Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 202 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Осы қаулының мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) белгіленген сыйақы – қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне еңбек нормаларын орындағаны үшін қызметкердің біліктілігі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, саны, сапасы мен талаптары ескеріле отырып төленетін еңбекақының (тұрақты жалақының) белгіленген мөлшері;
2) белгіленбеген сыйақы – қаржы ұйымының белгіленген сыйақыдан басқа жұмыс нәтижелеріне қарай төлейтін қаржы ұйымының акцияларын қоса алғандағы, ақшалай сыйақылардың, қосымша ақылардың, үстемеақылардың, сыйлықақылардың, бонустардың және материалдық көтермелеулердің басқа түрлерінің басқа нысандары;
3) қаржы ұйымы – екінші деңгейдегі банктер және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары;
4) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.05.2016 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.2. Қаржы ұйымы қаржы ұйымының бизнес-жоспарына, қызметінің мақсаттарына, стратегиясына, бағыттарына және көлеміне, қаржылық перспективаларына, корпоративтік басқарудың тиісті және тиімді тетігін құруға және тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруға сәйкес келетін қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатты (бұдан әрі – ішкі саясат) әзірлеуді, ендіруді және қолдау көрсетуді жүзеге асырады.
3. Ішкі саясатта:
1) ішкі саясаттың мақсаттары, міндеттері, сондай-ақ қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне сыйақы есептеудің қағидаттары;
2) қаржы ұйымы басшы қызметкерлерінің белгіленген және белгіленбеген сыйақысының құрылымы;
3) басшы қызметкерлердің сыйақы мөлшерін арттыру деңгейлері және қағидалары;
4) басшы қызметкерлер жұмысының тиімділігін бағалау жүйесі;
5) қаржы ұйымының лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын басшы қызметкерлерге тәуекелдер деңгейі сақталған, қаржы ұйымы айқындаған мәндер шегінде капитал сақталған жағдайда стратегияға, бизнес-жоспарға және кірістер немесе айқындалған жұмыстарды орындау бөлігінде басқа да ішкі жоспарлы құжаттарға қол жеткізуіне қарай еңбекақы төлеу жүйесі;
6) белгіленбеген сыйақы төлеуге негіз болмайтын талаптар бар.
4. Ішкі саясат мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) қаржы ұйымының әрбір басшы қызметкеріне белгіленбеген сыйақының мынадай бөліктерінің біреуін төлеуді тоқтата тұру көзделеді:
белгіленбеген сыйақының 50 (елу) пайызын құрайтын белгіленбеген сыйақының бөлігін; немесе
белгіленбеген сыйақының жиынтығында қаржы жылы ішінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 7500 еселенген мөлшерінен асатын бөлігін.
Белгіленбеген сыйақының тоқтатыла тұрған бөлігі тең үлестерге бөлінеді, олардың әрқайсысы белгіленбеген сыйақының тоқтатыла тұрған бөлігі сомасының үштен бірінен аспайды және кемінде үш жылды құрайтын кезең ішінде әрбір он екі ай өткен соң төленеді.
Белгіленбеген сыйақының тоқтатыла тұрған бөлігі қаржы ұйымының белгіленбеген сыйақының тоқтатыла тұрған кезекті бөлігін төлеудің алдындағы қаржы жылының нәтижелері бойынша зияны болған кезде атқарушы органның басшысына, сондай-ақ қаржы ұйымының лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын басшы қызметкерлерге төленбейді.
Белгіленбеген сыйақының тоқтатыла тұрған бөлігін төлеуге қаржы ұйымы кепілдік бермейді және басшы қызметкер есепті кезең аяқталғанға дейін жұмыстан босатылған жағдайда жүзеге асырылмайды.
2) қаржы ұйымының акциялары түріндегі белгіленбеген сыйақыны төлеу қаржы ұйымының осы акцияларды кері сатып алу міндеттемесінсіз осы акцияларды міндетті түрде кемінде үш жыл иелену талабымен жүзеге асырылады;
3) қаржы ұйымының стратегиялық мақсаттарына және корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес әзірленеді;
4) қаржы ұйымы басшы қызметкерлерінің жұмыс тиімділігінің акционерлердің мүдделеріне сәйкес келетін және қаржы ұйымының жоспарланған нәтижелеріне және тиімді қызметіне қол жеткізуге бағытталған көрсеткіштерге негізделеді;
5) Директорлар кеңесінің мүшелері болып табылатын барлық тәуелсіз директорлардың келісімі болған кезде Директорлар кеңесі бекітеді.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.08.2019 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Қаржы ұйымы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға электрондық форматта қаржы ұйымының барлық басшы қызметкерлеріне қаржы ұйымы қаржы жылы ішінде төлеген кірістер туралы мәліметтерден тұратын есептілікті (бұдан әрі – Есеп) осы қаулының қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7. Қаржы ұйымдары 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметтерін осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
2012 жылғы 28 наурыз
Төраға __________Ә.А. Смайылов
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 74 қаулысына қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есеп
_______________________________________________________
(қаржы ұйымының атауы)
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Есепті кезең: ___ жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығы
Индекс: DRR_1
Кезеңділігі: жыл сайын
Ұсынатындар: екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде.
№ | Тегі, аты, бар болса әкесінің аты | Басшы қызметкердің лауазымы | Жетекшілік етілетін қызмет түрі | Белгіленбеген сыйақының белгіленген және белгіленбеген сыйақы сомасына қатынасы (пайызбен) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | ||||
2 | ||||
... | ||||
Жиынтығы | x | x | x |
кестенің жалғасы
Осы қаулының 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша белгіленбеген сыйақыны төлемеу фактілерінің болуы (иә/жоқ) | Сыйақы (мың теңге) | ||
белгіленген | белгіленбеген | ||
төленген | тоқтатыла тұрған | ||
6 | 7 | 8 | 9 |
x | x | X | |
x | x | x | |
x | x | X | |
x |
Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам):
_________________________________________________ _________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Бас бухгалтер:
_________________________________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Орындаушы:
_________________________________________________ _________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
________________ (телефон нөмірі)
Есепке қол қойылған күн ___ жылғы "_____" _______________
Ескертпе:
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есептің нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есеп 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректер жинауға арналған "Қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есеп" нысанын (бұдан әрі - Нысан) (бұдан әрі - Түсіндірме) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды қаржы ұйымдары жыл сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен көрсетіледі. Есептегі 500 (бес жүз) теңгеден аз сома 0 (нөлге) дейін, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан көп сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға олар уәкілеттік берген адамдар және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 5-бағанда белгіленбеген сыйақының белгіленген және белгіленбеген сыйақының сомасына арақатысы көрсетіледі (пайызбен).
6. 6-бағанда осы қаулының 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша белгіленбеген сыйақының төленбеу фактілерінің болуы көрсетіледі.
7. 7-бағанда "Жиынтығы" деген жол бойынша қаржы ұйымының басшы қызметкерлерінің белгіленген сыйақының жиынтық мәні көрсетіледі.
8. 8 және 9-бағандарда "Жиынтығы" деген жол бойынша қаржы ұйымының басшы қызметкерлерінің төленген және тоқтатыла тұрған сыйақының жиынтық мәні көрсетіледі.
9. 7, 8 және 9-бағандардағы "Жиынтығы" деген жол бойынша деректер брутто негізде көрсетіледі.