Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялар берудің талаптары мен тәртібі туралы қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 87 қаулысымен бекітілді
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялар берудің талаптары мен тәртібі туралы қағидалар
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Осы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру шарттары мен тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруды лицензиялау бөлігінде Қағидалар екінші деңгейдегі банктерге және жинақтаушы зейнетақы қорларына қолданылмайды.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі
1. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер заңды тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтінішті;
2) лицензиялау алымының бюджетке төленгендігін растайтын құжатты;
3) заңды тұлға ретінде (салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған) өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу туралы жарғының және куәліктің көшірмелерін;
4) салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
5) өтініш берушінің жарғылық капиталының ең аз мөлшерінің ақы төлеуді растайтын құжаттарын;
6) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың (олар болған жағдайда) тізімін және сондай филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелерін;
7) құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша осы Қағидалардың 2, 3-қосымшаларына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтерді;
8) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының резиденті емес қатысушысы шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын және резидент емес заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, күні және тіркелу орны туралы ақпараты бар, нотариатта куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасы бар сауда тізілімінен заңдастырылған көшірме немесе басқа заңдастырылған құжат;
9) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес басшы қызметкерлерді келісу үшін ұсынылатын құжаттарды;
10) қызметкерлердің фамилиясы, аты және болған жағдайда әкесінің аты, олардың атқаратын лауазымы көрсетіле отырып, штаттық кестенің көшірмесін;
11) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру бойынша міндет жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережені;
12) ішкі аудит қызметін тексеруді жүргізу және есепті жасау тәртібін, кезеңділігін айқындайтын өтініш берушінің (бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті, трансфер-агенттік қызметін жүзеге асыруға лицензияны алуға құжаттарды ұсынған өтініш берушілерді қоспағанда) ішкі аудит қызметі туралы ереже;
13) құрамы туралы мәліметтерді қоса отырып, инвестициялық комитет туралы ережені.
Осы талап трансфер-агенттік қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін құжаттарды ұсынған өтініш берушілерге, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін құжаттарды ұсынған екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды;
14) өтініш берушіде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарының және өзге де жабдықтарының болуын растайтын мынадай құжаттардың көшірмелері:
жабдықты жеткізуге шарты;
жабдықты қабылдау-өткізу актісі;
лицензиялардың санын көрсете отырып бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және (немесе) жеткізу шарты;
бағдарламалық қамтамасыз етудің қабылдау-өткізу актісі;
қорғауды және қауіпсіздікті ұйымдастыру құжаттары (ақпаратты резервтеу тәртібінің сипаттамасы, деректерге қол жетімділігін бөлу механизмінің сипаттамасы, қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау механизмдері).
Өтініш беруші бағдарламалық өнімді дербес әзірлеген не басқа тұлға бағдарламалық өнімнің өтініш берушіге ақысыз тапсырған жағдайда осы тармақшаның екінші, үшінші, бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
Сондай-ақ, ұсынылған құжаттарда мынадай ақпарат көрсетіледі: пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы (серверлік операциялық жүйелері, деректер базасын басқару жүйелері) версиялар, лицензияның болуы туралы мәліметтер.
Құжаттардың көшірмелері бірінші басшысының қолымен, және өтініш берушінің мөр бедерімен расталады;
15) өтініш беретін тоқсанның алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы бухгалтерлік балансты;
16) өтініш беруші атқарушы органының бірінші басшысы және оның бас бухгалтері қол қойған, ағымдағы жылы құрылған акционерлік қоғамдарды қоспағанда, аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған жылға өтініш берушінің қаржылық есебін;
17) директорлар кеңесімен бекітілген жақын арадағы үш жылға арналған және Заңның 48-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерін қамтыған бизнес-жоспар (клиенттердің, трансфер-агенттің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокердің және (немесе) дилердің акционерлік қоғамынан басқа өзге ұйымдастыру-құқықтық нысанда құрылған бизнес-жоспарлары);
18) клиринг ұйымдарының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымдарының өзара қарым-қатынасын айқындайтын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру ішкі қағидалары (қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер өтініш берушілер үшін);
19) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуін айқындайтын ішкі қағидалар.
2. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензияны алу үшін осы Қағидалардың 1-тармағының 1), 2), 11), 13), 17) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген сауда-саттықты ұйымдастырушы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыруға лицензияны алу үшін осы Қағидалардың 1-тармағының 1), 2), 18), 19) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
4. Осы Қағидалардың 1-3-тармақтарында санамаланған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, тігістің түйіншегіне жапсырылған жапсырманың үстіне өтініш берушінің мөрімен куәландырылып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері мұндай құжаттарға қол қою құқығына ие өтініш берушінің лауазымды тұлғаларының қолдарымен және өтініш беруші мөрінің таңбасымен куәландырылады.
5. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаларға бағалы қағаздар нарығында қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензия мына жағдайларда беріледі:
1) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді лицензия беру туралы өтініш берген күн алдындағы қатарынан үш ай ішінде орындаған;
2) лицензия беруге өтініш берген күн алдындағы қатарынан үш ай ішінде санкциялар болмаған.
6. Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттар уәкілетті органмен құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қаралады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін дамыту комитетінде тіркелген (оның ішінде осының алдында Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органмен тіркелген) заңды тұлғалардың лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
7. Лицензия алуға ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда өтініш берушіге осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес лицензия беріледі.
8. Лицензия өтініш берушінің атқарушы органының бірінші басшысына не тиісінше ресімделген сенімхат негізінде оның өкіліне беріледі.
9. Лицензия беруден бас тартуды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздемелер бойынша жүргізеді. Өтініш берушіге лицензия беруден бас тарту туралы лицензия беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
10. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға лицензия алуға өтініште көрсетілген мекенжайы өзгертілген, сондай-ақ осы Қағидалардың 1-тармағының 3), 4), 6), 7), 10), 11), 12), 13), 14) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, уәкілетті органға оларды енгізген күннен бастап он күн ішінде өзгерістер мен толықтыруларды ұсынады.
11. Заңды тұлғаның өтініші негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияны заңды тұлғамен ерікті қайтару (оның ішінде лицензиядан қызметтің жекелеген түрлерін алып тастау) заңды тұлғаның қызметтің тиісті түрлері бойынша міндеттемелерінің жоқ екені туралы кепілдеме хат бергеннен кейін, сондай-ақ аталған қызмет түрлері бойынша қолданыстағы шарттар болмаған жағдайда ғана жүргізіледі.
Лицензияны ерікті түрде қайтару туралы ақпаратты заңды тұлға оны уәкілетті органға қайтарған күнге дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Заңды тұлға уәкілетті органға лицензияны ерікті қайтарған кезде бір уақытта өтінішпен бірге осы тармақта көрсетілген іс-шаралардың орындалуын растау туралы хат ұсынады.
2. Қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу, қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату, тоқтата тұру, жаңарту тәртібі
Ескерту. 2-тарау алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Қорытынды ережелер
22. Уәкілетті орган лицензиялар беру, одан айыру, қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру не мүдделі тұлғалардың сұратулары арқылы ашады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығындағы
қызметті лицензиялау
қағидаларына 1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
Өтініш
____________________________________________________________________
(бағалы қағаздар нарығындағы қызмет түрлерін көрсету)
жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұраймын.
Өтініш беруші туралы мәлімет:
1. Атауы, орналасқан жері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)
____________________________________________________________________
(телефон, факс).
2. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні
____________________________________________________________________
заңды тұлғаның (қайта тіркеу):
3. Салық төлеуші куәлігінің нөмірі мен күні:
____________________________________________________________________
4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні (акционерлік қоғамның ұйымдастыру құқықтық түріндегі заңды тұлғалары үшін):
____________________________________________________________________
5. Өтініш берушінің банк шоты ашылған банктің атауы және орналасқан жері, банктің сәйкестендіру коды
____________________________________________________________________
6. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысына, даналар мен парақтарының саны:
____________________________________________________________________
Өтініш беруші және олардың құрылтайшылары (акционерлер) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттардың) дәйектілігіне толық жауапты болады.
____________________________________________________________________
(өтініш беруге уәкілетті тұлғаның
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
(күні және қолы)
Мөр орны
Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығындағы
қызметті лицензиялау
қағидаларына 2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер
(заңды тұлға үшін)
________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
1. Өтініш берушінің акционері (қатысушы):
____________________________________________________________________
(толық атауы)
____________________________________________________________________
Орналасқан жері:
____________________________________________________________________
(почталық индексі, мекенжайы)
Байланыс деректемелері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(телефон және факс нөмірі, бар болса электронды почтаның адресі)
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі мен берілген күні, кім берген)
Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емесі:
____________________________________________________________________
Қызметтің негізгі түрі:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Акционерге тиесілі дауыс беруші акциялар санының өтініш берушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына пайыздық арақатысы немесе өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі:
____________________________________________________________________
3. Өтініш берушілердің акцияларына ақы төлеуге ақша енгізу алдында өтініш берушінің акционері (қатысушы) меншікті капитал мөлшері (өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі) және өтініш берушінің акциялары үшін ақы төлеу сомасы (өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі).

4. Акционердің (қатысушының) жарғылық капиталына ақы төлеуді растайтын құжаттардың деректемелері (төлем тапсырмаларының, кассалық кіріс ордерлерінің нөмірі мен күні):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Акционердің қатысушысы ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне акционердің (қатысушының) қатысуы жөніндегі мәліметтер (акционер тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4139 болып тіркелген) белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі ВВ+ төмен емес шетел валютасы түрінде ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар, резидент емес заңды тұлға ретінде болғанда аталған мәліметтер берілмейді):
Толық атауы/ тегі, аты (бар болғанда әкесінің аты) |
Орналасқан жері/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емес) |
Дауыс беруші акцияларының пайызы жарғылық капиталындағы үлесі |
Негізгі қызмет түрі |
6. Қатысушылар, өтініш беруші акционерінің дауыс беруші акцияларының он және одан асатын пайыздарына ие не өтініш берушінің (қатысушы) акционерінің жарғылық капиталына қатысу үлесі оның жарғылық капиталының он және одан асатын пайызын құрайтын өтініш беруші акционері (қатысушылары) акционерлер туралы мәліметтер:
Толық атауы/тегі, аты (бар болғанда әкесінің аты) |
Орналасқан жері/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емес) |
Дауыс беруші акцияларының пайызы жарғылық капиталындағы үлесі |
Негізгі қызмет түрі |
7. Ұйымдардың толық атауы, орналасқан жері көрсетілген өтініш берушінің акционері (қатысушы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Осы сауалнаманың 3-5-тармақтарына сәйкес көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сондай болып табылатын акционер (қатысушы), өтініш берушінің басқа үлестес тұлғалары туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Өтініш беруші акционерінің (қатысушының) басшысы туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда))
20 __ жылғы «___» _____________
Өтініш беруші акционерінің
(қатысушының) басшысының қолы _______________________________
Мөрге арналған орын
Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығындағы
қызметті лицензиялау
қағидаларына 3-қосымша
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер
(жеке тұлға үшін)
________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
1. Өтініш берушінің акционері (қатысушы):
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда))
____________________________________________________________________
Туылған күні мен жылы
____________________________________________________________________
Азаматтығы
____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері
____________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берген)
Тұрғылықты жері:
____________________________________________________________________
(почталық индексі, мекенжайы)
Байланыс деректемелері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(телефон нөмірі, электронды почтаның адресі)
Жұмыс орны (мекенжайын, лауазымын көрсетумен)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Акционерге тиесілі дауыс беруші акциялар санының өтініш берушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына пайыздық арақатысы немесе өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі:
____________________________________________________________________
3. Өтініш берушілердің акцияларына ақы төлеуге ақша енгізу алдында өтініш берушінің акционері (қатысушы) меншікті капитал мөлшері (өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі) және өтініш берушінің акциялары үшін ақы төлеу сомасы (өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі).
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Жарғылық капиталға ақы төлеуді растайтын құжаттардың деректемелері (төлем тапсырмаларының, кассалық кіріс ордерлерінің нөмірі мен күні):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Акционердің қатысушысы ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне акционердің (қатысушының) қатысуы жөніндегі мәліметтер (акционер тізбесі № 55 қаулысымен белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі ВВ+ төмен емес шетел валютасы түрінде ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар, резидент емес заңды тұлға ретінде болғанда аталған мәліметтер берілмейді):
Толық атауы/тегі, аты (бар болғанда әкесінің аты) |
Орналасқан жері/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емес) |
Дауыс беруші акцияларының пайызы жарғылық капиталындағы үлесі |
Негізгі қызмет түрі |
Осы сауалнаманың 3-тармағында көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сондай болып табылатын өтініш берушінің акционері (қатысушысы) басқа үлестес тұлғалары туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
20 __ жылғы «___» _____________
Өтініш беруші акционерінің
(қатысушының) қолы _______________________________
Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығындағы
қызметті лицензиялау
қағидаларына 4-қосымша
Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтабасының суреті бар бланкте
басып шығарылады)
Уәкілетті органның толық атауы
Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін
лицензия
Лицензияның нөмірі _________________ Берілген күні _____жылғы «____»
_____________
__________________________________________________________берілген
(лицензиаттың толық атауы)
Осы лицензия бағалы қағаздар нарығында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығын береді:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Алғаш алынған бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялар туралы деректер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы).
Уәкілетті органның төрағасы
(Төрағаның орынбасары)
____________________________________
Мөр орны
Алматы қаласы
Қазақстан Республикасы бағалы
қағаздар нарығындағы қызметті
лицензиялау Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығының
қатысушысы ретінде аккредиттеу
қағидаларына 5-қосымша
________________________________________________________
(брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның атауы)
Шетел жұмыс күшінің бар болуы туралы мәліметтер
р/р |
Тегі, аты, әкесінің аты – бар болса туған күні |
Азаматтығы |
Тұрақты тұрғылықты жері |
Мамандығы мен білімі |
Біліктілік анықтамалығына немесе Кәсіптер сыныптауыштарына сәйкес ұйымдағы лауазымы |
Еңбек қызметінің жүзеге асыра бастауы (еңбек шарты жасалған күн) |
Қазақстан Республикасы бағалы
қағаздар нарығындағы қызметті
лицензиялау Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығының
қатысушысы ретінде аккредиттеу
қағидаларына 6-қосымша
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы ретінде аккредиттеу жөніндегі куәлік
____________________________нөмірі
Алматы қаласы
20__ жылғы «___» __________
Заңды тұлғаның атауы (БИН):
Куәлік Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретіндегі қызметті Қазақстан Республикасы заңнамасы шеңберінде жүзеге асыру құқығын береді.
Басшы қолы тегі, аты, әкесінің аты
Мөр орны
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 87 қаулысына қосымша
Күші жойылды деп танылған
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 117 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4696 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 117 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 212 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4890 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау және басшы қызметкерлерді келісу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 232 қаулысының(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5523 болып тіркелген, 2009 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 5, 2009 жылғы 17 ақпанда «Заң газеті» газетінде, № 24 (1447) жариаланған) 2-тармағы.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Төрағасының «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 20 наурыздағы № 04.2-44/78 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5633 болып тіркелген, 2009 жылғы 8 мамырда «Заң газеті» газетінде № 69 (1492) жарияланған).
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 болып тіркелген, 2010 жылғы 3 қарашадағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 456 (26299) жарияланған) 8-тармағы.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 болып тіркелген, 2010 жылғы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 14 жарияланған) 18-тармағы.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Төрағасының «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 наурыздағы № 04.2-44/78 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы № 04.2-40/88 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6279 болып тіркелген, 2010 жылғы 8 қыркүйекте «Казахстанская правда» газетінде № 235 (26296) жарияланған).