Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 20 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 ақпанда № 7439 тіркелді

Жаңартылған

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға таралады.
      Осы қаулының 3-тармағының он үшінші, елуінші, елу бірінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші абзацтары, 4-тармағының он екінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, 5-тармақтың он үшінші, елуінші, елу бірінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші абзацтары, 6-тармақтың тоғызыншы, отызыншы абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 30 қаңтардағы
№ 20 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетакы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 109 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 28 сәуірде № 3603 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 3-2 тармақпен толықтырылсын:
      «3-2. Зейнетақы қорында 2011 жылғы 31 желтоқсанда болған инвестициялық портфелін консервативтік және қалыпты инвестициялық портфельдеріне бөлуді жүзеге асыруда консервативтік инвестициялық портфельде әділ құны бойынша бағаланатын, өзгерістері кірістің немесе шығынның құрамында көрсетілетін, сату үшін қолда бар, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 5 тамызда № 5794 болып тіркелген) 2-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы құралдары және ақша есепке алынады.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3870 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітіліген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесінде:
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Банк болып табылмайтын бірінші санатты брокер және (немесе) дилер клиенттерге тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау үшін банк шоттарын өзімен үлестес емес банктерде және/немесе эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелерді жасасу үшін арналған ақшаға қатысты бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде ашады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген банктер мынадай критерийлердің біреуіне сәйкес келулері:
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі болуы;
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес-бас банктің резидент-еншілес банктері болып табылуы;
      қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген эмитент-банктер болып табылуы тиіс»;
      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. Брокер және дилер маржалық мәмілені жасау үшін клиентке ақша берген жағдайда, клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуі ретінде мыналар:
      1) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz ВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;
      2) қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші және (немесе) екінші санатына кіргізілген заңды тұлғалардың акциялары;
      3) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz В-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
      4) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің «бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатына кіргізілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
      5) мемлекеттік бағалы қағаздары қабылданады.».
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті белгілеу туралы, Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5324 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қарашада № 11 болып жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Ереженің қосымшасында көзделген мөлшерде брокердің және дилердің өтімді активтері ретінде мынадай активтер:
      1) ақша, оның ішінде:
      кассадағы ақша, брокердің және дилердің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерде;
      осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;
      бағалы қағаздар орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша;
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес - банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша;
      ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметті көрсететін резидент емес-ұйымдардың шоттарындағы ақша;
      2) осы Ереженің Қосымшасында көрсетілген мөлшерде, ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі, мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда):
      банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
      банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz ВВ-»-тен «kz В+»-ке дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
      банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес - бас банктің еншілес резидент-банктері болып табылады;
      банктер қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші және (немесе) екінші санатына енгізілген эмитент-банктері болып табылады;
      3) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      4) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда) (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      5) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      6) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;
      7) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) (бұдан әрі - № 77 қаулы) көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) немесе екінші (ең жоғарғы) санаттарының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары;
      8) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz В-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      9) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «борыштық бағалы қағаздар» секторының» «бірінші шағын санатының рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескергенде);
      10) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, осы тармақтың 8), 9) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескере отырып):
      қор биржасымен танылған рейтингілік агенттіктердің бағалары бар болуы;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейінгі кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданыстағы қаржылық есептіліктің стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) сәйкес жасайды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;
      аудиторлық есеппен расталған борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін берілді;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      соңғы екі жылдың біреуіндегі борыштық бағалы қағаздар эмитентінің таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйымның - борыштық бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сатылым мөлшері аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік деректері бойынша тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің бар болуы;
      осы бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған уақытында борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің бар болуы;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иегерлерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар қамтылмаған;
      11) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      12) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      13) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары;
      14) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
      15) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
      16) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші және (немесе) екінші санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
      17) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      18) тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері;
      19) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, елу пайызға кемітілген бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары;
      20) брокердің және дилердің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген жұмысшылар мен басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергендегі, брокерге және дилерге қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде);
      21) брокердің және дилердің балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы жылжымайтын мүлік түріндегі брокердің және дилердің негізгі қаражаты танылады.»;
      қосымшада:
      «Пруденциалдық нормативтi есептеу» кестесінде:
      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

2.

Мына талаптардың бiреуiне сәйкес келгенде, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдар:
банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz BB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес - бас банктің еншілес резидент - банктері болып табылады (негiзгi борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескерiп)


100


»;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-2 жолмен толықтырылсын:

«

2-2.

Ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, осы банктерде Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz BB-»-тен «kz B+»-ке дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар деген талаппен Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдар (негiзгi борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескерiп)


100


»;

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

7.

Ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, брокер және дилерге қатысты Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары


100


»;

      реттік нөмірлері 10, 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

10.

Ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, брокер және дилерге қатысты Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)


100


11.

Ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, брокер және дилерге қатысты Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатына енгізілген, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz В+»-тен «kz В-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)


80


»;

      реттік нөмірі 12-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

12-1.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, осы Ереженің 3-тармағының 10) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, брокер және дилерге қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)


80


»;

      реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

17.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының эмитенттерінің акциялары базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


»;

      «Пруденциалдық нормативті есептеуге арналған қосымша мәліметтер кестесі» деген кестеде:
      реттік нөмірі 8011-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8011

Ықтимал шығындар резервтерін шегергенде, брокерге және дилерге қатысты Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі ұлттық шәкілі бойынша рейтингі бар үлестес тұлға болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары


»;

      реттік нөмірлері 8014, 8015-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

8014

Ықтимал шығындар резервтерін шегергенде, брокерге және дилерге қатысты Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктедің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz BВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)


8015

Ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатына енгізілген, брокер және дилерге қатысты Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz В+»-тен «kz В-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)


»;

      реттік нөмірі 8016-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8016-1

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, осы Ереженің 3-тармағының 10) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, брокер және дилерге қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)


»;

      реттік нөмірі 8023-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8023

Мына талаптардың бiреуiне сәйкес келгенде, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдар:
банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz BB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес - бас банктің еншілес резидент - банктері болып табылады (негiзгi борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескерiп)


»;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8023-2 жолмен толықтырылсын:

«

8023-2

Ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, осы банктерде Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz BB-»-тен «kz B+»-ке дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар деген талаппен Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдар (негiзгi борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескерiп)


»;

      реттік нөмірі 8031-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8031

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz BB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


».

      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап 4-тармақтың күші жойылады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5325 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тіркеушінің өтімді активтері ретінде келесі активтер қабылданады:
      1) ақша, сондай-ақ:
      кассадағы ақша, тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан жоғары емес;
      осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;
      бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша;
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді, жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар резидент емес-банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша;
      2) осы Ереженің Қосымшасында көрсетілген мөлшерде, ықтимал шығындаға резервтерді шегергендегі, мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда):
      банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz BB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
      банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz BB-»-тен «kz B+»-ке дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
      банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес - бас банктің еншілес резидент - банктері болып табылады;
      банктер қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші және (немесе) екінші санатына енгізілген эмитент-банктері болып табылады;
      3) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      4) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда) (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      5) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      6) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;
      7) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) (бұдан әрі – № 77 қаулы) көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) немесе екінші (ең жоғарғы) санаттарының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары;
      8) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      9) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «борыштық бағалы қағаздар» секторының» «бірінші шағын санатының рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескергенде);
      10) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, осы тармақтың 8), 9) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескере отырып):
      қор биржасымен танылған рейтингілік агенттіктердің бағалары бар болуы;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейінгі кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards – IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданыстағы қаржылық есептіліктің стандарттарына (General Accepted Accounting Principles – GAAP) сәйкес жасайды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;
      аудиторлық есеппен расталған борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін берілді;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      соңғы екі жылдың біреуіндегі борыштық бағалы қағаздар эмитентінің таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйымның – борыштық бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сатылым мөлшері аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік деректері бойынша тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің бар болуы;
      осы бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған уақытында борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің бар болуы;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иегерлерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар қамтылмаған;
      11) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      12) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      13) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары;
      14) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
      15) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші және (немесе) екінші санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
      16) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Standard & Poor's агенттігінің «BBB-»-тен төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескеріп);
      17) тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері;
      18) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары;
      19) тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген жұмысшылар мен басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергенде, тіркеушіге қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде);
      20) тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы жылжымайтын мүлік түріндегі тіркеушінің негізгі қаражаты танылады.»;
      қосымшада:
      «Пруденциалдық нормативтің есебі» деген кестеде:
      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

2.

Мына талаптардың бiреуiне сәйкес келгенде, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдар:
банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz BB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес - бас банктің еншілес резидент - банктері болып табылады (негiзгi борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескерiп)


100


      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-2 жолмен толықтырылсын:

«

2-2.

Ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, осы банктерде Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен «kzB+»-ке дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар деген талаппен Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдар (негiзгi борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескерiп)


100


»;

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

7.

Ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, тіркеушіге қатысты Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары


100


»;

      реттік нөмірлері 10, 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

10.

Ықтимал шығындар резервтерін шегергенде, тіркеушіге қатысты Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктедің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzBВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)


100


11.

Ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатына енгізілген, тіркеушіге қатысты Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВ+»-тен «kzВ-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)


80


»;

      реттік нөмірі 12-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

12-1.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, осы Ереженің 3-тармағының 10) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, тіркеушіге қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)


100


»;

      реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

17.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының эмитенттерінің акциялары базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


      «Пруденциалдық нормативті есептеуге арналған қосымша мәліметтер» деген кестеде:
      реттік нөмірі 8010-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8010

Мына талаптардың бiреуiне сәйкес келгенде, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдар:
банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ»-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес - бас банктің еншілес резидент - банктері болып табылады (негiзгi борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескерiп)


»;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8010-2 жолмен толықтырылсын:

«

8010-2

Ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, осы банктерде Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен «kzB+»-ке дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар деген талаппен Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдар (негiзгi борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескерiп)


»;

      реттік нөмірі 8019-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8019

Ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, тіркеушіге қатысты Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары


»;

      реттік нөмірі 8022-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8022

Ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, тіркеушіге қатысты Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатына енгізілген, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВ+»-тен «kzВ-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)


»;

      реттік нөмірі 8023-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8023-1

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, осы Ереженің 3-тармағының 10) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, тіркеушіге қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)


»;

      реттік нөмірі 8024-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8024

Ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, тіркеушіге қатысты Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)


»;

      реттік нөмірі 8028-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8028

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының эмитенттерінің акциялары базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттар


».

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 122 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5332 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының № 11 актілер жинағында 2008 жылғы 15 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы Ереженің қосымшасында көзделген мөлшерде инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтері ретінде мынадай активтер:
      1) ақша, оның ішінде:
      кассадағы ақша, инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерде;
      осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;
      бағалы қағаздар орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша;
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес – банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша;
      ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметті көрсететін резидент емес-ұйымдардың шоттарындағы ақша;
      2) осы Ереженің Қосымшасында көрсетілген мөлшерде, ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі, мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда):
      банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
      банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен «kzB+»-ке дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
      банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес - бас банктің еншілес резидент - банктері болып табылады;
      банктер қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші және (немесе) екінші санатына енгізілген эмитент-банктері болып табылады;
      3) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергендегі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердегі салымдар;
      4) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда) (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      5) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      6) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;
      7) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) (бұдан әрі – № 77 қаулы) көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) немесе екінші (ең жоғарғы) санаттарының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары;
      8) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      9) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «борыштық бағалы қағаздар» секторының» «бірінші шағын санатының рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескергенде);
      10) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, осы тармақтың 8), 9) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескере отырып):
      қор биржасымен танылған рейтингілік агенттіктердің бағалары бар болуы;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейінгі кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards – IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданыстағы қаржылық есептіліктің стандарттарына (General Accepted Accounting Principles – GAAP) сәйкес жасайды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;
      аудиторлық есеппен расталған борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін берілді;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      соңғы екі жылдың біреуіндегі борыштық бағалы қағаздар эмитентінің таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйымның – борыштық бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сатылым мөлшері аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік деректері бойынша тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің бар болуы;
      осы бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған уақытында борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің бар болуы;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иегерлерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар қамтылмаған;
      11) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      12) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      13) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары;
      14) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
      15) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
      16) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші және (немесе) екінші санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
      17) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, Standard & Poor's агенттігінің «BBB-»-тен төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      18) тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері;
      19) ықтимал шығындар резервтерiн шегергендегi, бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары;
      20) инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген жұмысшылар мен басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергендегі, инвестициялық портфельді басқарушысына қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде);
      21) инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы жылжымайтын мүлік түріндегі инвестициялық портфельді басқарушының негізгі қаражаты танылады.»;
      қосымшада:
      «Пруденциалдық нормативінің есебі» кестесінде:
      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

2.

Мына талаптардың бiреуiне сәйкес келгенде, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдар:
банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес - бас банктің еншілес резидент - банктері болып табылады (негiзгi борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескерiп)


100


»;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-2 жолмен толықтырылсын:

«

2-2.

Ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, осы банктерде Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен «kzB+»-ке дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар деген талаппен Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдар (негiзгi борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескерiп)


100


»;

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

7.

Ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары


100


»;

      реттік нөмірлері 10, 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

10.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып)


100


11.

Ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатына енгізілген, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВ+»-тен «kzВ-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)


80


»;

      реттік нөмірі 12-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

12-1

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, осы Ереженің 4-тармағының 10) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)


80


»;

      реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

17.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының эмитенттерінің акциялары базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


»;

      «пруденциалдық нормативті есептеуге арналған қосымша мәліметтер кестесінде»:

      реттік нөмірі 8010-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8010

Мына талаптардың бiреуiне сәйкес келгенде, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдар:
банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес - бас банктің еншілес резидент - банктері болып табылады (негiзгi борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескерiп)


»;

      реттік нөмірі 8010-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8010-2

Ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, осы банктерде Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен «kzB+»-ке дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар деген талаппен Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдар (негiзгi борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескерiп)


»;

      реттік нөмірі 8020-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8020

Ықтимал шығындар резервтерін шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі ұлттық шәкілі бойынша рейтингі бар үлестес тұлға болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары


»;

      реттік нөмірлері 8023, 8024-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

8023

Ықтимал шығындар резервтерін шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктедің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzBВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)


8024

Ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатына енгізілген, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВ+»-тен «kzВ-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)


»;

      реттік нөмірі 8025-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8025-1

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, осы Ереженің 4-тармағының 10) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)


»;

      реттік нөмірі 8030-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8030

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


».

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 2 қазандағы № 148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5365 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесінде:
      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Қор өз активтерінің бөлігін мынадай қаржы құралдарына:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар;
      2) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдар, мынадай шарттардың біреуіне сәйкес келген жағдайда:
      банктердің Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Рооr's ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ»-ден төмен емес рейтингтік бағасы бар;
      банктер Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-» санатынан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес - бас банктердің еншілес резидент - банкі болып табылады;
      банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен «kzВ+»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ»-ден төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының облигациялары;
      4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айналысқа шығарылған ақша);
      5) Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттердің орталық үкіметтерімен шығарылған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырады.
      Осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдарына Қор активтерін жиынтық орналастыруы Қор активтерінің сексен пайызынан кем еместі құрайды.
      Қор активтерін инвестициялау мөлшері инвестициялық портфельді басқарушы мен Қор арасында жасалатын инвестициялық стратегияда белгіленеді.
      Инвестициялық портфельді басқарушы Қор активтерін инвестициялаған кезде инвестициялық портфельді басқарушы ақшаны есепке алу үшін шот ашады және орналастырылған салымдарды (депозиттерді) және Қор активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін баланстан тыс шот ашады.
      Қордың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға тапсырған кезде Қор айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша бір айда бір реттен кем емес, өзінің есепке алу жүйесі деректерінің инвестициялық портфельді басқарушының және Қор активтерінің есебі мен сақталуын жүзеге асыратын кастодианның деректеріне сәйкес келуіне үш жақты салыстырып тексеру жүргізеді.
      Салыстырып тексеру қорытындысы бойынша мынадай:
      1) ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін көрсетіп, бағалы қағаздардың саны (данамен) туралы;
      2) банктердің атауын, салымдар сомасын, банк салымдары шарттарының жасалу күндері мен нөмірлерін, салымдар мерзімдерін, сыйақы ставкаларын көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктердегі салымдар туралы;
      3) инвестициялық шоттардағы теңгедегі және шетел валютасындағы ақша қозғалысы туралы;
      4) қаржы құралдарының сатып алу құны туралы;
      5) қаржы құралдарының ағымдағы құны туралы;
      6) әр қаржы құралы бойынша есептелген және алынған инвестициялық кіріс сомасы туралы;
      7) көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша комиссиялық сыйақылар сомасы туралы;
      8) инвестициялық шоттардағы ақша қалдықтары туралы ақпаратты;
      9) инвестициялық қызметке қатысты өзге мәліметтерді қамтитын салыстырып тексеру актісі жасалады.
      Салыстырып тексеру актісіне Қордың, инвестициялық портфельді басқарушының және кастодианның бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қолы қояды және ол осы ұйымдардың мөр таңбасымен расталады.
      20. Қордың қаржы құралдарына инвестицияларының мөлшері мынадай мәндерден аспайды:
      1) екінші деңгейдегі бір банкте (Қормен жасалған агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын агент-банкті қоспағанда) және оның үлестес тұлғаларында салымдарға, ақшаға және облигацияларға («кері репо» операцияларын есепке алғанда) жиынтық орналастыру - Қор активтерінің он пайызынан асырылмайды, бірақ осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан асырылмайды;
       2) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен «kzВ+»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі бір банкте (Қормен жасалған агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын агент-банкті қоспағанда) және оның үлестес тұлғаларында салымдарға жиынтық орналастыруы – Қор активтерінің бес пайызынан асырылмайды, бірақ осы банктің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан асырылмайды;
      3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда) және осы заңды тұлғаның үлестес тұлғаларының облигацияларына жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің он пайызынан асырылмайды, бірақ осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан асырылмайды;
      4) Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе бір мемлекеттің басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарға («кері репо» операцияларын есепке алғанда) жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің он пайызынан асырылмайды;
      5) Қор активтерінің қатысуымен жасалатын «кері репо» мәмілелері - Қор активтерінің он пайызынан асырылмайды.
      Қор активтерін облигацияларға жиынтық орналастыруы бір эмиссияның жалпы облигациялары көлемінің жиырма бес пайызынан аспайды.».
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 191 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5796 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесінде:
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін сақтау және есебін жүргізу қызметтерін көрсететін кастодиан мынадай талаптарға сәйкес келеді:
      1) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттіктер) осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар кастодиан не Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес бас банкінің Қазақстан Республикасының резиденті еншілес банкі болып табылады не осы кастодианның ірі қатысушыларының арасында орналастырылған акциялардың (артықшылықты және банкпен сатып алынған акцияларды шегергенде) он немесе одан астам пайызын иеленетін жеке тұлғалар болуы;
      2) халықаралық депозитарлық-есеп айырысу жүйелеріне (Еuroclear және Сlearstream International типтес) мынадай түрдегі қол жетімділігі бар:
      тікелей қол жетімділігі;
      бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызмет көрсететін және көрсетілген жүйелерге тікелей қол жетімділігі бар шетелдік номиналды ұстаушымен кастодиандық шарт жасасу арқылы;
      орталық депозитарий көрсететін қызметтерді пайдалану арқылы.
      Осы Ереженің 25-тармағының 1) тармақшасында белгіленген талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне таралмайды.».
      8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 59 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6290 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесінде:
      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Инвестициялық портфельді Басқарушының клиенттеріне тиесiлi ақшаны есепке алу және сақтау инвестициялық портфельді Басқарушы өзімен үлестес емес, бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және мынадай талаптардың бiрiне сәйкес келетін:
      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттiктерiнiң, немесе олардың еншiлес рейтингтiк ұйымдарының (бұдан әрi - басқа рейтингтiк агенттiктер) осыған ұқсас деңгейдегi рейтингтiк бағасы немесе Standard & Poor's агенттiгiнiң ұлттық шәкiлi бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
      Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингіліктік агенттiктердiң бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резиденті емес-бас банкінің Қазақстан Республикасының резиденті еншілес банктер болып табылатын;
      Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын, қор биржасының ресми тiзiмiнiң «акциялар» секторының бiрiншi (ең жоғарғы) санатына енгiзiлген эмитент банктер болып табылатын банктерде ашқан банк шоттарында жүзеге асырылады.».