2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 51-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған аңшы куәлігін беру бойынша есептілік нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Е.Н. Нысанбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 25-03-02/122 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Аңшы куәлігін беру бойынша есептілік
р/с № |
Аңшы куәлігі кімге берілді, тұлғалардың Т.А.Ә. |
Тестілеу хаттамасы (күні, нөмірі) |
Беру сертификаты (нөмірі, күні, қолдану мерзімі) |
1 |
2 |
3 |
4 |