Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 202 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Осы қаулының мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) белгіленген сыйақы – қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне еңбек нормаларын орындағаны үшін қызметкердің біліктілігі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, саны, сапасы мен талаптары ескеріле отырып төленетін еңбекақының (тұрақты жалақының) белгіленген мөлшері;
2) белгіленбеген сыйақы – қаржы ұйымының белгіленген сыйақыдан басқа жұмыс нәтижелеріне қарай төлейтін қаржы ұйымының акцияларын қоса алғандағы, ақшалай сыйақылардың, қосымша ақылардың, үстемеақылардың, сыйлықақылардың, бонустардың және материалдық көтермелеулердің басқа түрлерінің басқа нысандары;
3) қаржы ұйымы – екінші деңгейдегі банктер және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары;
4) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 202 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Қаржы ұйымы қаржы ұйымының бизнес-жоспарына, қызметінің мақсаттарына, стратегиясына, бағыттарына және көлеміне, қаржылық перспективаларына, корпоративтік басқарудың тиісті және тиімді тетігін құруға және тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруға сәйкес келетін қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатты (бұдан әрі – ішкі саясат) әзірлеуді, ендіруді және қолдау көрсетуді жүзеге асырады.
3. Ішкі саясатта:
1) ішкі саясаттың мақсаттары, міндеттері, сондай-ақ қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне сыйақы есептеудің қағидаттары;
2) қаржы ұйымы басшы қызметкерлерінің белгіленген және белгіленбеген сыйақысының құрылымы;
3) басшы қызметкерлердің сыйақы мөлшерін арттыру деңгейлері және қағидалары;
4) басшы қызметкерлер жұмысының тиімділігін бағалау жүйесі;
5) қаржы ұйымының лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын басшы қызметкерлерге тәуекелдер деңгейі сақталған, қаржы ұйымы айқындаған мәндер шегінде капитал сақталған жағдайда стратегияға, бизнес-жоспарға және кірістер немесе айқындалған жұмыстарды орындау бөлігінде басқа да ішкі жоспарлы құжаттарға қол жеткізуіне қарай еңбекақы төлеу жүйесі;
6) белгіленбеген сыйақы төлеуге негіз болмайтын талаптар бар.
4. Ішкі саясат мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) белгіленбеген сыйақының 50 (елу) пайызын құрайтын белгіленбеген сыйақының бөлігін төлеуді тоқтата тұруды көздейді.
Белгіленбеген сыйақының 50 (елу) пайызы мөлшеріндегі тоқтатыла тұрған бөлігі тең бөліктерге бөлінеді, олардың әрқайсысы белгіленген сыйақы сомасының 17 (он жеті) пайызынан аспайды және кемінде үш жылды құрайтын кезең ішінде әрбір он екі аяқталғаннан кейін төленеді.
Белгіленбеген сыйақының тоқтатыла тұрған бөлігі қаржы ұйымының белгіленбеген сыйақының тоқтатыла тұрған кезекті бөлігін төлеудің алдындағы қаржы жылының нәтижелері бойынша зияны болған кезде атқарушы органның басшысына, сондай-ақ қаржы ұйымының лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын басшы қызметкерлерге төленбейді.
Белгіленбеген сыйақының тоқтатыла тұрған бөлігін төлеуге қаржы ұйымы кепілдік бермейді және басшы қызметкер есепті кезең аяқталғанға дейін жұмыстан босатылған жағдайда жүзеге асырылмайды;
2) қаржы ұйымының акциялары түріндегі белгіленбеген сыйақыны төлеу қаржы ұйымының осы акцияларды кері сатып алу міндеттемесінсіз осы акцияларды міндетті түрде кемінде үш жыл иелену талабымен жүзеге асырылады;
3) қаржы ұйымының стратегиялық мақсаттарына және корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес әзірленеді;
4) қаржы ұйымы басшы қызметкерлерінің жұмыс тиімділігінің акционерлердің мүдделеріне сәйкес келетін және қаржы ұйымының жоспарланған нәтижелеріне және тиімді қызметіне қол жеткізуге бағытталған көрсеткіштерге негізделеді;
5) Директорлар кеңесінің мүшелері болып табылатын барлық тәуелсіз директорлардың келісімі болған кезде Директорлар кеңесі бекітеді.
5. Қаржы ұйымы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға қағаз және электрондық тасымалдағыштарда қаржы ұйымының барлық басшы қызметкерлеріне қаржы ұйымы қаржы жылы ішінде төлеген кірістер туралы мәліметтерден тұратын есептілікті (бұдан әрі – Есеп) осы қаулының қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің көлік жүйесі пайдаланыла отырып ұсынылады.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7. Қаржы ұйымдары 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметтерін осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
2012 жылғы 28 наурыз
Төраға __________Ә.А. Смайылов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 74 қаулысына қосымша
Нысан
___________________________________________________
(қаржы ұйымының атауы)
қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне
20__жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде төленген кірістер туралы
есеп
№ |
Тегі, аты, болған кезде әкесінің аты |
Басшы қызметкердің лауазымы |
Жетекшілік ететін қызмет түрі |
Белгіленбеген сыйақының белгіленген және белгіленбеген сыйақының сомасына қатынасы (пайызбен) |
Белгіленбеген сыйақыны төлемеу фактілерінің болуы* (иә/жоқ) |
Сыйақы (мың теңгемен) |
||
белгіленген |
белгіленбеген |
|||||||
төленген |
тоқтатылған |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1 |
х |
х |
х |
|||||
2 |
х |
х |
х |
|||||
... |
х |
х |
х |
|||||
Жиынтығы |
х |
х |
х |
х |
* - осы қаулының 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша.
Бірінші басшы (ол болмаған кезеңге – оның орнындағы адам):
______________________________________________________ ______________
(лауазымы, тегі, аты, болған кезде әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер: _______________________________________ ______________
(тегі, аты, болған кезде әкесінің аты) (қолы)
Орындаушы: ___________________________________________ ______________
(лауазымы, тегі, аты, болған кезде әкесінің аты) (қолы)
______________________
(телефон нөмірі)
Есепке қол қойылған күн 20_____ жылғы «_____» _____________
Мөр орны