Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің іс-әрекеттерін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 32 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 сәуірде № 7519 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің іс-әрекеттерін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы»
2008 жылғы 28 қарашадағы № 193 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5473 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                              Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 13 ақпандағы 
№ 32 қаулысымен    
бекітілген       

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы
зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқаруды,
сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,
жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын
сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық
басқарушы холдингтің іс-әрекеттерін
жүзеге асыру қағидалары

      Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 
1997 жылғы 20 маусымдағы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Сақтандыру туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрленген және банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің іс-әрекеттерін жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
      1. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) қаржы ұйымы – банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым;
      2) қаржы ұйымының акциялары – банктiң iрi қатысушысына, банк холдингiне не банктiң iрi қатысушысы не банк холдингi белгілеріне ие тұлғаға тиесілі банк акциялары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысына, сақтандыру холдингiне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы, сақтандыру холдингi белгілеріне ие тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары, iрi қатысушыға не жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым белгілеріне ие тұлғаға тиесілі жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акциялары;
      3) сенімгерлік басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) немесе ұлттық басқарушы холдинг.
      2. Қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару Банктер туралы заңның 47-1-бабының 3-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 42-7-бабының 3-тармағында және Сақтандыру туралы заңның
53-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда және 1999 жылғы
1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Кодекс) 44-тарауының және осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып, Ұлттық Банктің шешімі негізінде тағайындалады.
      3. Ұлттық Банктің қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімінде мыналар:
      1) сенімгерлік басқаруды тағайындау негізі;
      2) сенімгерлік басқарушының атауы;
      3) сенімгерлік басқаруға берілетін қаржы ұйымы акцияларының саны мен түрі;
      4) сенімгерлік басқару тағайындалатын мерзім;
      5) сенімгерлік басқарушы қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқарушының функцияларын жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша барлық мекемелер мен ұйымдарда оның мүдделерін білдіруге, сенімгерлік басқарушының мүдделері үшін барлық қажетті іс-әрекеттер жасауға (қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды Ұлттық Банк жүзеге асырған жағдайда) уәкілетті еткен тұлғаның (тұлғалардың) тегі (тектері), аты (аттары), бар болса – әкесінің аты (әкелерінің аттары), жеке басын (бастарын) куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері, жұмыс орны және атқаратын қызметі(қызметтері) көрсетіледі.
      4. Қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешім қабылданған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік тілде және орыс тілінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және:
      1) қаржы ұйымының;
      2) сенімгерлік басқару тағайындалатын қаржы ұйымы акцияларының меншік иесінің;
      3) Ұлттық Банк қаржы ұйымының акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдаған жағдайда ұлттық басқарушы холдингтің;
      4) қаржы ұйымының акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің және (немесе) сенімгерлік басқару тағайындалатын қаржы ұйымының акцияларын номиналды ұстаушының;
      5) қор биржасының (сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымының акциялары қор биржасының ресми тізімінде болған жағдайда) атына жазбаша хабарлама жіберу жолымен жіберіледі.
      5. Сенімгерлік басқарушы қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей (ұлттық басқарушы холдинг сенімгерлік басқарушы болып табылған жағдайда – қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей) қаржы ұйымының акцияларын ұстаушылар тізілімдерін жүргізу жүйесіне (номиналды ұстау жүйесіне) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу операциясын тіркеу үшін тіркеушіге (номиналды ұстаушыға) құжаттар береді.
      6. Тіркеуші (номиналды ұстаушы) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу (алып тастау) операциясын Ұлттық Банктің қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімі және сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны қаржы ұйымы акцияларының меншік иесінің жеке шотына
(шоттарына (-нан)) енгізу (алып тастау) туралы бұйрығы негізінде жүргізеді.
      7. Сенімгерлік басқарушы қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару кезеңінде осы акциялардың меншік иесі жасауы мүмкін
іс-әрекеттерді жасайды және өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
      Сенімгерлік басқарушы үшінші тұлғаларға ақпарат ашуды Кодекстің 830-бабына, Банктер туралы заңның 50-бабына, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 50-бабына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырады.
      8. Қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару кезеңінде, бірақ сенімгерлік басқару мерзімі аяқталғанға дейін 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне қаржы ұйымының сенімгерлік басқаруға берілген акциялары меншік иесінің өзіне тиесілі барлық қаржы ұйымының сенімгерлік басқаруға берілген акцияларын сату туралы өтінішхатын (бұдан әрі – өтінішхат) ұсынуға жол беріледі.
      Өтінішхатта қаржы ұйымының сенімгерлік басқаруға берілген акцияларын иемденуге ниеттенген тұлға (тұлғалар) және осы тұлға (тұлғалар) иемденуге ниеттенген акциялардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.
      9. Өтінішхат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне мыналар:
      1) Банктер туралы заңның 17-1-бабының, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның
36-1-бабының талаптарына сәйкес өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) қаржы ұйымының iрi қатысушысы (банк холдингі не сақтандыру холдингі) мәртебесін алуы үшін қажетті құжаттар;
      2) Банктер туралы заңның 47-1-бабының 2-тармағына, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 42-7-бабының 2-тармағына және Сақтандыру туралы заңның 53-1-бабының 2-тармағына сәйкес өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын орындауын растайтын құжаттар;
      3) өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда оның күшіне енетіні көзделген, қаржы ұйымының сенімгерлік басқаруға берілген акцияларының меншік иесі мен өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) арасында жасалған сатып алу – сату шарты қоса беріле отырып ұсынылады.
      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті өтінішхатта көрсетілген акцияларды иемденушілер Банктер туралы заңның 47-1-бабы 2-тармағының, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 42-7-бабы 2-тармағының және Сақтандыру туралы заңның 53-1-бабы 2-тармағының талаптарын орындаған жағдайда өтінішхатты қанағаттандырады.
      11. Өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда және өтінішхатта көрсетілген тұлға (тұлғалар) Ұлттық Банктің қаржы ұйымының iрi қатысушысы (банк холдингі немесе сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімін алғаннан кейін өтінішхатта көрсетілген тұлғаға (тұлғаларға) ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта қаржы ұйымының акцияларын сату жүзеге асырылады.
      Қаржы ұйымының акцияларына ақы төлеу өтінішхатта көрсетілген тұлғаға (тұлғаларға) Банктер туралы заңның 17-1-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабында және Сақтандыру туралы заңның 26-бабында көзделген жағдайларда уәкілетті органның қаржы ұйымының iрi қатысушысы (банк холдингі немесе сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімін растайтын құжат жіберілген күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      Сенімгерлік басқарушы өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) акцияларға ақы төлегенін растайтын құжаттың көшірмесін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей сенімгерлік басқарушы қаржы ұйымының сенімгерлік басқаруға берілген акцияларын олардың меншік иесінің шотынан есептен шығару және көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) шотына (шоттарына) аудару туралы бұйрықты (бұйрықтарды) тіркеушіге (номиналды ұстаушыға) береді.
      Егер өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) акцияларға ақы төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім аяқталғаннан кейін ұсынылған жағдайда, қаржы ұйымының акцияларын олардың меншік иесінің шотынан есептен шығару және көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) шотына (шоттарына) аудару Ұлттық Банктің немесе ұлттық басқарушы холдингтің бұйрығы (бұйрықтары) негізінде жүзеге асырылады.
      12. Қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруға беру негіздері сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім аяқталғанға дейін жойылмаған, уәкілетті орган осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте өтінішхатты алмаған не қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда осы акцияларды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық сауда-саттық әдісімен сату жүзеге асырылады.
      Бұл ретте, дауыс беретін акциялардың жалпы санының 10 (он) және одан жоғары пайызы мөлшерде акцияларды сату кезінде сауда-саттыққа қаржы ұйымының iрi қатысушысы (банк не сақтандыру холдингі) мәртебесін алуға Ұлттық Банктің алдын ала келісімін алған тұлғалар қатысады.
      13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген қаржы ұйымының акцияларын сату мәмілесінің (мәмілелерінің) параметрлерін, сондай-ақ қызметтерін пайдалану арқылы акцияларды сату жүзеге асырылатын брокерді Ұлттық Банк немесе Ұлттық Банкпен келісе отырып, ұлттық басқарушы холдинг айқындайды.