«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Инвестициялық саясат департаменті (Н.А. Аязбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізеді.
Министр Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрлігінің 2012 жылғы
1 ақпандағы № 36 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар
1) «Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын сараптауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 95 бұйрығында (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6354 болып тіркелген):
Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларына сараптамалық талаптарда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Талаптар концессиялық ұсыныстарға, конкурстық құжаттамаларға оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге және концессия шарттарының жобаларына, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптау өткізу сақтануы міндеті болып табылады.»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) концессиялық ұсыныстар сараптамалары;»;
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Концессиялық ұсыныстарды сараптамасы
6. Концессиялық ұсыныстарды сараптау жаңарту және тиімді пайдалану үшін мемлекеттік меншік объектілерін уақытша иеленуге және пайдалануға концессияға беру немесе концеденттің мемлекеттік қолдау көрсету шараларын ескере отырып концессионер қаражаты есебінен жаңа объектілерді құру (құрылысы) құқығы.
7. Концессиялық ұсыныстың сараптамасының нәтижесі оң не теріс қорытынды болып табылады.
Сараптаманың оң қорытындысы концессияның негізгі принциптеріне, Қазақстан Республикасының концессия туралы заңнамасын есепке ала отырып концессия схемасының жобаны іске асыру мүмкіндігі мен қажеттіліктің дәлелдігіне, әзірлеу немесе түзету құнын есептеудің, сондай-ақ концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне (бұдан әрі – ТЭН) сараптамасын жүргізу қажеттлігінің негізділігіне сәйкес келетін концессиялық ұсыныстарға беріледі.
Сараптаманың теріс қорытындысы негізгі дәлелдер келтіріп концессия схемасы бойынша жобаның іске асырылуының дұрыс емес екендігін көрсететін концессиялық ұсынысқа бағалау және талдау беріледі.
8. Концессиялық ұсыныстың сараптамасының қорытындысын мыналарды бағалауды қамтуы тиіс:
концессиялық жоба бойынша құжаттама пакетінің құрамы;
концессиялық ұсынысты Қазақстан Республикасының концессия туралы заңнамасы шеңберінде іске асырылу мүмкіндігі;
концессия схемасы бойынша жобаның іске асудағы саланың (өңір) ағымдағы жағдайының мәселелерін шешу мүмкіндігі;
концессия схемасы бойынша жобаны іске асыру кезінде пайда мен шығынның қатынасы, оның ішінде жобаны қаржыландырудың баламалы схемалары мен көздері (бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік займдар немесе концессия) болған кезде;
концессиялық ұсыныстың саланың (өңір) әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаты мен міндеттеріне, дамудың орта мерзімді жоспарларына сәйкестігі;
техникалық тапсырма жобасының концессиялық жобаның ТЭН әзірлеу мен түзетуге;
әзірлеу немесе түзету құнын есептеудің, сондай-ақ концессиялық жобаның ТЭН сараптамасын жүргізуге қажетті.
9. Концессиялық ұсыныстың сараптамасы төмендегідей негізде жүргізіледі:
1) концессиялық ұсыныс;
2) салалық сараптаманың оң қорытындысы;
3) концессиялық жобаның ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге техникалық тапсырманың жобасы;
4) әзірлеу немесе түзету құнының, сондай-ақ концессиялық жобаның ТЭН қажетті сараптамасын жүргізудің есебі.
Республикалық меншікке жататын объектінің концессиялық ұсынысына концессиялық ұсыныстың республикалық меншікке билік жүргізу құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжат қосымша беріледі.»;
2) «Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6395 болып тіркелген) мынадай:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қаржы-экономикалық негіздеменің (бұдан әрі - ҚЭН) мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 156-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленген және ҚЭН мазмұнын, әзірлеу тәртібі мен мерзімін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды (бұдан әрі – Инвестициялар) іріктеу тәртібін айқындайды»;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-4), 3-5) және 3-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-4) Субъект – жарғылық капиталына арқылы мемлекеттің қатысуы заңды тұлға жоспарланады;
3-5) тікелей нәтиже - қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметіне толық байланысты болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы;
3-6) түпкілікті нәтиже - белгілі бір мемлекеттік орган қызметінің, басқа да мемлекеттік органдар қызметінің тікелей нәтижелеріне қол жеткізумен ұштасатын, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының, әлеуметтік саланың, экономиканың, қоғамдық қауіпсіздіктің және мемлекеттік басқарудың басқа да салаларының мақсатты жай-күйі (жай-күйінің өзгерісі)»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) стратегиялық даму құжаты – Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібімен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарлары, акционері мемлекет болып табылатын, сондай-ақ мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму бағдарламасы.»;
15 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Өнімдер» параграфы, онда Инвестициялар есебінен сатып алынатын өнімдердің тізімі, саны мен сапасының негіздемесі келтіріледі;»;
20-тармақ алынып тасталсын;
26-2 тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қосымша сараптамаларға мыналар жатады:
банкілік сараптама;
экологиялық сараптама;
мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама;
санитарлық-эпидемиологиялық сараптама;
сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасы, егер бюджеттік инвестициялар оның жауапкершілік сферасын тигізетін болса;
іс-шаралардың ерекшеліктеріне сәйкес уәкілетті органдардың басқа да қорытындылары.»;
26-3 тармағы алынып тасталсын.
31-тармақта:
екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы Талаптардың 8-тармағында көрсетілген құрылымға сәйкес еместігі және (немесе) осы Талаптардың 10-26-тармақтарында көрсетілген бөлімдердің, тараулардың және параграфтардың болмауы және (немесе) осы Талаптардың 2 және 3-параграфтарында, 26-1-тармағында көрсетілген құжаттардың болмауы анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға, Инвестициялар республикалық бюджет қаражаты есебінен болған жағдайда (жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлға, Инвестициялар жергілікті бюджет қаражаты есебінен болған жағдайда), төрт жұмыс күні ішінде (екі жұмыс күні ішінде жарғылық капиталды минималды мөлшерде қалыптастыруға бюджеттік инвестициялар жағдайында) ҚЭН-нің Талаптарға сәйкес еместігінің негіздемесі келтірілген Инвестицияларды экономикалық сараптаудың бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша түсіндірме жазбасы бар ілеспе хат дайындайды.»;
бесінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілер сканерленген хаттар мен түсіндірме жазбаның көшірмелерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қажетті ақпаратты ұсынады немесе ақпарат ұсыну үшін қосымша мерзімнің, бірақ он бес жұмыс күнінен көп емес, қажеттілігі туралы хабарлайды. Мерзімін ұзарту туралы хабарламаны Әкімші жазбаша түрде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және:
Инвестициялар Республикалық бюджет қаражаты есебінен болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға;
Инвестициялар жергілікті бюджет қаражаты есебінен болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғаға жібереді.»;
32-тармақта:
бесінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімші ілеспе хат пен Қорытындының сканерленген көшірмесін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде (бес жұмыс күні ішінде жарғылық капиталды минималды мөлшерде қалыптастыруға бюджеттік инвестициялар жағдайында) Қорытындыға ілеспе хатта көрсетілген экономикалық сараптаманы жүргізуге уәкілетті заңды тұлға өкілінің электронды поштасының мекенжайына қосымша материалдар мен соңғы редакциясында ҚЭН, қосымша материалдар ұсыну туралы хабарламалардың сканерленген көшірмелерін жібереді немесе пысықталған ҚЭН ұсыну үшін қосымша мерзімнің, бірақ отыз күнтізбелік күннен көп емес, қажеттілігі туралы хабарлайды.»;
он екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қосымша материалдардың белгіленген мерзімде ұсынылмауы қолда бар ақпараттың негізінде Қорытынды дайындау үшін негіз болып табылады. ҚЭН-нің соңғы редакциясындағы көшірмесі және түсіндірме жазбасымен Қорытынды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және уәкілетті органға сканерленген көшірмелерді ұсынудың белгіленген мерзімдері өткен күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі. Қорытындыға түсіндірме жазбаның құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар осы Талаптардың 43-тармақтарында келтірілген.»;
42-тармақ алынып тасталынсын;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Қорытындыға Түсіндірме жазбада инвестициялардың критерийлерге сәйкес келуі/келмеуі туралы ақпарат келтіріледі.
Түсіндірме жазба келесі құрылымға сәйкес болуы тиіс:
1) «Негізділік» бөлімінде анықталған жағдайда Инвестициялар көлемінің расталуы немесе расталмауы, сонымен қатар балама көздерден қаржыландыру мүмкіншілігі немесе мүмкін еместігі туралы ақпарат келтіріледі;
2) «Инвестициялардың орындылығы» бөлімінде анықталған жағдайда іс-шараларды іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін растау немесе растамау туралы ақпарат келтіріледі;
3) «Нәтиже» бөлімінде анықталған жағдайда тікелей және түпкілікті нәтижелерді, сондай-ақ тиімділік пен сапа көрсеткіштер болғанда оларға қол жеткізудің мүмкіндігінің бары немесе жоқтығы туралы ақпарат келтіріледі.
Түсіндірме жазба түсіндіруі бар пікір негізделген факторларды ашып көрсететін басқа да ақпаратпен толықтырылуы мүмкін.»;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның экономикалық қорытындысының негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негіздемелерін Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, заңды тұлғаның қаржы шығындары мен кірістерін бағалауды қамтитын қаржылық сараптаманы жүзеге асырады және кейіннен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін олар бойынша қорытындылар дайындайды.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Инвестицияларды іріктеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарымен Инвестициялар бойынша экономикалық сараптама негізінде, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 156-бабының 4-2-тармағында қарастырылған жағдайлардан басқа, жүргізіледі.»;
Талаптардың 3, 4 және 5-қосымшалары осы тізбесінің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес келесі редакцияда жазылсын;
Талаптардың 27, 28 және 29-қосымшаларындағы 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Орындылық – Талаптармен белгіленген мына өлшем: ел (өңір) экономикасы мен саланың даму қажеттіліктерінің талдауын, сондай-ақ маркетингтік талдауды негізге ала отырып, ҚЭН-де көзделген іс-шаралардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің негіздемесі;
5) Негізділік – Талаптармен белгіленген мына өлшем: әрбір құрамдауыш бөлінісінде іс-шараларды іске асыруға арналған қаржыландыру көлемінің, сондай-ақ іс-шараларды балама көздерден қаржыландырудың мүмкін еместігінің құжатпен және есептермен расталған дәйектемелерінің болуы;»;
3) «Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін концессиялық жобаның, инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын Талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығында (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6402 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін концессиялық жобаның, инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын Талаптар осы тізбесінің 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму және сауда
министрінің кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтыруларға
1-қосымша
Қаржылық-экономикалық негiздеменiң
мазмұнына, әзiрлеу тәртiбi мен
мерзiмiне қойылатын талаптарды,
сондай-ақ мемлекеттiң заңды тұлғалардың
жарғылық капиталына қатысуы арқылы
iске асырылуы жоспарланатын
бюджеттiк инвестицияларды iрiктеу
Тәртiбiне
№ 3-қосымша
Нысан
Бухгалтерлiк баланс
өлшем бiрлiгi |
мың теңге |
|||
Ұйымдастырушылық құқықтық форма |
||||
Ұйымның атауы |
||||
Есептiк кезең |
бастап |
дейiн |
Активтер |
Беттiң коды |
ҚЭН-дi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға енгiзудiң алдындағы соңғы үш жыл iшiндегi |
ҚЭН-дi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға енгiзудiң алдындағы айдың соңғы күнiне |
||
31.12.20 __ |
31.12.20 __ |
31.12.20 __ |
|||
I. Қысқамерзiмдiк активтер |
|||||
Ақшалай қаражат және олардың эквиваленттерi |
10 |
||||
Қысқамерзiмдiк қаржылық инвестициялар |
11 |
||||
Қысқамерзiмдiк дебиторлық борыш, барлығы |
12 |
||||
олардың: |
|||||
Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң қысқамерзiмдiк дебиторлық борышы |
121 |
||||
Еншiлес, тәуелдi және бiрiгiп бақылайтын ұйымдардың қысқамерзiмдiк дебиторлық борышы |
122 |
||||
Қорлар, барлығы (131 бет + 132 бет + 133 бет + 134 бет + 135 бет) |
13 |
||||
Соның iшiнде: |
|||||
шикiзат және материалдар |
131 |
||||
дайын өнiм |
132 |
||||
тауарлар |
133 |
||||
аяқталмаған өндiрiс |
134 |
||||
басқа да қорлар |
135 |
||||
ағымдағы салықтық активтер |
14 |
||||
сатуға арналған ұзақмерзiмдi активтер |
15 |
||||
басқа да қысқамерзiмдiк активтер, барлығы |
16 |
||||
олардың: |
|||||
берiлген аванстар |
161 |
||||
Қысқамерзiмдi активтердiң жиынтығы |
100 |
||||
II. Ұзақмерзiмдi активтер |
|||||
Ұзақмерзiмдi қаржылық инвестициялар |
20 |
||||
Ұзақмерзiмдi дебиторлық борыш |
21 |
||||
олардың: |
|||||
сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң ұзақмерзiмдi дебиторлық борышы |
211 |
||||
Еншiлес, тәуелдi және бiрiгiп бақылайтын ұйымдардың ұзақмерзiмдi дебиторлық борышы |
212 |
||||
Үлестiк қатысу әдiсiмен ескерiлетiн инвестициялар |
22 |
||||
Инвестициялық жылжымайтын мүлiк, барлығы (баланстық құны: 231 бет - 232 бет - 233 бет) |
23 |
||||
Соның iшiнде: |
|||||
Инвестициялық жылжымайтын мүлiктiң бастапқы құны |
231 |
||||
Инвестициялық жылжымайтын мүлiктiң амортизациясы |
232 |
||||
Инвестициялық жылжымайтын мүлiктiң қамтамасыз етiлуi |
233 |
||||
Негiзгi қаражаттар, барлығы (баланстық құны: 241 бет - 242 бет - 243 бет) |
24 |
||||
Соның iшiнде: |
|||||
Негiзгi қаражаттардың бастапқы құны |
241 |
||||
Негiзгi қаражаттардың амортизациясы |
242 |
||||
Негiзгi қаражаттардың қамтамасыз етiлуi |
243 |
||||
Биологиялық активтер, барлығы (251 бет + 252 бет) |
25 |
||||
Соның iшiнде: |
|||||
өсiмдiктер |
251 |
||||
малдар |
252 |
||||
Үлестiретiн және бағалық активтер |
26 |
||||
Материалдық емес активтер, барлығы (баланстық құны: 271 бет - 272 бет - 273 бет) |
27 |
||||
Соның iшiнде: |
|||||
Материалдық емес активтердiң бастапқы құны |
271 |
||||
Материалдық емес активтердiң амортизациясы |
272 |
||||
Материалдық емес активтердiң қамтамасыз етiлуi |
273 |
||||
Алып қойылған салықтық активтер |
28 |
||||
Басқа да ұзақ мерзiмдi активтер, барлығы |
29 |
||||
олардың: |
|||||
Берiлген аванстар |
291 |
||||
Аяқталмаған құрылыс |
292 |
||||
Ұзақ мерзiмдi активтердiң жиынтығы |
200 |
||||
Баланс |
|||||
Пассивтер |
Беттiң коды |
ҚЭН-дi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға енгiзудiң алдындағы соңғы үш жыл iшiндегi |
ҚЭН-дi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға енгiзудiң алдындағы айдың соңғы күнiне |
||
31.12.20 __ |
31.12.20 __ |
31.12.20 __ |
|||
III. Қысқамерзiмдiк мiндеттемелер |
30 |
||||
Қысқамерзiмдiк қаржылық мiндеттемелер, барлығы (311 бет + 312 бет + 313 бет + 314 бет + 315 бет) |
31 |
||||
Соның iшiнде: |
|||||
Қысқамерзiмдiк банктiк займдар |
311 |
||||
Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық банкiнiң лицензиясыз банктiк операцияларды жүргiзетiн ұйымдардан алынған қызқамерзiмдiк займдар |
312 |
||||
Қатысушылардың дивиденттерi мен кiрiстерi бойынша қысқамерзiмдiк кредиторлық борыш |
313 |
||||
Ұзақмерзiмдi қаржылық мiндеттемелердiң ағымды бөлiмi |
314 |
||||
Басқа да қысқамерзiмдiк қаржылық мiндеттемелер |
315 |
||||
Салық жөнiндегi мiндеттемелер |
32 |
||||
Басқа да мiндеттi және ерiктi төлемдердiң мiндеттемелерi |
33 |
||||
Қысқамерзiмдiк кредиторлық борыш, барлығы (341 бет + 342 бет + 343 бет + 344 бет + 345 бет + 346 бет + 347 бет) |
34 |
||||
Жабдықтаушылар мен мердiгерлердiң қысқамерзiмдiк кредиторлық борышы |
341 |
||||
Еншiлес, тәуелдi және бiрiгiп бақылайтын ұйымдардың қысқамерзiмдiк кредиторлық борышы |
342 |
||||
Еңбекақы жөнiндегi қысқамерзiмдiк кредиторлық борыш |
343 |
||||
Жалға алу жөнiндегi қысқамерзiмдiк кредиторлық борыш |
344 |
||||
Лизинг бойынша ағымдағы төлемдердi қоса алғандағы ұзақмерзiмдi кредиторлық борыштың ағымдық бөлiмi |
345 |
||||
Лизинг пен займдар бойынша ағымдық төлемдердi қоса алғандағы төлеулерге қысқамерзiмдiк сыйақылар |
346 |
||||
Қысқамерзiмдiк кредиторлық борыш |
347 |
||||
Қысқамерзiмдiк бағалық мiндеттемелер |
35 |
||||
Басқа да қысқамерзiмдiк мiндеттемелер, барлығы |
36 |
||||
Олардың iшiнде алынған аванстар |
361 |
||||
Қысқамерзiмдi мiндеттемелердiң жиынтығы |
300 |
||||
IV. Ұзақмерзiмдi мiндеттемелер |
|||||
Ұзақмерзiмдi қаржылық мiндеттемелер, барлығы (401 бет + 402 бет + 403 бет) |
40 |
||||
Соның iшiнде: |
|||||
ұзақмерзiмдiк банктiк займдар |
401 |
||||
уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық банкiнiң лицензиясыз банктiк операцияларды жүргiзетiн ұйымдардан алынған ұзақмерзiмдiк займдар |
402 |
||||
Басқа да ұзақмерзiмдi қаржылық мiндеттемелер |
403 |
||||
Ұзақмерзiмдi кредиторлық борыш, барлығы (411 бет + 412 бет + 413 бет + 414 бет + 415 бет) |
41 |
||||
жабдықтаушылар мен мердiгерлердiң ұзақмерзiмдiк |
411 |
||||
еншiлес, тәуелдi және бiрiгiп бақылайтын ұйымдардың ұзақмерзiмдiк кредиторлық борышы |
412 |
||||
лизинг бойынша мiндеттемелердi қоса алғандағы жалға алу жөнiндегi ұзақмерзiмдi борыш |
413 |
||||
төлеулерге ұзақмерзiмдi сыйақылар |
414 |
||||
басқа да ұзақмерзiмдi кредиторлық борыш |
415 |
||||
Ұзақмерзiмдi бағалық мiндеттемелер |
42 |
||||
Алып қойылған салықтық мiндеттемелер |
43 |
||||
Басқа да ұзақмерзiмдi мiндеттемелер |
44 |
||||
Олардың iшiнде алынған аванстар |
441 |
||||
Ұзақмерзiмдi мiндеттемелердiң жиынтығы |
400 |
||||
V. Капитал |
|||||
Шығарылған капитал, барлығы (501 бет + 502 бет + 503 бет + 504 бет) |
50 |
||||
Түрлi жеңiлдiкпен пайдаланылатын акциялар |
501 |
||||
қарапайым акциялар |
502 |
||||
салымдар мен пайлар |
503 |
||||
Төленбеген капитал* |
504 |
||||
Эмиссиялық кiрiс |
51 |
||||
Сатып алынған меншiктi үлестiк құралдар* |
52 |
||||
Резервтер, барлығы (531 бет + 532 бет + 533 бет) |
53 |
||||
Соның iшiнде: |
|||||
құрылтай құжаттармен белгiленген резервтiк капитал |
531 |
||||
негiзгi қаражаттарды қайта бағалауға арналған резерв |
532 |
||||
басқа да резервтiк капитал |
533 |
||||
Үлестiрiлмеген кiрiс (жабылмаған шығын), барлығы (541 бет + 542 бет) |
54 |
||||
Соның iшiнде: |
|||||
Есептiк жылдың үлестiрiлмеген кiрiсi (жабылмаған шығыны)** |
541 |
||||
Алдындағы жылдардың үлестiрiлмеген кiрiсi (жабылмаған шығыны)** |
542 |
||||
Азшылықтың үлесi |
55 |
||||
Капиталдың жиынтығы |
500 |
||||
Баланс |
* - минус белгiсiмен көрсетiледi
** - шығын минус белгiсiмен көрсетiледi
Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму және сауда
министрінің кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтыруларға
2-қосымша
Қаржылық-экономикалық негiздеменiң
мазмұнына, әзiрлеу тәртiбi мен
мерзiмiне қойылатын талаптарды,
сондай-ақ мемлекеттiң заңды тұлғалардың
жарғылық капиталына қатысуы арқылы
iске асырылуы жоспарланатын
бюджеттiк инвестицияларды iрiктеу
Тәртiбiне
№ 4-қосымша
Нысан
Кiрiстер мен шығындар жөнiндегi есеп
өлшем бiрлiгi |
мың.теңге |
|||
Ұйымдастырушылық құқықтық форма |
||||
Ұйымның атауы |
||||
Есептiк кезең |
бастап |
дейiн |
Көрсеткiштердiң атауы |
Беттiң коды |
ҚЭН-дi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға енгiзудiң алдындағы соңғы үш жыл iшiндегi |
ҚЭН-дi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға енгiзудiң алдындағы айдың соңғы күнiне |
||
31.12.20 __ |
31.12.20 __ |
31.12.20 __ |
|||
Өнiмдердi сату мен көрсетiлген қызметтерден түсетiн кiрiс |
10 |
||||
Өнiмдердi сату мен көрсетiлген қызметтердiң өзiндiк құны |
20 |
||||
Жалпы кiрiс (10 бет - 20 бет) |
30 |
||||
Қаржыландырудан түсетiн кiрiс |
40 |
||||
Басқа да кiрiстер |
50 |
||||
Өнiмдердi сату мен көрсетiлген қызметтерге кеткен шығындар |
60 |
||||
Әкiмшiлiк шығындар |
70 |
||||
Қаржыландыруға кететiн шығындар |
80 |
||||
Басқа да шығындар, барлығы |
90 |
||||
олардың iшiнде |
|||||
Күмәндi талаптар бойынша резервтi құруға арналған шығындар |
91 |
||||
Үлестiк қатысу әдiсi бойынша ескерiлетiн ұйымдардың кiрiс/шығын үлесi |
100 |
||||
Жалғасып жатқан қызметтен кезең бойынша кiрiсi (шығысы) (30 бет + 40 бет + 50 бет - 60 бет – 70 бет - 80 бет - 90+/бет - 100 бет) |
110 |
||||
Тоқтатылған қызметтен кiрiс (шығыс) |
120 |
||||
Салық салуға дейiнгi кiрiс (шығыс) (110+/бет-120 бет) |
130 |
||||
Корпоративтiк табыс салығы бойынша шығын |
140 |
||||
Азшылықтың үлесiн шегергенге дейiнгi кезеңдегi жиынтық кiрiс (шығыс) (130 бет - 140 бет) |
150 |
||||
Азшылықтың үлесi |
160 |
||||
Кезеңдегi жиынтық кiрiс (шығыс) (150 бет - 160 бет) |
170 |
||||
Акцияға кiрiс |
180 |
Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму және сауда
министрінің кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтыруларға
3-қосымша
Қаржылық-экономикалық негiздеменiң
мазмұнына, әзiрлеу тәртiбi мен
мерзiмiне қойылатын талаптарды,
сондай-ақ мемлекеттiң заңды тұлғалардың
жарғылық капиталына қатысуы арқылы
iске асырылуы жоспарланатын
бюджеттiк инвестицияларды iрiктеу
Тәртiбiне
№ 5-қосымша
Нысан
Ақша қозғалысы жөнiндегi есеп
өлшем бiрлiгi |
мың.теңге |
|||
Ұйымдастырушылық құқықтық форма |
||||
Ұйымның атауы |
||||
Есептiк кезең |
бастап |
дейiн |
Көрсеткiштердiң атауы |
Беттiң коды |
ҚЭН-дi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға енгiзудiң алдындағы соңғы үш жыл iшiндегi |
ҚЭН-дi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға енгiзудiң алдындағы айдың соңғы күнiне |
||
31.12.20 __ |
31.12.20 __ |
31.12.20 __ |
|||
I. Операциялық қызметтен шығатын ақшалай қаражаттың қозғалысы |
|||||
1. Ақшалай қаражаттың түсiмi, барлығы |
10 |
||||
Соның iшiнде: |
|||||
Тауарларды сату |
11 |
||||
қызмет көрсетудi ұсыну |
12 |
||||
Алынған аванстар |
13 |
||||
дивидендтер |
14 |
||||
Басқа да түсiмдер |
15 |
||||
2. Ақшалай қаражаттың шығуы, барлығы |
20 |
||||
Соның iшiнде: |
|||||
Жабдықтаушыларға тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге төлемдер |
21 |
||||
берiлген аванстар |
22 |
||||
Айлықақы бойынша төлеулер |
23 |
||||
Займ бойынша сыйақы төлеу |
24 |
||||
Корпоративтiк табыс салығы |
25 |
||||
Бюджетке басқа да төлемдер |
26 |
||||
басқа да төлемдер |
27 |
||||
3. Операциялық қызметтен түсетiн ақшалай қаражаттың таза сомасы (10 бет – 20 бет) |
30 |
||||
II. Инвестициялық қызметтен түсетiн ақшалай қаражаттың қозғалысы |
|||||
1. Ақшалай қаражаттың түсiмi, барлығы |
40 |
||||
Соның iшiнде: |
|||||
Негiзгi қаражатты сату |
41 |
||||
Материалдық емес активтердi сату |
42 |
||||
Басқа да ұзақмерзiмдi активтердi сату |
43 |
||||
қаржылық активтердi сату |
44 |
||||
басқа ұйымдарға ұсынылған займдарды өтеу |
45 |
||||
Фьючерлiк және форвардтық контракттар, опциондар мен своптар |
46 |
||||
Басқа да түсiмдер |
47 |
||||
2. Ақшалай қаражаттың шығуы, барлығы |
50 |
||||
Соның iшiнде: |
|||||
Негiзгi қаражаттарды сатып алу |
51 |
||||
материалдық емес активтердi сатып алу |
52 |
||||
басқа да ұзақмерзiмдi активтердi сатып алу |
53 |
||||
Қаржылық активтердi сатып алу |
54 |
||||
басқа ұйымдарға займдар ұсыну |
55 |
||||
фьючерстiк және форвардтық контракттар, опциондармен своптар |
56 |
||||
Басқа да төлеулер |
57 |
||||
3. Инвестициялық қызметтен түсетiн ақшалай қаражаттың таза сомасы (40 бет – 50 бет) |
60 |
||||
III. Қаржылық қызметтен түсетiн ақшалай қаражаттың қозғалысы |
|||||
1. Ақшалай қаражаттың түсiмi, барлығы |
70 |
||||
Соның iшiнде: |
|||||
акциялардың эмиссиясы және басқа да құнды қағаздардың |
71 |
||||
займдар алу |
72 |
||||
қаржыландырылған жалға алу бойынша сыйақы алу |
73 |
||||
басқа да түсiмдер |
74 |
||||
2. Ақшалай қаражаттың шығуы, барлығы |
80 |
||||
Соның iшiнде: |
|||||
займдарды өтеу |
81 |
||||
Меншiктi акцияларды сатып алу |
82 |
||||
дивидендтер төлеу |
83 |
||||
басқалары |
84 |
||||
3. Қаржылық қызметтен түсетiн ақшалай қаражаттың таза сомасы (70 бет – 80 бет) |
90 |
||||
басқа да ұзақмерзiмдi активтердi сатып алу |
53 |
||||
Қаржылық активтердi сатып алу |
54 |
||||
басқа ұйымдарға займдар ұсыну |
55 |
||||
фьючерстiк және форвардтық контракттар, опциондармен своптар |
56 |
||||
Басқа да төлеулер |
57 |
||||
3. Инвестициялық қызметтен түсетiн ақшалай қаражаттың таза сомасы (40 бет – 50 бет) |
60 |
||||
Ақшалай қаражаттың өсуi/азаюының жиынтығы (30 бет + 60 бет + 90 бет) |
|||||
Есептiк кезеңнiң басындағы ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттерi |
|||||
Есептiк кезеңнiң соңындағы ақшалай қаражаттар мен олардың |
Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму және сауда
министрінің кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтыруларға
4-қосымша
Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму және сауда
министрінің міндетін атқарушының
2010 жылғы 6 тамыздағы
№ 136 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 217-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Осы Талаптар мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестицялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – инвестицялық жобаның ТЭН) әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамлар жүргізу кезінде сақталуы міндетті болып табылады.
3. Талаптарда мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
1) инвестициялық жобаның ТЭН - маркетингтік, техникалық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру тиімділігін негіздейтін қаржылық шешімдерді, инвестициялық жобаның қауіптерін және оларды азайту жөніндегі шараларды бағалау, сондай-ақ жобаны іске асыру барысында оның тұтастай алғанда экономика мен оның салаларына әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері жөніндегі шешімдерді қамтитын жоба алдындағы құжаттама;
2) инвестициялық жоба ТЭН-інің экономикалық сараптамасы - жобаны іске асыру тиімділігін айқындауға мүмкіндік беретін инвестициялық жобаның ТЭН-інде келтірілген экономикалық және қаржылық талдауды бағалау.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес қарыз қаражаттары есебінен қаржыландыруға ұсынылған инвестициялық жобаның ТЭН Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына қағаз және электронды тасығыштарда, оның ерекшелігіне байланысты тиісті оң сараптамаларын қоса бере отырып, атап айтқанда:
1) жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүргізуге Қазақстан Республикасының Үкіметінің уәкілетті заңды тұлғаның мемлекеттік сараптамасын;
2) тиісті саланың уәкілетті органның сараптамасын;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасын;
4) банктік сараптамасын;
5) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасын ұсынылады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес қарыз қаражаттары есебінен қаржыландыруға ұсынылған инвестициялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар
5. Осы тараудың ережесі концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау шаралары ретінде концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру көзделетін концесстялық жобалардың ТЭН-іне таратылмайды.
6. Инвестициялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің мақсаты оңтайлы жобалық шешімдер, оның ішінде, жобаның барынша оңтайлы құрылымы мен ауқымын, жобаны іске асыру шеңберінде көзделетін барынша орынды маркетингтік, техникалық-технологиялық, қаржылық, институционалдық, экологиялық, экономикалық және басқа де шешімдер бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
7. Инвестициялық жобаның ТЭН-і егер ол осы Талаптарға сәйкес болмаған жағдайда пысықтауға қайтарылады.
8. Инвестициялық жобаның ТЭН-і мынадай құрылымға сәйкес болуы тиіс:
жобаның паспорты;
кіріспе;
институционалдық бөлім;
маркетингтік бөлім;
техникалық-технологиялық бөлім;
экологиялық бөлім;
қаржылық бөлім;
әлеуметтік-экономикалық бөлім;
қауіптерді бағалау және бөлу;
жоба бойынша тұжырымдар;
қосымшалар (қажет болған жағдайларда).
9. Жобаның ерекшелігіне байланысты инвестициялық жобаның ТЭН-і шеңберінде қабылданған шешімдерді егжей-тегжейлі ашуға және негіздеуге мүмкіндік беретін қосымша бөлімдер қосылады.
10. Жобаның паспортында жоба туралы қысқаша ақпарат ашылады.
Жобаның паспорты мынадай ақпараттардан құрылады:
инвестициялық жобаның ТЭН-інде тапсырыс беруші мемлекеттік органның атауы;
инвестициялық жобаның ТЭН-ін әзірлеушінің атауы;
жобаның атауы;
жобаны іске асыру орны;
жобаның мақсаттары мен міндеттері, оның ішінде сандық мәнде;
жобаның ауқымы;
жобаның қуаттылығы;
жобаны іске асыру кезеңі:
объектіні салу кезеңі;
концессионердің пайдалану мерзімі;
жобаның концессиялық жобаның ТЭН-і шеңберіндегі есептеулер үшін қабылданған ұлттық валютадағы және шет ел валютасындағы жоспарланған жалпы құны, оның ішінде:
инвестициялық шығасылар;
пайдалану шығасылары;
өзге де шығасылар;
жобаны қаржыландырудың болжамды көздері;
жобаны іске асырудан негізгі табыс алушылар.
11. «Кіріспе» бөлімінде жобаны іске асыру арқылы шешу жоспарланған саланың (өңірдің) проблемасы сипатталады, сондай-ақ осы проблеманы, оның ішінде технологиялық, институционалдық, қаржылық шешімдер бойынша проблемаларды шешудің балама нұсқалары көрсетіледі.
12. Институционалдық бөлімде жобаның барлық тіршілік циклінің ішінде оны басқарудың ұсынылған оңтайлы сызбасы, жобаның қатысушылары және олардың функциялары, олардың өзара іс-қимыл тәртібі сипатталады.
Сондай-ақ осы бөлімде институционалдық шешімдер бойынша жобаны іске асырудың балама нұсқаларына салыстырмалы талдау жүргізіледі.
13. Маркетингтік бөлімі жобаны іске асыру нәтижесінде түзілетін өнімге (тауарларға/қызметтерге) сұраныстың және өндірістің тұтыну факторларын ұсынудың қазіргі кездегі және болжамды (жобаны іске асыру кезеңіндегі) конъюнктурасын талдауды қамтиды.
Бөлім мыналарды қамтиды:
сұраныстың сандық параметрлерін, оның үрдістерін талдау және негіздеу немесе жоба шеңберінде өндіру жоспарланған өнімге (тауарға/қызметке) қажеттілікті бағалау;
тұтынушылар санаты бойынша саладағы (өңірдегі) ағымдағы жағдайды ескере отырып, жүргізілетін өнімнің (тауардың/қызметтің) көлемін, түрлерін және бағасын талдау;
тұтынушылар санаты бойынша жобаны іске асыру нәтижесінде жүргізілетін өнімнің (тауардың/қызметтің) көлемін, түрлерін және бағасын талдау;
концессиялық жобаны іске асыру үшін қажетті шикізаттар, материалдар, жабдықтар нарығын талдау, оның ішінде өндірушілер мен жеткізушілер, бағалар, сапа және өнімді жеткізу шарттары бойынша салыстырмалы талдау;
инвестициялық, сондай-ақ инвестициядан кейінгі кезеңде жобаның тиісті біліктілігі бар мамандармен қамтамасыз етілуін талдау, қажет болған жағдайда, шет елдік мамандарды тарту негіздемесі.
Әрбір кіші бөлімде, қолданылған ақпарат көздері және өткізілген маркетингтік зерттеулер бойынша есеп қоса берілген маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістемесі көрсетіледі.
14. Техникалық-технологиялық бөлім инвестициялық жобаның ТЭН-і шеңберінде қабылданған, жобаның параметрлері мен компоненттерін айқындайтын, жобаны іске асырудың техникалық-технологиялық шешімдерін қамтиды.
Бөлім мыналарды қамтиды:
жобаны іске асырудың таңдалған оңтайлы нұсқасының негіздемесімен техникалық-технологиялық шешімдердің сипаттамасы және салыстырмалы талдауы;
жобаның іске асыру орнын шикізатты, материалдарды, жабдықтарды әлеуетті, өнімдерді (тауарларды/қызметтерді) тұтынушылардың көздеріне және орналасқан жерлеріне және өңірдің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып көлік магистраліне жақындығына қатысты негіздеме;
қабылданған техникалық-технологиялық шешімдерді ескере отырып жобаның қуаттылығының есепті негіздемесі;
жобаны іске асыру көзделетін өңірдің инфрақұрылымына жобаның әсерін бағалау;
таңдалған жобалық жабдықтардың негіздемесі, оның ішінде қазіргі қолданыстағы жабдықтармен технологиялық үйлесімдігі (егер жобаны іске асыру шеңберінде мұндай болжанған болса), «баға-сапа» оңтайлы қатынасы, жабдықты таңдау жөніндегі балама нұсқалар, инновациялық жабдықтарды қолдану, ноу-хауды пайдалану, жобада сапа стандарттарын, жобаға қойылатын техникалық және технологиялық талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттарды қолдану;
еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормалары;
қолда бар көлік кіреберістерін және құралдарын, энергиямен, жылумен, сумен жабдықтауды және кәрізді ескере отырып, жобаны іске асырудың инженерлік құрылыстармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ қоймалық үй жайлармен қамтамасыз етілуі;
жоба бойынша уақыт ішіндегі іс-шаралардың бірізділігі мен ұзақтығы графикалық түрде көрсетілген, концессияға беруге ұсынылған объектіні құру/қайта жаңғырту мерзімін, оны іске асыру жылдары бойынша және технологиялық кезеңдері бойынша пайдалану мерзімін көрсететін жобаны іске асыру кестесі (жоспар-кесте);
жоба бойынша техникалық-технологиялық шешімдерді таңдау кезінде, бірінші кезекте, экологияға ең аз теріс әсері бар және жобаны іске асырудан үлкен әлеуметтік-экономикалық тиімділік көрсететін шешімдер таңдалады.
15. Экологиялық бөлім мыналарды қамтиды:
жобаның қоршаған орта жай-күйіне әсерін бағалау, жобаны іске асырудан келетін экологиялық залалды сандық бағалау және оның зиянды әсерін азайту жөніндегі болжамды іс-шаралар;
өңірдегі, сонымен бірге жалпы Қазақстан Республикасындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін жобада болжанған іс-шаралар және сандық мәндегі олардың нәтижелері.
Қоршаған ортаға әсердi бағалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн қоршаған ортаға әсердi бағалауды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарға сәйкес жүргiзiледi.
16. Қаржылық бөлімде жобаны қаржыландырудың балама сызбаларын және көздерін ескере отырып, қаржылық пайданы және шығындарды, жобаның іске асырылуына инфляцияның әсерін талдау, жобаның қаржылық тиімділігін бағалау жүргізіледі, инвестициялық жобаның ТЭН-і шеңберінде қабылданған қаржылық шешімдер ашылады.
Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
жалпы инвестициялық шығындардың есебі;
пайдалану шығындарының есебі (өндірістік шығындар, ұстауға арналған ағымдағы шығыстар);
өнімдердің (тауарлардың/қызметтердің) өзіндік құнының, тауарларды өткізу бағаларының (қызметтер тарифтерінің) есебі;
сатудан түсетін кірістердің есебі;
ақша қаражаттары ағынының есебі;
бөлінбеген және таза табыстық есебі;
инфляцияның, валюта бағамының есебі, дисконт нормасын және қауіптерге түзетулердің анықтамасы;
ең аз шығындарды талдау;
ең көп табысты талдау;
дисконттау әдісінің көмегімен жобаны талдау, оның ішінде таза келтірілген құнның есебін (Net Present Value - NPV), табыстылықтың ішкі нормасын (Internal Rate of Return, IRR), дисконтталатын пайда мен шығындардың, дисконтталатын ақталу мерзімінің қатынасын талдау;
жобаны қаржыландыру үшін қарыз қаражатын тартудың қолайлы параметрлерін айқындау;
пайдалану шығыстарын мұндай шығыстарды кім және қашан қаржыландыратынын айқындай отырып, қаржыландыру көздері;
жобаның үлестік қаржылық тиімділігінің, ағымдағы төлемге қабілеттігінің, қаржылық тетігін, борыштың қамтамасыз етілуін, капиталдың табыстылығының есебі;
жобаның сезімталдығын талдау және шығынсыздық шекарасын есептеу.
Бөлімде формулалар мен қабылданған рұқсат етулерді көрсете отырып, көрсеткіштерді есептеу тәртібі ашылады. Деректер мен есептеулер сәйкес түсініктемелері бар кестелер, графиктер, диаграммалар түрінде көрсетіледі.
Сандық және сапалық көрсеткіштер өзара байланысқан болуы тиіс және экономикалық аяқталған тұжырымдары бар салыстырмалы кестелерде көрсетілген болуы тиіс. Талдау математикалық үлгілерді және халықаралық тәжірибені ескере отырып, эмпирикалық көрсеткіштерді пайдалана отырып, негізделген есептеулер негізінде жүргізілуі тиіс.
17. Әлеуметтік-экономикалық бөлімде жобаның әлеуметтік-экономикалық аспектілері және жобаны іске асырудан түсетін пайда көрсетіледі.
Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
1) саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және жобасыз оның даму перспективаларын талдау, оның ішінде:
негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі және т.б.);
негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) жасалған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын мерзімдегі үрдістері);
нәтижелер, салдар мен әсер етулер, көбейтілген пайда мен шығындар, тұтынушының қосымша пайдасын, қалпына келмейтін шығындар, сыртқы әсерлер, халықаралық әсерлер, жобаны іске асырудан түсетін жанама пайданың талдауын қамтитын жоба бойынша пайда мен шығындар;
2) ағымдағы бағалар мен өткен жылдың салыстырмалы бағаларындағы тура, жанама және жиынтықтық макроэкономикалық әсердің есебі:
таза қоғамдық пайда, экономикалық таза келтірілген табыстың (Economic net present value – ENPV), табыстылықтың экономикалық ішкі нормасының (Economic Internal Rate of Return – EIRR) көрсеткіштерін есептеу;
жобаны іске асырудың аралас салалардың (көрші өңірлердің) дамуына әсерін тигізу;
жобаның Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруға, инновациялардың дамуына әсерін тигізу.
18. «Қауіптерді бағалау және бөлу» бөлімінде жобаны іске асыру кезінде, оның ішінде дайындық кезеңінде, концессия объектісін салу/қайта жаңғырту және оны пайдалану кезеңінде басталуы мүмкін қауіптер сипатталады.
Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
коммерциялық қауіптерді бағалау;
әлеуметтік қауіптерді бағалау;
экономикалық қауіптерді бағалау;
техникалық қауіптерді бағалау;
қаржылық қауіптерді бағалау;
концессионер және концендент үшін ерекше қауіптерді бағалау;
қауіптердің негізгі факторларын белгілеуші, олардың болжамды сипаттамасы және өзгеру диапазондары, оларды азайту жөніндегі болжамды іс-шаралар;
қауіптерді жобаға қатысушылар арасында бөлуді талдау;
белгісіздік жағдайындағы талдау, оның ішінде негізгі параметрлер бойынша (өткізу көлемі, өткізу бағасы, тікелей шығындар) сезімталдықты талдау, оның ішінде параметр өзгеруінің шекті рұқсат етілген мәндерін айқындау;
Қауіптерді бағалау сандық және сапалық талдау әдісімен жүргізіледі.
19. «Жоба бойынша қорытынды» бөлімінде мыналар сипатталады:
жоба бойынша негізгі артықшылықтар мен кемшіліктер;
жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасы;
жоба бойынша ауыспалы қауіптер және оларды азайту жөніндегі шаралар.
20. Инвестициялық жобаның ТЭН-і концессиялық жобаның ТЭН-інде келтірілген ақпаратты растайтын және ашатын жобаны іске асырудың қарастырылатын нұсқаларының (жобаны қаржыландыру көздері бойынша) әрқайсысы бойынша қаржылық-экономикалық үлгілерден, графиктерден, диаграммалардан, суреттерден, жергілікті жердің карталарынан тұратын қосымшаны қамтиды.
3. Инвестициялық жобаның ТЭН-ін сараптауға қойылатын талаптар
21. Инвестициялық жобаның ТЭН-не экономикалық сараптама
(бұдан әрі – инвестициялық жобаға сараптама) жүргізу кезінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
жобаның нәтижелілігі – оны жүзеге асырудың оң тиімділігі, яғни жинақталатын нәтижелердің бағасының жобаны іске асыру үшін қажетті жиналған шығындардың бағасынан асып кетуі;
барабарлық және объективтілік – дұрыс еместік және белгісіздік дәрежесін ескере отырып жобаға қатысты объектінің құрылымын және сипаттамасын дұрыс көрсету;
жинақтылық – экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік, экологиялық және басқа да экономикадан тыс салаларда жобаны іске асырудың әртүрлі салдарын есепке алу және нәтижелер мен шығындардың тиісті түрлері мен шамаларын айқындау;
жекелік – әрбір қатысушы тұрғысынан жобаның тиімділігін бағалау;
келісілгендік – инвестициялық жобаның ТЭН-інің әртүрлі бөлімдерінде көрсетілген және құжаттарда келтірілген деректер мен ақпараттар өзара келісіледі;
дұрыстық – инвестициялық жобаның ТЭН-і бөлімдерінде көрсетілген ақпараттар мен деректер концессиялық жоба ТЭН-інің басқа сараптамаларының қорытындыларында расталған және құжаттар мен есептеулерде келтірілген;
негізділік – инвестициялық жобаның ТЭН-інің шеңберінде қабылданған шешімдер негізделген болып табылады;
есептеудің дұрыстығы – есептеу тәртібі және алынған көрсеткіштер дұрыс болып табылады.
22. Сараптама инвестициялық жобаның ұсынылған ТЭН-інің және жобаның ерекшелігіне байланысты инвестициялық жобаның ТЭН-іне жүргізілуі қажетті тиісті оң сараптамалар негізінде жүргізіледі, атап айтқанда:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізуге өкілеттік берген заңды тұлғаның мемлекеттік сараптамасы;
2) тиісті саланың уәкілетті органының сараптамасы;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасы;
4) банктік сараптама;
5) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасы.
23. Инвестициялық жоба сараптамасының қорытындысы мыналарды қамтуы тиіс:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде жобаның іске асырылуын талдау;
жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін талдау;
жобаны іске асырудың коммерциялық тиімділігін талдау;
мемлекеттік кепілдіктер бойынша мүмкін төлемдерді ескере отырып жобаны іске асырудың бюджеттік тиімділігін талдау;
жоба қауіптерін және оларды төмендету жөніндегі шараларды талдау;
тұжырымдар мен ұсынымдар.