      13. 20-бағанда ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 «Валюталар мен қорларды белгілеу үшін кодтар» мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес валютаның әріптік мәні көрсетіледі.
      14. 21-баған мынадай жіктеуші ескеріле отырып толтырылады:
      «11» - аккредитив шеңберінде ақша төлемі және (немесе) аударымы;
      «12» - банк кепілдігі шеңберінде ақша төлемі және (немесе) аударымы;
      «13» - экспорт бойынша алдын ала ақы төлеу (импорт бойынша алдын ала жеткізу);
      «14» - экспорт бойынша тауар тиелгеннен кейін ақы төлеу (импорт бойынша тауарға ақы төлегеннен кейін жеткізу);
      «20» - Кеден одағының кеден аумағы ішінде тауарларды өткізу;
      «29» - міндеттемелерді басқалай орындау.
      «13» және «14» есеп айырысу тәсілінің коды ақша төлемі және (немесе) аударымын жүргізген күні келісімшарт бойынша нақты орын алған жағдайды негізге ала отырып көрсетіледі.
      «29» есеп айырысу тәсілінің коды резидент емеске басқа резидентке талап ету құқығын беру, есепке алу, резиденттің борышын басқа тұлғаға аудару, вексельді беру, бағалы қағаздарды беру, резидент емес міндеттемелерді, жұмысты орындау, (қызмет көрсетуді) орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру төлемін алуды қоса алғанда, келісімшарт бойынша «11», «12», «13», «14» кодтары көрсетілмеген есеп айырысу тәсілдерін пайдаланған кезде көрсетіледі.
      15. 22-баған мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1 – шығыс (яғни шетел сатып алушысының немесе шетел жеткізушінің пайдасына міндеттемелерді орындау) және 2 – кіріс (яғни экспортердің немесе импортердің пайдасына міндеттемелерді орындау).

Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық валюталық бақылауды
жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және
импорт бойынша келісімшарттардың есептік
нөмірлерін алу қағидаларына
5-қосымша

_____(жылғы)___________(күні) _____ (айы)
Келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарттар бойынша ақпарат

      Келісімшартты есептік тіркеу банкінің БСН _______________

Келісімшартты есептік тіркеудің немесе мәміле паспортының деректемелері

Экспортер немесе импортер бойынша ақпарат

Мәміле паспортының деректемелері

Келісімшарттың есептік нөмірі

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН

ЖСН

Белгісі – заңды тұлға немесе дара кәсіпкер

Облыс коды

күні

Күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      кестенің жалғасы

Келісімшарт бойынша ақпарат

Резидент емес

Репатриациялау мерзімі

Келісімшартты есептік тіркеуден шығару

Белгісі – экспорт немесе импорт

Нөмірі

Күні

Келісімшарттың сомасы мың бірлікпен

Келісімшарт валютасы

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Елі

Күні

Негіздеме

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20











5-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау

      1. Есептік тіркелуге жататын келісімшарттар бойынша ақпаратты жіберген кезде 4-20-бағандар толтырылады.
      2. Келісімшартқа тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімдеріне және талаптарына, келісімшарттың сомасына және валютасына әсер ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ақпарат жіберген кезде 4,5-бағандар, сондай-ақ мәліметтері нақтылануы тиіс бағандары толтырылады.
      3. Осы Қағидалардың 54-тармағында көрсетілген жағдайда 2-20-бағандары толтырылады. 2 және 3-бағандарында мәміле паспортының нөмірі мен күні көрсетіледі.
      4. Келісімшартты есептік тіркеуден шығару туралы ақпаратты жіберген кезде 4, 5, 19, 20-бағандары толтырылады.
      5. 3, 5, 13, 19-бағандар мынадай тәртіппен сегіз санды көрсету арқылы толтырылады: күн, ай, жыл.
      6. Егер 9-бағанда экспортердің немесе импортердің БСН-ін көрсету арқылы «1» белгісі көрсетілсе, 7-баған толтырылады. БСН болмаған жағдайда экспортердің немесе импортердің Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы мемлекеттік жіктеушінің коды (бұдан әрі – КҰЖЖ) көрсетіледі.
      7. Егер 9-бағанда экспортердің немесе импортердің ЖСН-ін көрсету арқылы «2» белгісі көрсетілсе, 8-баған толтырылады. ЖСН болмаған жағдайда экспортердің немесе импортердің СТН көрсетіледі.
      8. Егер экспортер немесе импортер заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі) болып табылса, 9-бағанда «1» белгісі көрсетіледі және экспортер немесе импортер дара кәсіпкер болып табылса, «2» белгісі көрсетіледі.
      9. 10-бағанда ҚР МЖ 11-2009 әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес экспортердің немесе импортердің облысы кодының бірінші 2 саны көрсетіледі.
      10. 11-баған мынадай белгілерді ескере отырып толтырылады: 1 – егер келісімшарт экспорт бойынша болса және 2 – егер келісімшарт импорт бойынша болса.
      11. 12-баған келісімшарттың осындай деректемесі болған кезде келісімшарттың нөмірін көрсету арқылы толтырылады.
      12. 14, 16-бағандарда ҚР МЖ 07 ИСО 4217-2001 «Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар» мемлекеттік жіктеуішке сәйкес валютаның әріптік белгісі көрсетіледі.
      13. 17-бағанда шетелдік сатып алушы немесе жеткізуші елінің коды ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Ел коды», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3 - 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін код. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар» мемлекеттік жіктеуіштеріне сәйкес көрсетіледі.
      14. 18-бағанда экспортер немесе импортер осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес есептелген репатриациялау мерзімі көрсетіледі.
      15. 20-баған мына жіктеуіш ескеріле отырып толтырылады:
      1 – растайтын құжаттар және экспортердің немесе кредитордың келісімшарт бойынша тараптар міндеттемелерінің тоқтатылуы туралы жазбаша растауы болған кезде, тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін толық орындауы не резидент еместің немесе резиденттің елу мың АҚШ долларына балама сомасынан аспайтын берешек қалдығының болуы, оның ішінде бас тарту төлемін беру, борышкер мен кредитор бір тұлға болған жағдайда есепке алынуы, мемлекеттік органның актісінің шығуы салдарынан орындауға мүмкіндік болмағанына байланысты міндеттемелерді тоқтату;
      2 – импортердің осы келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша растауы болған кезде резидент емеске бұрын алынған тауарларды қайтару не пайдаланылмаған авансты импортерге қайтару;
      3 – импортердің осы келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша растауы болған кезде резидент емес тауарға ақы төлеу міндеттемесін орындамаған жағдайда экспортерге бұрын тиелген тауарларды қайтару не экспортер тауарды жеткізу бойынша міндеттемесін орындамаған жағдайда экспортер экспорт бойынша келісімшарттың төлемі бойынша алған валютаны резидент емеске қайтару;
      4 – экспортер немесе импортер резидент еместің алдында міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспортер мен импортер алдындағы міндеттемелерін толық көлемде орындаған резидент еместің тарапынан талабының жоғын растайтын құжаттарды ұсыну;
      5 – дара кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің Қазақстан Республикасынан тыс жерге қоныс аударуы туралы уәкілетті органының растауы;
      6 – келісімшарт мерзімінің аяқталуы және тараптардың міндеттемелерін балама орындауы немесе резидент еместің не резиденттің елу мың АҚШ долларына балама сомадан аспайтын берешек қалдығының болуы талабымен тараптар міндеттемелерін орындаған соңғы күнінен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде келісімшарт бойынша ақша немесе тауар қозғалысының болмауы;
      7 – резидент еместі тарату немесе банкрот деп тану туралы сот шешімінің не шетел мемлекетінің басқа уәкілетті мемлекеттік органы құжатының болуы;
      8 – құқықтық мұрагері болмаған жағдайда экспортерді немесе импортерді тарату;
      9 – резидент еместің міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы болған кезде экспортердің немесе импортердің сақтандыру төлемін алуы;
      10 – экспортердің немесе импортердің талап етуді (факторинг) бере отырып қаржыландыру шарты шеңберінде банк шотына ақшаның түсуі;
      11 – келісімшартты есептік тіркеу банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиясын тоқтата тұру не одан айыру;
      12 – талаптар келісімшарт бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындаған не резидент еместің елу мың АҚШ долларына балама санынан аспайтын берешегінің қалдығы болған кезде уәкілетті банктің келісімшарт бойынша есептеу үшін импортер шығарған резидент емес ұсынған вексельді есепке алуы;
      13 – экспортердің немесе импортердің осы келісімшартты тоқтату туралы есептік тіркеу банкіне ұсынылған жазбаша өтініші болған кезде экспортердің немесе импортердің келісімшарт бойынша резидент еместің алдындағы борышын резидент еместің келісімін растайтын құжаттардың негізінде басқа тұлғаға аударуы;
      14 – растайтын құжаттар (талап ету құқығын беру шарты, өзара міндеттемелер бойынша салыстырып тексеру актісі, тауарларды қабылдау-тапсыру актісі, тауарға ілеспе құжаттар және т.б.) және экспортердің немесе импортердің осы келісімшартты тоқтату туралы есептік тіркеу банкіне ұсынылған жазбаша өтініші болған кезде экспортердің немесе импортердің резидент емеске талап ету құқығын осы Қағидалардың 38-тармағын ескере отырып, басқа тұлғаға беруі немесе аударуы;
      15 – дара кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің қайтыс болуы, құқықтық мұрагері болмаған жағдайда;
      16 – келісімшартты жеке есепке алуға жатқызған күнінен бастап үш жыл өткен;
      17 – экспортердің немесе импортердің осы Қағидалардың 32-тармағын ескере отырып экспортерге немесе импортерге келісімшарт бойынша қызмет көрсететін келісімшартты есептік тіркеу банкін ауыстыруы;
      18 – келісімшартқа тауарды экспорт немесе импорт үшін тауарды Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізуге жол бермейтін өзгерістер мен толықтыруларды енгізу;
      19 – келісімшарт бойынша ақша және тауар қозғалысының болмауы;
      20 – резидент еместің келісімшарт бойынша резидент алдындағы барлық берешек сомасын осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзімді ескере отырып өтеу бойынша резиденттің пайдасына сот немесе өзге де мемлекеттік органы шешімінің, төрелігінің болуы;
      21 – резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерін олардың арасында болған бастапқы міндеттемені сол тұлғалардың арасында өзге мәні бар немесе өзге орындау тәсілін көздейтін басқа міндеттемеге ауыстырумен тоқтату.
      16. Ұлттық Банк осы Қағидалардың 48 және 50-тармақтарына сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын және кеден ісі саласындағы уәкілетті органдарға есептік тіркелуге жататын келісімшарттар бойынша ақпарат жіберген кезде 2-8, 12, 13, 19, 20-бағандарда көрсетілген мәліметтерді жібереді.

Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық валюталық бақылауды
жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және
импорт бойынша келісімшарттардың есептік
нөмірлерін алу қағидаларына
6-қосымша

Нысан

______жылғы ____________ айдағы
Келісімшарттардың есептік нөмірлеріне қарай келісімшарттар бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпарат

Келісімшарттың есептік нөмірінің деректемелері

Белгісі – экспорт немесе импорт

Келісімшарттың деректемелері

Экспортердің немесе импортердің деректемелері

Күні

Нөмірі

Күні

БСН

ЖСН

Белгісі – заңды тұлға немесе дара кәсіпкер

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Тауар декларациясының нөмірі

Тауар декларациясында көрсетілген кедендік рәсім

Тауар шығарылған күні

Тауардың құны

Статистикалық

Фактуралық

Жеткізу валютасы

Валюта бағамы

10

11

12

13

14

15

16








6-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау

      1. 2 және 3-бағандарда келісімшарттың есепке алу нөмірі және ол берілген күн көрсетіледі. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін мәміле паспорты ресімделген келісімшарттар бойынша мәміле паспорттарының нөмірі мен күні көрсетіледі.
      2. 3, 6, 12-бағандар мынадай тәртіппен сегіз санды көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.
      3. 5-баған келісімшарттың нөмірі бар болған кезде келісімшарттың осындай деректемесін көрсету арқылы толтырылады.
      4. 4-баған мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: экспорт бойынша келісімшарт болса 1 және импорт бойынша келісімшарт болса 2.
      5. 7-баған 9-бағанда «1» белгісі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің БСН көрсету арқылы толтырылады. БСН болмаған жағдайда экспортердің немесе импортердің КҰЖЖ көрсетіледі.
      6. 8-баған 9-бағанда «2» белгісі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің ЖСН көрсету арқылы толтырылады. ЖСН болмаса, экспортердің немесе импортердің СТН көрсетіледі.
      7. 9-бағанда егер экспортер немесе импортер заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі) болып табылса «1» белгісі немесе экспортер немесе импортер дара кәсіпкер болып табылса «2» белгісі көрсетіледі.
      8. 11-баған Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды декларациялау мақсаты үшін кеден органдары пайдаланылатын жіктеушіге сәйкес кеден рәсімдерінің сандық белгісін көрсету арқылы толтырылады.
      9. 13-бағанда тауардың статистикалық құны АҚШ доллары бірлігімен көрсетіледі.
      10. 14-бағанда тауардың фактуралық құны жеткізу валютасының бірлігімен көрсетіледі.
      11. 15-бағанда ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес жеткізу валютасын әріппен белгілеу көрсетіледі.
      12. 16-бағанда қайта санау үшін фактуралық құнда пайдаланылған және тауар декларациясында көрсетілген валюта бағамы көрсетіледі.

Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық валюталық бақылауды
жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және
импорт бойынша келісімшарттардың есептік
нөмірлерін алу қағидаларына
7-қосымша

Нысан

№_____/_____/_____ банктік бақылаудың жеке карточкасы
_________жылғы _____________есепті ай
(есепті айдың аяғындағы жағдай бойынша)

Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпараттың атауы

Жолдың коды

Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпарат

1.

Банктік бақылаудың жеке карточкасын жіберуге негіз:

10


2.

Экспортер немесе импортер бойынша ақпарат:

20


3.

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

21


4.

БСН

22


5.

ЖСН

23


6.

Белгісі – заңды тұлға немесе дара кәсіпкер

24


7.

Мекенжайы

25


8.

Облыстың коды

26


9.

Келісімшарттың немесе мәміле паспортының есепке алу нөмірі:

30


10.

Нөмірі

31


11.

Күні

32


12.

Келісімшартты есепке алу тіркеу банкінің БСН

40


13.

Келісімшарт бойынша ақпарат:

50


14.

Белгісі – экспорт немесе импорт

51


15.

Нөмірі

52


16.

Күні

53


17.

Мың бірлікпен сомасы

54


18.

Келісімшарт валютасы

55


19.

Резидент емес бойынша ақпарат:

60


20.

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

61


21.

Елі

62


22.

Репатриациялау мерзімі:

70


23.

Резидент еместің келісімшарт бойынша экспортер немесе импортер алдындағы репатриациялау мерзімдерінде орындамаған міндеттемелерінің сомасы туралы ақпарат

80


24.

Келісімшарт валютасымен

81


25.

АҚШ долларымен

82


26.

Ескерту:

90


7-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау

      1. Банктік бақылаудың жеке карточкасының нөмірі көлбеу сызықпен бөлінген екі бөліктен тұрады:
      бірінші бөлікте уәкілетті банктің БСН көрсетіледі;
      екінші бөлікте уәкілетті банк (оның филиалдарын ескере отырып) үшін банктік бақылаудың жеке карточкасының бірегей нөмірі көрсетіледі.
      2. 10 деген коды бар жолда «1» цифры көрсетіледі – резидент еместің экспортер немесе импортер алдында есептік айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша елу мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға репатриациялау мерзімінде келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамауы.
      Ұлттық Банкке осы келісімшарт бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасын жіберу күні экспортер немесе импортер уәкілетті банкке резидент еместің осы келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауын растайтын немесе репатриациялаудың жаңа мерзімін белгілеу үшін негіз болып табылатын құжаттарды ұсынбаса, банктік бақылаудың жеке карточкасы Ұлттық Банкке жіберіледі.
      3. 22 деген коды бар жол егер 24 деген коды бар жолда «1» деген белгі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің БСН көрсету арқылы толтырылады. БСН болмаған жағдайда экспортердің немесе импортердің КҰЖЖ коды көрсетіледі.
      4. 23 деген коды бар жол егер 24 деген коды бар жолда «2» деген белгі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің ЖСН көрсету арқылы толтырылады. ЖСН болмаған жағдайда экспортердің немесе импортердің СТН көрсетіледі.
      5. 24 деген коды бар жолда егер экспортер немесе импортер заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі) «1» белгісі немесе экспортер немесе импортер дара кәсіпкер болып табылса «2» белгісі көрсетіледі.
      6. 26 деген коды бар жолда (КАТО) ҚР МЖ 11-2009 әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеушісіне сәйкес экспортердің немесе импортердің заңды мекенжайы бойынша облыс кодының алғашқы 2 цифры көрсетіледі.
      7. 31-32 деген кодтары бар жолдар келісімшарттың немесе мәміле паспортының есепке алу нөмірі бар болған жағдайда толтырылады.
      8. 32, 53 деген кодтары бар жолдар мынадай тәртіпте сегіз сан көрсетіле отырып толтырылады: күні, айы, жылы.
      9. 40 деген коды бар жол келісімшарттың есепке алу тіркеу банкінің БСН көрсету арқылы толтырылады.
      10. 51 деген коды бар жолда экспорт бойынша келісімшарт үшін «1» белгісі немесе импорт бойынша келісімшарт үшін «2» белгісі көрсетіледі.
      11. 52 деген коды бар жол келісімшарттың нөмірі бар болған кезде келісімшарттың осындай деректемесін көрсету арқылы толтырылады.
      12. 55 деген коды бар жолда ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес валютаны әріппен белгілеу көрсетіледі.
      13. 62 деген коды бар жол ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 - 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Ел коды», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2 - 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3 - 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған код. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар» мемлекеттік жіктеушілерін пайдалана отырып толтырылады.
      14. 70 деген коды бар жол осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес экспортер немесе импортер есептеген репатриациялау мерзімін көрсету арқылы толтырылады.
      15. 81 және 82 жолдар валютаның мың бірлігімен толтырылады.
      16. 90 коды бар жолда уәкілетті банк басқа кез келген қосымша ақпаратты көрсетеді.
      17. Келісімшарт бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасы алдыңғы есепті кезеңдерде жіберілген болса және есепті кезеңде оны жіберу үшін негіз бар болса, уәкілетті банк алғашқы рет 20-70 деген кодтары бар жолдарды толтырмай, осы жолдардағы ақпарат өзгерген жағдайларды қоспағанда, банктік бақылаудың жеке карточкасы жіберілген нөмірді көрсете отырып, банктік бақылау жеке карточкасын жібереді.

Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық валюталық бақылауды
жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және
импорт бойынша келісімшарттардың есептік
нөмірлерін алу қағидаларына
8-қосымша

Нысан

___________ жылғы _________ айдағы
жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға ақша төлемін және
(немесе) аударымын жүзеге асырған экспортер немесе импортер туралы
ақпарат

      Уәкілетті банктің БСН/КҰЖЖ коды ________________

Экспортер немесе импортер бойынша ақпарат

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН

ЖСН

Белгісі – заңды тұлға немесе дара кәсіпкер

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6







      кестенің жалғасы

Экспортер немесе импортер бойынша ақпарат

Ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпарат

Облыстың коды

Белгісі – экспорт немесе импорт

Белгісі – шығыс, кіріс

Сомасы

Ескерту

7

8

9

10

11






8-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау

      1. 3-баған 5-бағанда «1» белгісі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің БСН көрсету арқылы толтырылады. БСН болмаған жағдайда экспортердің немесе импортердің КҰЖЖ коды көрсетіледі.
      2. 4-баған 5-бағанда «2» белгісі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің ЖСН көрсету арқылы толтырылады. ЖСН болмаған жағдайда экспортердің немесе импортердің СТН көрсетіледі.
      3. 5-бағанда егер экспортер немесе импортер заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі) болып табылса «1» белгісі көрсетіледі немесе экспортер немесе импортер дара кәсіпкер болып табылса «2» белгісі көрсетіледі.
      4. 6-бағанда экспортердің немесе импортердің заңды мекенжайы көрсетіледі.
      5. 7-бағанда (КАТО) ҚР МЖ 11-2009 әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеушісіне сәйкес заңды мекенжайы бойынша экспортердің немесе импортердің облыс кодының алғашқы 2 саны көрсетіледі.
      6. 8-бағанда экспорт бойынша келісімшарт үшін «1» белгісі немесе импорт бойынша келісімшарт үшін «2» белгісі көрсетіледі.
      7. 9-бағанда шығыс төлемі (шетел сатып алушысының немесе шетел жеткізушісінің пайдасына ақша төлемі және (немесе) аударымы) үшін «1» белгісі немесе кіріс төлемі (экспортердің немесе импортердің пайдасына ақша төлемі және (немесе) аударымы) үшін «2» белгісі көрсетіледі.
      8. 10-бағанда жүзеге асырылған ақша төлемдерінің және (немесе) аударымдарының АҚШ долларымен жалпы сомасы көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы 
№ 42 қаулысына   
қосымша     

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
күші жойылды деп танылатын қаулыларының
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4417 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2006 жылғы қарашада № 16 жарияланған).
    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2001 жылғы 5 қыркүйектегi № 343 қаулысына өзгерiс енгiзу және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 110 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4988 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 23 қарашада № 180 (1209) жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 93 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5507 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 3 ақпанда № 16 (1439) жарияланған).
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 77 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5824 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 6 қарашада № 170 (1593) жарияланған).
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банк клиентінің банк шоты нөмірінің және банктік сәйкестендіру кодының жаңа құрылымына көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 91 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5852 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 4 желтоқсанда № 186 (1609) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулылары тізбесінің 2-тармағы.
      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 20 тамыздағы № 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6534 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 21 қазанда № 435 (26278) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 11-тармағы.