Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 наурызда № 7495 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім департамент (Ж.А. Жонтаева):

      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

      2) аталған бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;

      3) осы бұйрықты облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарларына жеткізсін.

      3. "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру қағидасын әзірлеу және бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 657 бұйрығының (5116 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 15 ақпанда № 24 (1424) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Жұмағұлов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 21 ақпандағы
№ 57 бұйрығымен
бекітілді

Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2018 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына және 44-бабы 3-тармағының үшінші абзацына сәйкес әзірленген және мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік білім беру ұйымдары).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және тағайындау мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшысы лауазымына кандидаттың (бұдан әрі - кандидат) кәсіби және жеке мінездемелерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін жүргізіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын (бұдан әрі - конкурс) ведомствосында және бағынысында бос лауазымы бар білім беру ұйымы орналасқан білім беруді басқару органы жүргізеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және лауазымына тағайындау тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Объективтілік пен айқындылықты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ барлық кандидаттарға тең мүмкіндік беру мақсатында конкурс жариялаған білім беруді басқару органының жанынан конкурстық комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.

      5. Комиссия құрамының мүшелері жалпы саны тақ санды құрайтын кемінде бес адамнан тұрады, құрамы білім беруді басқару органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      6. Комиссия құрамына білім беруді басқару органдарының, әдістемелік құрылымдардың, ата-аналар қоғамының, білім беру мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енгізіледі.

      Комиссия төрағасы, төраға орынбасары және хатшы комиссия мүшелерінен сайланады.

      7. Комиссияның әр отырысы отырысқа қатысқан төраға, комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді.

      8. Комиссия отырысы оның жалпы құрамынан кемінде 2/3 мүшелері қатысса, отырыс өткізілді, ал оның шешімі заңды деп есептелінеді.

      9. Комиссия конкурс өткізу мерзімін, орнын және тәртібін айқындайды, конкурстық орналастыру туралы хабарландыру мәтінін жазады, бұқаралық ақпарат құралдарында, білім беруді басқару органының ресми сайтында хабарландыруды жариялауды қамтамасыз етеді.

      10. Хабарландыру мәтіні мына ақпараттан тұруы тиіс:

      1) конкурс жариялаған органның атауы;

      2) конкурс жарияланған лауазымның атауы;

      3) орналасқан орнын көрсете, оның қызметін қысқаша сипаттай отырып, мемлекеттік білім беру ұйымының толық атауы;

      4) лауазымға ұсынылатын кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;

      5) мемлекеттік білім беретін ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері;

      6) лауазымдық айлықақы мөлшері;

      7) конкурс өткізу орны және күні;

      8) конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі мен оны қабылдау орны;

      9) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі;

      10) ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық адрестер.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Конкурсқа қатысу үшін кандидаттардан мыналар талап етіледі:

      1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;

      2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;

      3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда);

      4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Білім беруді басқару органы хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

      1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

      2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

      6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

      7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

      8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

      10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

      11) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

      Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

      Осы қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

      14. Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

      1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

      2) мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;

      3) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен кандидаттарды келісу;

      4) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Конкурстың бірінші кезеңінде білім беруді басқару органының комиссиясы үш жұмыс күні ішінде осы қағидалардың 12-тармағына сәйкес құжаттарға біліктілік бағалауын жүргізеді.

      16. Конкурстың екінші кезеңінде конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау қорытындысы бойынша білім беруді басқару органының комиссиясы екі жұмыс күні ішінде қамқоршылық кеңеске бос лауазымға орналасуға кандидаттардың тізімін жолдайды.

      17. Қамқоршылық кеңес құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кандидаттарды қамқоршылық кеңес отырысының өткізілу күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді.

      18. Қамқоршылық кеңес кандидатты хабардар еткен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және бос лауазымға орналасуға кандидаттың қатысуымен отырыс өткізеді.

      19. Қамқоршылық кеңесінің отырысында кандидат мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспарын ұсынады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Қамқоршылық кеңес отырыс қорытындылары бойынша білім беру ұйымдары басшыларының лауазымына кандидатуралар бойынша хаттамалық шешім шығарады. Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы білім беруді басқару органына отырыс өткен күннен кейін келесі күні ұсынылады.

      21. Егер қамқоршылық кеңесімен орта білім беру ұйымы басшысының лауазымына кандидаттар анықталмаған болса, онда білім беруді басқару органы конкурсты өтпеді деп таниды және конкурсты қайта өткізу туралы шешім шығарады.

      22. Қамқоршылық кеңес кандидаттарды айқындаған жағдайда ведомствосында және бағынысында білім беру ұйымы орналасқан білім беруді басқару органының комиссиясы облыстың білім басқармасына келісуге жолдайды.

      Мамандандырылған мектептердің бос лауазымына үміткер кандидаттар үшін қосымша "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығымен, "Білім инновация" лицейлері басшысының бос лауазымына үміткер кандидаттар үшін "Білім-инновация" халықаралық қоғамдық қорымен келісу талап етіледі.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Үшінші кезеңде кандидаттардың кәсіби құзыреттілігін бағалау үшін комиссия құрылады, құрамы облыстың білім басқармасының (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) бұйрығымен бекітіледі.

      24. Комиссия құрамына білім беруді басқару органдарының, әдістемелік құрылымдардың, ата-аналар қоғамының, білім беру мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

      Комиссия өкілеттілігі осы қағидалардың 8, 9-тармақтарына сәйкес айқындалады.

      25. Кандидаттар 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексін, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын және сондай-ақ педагогика, психология негіздерін білуге арналған тестілеуден және әңгімелесуден өтеді.

      Тестілеуден өту кезінде кандидатқа жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді білуге арналған 120 сұрақ ұсынылады. Тестілеуден өту үшін шекті деңгей әр бағыт бойынша 50%-ды құрайды.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Конкурс кезінде тестілеу кандидаттардың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау үшін жүргізіледі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Тестілеу электрондық форматта өткізіледі.

      28. Тестілеуді облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары өткізеді.

      29. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары тестілеу өткізетін орынды және ұйымды, тестілеу өту мерзімін, уақытын анықтайды және кандидаттарды хабардар етеді.

      Тестілеуді ұйымдастыруға және өткізуге облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының бірінші басшысы жауапты болады.

      Тестілеу өткізілетін орын бейне-аудио бақылау камераларымен жабдықталады.

      Тестілеу өткізу үшін автоматтандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету ақпараттық қауіпсіздік жүйе аттестаттаудан өткен болуы қажет.

      30. Кандидаттар тестілеуден конкурстың жариялануына қарамастан алдын ала өтеді. Бұл ретте тестілеу нәтижесі күнтізбелік бір жыл ішінде және тест тапсырған өңірдің аумағында жарамды болып табылады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Жарияланған конкурстар бойынша кандидаттар тестілеуден өту үшін осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Тестілеуді тапсыруға берілген уақыт аяқталғанда, бағдарламалық қамтамасыз ету автоматты түрде жабылады.

      33. Тестілеудің дұрыс жауаптар кодтары қалыптастырылады.

      34. Тестілеуден өту кезінде кандидатқа 120 сұрақ ұсынылады:

      25-тармақта көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді білуге арналған - 100 сұрақ;

      педагогика және психология негіздері бойынша - 20 сұрақ.

      35. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары жарияланған мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына тағайындау конкурсы шеңберінде тестілеуге немесе конкурс жарияламастан алдын ала тестілеуге қатысатын кандидаттардың тізімін осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Кандидаттар тестілеу пунктіне тізім бойынша жеке басын куәландыратын құжат негізінде бір-бірден кіргізіледі.

      37. Жауапты тұлға тестілеу басталмас бұрын кандидаттарға кандидаттардың тестілеу барысындағы тәртібі қағидаларымен таныстырады.

      38. Тестілеу өткізу барысында кандидатқа аудиториядан жауапты тұлғаның алып жүруінсіз шығуға, сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, шпаргалкаларды, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды, фотоаппаратты, ұялы байланыс құралдарын аудиторияға алып кіруге және қолдануға рұқсат етілмейді.

      39. Бағдарламалық жасақтамада тестілеу аяқталғаннан кейінкандидатқа тестілеу нәтижесі – Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына тағайындау конкурсына/конкурстан тыс қатысушылардың тестілеуден өткендігі туралы анықтама осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес беріледі.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Тестілеуден өткендігі туралы анықтама облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының мөрімен расталады және өңір аумағында бір жыл ішінде жарамды болып есептеледі.

      41. Шекті деңгейді жинаған кандидаттар комиссияның шешімімен облыстың білім беруді басқару органы жанындағы комиссия отырысына әңгімелесуге жіберіледі.

      42. Шекті деңгейді жинамаған кандидаттар комиссияның шешімімен облыстың білім беруді басқару органы жанындағы комиссия отырысына әңгімелесуге жіберілмейді. Бұл ретте шекті деңгейді жинамаған кандидаттар тест тапсырған күннен бастап 1 ай мерзім өткеннен кейін қайта тестілеуден өтеді.

      43. Әңгімелесу өткізу үшін осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының немесе мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидаттың бағалау парағы" толтырылады және осы қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына тағайындалатын кандидатпен әңгімелесу үшін тақырыптық бағыттар" беріледі.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Төртінші кезеңде әңгімелесу өткізу үшін осы қағидалардың 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарына сәйкес комиссия құрылады.

      45. Әңгімелесуді ведомствосында және бағынысында білім беру ұйымы орналасқан білім беруді басқару органының комиссиясы бала және жасөспірімдер жасының психологиясы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, ұжымдағы басқару және іскер өзара іс-қимыл психологиясы, кадрлық менеджмент және қызмет этикасы мәселелері бойынша теориялық білім деңгейін айқындау, сондай-ақ кандидаттың педагогикалық жетістіктерін, кәсіби және жеке қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін, болжанатын лауазым қызметінің перспективасын айқындауға қатысты ақпаратты нақтылау мақсатында конкурстың 1, 2, 3 - кезеңдерінің нәтижелерін ескере отырып, әңгімелесу өткізеді. Әңгімелесуді өткізу тәртібін комиссия дербес анықтайды.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Конкурстың барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін комиссия үш жұмыс күні ішінде бір үміткерді айқындайды және оның кандидатурасын лауазымға бекіту үшін конкурс жариялаған білім беруді басқару органының білім басқармасының басшысына ұсынады. Комиссия шешімі ашық, басым дауыспен қабылданады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның даусы шешуші болып табылады. Ұсыныс қорытынды дауыс беру хаттамасымен қоса берілуі тиіс.

      47. Конкурстан өтпеген кандидаттарды білім беруді басқару органы үш жұмыс күні ішінде конкурс қорытындысы туралы жазбаша хабардар етеді.

      48. Конкурс қатысушыларының конкурс нәтижелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануына мүмкіндігі бар.

      49. Конкурс жариялаған білім беруді басқару органының басшысы үш жұмыс күні ішінде оң нәтиже алған конкурс қатысушысымен төрт жыл мерзімге шарт жасасады және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      50. Конкурстан өтпеген кандидаттардың құжаттары конкурсты өткізген білім беруді басқару органының архивіне беріледі және бес жыл бойы сақталады.

      51. Екінші, үшінші, төртінші кезеңдер аудио немесе бейнежазбамен қамтамасыз етіледі. Аудио-бейнежазбалар архивте 1 жыл сақталады.

  Мемлекеттік орта, техникалық
  және кәсіптік, орта білімнен
  кейінгі білім беру ұйымдарының
  басшыларын конкурстық
  орналастыру және мектепке
  дейінгі, орта білімнің жалпы
  білім беретін оқу
  бағдарламаларын және қосымша
  білімнің білім беру
  бағдарламаларын іске асыратын
  мемлекеттік білім беру
  ұйымының басшысы
  лауазымына конкурстық
  тағайындау қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

      (Комиссия төрағасының аты-жөні)

      (конкурстан тыс тестілеуден өтетіндер үшін білім басқармасы басшысының аты-жөні)

Өтініш

      __________________________________________________________________________

      (конкурсқа қатысатын/конкурстан тыс кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда),

      жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады)

      ЖСН ______________________________________________________________

      Байланыс телефон нөмірі __________________________________________

      "____" _______________ 20__ жыл

      __________________________ (қолы)

  Мемлекеттік орта, техникалық
  және кәсіптік, орта білімнен
  кейінгі білім беру ұйымдарының
  басшыларын конкурстық
  орналастыру және мектепке
  дейінгі, орта білімнің жалпы
  білім беретін оқу
  бағдарламаларын және қосымша
  білімнің білім беру
  бағдарламаларын іске асыратын
  мемлекеттік білім беру
  ұйымының басшысы
  лауазымына конкурстық
  тағайындау қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыруға және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындауға жарияланған конкурстың шеңберінде немесе конкурс жарияланбастан алдын ала тестілеуге қатысатын кандидаттардың тізімі

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы және тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

ТАӘ

(толық)*

ЖСН*

конкурста/

конкурстан тыс









      * Ескерту: Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады.

      Мөр орны

  Мемлекеттік орта, техникалық
  және кәсіптік, орта білімнен
  кейінгі білім беру ұйымдарының
  басшыларын конкурстық
  орналастыру және мектепке
  дейінгі, орта білімнің жалпы
  білім беретін оқу
  бағдарламаларын және қосымша
  білімнің білім беру
  бағдарламаларын іске асыратын
  мемлекеттік білім беру
  ұйымының басшысы
  лауазымына конкурстық
  тағайындау қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына тағайындау конкурсына/конкурстан тыс қатысушылардың тестілеуден өткендігі туралы анықтама

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _________________________________________________

      _________________________________________________

      аттестатталушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ___________ қ. мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының немесе мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына тестілеуден өткендігін растайды

      ___________________________________

      конкурстан / конкурстан тыс

НҚА атауы

Тестік тапсырмалар саны

Шекті балдар саны%

Жинаған балдар саны

1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын білуге тестілеу

100 сұрақ

50%


2. Педагогика және психология негіздерін білуге тестілеу

20 сұрақ

50%


Барлығы

120 сұрақ



      Комиссия төрағасы: _______________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

      Конкурстан тыс қатысушылар үшін кадр қызметінің маманы: ______________

      (Т.А.Ә., қолы)

      Мөр орны

  Мемлекеттік орта, техникалық
  және кәсіптік, орта білімнен
  кейінгі білім беру ұйымдарының
  басшыларын конкурстық
  орналастыру және мектепке
  дейінгі, орта білімнің жалпы
  білім беретін оқу
  бағдарламаларын және қосымша
  білімнің білім беру
  бағдарламаларын іске асыратын
  мемлекеттік білім беру
  ұйымының басшысы
  лауазымына конкурстық
  тағайындау қағидаларына
4-қосымша

Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының немесе мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидаттың бағалау парағы

      ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өлшемшарттар

Балл саны

(1-ден 10-ға дейін)

1

Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша теориялық білім деңгейі


2

Білім берудегі менеджменттің негізгі қағидаттарын білу


3

Кандидаттың жеке кәсіби қасиеттері


4

Қазіргі білім беру міндеттерін іске асыру жөніндегі идеялардың бірегейлігі мен негізділігі


5

Білім беру ұйымдарын табысты дамыту бойынша практикалық көзқарас


6

Жағдаяттық тапсырмаларды ұтқыр, икемді шеше білу


7

Белсенді, жағымды педагогикалық ортаны құра білу


8

Білім беру ұйымдарын басқаруда шығармашылық әлеуетті пайдалану


9

Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті


Қорытынды:


      Ескертпе: Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының немесе мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидаттың өлшемшарттарын комиссия мүшелері 10 балдық шәкіл бойынша бағалайды:

      0-3 – жеткіліксіз деңгей;

      4-7 – жеткілікті деңгей;

      7-10 – өте жақсы деңгей.

  Мемлекеттік орта, техникалық
  және кәсіптік, орта білімнен
  кейінгі білім беру ұйымдарының
  басшыларын конкурстық
  орналастыру және мектепке
  дейінгі, орта білімнің жалпы
  білім беретін оқу
  бағдарламаларын және қосымша
  білімнің білім беру
  бағдарламаларын іске асыратын
  мемлекеттік білім беру
  ұйымының басшысы
  лауазымына конкурстық
  тағайындау қағидаларына
5-қосымша

Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына тағайындалатын кандидатпен әңгімелесу үшін тақырыптық бағыттар

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      1. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің негізгі нормативтік құқықтық құжаттары.

      2. Білім беру менеджментінің заманауи әдістері.

      3. Білім беру саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары.

      4. Білім беру ұйымын басқарудағы инновациялар.

      5. Табысты білім беру ұйымы, табысты басшы, табысты білім алушы, табысты педагог өлшемшарттары.

      6. Қазақстан біліміндегі халықаралық зерттеулердің рөлі.

      7. Білім беру ұйымдарындағы ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру жүйесі.

      8. Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу ерекшелігі.

      9. Үш тілді білім беруге көшу мәселелері

      10. Қамқоршылық кеңеспен әкімшіліктің өзара іс-қимыл жасау жүйесі.

      Мөр орны