"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына, "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тексеру парағының ұсынылған үлгілері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитеті (Т.А. Момышев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен соң оның ресми түрде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік етуші Мұнай және газ вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланғанынан кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі Экономикалық даму және
сауда министрі
_________________ С. Мыңбаев ________________ Б. Сағынтаев
"29" ақпан 2012 жыл "15" наурыз 2012 жыл
Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрінің
2012 жылғы 29 ақпандағы
№ 40
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2012 жылғы 15 наурыздағы
№ 72
бірлескен бұйрықтарымен
бекітілген
Нысан
Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің
тексеру парағы
Ескерту. Нысанға өзгерістер енгізілді - ҚР Мұнай және газ министрінің 11.07.2013 № 123 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 16.07.2013 № 135/НҚ (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.01.2014 № 10 және ҚР Өңірлік даму министрінің 31.01.2014 № 22-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.
Тексеруді тағайындайтын мемлекеттік орган ___________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, мерзімі)
Кәсіпкерлік субъектісінің атауы _____________________________________
БСН, ЖСН
Тұрған жерінің мекенжайы ____________________________________________
Газ желісі ұйымдары |
|||
1. |
Аккредиттеу туралы куәліктің болуы |
||
2. |
Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өнеркәсіп қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін |
||
3. |
Өндірістік-техникалық базаны пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету кезінде техникалық процесті сақтауы |
||
4. |
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қойылатын талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін қызметтің болуы |
||
5. |
Тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн – мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн – кемінде орта арнаулы бiлiм) жауап беретiн бiлiктi және осы саладағы мамандығы бойынша кемінде – екі жыл жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесі бойынша оқытудан, нұсқау беруден, қайта даярлықтан, аттестациядан өткен техникалық басшылар мен мамандар құрамының болуы (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының 70%-дан кем емес) |
||
6. |
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен берілген және тіркелген қауіпсіздік декларациясының болуы |
||
7. |
Сол бiр ғана газ толтыру станциясын және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыны екi және одан да көп газ желiсi ұйымдарының бiр мезгiлде пайдалануы жол бермеуі |
||
8. |
Сұйытылған мұнай газын өткiзуге арналған газ толтыру пункттерi мен автогаз құю станцияларын екi және одан да аса жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бiр мезгiлде пайдалануы жол бермеуі |
||
9. |
Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы шарт болған жағдайда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыру |
||
10. |
Бекітілген: |
||
11. |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аттестатациядан өткен зертхананың немесе өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен жасалған қызмет көрсетуге жасалған шарттың болуы |
||
12. |
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыратын шарттың болуы |
||
13. |
Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттiк есепке алуды жүзеге асыруы |
||
14. |
Тұрмыстық баллондарды газ желiсi ұйымының немесе газ толтыру пункт иесінің тауарлық белгiсiмен таңбалауды немесе жүзеге асыруы |
||
15. |
Есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрдегі оны ауыстыруымен сұйытылған мұнай газды сатуды жүзеге асыруы |
||
16. |
Белгіленген шекті бағадан аспайтын сұйылтылған мұнай газын көтерме сауда арқылы сатуды жүзеге асыру |
||
17. |
Қауіпті жүктерді тасымалдау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес сұйылтылған мұнай газын теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су көліктерімен арнайы жіберілген және жабдықталған көліктермен тасымалдауды жүзеге асыруы. |
Тексеру жүргізді _______________ ________________ ___________
(лауазымы) (Аты-жөні) (қолы)
М.О.
Талаптар бұзылған жағдайда ұйғарымның нөмірі мен жасалған мерзімі көрсетіледі (№ _______ "__" __________ 20__ жыл)
Тексеру нәтижесімен таныстым
(келісемін/келіспеймін) __________________ ______________
(Аты-жөні) (қолы)
"__" ________________ 20__ жыл
Тексеру қорытындылары бойынша тексерілген субъект __________________________
(субъект атауы)
тобына ("+" таңбасымен белгілеу) ауыстырылады:
тәуекелдің жоғары дәрежесі |
тәуекелдің орта дәрежесі |
тәуекелдің болмашы дәрежесі |
|||
Органның лауазымды тұлғалары:
__________________________ __________ _________________________
(лауазымы) (қолы) (Аты-жөні)
__________________________ __________ _________________________
(лауазымы) (қолы) (Аты-жөні)
Орган басшысы:
__________________________ ____________________________________