Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 № 72 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6265 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiнде:
25-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мазмұнына байланысты мыналарға:
мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету;
трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру;
бюджет кредиттерін беру;
бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру;
күрделі шығыстарды жүзеге асыру;
мемлекет міндеттемелерін орындау;
нысаналы салым салу.»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі әзірлейді және ол мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітіледі.
Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатын жоспарлау көлемі, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді.»;
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«63. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары республикалық бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады және Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бір апта мерзімде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы бекітеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттік бағдарламаларының жобалары пысықталады және тиісті жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін тиісті тексеру комиссиясының төрағасы бекітеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихат аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының жобалары тиісті жергілікті бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады және ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін тиісті мәслихат хатшысы бекітеді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобалары тиісті жергілікті бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады және ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органдары бекітеді.».
2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А.Н.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев