Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 59 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 сәуірде № 7554 тіркелді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы 
№ 59 қаулысымен    
бекітілді        

Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг
ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді
басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптары

1. Жалпы ережелер

      Осы Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыруға, клиринг ұйымында мониторингінің, тәуекелдерді бақылау және басқару шарттары мен талаптарын белгілеуге қойылатын талаптарды айқындайды.
      1. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) есеп айырысу ұйымы – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айрысуларды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйым;
      2) клиринг – қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың талаптары және (немесе) міндеттемелері туралы ақпаратты анықтау, тексеру және беру процесі;
      3) клирингтік жүйе – клиринг қызметін жүзеге асыруға арналған клиринг ұйымының бағдарламалық-техникалық кешені;
      4) стресс-тестинг – клиринг ұйымының қызметіне ықпал ететін клиринг ұйымының қаржылық жағдайына ерекше болатын, бірақ ықтимал оқиғалардың әлеуетті ықпал етуді өлшеу әдістемелері;
      5) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2. Клиринг ұйымының Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесінің осы қаулы талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді және клиринг ұйымы органдарының, бөлімшелерінің және қызметкерлерінің оларға тәуекелдерді басқару саласы бойынша жүктелген міндеттерді орындауы бойынша талаптар тудырады.
      3. Клиринг ұйымындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптар былайша бөлінеді:
      1) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын базалық талаптар;
      2) ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар;
      3) мониторингке, бақылауға және тәуекелдерді басқару тәртібіне қойылатын талаптар;
      4) меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру бойынша қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
      5) ішкі бақылау жүйесінің болуына қойылатын талаптар.
      4. Клиринг ұйымы жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей уәкілетті органға осы Талаптардың қосымшасына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау бойынша есепті береді, ол мыналарды қамтиды:
      1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың толық тізбесін;
      2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келудің (сәйкес келмеудің) дербес бағалануын;
      3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда, түзетілуі тиіс кемшіліктерді, оларды жою жөніндегі іс-шараларды, жауапты адамдарды және іс-шаралар орындалуының нақты мерзімдерін көрсетіп, кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын.
      5. Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатпен көзделген тәртіпте клиринг ұйымы тәуекелдердің негізгі түрлері бойынша (кредиттік, жүйелік, операциялық, нарықтық) тоқсан сайын стресс-тестинг жүргізеді.
      6. Стресс-тестинг нәтижелері тәуекелдерді басқару жөніндегі клиринг ұйымының саясатында белгіленген тәртіппен ресімделеді және есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде, тоқсанына кемінде бір рет уәкілетті органға беріледі.
      7. Операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг нәтижелері уәкілетті органға есептік жарты жылдықтан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.

2. Тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын
базалық талаптар

      8. Клиринг ұйымында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы клиринг ұйымы қызметінің корпоративті басқару талаптарына, бағалы қағаздар нарығында қызметтің кәсіби түрін жүзеге асыру шеңберінде операциялар жүргізу тәжірибесінің болуын, клиринг жүйесінің жұмыс істеуін көздейді.
      9. Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесі өз қызметінде мынадай бағыттарды қамтиды:
      1) қаржы құралдарымен сауда-саттықтың нәтижелері бойынша клирингті ұйымдастыру, өткізу және басқару;
      2) сауда-саттық, қор биржасы, орталық депозитарий және (немесе) өзге есеп айырысушы ұйым клиринг қатысушыларының ұсынатын ақпаратын жинау, енгізу, сақтау және тарату;
      3) клиринг процесінің үздіксіз, үзіліссіздігін қамтамасыз ету мақсатында клиринг жүйесіне тұрақты мониторинг жүргізу;
      4) клиринг процесінде пайдаланылып отыратын клиринг ұйымын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету аудиті;
      5) клирингтік қызмет көрсетуге қабылданған биржалық мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асыру;
      6) қор (тауар) биржасының сауда жүйесінде жасалған сауда-саттық және мәмілелер, сондай-ақ клиринг бойынша ақпарат жинау, талдау және сақтау;
      7) клиринг ұйымының меншікті активтерін қаржы құралдарына инвестициялау;
      8) клиринг ұйымын басқаруда ұйымдық-функционалдық құрылым құру және оны жетілдіре түсу;
      9) ішкі рәсімдер мен құжаттарды әзірлеу және бекіту;
      10) клиринг ұйымының мүдделі органдарына шешімдер қабылдау үшін ақпаратты ұсыну, және клиринг ұйымының органдары мен бөлімшелері арасында ақпарат алмасу;
      11) клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару саласы бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен және ішкі саясатымен белгілеген талаптарын клиринг ұйымының сақтау мониторингі;
      12) сауда-саттыққа клиринг қатысушыларының қаржылық жай-күйі, сондай-ақ олардың клиринг ұйымының ішкі құжаттар талаптарына сәйкестігі мониторингі;
      13) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылармен жұмысты ұйымдастыру тәртібін анықтау, оның ішінде дауларды қарау және шешу рәсімдерін, сондай-ақ сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының өз міндеттемелерін орындамаған жағдайында тиісті шаралар қолдануды анықтау;
      14) арнайы клирингтік (кепілді және (немесе) резервтік) қорларды құру және пайдалану.
      10. Тәуекелдерді басқару жүйесі мынадай ішкі құжаттардың болуымен ғана шектелмей мыналарды көздейді:
      1) клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты;
      2) клиринг ұйымының меншікті активтерді инвестициялау тәртібі;
      3) ішкі бақылауды және ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері;
      4) клиринг ұйымында орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсімдері;
      5) клиринг ұйымының басшы және өзге қызметкерлерінің инсайдерлік ақпаратты және бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануын болдырмауға бағытталған рәсімдер;
      6) қор (тауар) биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асыру тәртібі;
      7) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар ретіндегі қызметінің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының, клиринг ұйымының ішкі құжаттарының талаптарына және клирингтік қатысушылардың қаржылық жағдайына қойылатын талаптарға сәйкес келу мәніне мониторинг және бақылау жасаудың тәртібі мен талаптары;
      8) арнайы клирингтік (резервтік және (немесе) кепілдемелік) қорларды қалыптастыру, сондай-ақ оны пайдаланудың тәртібі мен талаптары;
      9) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларға қойылатын талаптар;
      10) клиринг ұйымының ақпараттық саясаты;
      11) техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты мыналарды айқындайды:
      1) клиринг ұйымының директорлар кеңесінің, басқармасының, жауапты бөлімшесінің тәуекелдерді басқару жөніндегі және басқа бөлімшелердің тәуекелдерді басқару саласы бойынша өкілеттіліктері мен функционалдық міндеттері, сондай-ақ осы органдар мен бөлімшелердің арасындағы ақпарат алмасу тәртібі;
      2) клиринг ұйымының қызметіне және оның клиринг жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәнін анықтау тәртібін қосқандағы тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау жөніндегі рәсімдер, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғары қол жетімді мәнін анықтау бойынша рәсімдер;
      3) клиринг ұйымының қызметіне және оның клиринг жүйесінің жұмыс істеуі барысында туындайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралар;
      4) осы тармақтың 2) тармақшасымен белгіленген рәсімдер тиімділігі, клиринг ұйымының тәуекелдер көрсеткіштерінің мәнін және тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды бағалау бірдейлігі мониторингінің механизмі;
      5) осы тармақтың 2) тармақшасымен белгіленген және осы тармақтың 3) тармақшасымен белгіленген рәсімдерге сәйкес келмеген жағдайда қабылданатын шаралар тиімділігі мониторингінің механизмі;
      6) тәуекелдерге мониторинг, бағалау және бақылау жасау рәсімдері, оның ішінде:
      клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесінің клиринг ұйымының басқа бөлімшелерімен бірлесе отырып, тәуекелдер мониторингі бойынша қабылдайтын шаралары;
      тәуекелдердің туындау жиілігін бағалауды, осы тәуекелдердің ықпалдарын кейіннен саралауды және тәуекелдер көрсеткіштерінің жол берілетін ең жоғары мәндерін белгілеуді қоса алғанда, клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесі жүзеге асыратын тәуекелдерді бағалау;
      клиринг ұйымы тәуекелдерінің көрсеткіштері мәндерінің өзгеруіне және осы көрсеткіштердің жол берілетін ең жоғары мәндеріне, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдер көрсеткіштерінің жол берілетін ең жоғары мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді азайту мақсатында қабылданатын шараларға мониторинг жасау қамтылатын, клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесі жүргізетін тәуекелдер мониторингі;
      директорлар кеңесіне сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар қор (тауар) биржасының сауда жүйесінде жасаған мәмілелер бойынша клиринг ұйымының жауапкершілігіне әкеп соқтыруға қабілетті кез-келген маңызды жағдайлар туралы дереу есептілік ұсыну механизмі;
      сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар тәуекелдерінің көрсеткіштері мәндерінің өзгеруіне және осы тәуекелдер көрсеткіштерінің жол берілетін ең жоғары мәндеріне, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдер көрсеткіштерінің жол берілетін ең жоғары мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді азайту мақсатында қабылданатын шараларға мониторинг жасау қамтылатын, клиринг ұйымының сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларға мониторинг және бақылау жасау жөніндегі жауапты бөлімшесі жүргізетін тәуекелдер мониторингі.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Клиринг ұйымының меншiктi активтерiн инвестициялаудың тәртiбi меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбiн, меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру процесiнде қолданылатын құжаттардың типтiк нысандарын белгiлейдi және мыналар бойынша рәсiмдердi сипаттауды қамтиды:
      1) клиринг ұйымының меншiктi активтерiн инвестициялау саясатын әзiрлеу;
      2) мыналарды көздейтiн клиринг ұйымының меншiктi активтерiне қатысты инвестициялық шешiмдердi қабылдау үшiн ұсынымдар дайындау:
      ұсынымдар беруге уәкiлеттi тұлғалар лауазымдарының тiзбесiн;
      инвестициялық портфельдiң жай-күйiн талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;
      инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдары айналымының және кiрiстiлiгiнiң болуын талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;
      инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдерді талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;
      ұсынымдарды беруге маңызды факторларды талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;
      3) клиринг ұйымының меншiктi активтерiне қатысты инвестициялық комитет жұмысының сипаттамасы, отырыстарды өткiзудiң және рәсiмдеудiң кезеңдiлiгi болатын инвестициялық шешiмдердi қабылдау;
      4) инвестициялық шешiмдердi дайындау, қабылдау және орындау барысында клиринг ұйымының органдары мен бөлiмшелерi өзара әрекеттесу;
      5) көмегi арқылы мәмiлелер жасау болжанатын (осындай бар болса) делдалмен (брокермен) өзара iс-әрекет жасау процестерiнiң сипаттамасы бар меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасасу және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, мәмiлелердi жасасуға бақылау, активтердiң құрамына және қозғалысына салыстырып тексерудi жүзеге асыру, жасалған мәмiлелердiң iшкi есепке алуын және құжат айналымын жүргiзу, сондай-ақ меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасасуға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тiзбесi;
      6) клиринг ұйымының басқармасы меншiктi активтер есебiнен жасалған қаржы құралдарымен операциялар жөнiндегi қызметтiң нәтижесi туралы есептiлiктi дайындау.
      13. Клиринг ұйымының меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасасуды қамтамасыз ету мақсатында, қор биржасы мыналар кiретiн, бiрақ олармен шектелмейтiн меншiктi активтерiн инвестициялау саясатын әзiрлейдi:
      1) меншiктi активтердi инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;
      2) инвестициялау объектiлерiнiң сипаттамасы мен тiзбесi;
      3) қаржы құралдарының түрлерi бойынша меншiктi активтердi инвестициялау лимиттерi;
      4) меншiктi активтер есебiнен жасалатын қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер;
      5) хеджирлеу құралдарының тiзбесiн және сипаттамасын көрсете отырып, меншiктi активтерiн хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;
      6) меншiктi активтердi инвестициялаумен байланысты негiзгi тәуекелдер туралы ақпарат.
      14. Клиринг ұйымының меншiктi активтерiн инвестициялаудың саясатын және оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды қор биржасының директорлар кеңесi бекiтедi.
      15. Iшкi аудиттi және iшкi бақылауды жүзеге асыру рәсiмдерi:
      1) iшкi аудит қызметiнiң құрамын, оның функцияларын, мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн;
      2) iшкi аудиттi және iшкi бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптарды;
      3) iшкi аудит пен iшкi бақылаудың мәнiн және объектiн;
      4) iшкi аудит қызметiнiң тексеру жүргiзу ауқымын және жиiлiгiн;
      5) iшкi аудиттi жүргiзу кезiнде тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалау жүйесін мiндеттi түрде пайдалануын;
      6) iшкi аудиттi жүргiзу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды;
      7) iшкi аудит қызметiнiң клиринг ұйымының директорлар кеңесіне тексеру нәтижелерi туралы есептерді ұсыну мерзiмдерiн және нысанын белгiлейдi.
      16. Клиринг ұйымы қызметiн жүзеге асыру барысында оның органдарымен және (немесе) бөлiмшелерi арасында туындайтын клиринг ұйымында орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсiмiне мыналар кiредi:
      1) мыналарды қамтамасыз етуге бағытталған клиринг ұйымының органдары шешiм қабылдау рәсiмдерi:
      клиринг ұйымы органдарының мүшелері қабылдайтын шешiмдердiң тәуелсiздiгiн;
      клиринг ұйымы органдарының мүшелері қабылдайтын шешімдерге мүдделі болмауын;
      клиринг ұйымы органдары мүшелерiнiң және қызметкерлерiнiң клиринг ұйымы органдарының отырыстарын жүргізу барысында алынған ақпаратты тұлғалардың көпшiлiк тобының арасында осы ақпаратты ресми жариялағанға дейiн оны өзiнiң жеке мақсатында не үшiншi тұлғалардың мүддесінде қолдануларын шектеу;
      2) клиринг ұйымы органдарының отырыстарын жүргiзу қорытындысы бойынша хаттамаларды мiндеттi жасау мен сақтау бойынша талаптар;
      3) клиринг ұйымының бөлiмшелерi арасында, клиринг ұйымының органдары мен бөлiмшелерi арасында, клиринг ұйымының бөлімшелері арасында орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын сипаттау;
      4) орын алған мүдделер қақтығысын реттеу мақсатында клиринг ұйымы жүргiзетiн iс-шаралар, сондай-ақ әлеуетті мүдделер қақтығысын реттеуге бағытталған алдын алу шаралары.
      17. Инсайдерлiк және өзге конфиденциалдық ақпаратты клиринг ұйымының басшылары мен өзге қызметкерлері қолдануларын болдырмауға бағытталған рәсімдер мыналарға бағытталған шараларды қамтиды:
      1) инсайдерлiк және өзге конфиденциалдық ақпаратты өзiнiң мүддесі немесе үшiншi тұлғалардың мүддесінде қолданумен мәмiлелер жасасуды болдырмауға;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инсайдерлiк және оған негізделген ақпаратты үшiншi тұлғаларға беруді және тұлғалардың көпшiлiк тобы арасында оны таратуды болдырмауға;
      3) клиринг ұйымы қызметкерлерiнiң инсайдерлiк ақпаратқа негізделген қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер туралы ұсынымдарды үшiншi тұлғалар беру мүмкiндiгiн шектеуге;
      4) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 56-1-бабында клиринг ұйымының инсайдерлiк ақпаратқа билiк етуге және оны пайдалануға бақылау бөлігінде көзделген шараларға.
      18. Қор (тауар) биржасының сауда жүйесiнде қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша клирингті жүзеге асыру тәртiбi мыналарды көздейтiн рәсiмдердiң сипаттамасын қамтиды:
      1) клиринг ұйымы клирингтік қызмет көрсетуге қабылдаған қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингті ұйымдастыру мен жүзеге асыруды;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген клирингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды жинауды, енгізуді, өңдеуді және сақтауды;
      3) клиринг ұйымының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуін мәмілелер бойынша есептесуді жүргізу жүйесінде қателер мен техникалық іркілістер болуына мониторингі және тестiлеудi;
      4) қор (тауар) биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелер бойынша есептесуді жүзеге асыру барысында сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары мен клиринг ұйымының арасындағы мәселелерді шешудің тәртiбiн;
      5) клиринг ұйымының және сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары, қор (тауар) биржасы, орталық депозитарийі және (немесе) өзге есеп айырысу ұйымы арасындағы ақпаратпен алмасу тәртібін және шарттарын.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      19. Сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары ретінде олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына және клиринг ұйымының ішкі құжаттарына сәйкестігі мәніне сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының мониторингі мен бақылау тәртібі және шарттары мыналарды қамтиды:
      1) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының есептерінің және олардың қаржылық жай-күйінің мониторингіне қажетті өзге ақпараттың тізбесін;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген есептерді және өзге ақпаратты ұсыну шарттары мен мерзімдерін;
      3) клиринг ұйымының осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген есептерді және өзге ақпаратты қарау тәртібі мен мерзімдерін;
      4) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының қаржылық жай-күйін бағалау әдістемесін;
      5) клиринг ұйымының басшы қызметкерлері мен бөлімшелері сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының қаржылық жай-күйі туралы жиынтық есептерді жасау және ұсыну тәртібі мен мерзімдерін;
      6) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының қаржылық жай-күйіне белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларына қатысты шараларды қабылдау тәртібі мен шарттарын;
      7) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары ретінде олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына және клиринг ұйымының ішкі құжаттарына сәйкестігі мәніне сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының мониторингінің жылдық жоспары;
      8) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары ретінде олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына және клиринг ұйымының ішкі құжаттарына сәйкестігі мәніне сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының тексеру жүргізу тәртібі мен шарттары;
      9) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары ретінде олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына және клиринг ұйымының ішкі құжаттарына сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының сәйкестігін бағалау әдістемесі;
      10) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларын тексеру нәтижелерін ресімдеу және клиринг ұйымының басшы қызметкерлері мен бөлімшелеріне осы ақпаратты ұсыну тәртібі мен мерзімдері;
      11) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары ретінде олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына және клиринг ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес келмейтін сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларына қатысты шараларды тәртібі мен шарттары.
      20. Арнайы клирингтік (резервтік және (немесе) кепілдік) қорларын қалыптастыру, сондай-ақ пайдалану тәртібі мен шарттары:
      1) арнайы клирингтік (резервтік және (немесе) кепілдік) қорының мөлшерін айқындау және бағалау әдістемесі;
      2) клиринг ұйымының және сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары арнайы клирингтік (резервтік және (немесе) кепілдік) қорларының жарналарын жүзеге асыру тәртібі мен шарттары;
      3) арнайы клирингтік (резервтік және (немесе) кепілдік) қорының төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен шарттары;
      4) арнайы клирингтік (резервтік және (немесе) кепілдік) қорының активтерін инвестициялау мүмкіндігі, тәртібі және шарттары.
      21. Сауда-саттыққа клиринг қатысушыларға қойылатын талаптар мынадай:
      1) қаржылық жағдайына;
      2) тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың тиісті жүйелерінің болуына;
      3) қор (тауар) биржасының сауда-саттық жүйесінде жасалатын мәмілелер бойынша қамтамасыз ету бойынша шараларды сақтауға, оның ішінде осындай мәмілелер бойынша қажетті қамтамасыз етуді қалыптастыруға.
      22. Клиринг ұйымының ақпараттық саясаты мыналардан тұрады, бірақ мыналармен шектелмейді:
      1) клиринг ұйымының ақпаратты жариялау тәртібі мен талаптары;
      2) клиринг ұйымының беделіне ықпал етуі мүмкін ақпаратты тұрақты мониторинг жүргізу жөнінде талаптар;
      3) клиринг ұйымының беделіне зиян келтіруі мүмкін ақпарат пайда болған және таралған жағдайда қажетті шараларды уақытылы қабылдау жөніндегі талаптар.
      23. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық:
      1) өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптардан;
      2) төтенше жағдайлар және (немесе) күтпеген жағдайлар орын алған жағдайда клиринг ұйым қызметкерлерінің іс-әрекеттері сипатталған төтенше жағдайлар және (немесе) күтпеген жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-қимылдар жоспарынан;
      3) клиринг ұйым қызметкерлерінің бағдарламалық-техникалық кешендерді және өзге жабдықтарды пайдалану тәртібінен;
      4) клиринг ұйымының үй-жайларды жабудың алдында қараудың жүйелілігінен тұрады.

3. Ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар

      24. Сауда-саттықтың клиринг қатысушыларының қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың клиринг ұйымының ішкі құжаттарына сәйкестігін мониторинг жүргізу мақсатында клиринг ұйым жеке қадағалау бөлімшесін құрады.
      Ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне клиринг ұйымының басқа бөлімшелерінің функциялары мен міндеттерін жүктеуге жол берілмейді.
      25. Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы мен қызметкерлері жоғары білімді, кәсіби құзыреті және тәуекелдерді басқару саласында кем дегенде үш жыл жұмыс тәжірибесі болады, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын біледі.
      26. Клиринг ұйымының ұйымдық құрылымы өзіне негізгі функциясы сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары ретінде олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына және клиринг ұйымының ішкі құжаттарына сәйкестігі мәніне сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының мониторингі және бақылау болып табылатын бөлімшесін енгізеді.
      27. Қаржы құралдармен мәмілелер бойынша клиринг қызметі қор биржасын жүзеге асырған кезде қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау бойынша қызметті жүзеге асыратын бөлімшесі осы Талаптардың 26-тармағында көрсетілген бөлімшелердің функцияларын жүзеге асыруға жол беріледі.
      28. Клиринг ұйымының қызметін жүзеге асыру барысында оның органдары және (немесе) бөлімшелері арасында туындайтын мүдделердің орын алған және әлеуетті қақтығысын басқару мақсатында мынадай шаралар қабылданады:
      1) мүдделер қақтығысы орын алған немесе туындауы мүмкін бөлімшелердің клиринг ұйымының түрлі басшы қызметкерлеріне есептілігін қамтамасыз етеді;
      2) орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын ескере отырып, клиринг ұйымының бөлімшелері және органдары арасында ақпарат алмасу тәртібі әзірленеді және енгізіледі;
      3) ішкі аудит қызметі үнемі клиринг ұйымының бөлімшелері және қызметкерлерінің қызметін орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару бойынша қабылданған рәсімдерге сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырылады.

4. Тәуекелдерді мониторинг жүргізу, бақылау және
басқару тәртібіне

      29. Клиринг ұйым өз қызметінде тәуекелдердің мына түрлерін:
      1) кредиттік тәуекелдерді;
      2) жүйелі тәуекелдерді;
      3) операциялық тәуекелдерді;
      4) құқықтық тәуекелдерді;
      5) беделдік тәуекелдерді;
      6) баға, валюталық және пайыздық тәуекелдерді;
      7) өтімділіктен айрылу тәуекелдерін;
      8) тәуекелдерді басқару жөніндегі клиринг ұйымының саясатына сай өзге тәуекелдерді мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.
      30. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше клиринг ұйымының қадағалау бөлімшесімен және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесімен (заңдық бөлімше) бірлесе отырып клиринг ұйымының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарын бұзуы оның ішінде клиринг ұйымының ішкі құжаттарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкессіздігі, қор биржасының қызмет практикасының оның ішкі құжаттарына сәйкессіздігі салдарынан туындайтын құқықтық тәуекелдерді реттеуді мыналар арқылы:
      1) клиринг ұйым қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасы, клиринг ұйымының ішкі құжаттарына және рәсімдеріне сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыруды;
      2) сауда-саттықтың клиринг қатысушылары қызметінің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен, клиринг ұйымының ішкі құжаттарымен белгіленген талаптарға сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыруды;
      3) клиринг ұйымының қызметкерлерін тұрақты негізде клиринг ұйымының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен таныстырып отыруды;
      4) клиринг ұйымының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен белгіленген талаптарын орындамау тәуекелдеріне бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді.
      31. Тәуекелдерді мониторинг жүргізу, басқару және бақылаудың мақсаты мыналар:
      1) тәуекелдер мен қауіпті уақтылы айқындау;
      2) тәуекелдер көрсеткішінің ең жоғары рұқсат етілген мәндерін бағалаудың сапасын арттыру;
      3) тәуекелдерді басқарудың баламалы механизмдерін дамыту;
      4) тәуекелдерді азайту және басқару бойынша уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;
      5) тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшені қоса алғанда, клиринг ұйымының жеке бөлімшелерін тәуекелдерді мониторинг жүргізу және бағалау процесіне тарту, сондай-ақ тәуекелдерді басқару саласындағы клиринг ұйым қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру болып табылады.
      32. Тәуекелдерді айқындау рәсімі тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшемен бірлесе отырып жүргізген бөлімше қызметіне байланысты клиринг ұйымының әр бөлімшесі жүзеге асыратын мұқият шолу және мониторинг жүргізуге негізделеді.
      33. Айқындалған тәуекелдер мына сипаттамалар бойынша талданады:
      1) тәуекелдердің орын алу жиілігі;
      2) тәуекелдердің ықпал ету көлемі.
      34. Талдаудың нәтижелері негізінде рұқсат етілген түрде белгіленген тәуекелдердің мәніне қарай, тәуекелдер қабылданатын және қабылданбайтын боп сараланады.
      35. Тәуекелдерді бағалау және бақылаудың нәтижелері тәуекел көрсеткішінің жалпы (интегралды мәні), сол сияқты клиринг ұйымы қызметінің әр жеке түрі үшін сандық мәнін айқындау үшін пайдаланылады.
      36. Тәуекелдердің сандық мәні тәуекелдер көрсеткішінің ең жоғары рұқсат етілген мәнін, тәуекелдердің белгіленген рұқсат етілген көрсеткіштеріне сәйкестігін, сондай-ақ белгіленген рұқсат етілген көрсеткіштерге сәйкес келмейтін тәуекелдерді азайту және басқару үшін тиісті шешімдері қабылдау қажеттігін бағалауға мүмкіндік береді.
      37. Клиринг ұйым қызметінің әрбір жеке түріне тән тәуекелдер көрсеткішінің сандық мәнін қызметтің осы түрін жүзеге асыратын клиринг ұйымының бөлімшесі тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшемен бірлесе отырып есептейді.
      38. Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі қор (тауар) биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасаудың қорытындылар бойынша клиринг процесінің бұзылуын туғызған техникалық іркілістер және өзге жағдайлар туралы директорлар кеңесі мен басқармаға хабарлайды.
      39. Клиринг ұйымының директорлар кеңесі клиринг процесінің бұзылуын туғызған техникалық іркілістер және өзге жағдайлар туралы ақпаратты олар орын алған күннен кейінгі күн ішінде уәкілетті органға беруді қамтамасыз етеді.
      40. Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі туындаған тәуекелдер жағдайы және тәуекелдердің туындауы нәтижесінде шеккен зиянның мөлшері туралы директорлар кеңесі мен басқармаға тоқсан сайын есеп жасайды, сондай-ақ тәуекелдердің өзі, сондай-ақ олардың туындатқан салдарды азайту бойынша іс-шаралар жоспары ұсынылады.
      41. Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесінің тәуекелдер көрсеткішінің сандық мәнін бағалау жөніндегі қорытынды негізінде клиринг ұйымының басқармасы директорлар кеңесі бекітетін тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндерін айқындайды.
      42. Жаңа тәуекелдер туындаған жағдайда және (немесе) тәуекел көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндерімен сәйкес келмеген жағдайда тәуекелді және (немесе) осы сәйкессіздікті анықтаған клиринг ұйымының бөлімшесі директорлар кеңесі мен басқарманы хабардар етеді.
      43. Тәуекелдерді бағалау нәтижелерінің негізінде оларды азайтуға бағытталған болуы мүмкін шаралар белгіленеді.
      44. Тәуекелдерді барынша азайту тәуекелдер мәні тәуекелдер көрсеткiштерiнiң шектi мәнiне жуық болғанда не шектен асып кеткен жағдайларда қажетті болып табылады. Тәуекелдерді азайту мына шаралардың біреуін немесе бірнешесін қабылдау арқылы жүзеге асырылады:
      1) клиринг ұйымының қызметі процесінде клиринг ұйымының органдары қабылдайтын сол және өзге шешiмдерге тән тәуекелдер туындаған жағдайда, зиянды айқындау және азайту бойынша рәсiмдердi жетiлдiру;
      2) тәуекелдерді басқару саласында клиринг ұйымы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
      3) ішкі аудит қызметінің клиринг жүйесінің жұмыс істеуін және (немесе) клиринг ұйымының бөлімшелерінің жұмысын жоспардан тыс тексерулер жүргізу;
      4) клиринг ұйымының басшы қызметкерлерінің тарапынан тәуекелдерді азайтуға бағытталған іс-шараларға бақылауды арттыру;
      5) клиринг ұйымының ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда қосымша арнайы (кепілді және (немесе) резервтік) қорларды құру.
      45. Клиринг ұйымының директорлар кеңесі тәуекелдер туындау жағдайлары бойынша есептілікті беру тәртібін бекітеді, оның мақсаты болып мыналар табылады:
      1) тәуекелдер туындау салдарынан болған шығындар туралы ақпараттық базаны қалыптастыру;
      2) тәуекелдер туындау нәтижесінде болған нақты зиян туралы ақпаратты талдауы арқылы тәуекелдерді басқару мен азайту процестерін жетілдіру;
      3) тәуекелдер туындаған нәтижесінде пайда болатын зиянның құнын кезеңді бағалауды жүргізу;
      4) тәуекелдер туындауының маңызды жағдайларына уақтылы және тиісті ден қоюды қамтамасыз ету;
      5) деректерді жинау, енгізу, өңдеу және сақтау жөніндегі рәсімдерді толық синхрондауды қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпаратты қайталау және (немесе) жіберіп алу бойынша қателерді болдырмау.
      46. Клиринг ұйымының меншікті активтері есебінен қаржы құралдармен мәмілелерді жүзеге асыру бойынша қызметті ұйымдастыруға қойылатын талаптар клиринг ұйымының меншікті активтерін инвестициялау тәртібін белгілейтін клиринг ұйымының ішкі құжаттарымен белгіленеді.

5. Ішкі бақылау жүйесінің болуына қойылатын талаптар

      47. Клиринг ұйымының директорлар кеңесі ішкі бақылаудың бірдей жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және клиринг ұйымы қызметкерлерінің ішкі бақылау саласында өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды.
      48. Клиринг ұйымындағы ішкі бақылау жүйесі мынадай мақсаттарға:
      1) клиринг ұйымының активтерін басқарудың, клиринг рәсімдерінің, сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларына қатысты қадағалау функцияларын орындаудың және шығындар болуын айқындаудың тиімділігін тексеруді көздейтін клиринг ұйымы қызметінің операциялық және қаржылық тиімділігіне;
      2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігін, толықтығы мен уақтылығына. Аталған мақсат дәйекті және сапалы қаржылық есептің жасалуын және шешімдер қабылдаған кезде клиринг ұйымы пайдаланған басқа қаржы құжаттарын тексеруді болжайды;
      3) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ клиринг ұйымының ішкі саясаты мен рәсімдерін айқындайтын құжаттардың талаптарын сақтауға жету үшін құрылады.
      49. Ішкі бақылау жүйесі мынадай үш кезеңнің үздіксіз кезекті түрде жүру принципі бойынша қызмет етуі тиіс:
      1) клиринг ұйымының ішкі регламенттеріне рәсімдерді қосу жолымен ішкі бақылау жүйесін (тиімділікті бақылау нәтижелерін есепке ала отырып) қалыптастыру;
      2) жұмыста клиринг ұйымының ішкі регламенттерін пайдалану;
      3) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауды жүргізу.
      50. Ішкі бақылау жүйесі мына рәсімдерді жүргізуді қамтиды:
      1) қызметтің жоспарлы көрсеткіштерін қоса беріп, клиринг ұйымының қаржылық қызметінің ағымдағы нәтижелері туралы есептерді директорлар кеңесіне беру арқылы клиринг ұйымының алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу процесін тоқсан сайын тексеру;
      2) бөлімше қызметінің нәтижелері туралы стандартты нақты есептерді бөлімше басшыларының ай сайынғы негізде тексеру;
      3) материалдық маңызды ақпаратқа және бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге қол жетімділікті шектеуге бақылау жүргізу мақсатымен тексеру;
      4) тәуекелдің белгіленген лимиттерінің сақталуын тексеру мен анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
      5) міндетті авторизацияны талап ететін операциялардың тізбесіне клиринг ұйымының директорлар кеңесімен талаптарды белгілеу;
      6) операциялардың шарттары мен клиринг ұйымының қызметіне байланысты тәуекелдерді басқару үлгілерін қолданудың нәтижелерін тексеру;
      7) жүргізілген операцияларды клиринг ұйымының есебінде және есептілігінде көрсетудің уақтылығын, дұрыстығын, толықтығы мен дәлдігін тексеру;
      8) клиринг ұйымының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етілуінің сенімді қызмет етуін тексеру;
      9) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларына қатысты қадағалау рәсімдерінің тиімділігін тексеру;
      10) клиринг ұйымында мүдделердің орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқаруға бағытталған рәсімдердің тиімділігін тексеру;
      11) қаржы құралдардың құнын бағалау және кірістілік бөлігінде әдістерді қоса алғанда, клиринг ұйымының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржы құралының құнын бағалаудың дұрыстығын және дәйектілігін тоқсан сайынғы тексеру.
      51. Ішкі аудиттің мақсаты болып ішкі бақылау жүйесінің бірдейлігін және тиімділігін бағалау, клиринг ұйымының бөлімшелерінің жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жағдайы туралы уақтылы және дәйекті ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмысты жақсарту жөніндегі ұтымды және тиімді ұсынымдарды беру табылады.
      52. Директорлар кеңесі ішкі бақылау жүйесінің жағдайын объективті бағалауды және оларды жетілдіру бойынша ұсынымдарды беру жолымен тиісті ішкі бақылау жүйесінің бар болуын және қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша функцияларын жүзеге асырғанда туындайтын міндеттерді шешу мақсатымен ішкі аудит қызметі құрылады.
      53. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне клиринг ұйымының басқа бөлімшелерінің функциялары мен міндеттерін жүктеуге жол берілмейді.
      54. Ішкі аудит қызметі өз қызметінде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңын, осы Талаптармен және ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру туралы және клиринг ұйымының ішкі аудит қызметі туралы ережелерді қоса алғанда, клиринг ұйымының ішкі құжаттарын басшылыққа алады.
      55. Ішкі аудит қызметі клиринг ұйымының директорлар кеңесіне есеп беретін клиринг ұйымының кез келген бөлімшесінің немесе органының қызметін тексеруді тағайындайды. Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің алдында үнемі есеп береді.
      56. Ішкі аудит қызметі клиринг ұйымының директорлар кеңесі бекітетін ішкі аудиттің жоспары мен ішкі аудит бағдарламасын жасайды.
      57. Ішкі аудит қызметі мынадай мәселелерді қарайды:
      1) ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуін;
      2) директорлар кеңесіне ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы есептілікті дайындау;
      3) директорлар кеңесіне, басқармаға және сыртқы пайдаланушыларға берілетін клиринг ұйымының лицензияланатын қызмет түрі шеңберінде кез келген мәлімет пен ақпараттың шынайылығы мен дәл болуын;
      4) ішкі немесе сыртқы аудиторлар анықтаған бухгалтерлік есептегі немесе ішкі аудиттегі кез келген елеулі кемшіліктерді;
      5) клиринг ұйымының ішкі құжаттарымен ішкі аудит қызметінің құзыретіне жататын мәселелерді.
      58. Мыналар ішкі аудит қызметінің негізгі функциялары болып табылады:
      1) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін тексеру мен бағалау;
      2) тәуекелдерді бағалау әдістемесінің және тәуекелдерді басқару рәсімдерінің (әдістемелерінің, бағдарламаларының, қағидалардың, тәртіптерінің және операциялар мен мәмілелер жасау, тәуекелдерді басқару рәсімдерінің) қолдану толықтығын және тиімділігін тексеру;
      3) деректер базасының тұтастығы мен оларды рұқсат берілмеген кіруден қорғауды, күтпеген жағдайларда іс-қимыл жоспарының болуын қоса отырып, клиринг жүйесінің қызмет ету тиімділігін тексеру;
      4) бухгалтерлік есеп пен есеп берудің шынайылығын, толықтығын, объективтілігі мен уақтылығын, сондай-ақ ақпарат пен есептіліктің сенімділігін әрі жинақтау мен берудің уақтылығын тексеру;
      5) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес өзге мәліметтердің шынайылығын, толықтығын, объективтілігі мен берудің уақтылығын тексеру;
      6) клиринг ұйымы мүлігінің сақталуын қамтамасыз етудің қолданылып жүрген тәсілдерін (әдістерін) тексеру;
      7) клиринг ұйымы жасаған операцияларының экономикалық мақсатқа сай екенін және тиімділігін бағалау;
      8) ішкі бақылаудың процестері мен рәсімдерін тексеру;
      9) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасы талаптарын сақтауын бақылау мақсатында құрылған жүйелерді тексеру;
      10) клиринг ұйымының қызметкерлерін басқару қызметінің жұмысын бағалау;
      11) клиринг ұйымы бөлімшелерінің тексеру нәтижелері бойынша клиринг ұйымының бөлімшелері мен органдары қабылдаған тәуекелдер деңгейін төмендетуді қамтамасыз ететін шараларының тиімділігіне бақылауды жүзеге асыру;
      12) клиринг ұйымының ішкі құжаттарымен ішкі аудит қызметінің құзыретіне жатқызылған басқа мәселелерді қарау.
      59. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру клиринг ұйымының осы қаулыда көрсетілген талаптарға сәйкес келуімен қамтамасыз етіледі.

Клиринг ұйымдарындағы    
тәуекелдерді басқару жүйесіне,
клиринг ұйымдарындағы    
мониторинг, бақылау және  
тәуекелдерді басқару шарттары
мен тәртібіне қойылатын  
талаптарына         
қосымша           

«_____» жыл үшін
«________________________»
(клиринг ұыймының атауы)
тәуекелдерді басқару жүйесіне
қойылатын талаптардың орындалуын бағалау бойынша есеп

Талаптардың тиісті абзацының, тармақшасының, тармағының нұсқауы

Талаптардың тиісті абзацының, тармақшасының, тармақтың талаптарына сәйкестігін бағалау

Анықталған кемшіліктер

Кемшіліктерді жою бойынша қажетті іс-шаралар, жауапты тұлғалар мен іс-шараларды орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар







      Тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау:
      _________________________________________________________
      Кестені толтыруға түсініктеме:
      Тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау мынадай критерийлердің үш балдық жүйесі бойынша жүзеге асыру қажет: талапқа сай, ішінара талапқа сай, талапқа сай емес.
      1. «Талапқа сай» бағалау клиринг ұйымы тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың критерийлерін қандай да бір маңызды кемшіліктерсіз орындауы кезінде шығарылады.
      2. «Ішінара талапқа сай» бағалау клиринг ұйымы тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың нақты критерийін сақтаудағы мүмкіндігіне қатысты маңызды күмән пайда болуына жеткілікті болып есептелмейтін кемшіліктер анықталғанда шығарылады.
      3. «Талапқа сай емес» бағалау клиринг ұйымы тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың критерийін орындамаған кезде шығарылады.
      4. Егер тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын жекелеген талаптар қор биржасына қатысты қолданылмайтын жағдайда, талаптың осы критерийіне сәйкестігін бағалау жүзеге асырылмайды және тиісті «қолданылмайды» деген жазбамен белгіленеді.

      Клиринг ұйымының бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)
      _______________ _______________________________
           қолы                    күні

      Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің басшысы
      ________________ ______________________________
            қолы                   күні

      Ішкі аудит қызметінің басшысы
      ________________ ______________________________
            қолы                  күні