Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 54 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 20 ақпанда № 7430 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының 8-бабы 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне жүктелсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Имашев

Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің
2012 жылғы 8 ақпандағы
№ 54 бұйрығымен бекітілген

Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ереже

      1. Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ереже (әрі қарай Ереже) адвокаттың тағылымдамадан өтушінің тағылымдамадан өту тәртібі мен шарттарын белгілейді.
      2. Адвокаттық қызметтің кәсіптік білімдері мен практикалық дағдыларын игеру тағылымдамадан өтудің мақсаты болып табылады.
      Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 7-бабының 2-тармағында белгiленген талаптарға сай келетін және тағылымдамадан өтуге ниет бiлдiрген адам көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, тағылымдамадан өтуге жiберу туралы өтiнiшпен адвокаттар алқасының төралқасына жүгiнедi:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) жоғары заң білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін дипломның түпқұжаты берілмесе нотариалды куәландырылған көшірмесі);
      3) еңбек кітапшасының немесе басқа заң мамандығы бойынша жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлер тұрғылықты жері бойынша берген медициналық анықтамалар;
      5) тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама.
      3. Адвокаттар алқасының төралқасы өтінішті бес жұмыс күн ішінде қарау нәтижелері бойынша мынадай:
      1) тағылымдамадан өтуге жіберу туралы;
      2) тағылымдамадан өтуге жіберуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
      4. Егер адам Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 7-бабының 2-тармағында белгiленген талаптарына сай келмесе не ұсынылған құжаттары толығымен берілмесе тағылымдамадан өтуге жіберуден бас тартылады.
      Адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлері санының көп жинақталуы себебiмен тағылымдамадан өтуге жiберуден бас тартуға жол берiлмейдi.
      5. Тағылымдама кемiнде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокаттың басшылығымен жүзеге асырылады.
      Тағылымдаманың басшысы адвокаттар алқасының төралқасымен тағайындалады.
      Бір адвокатта тағылымдамадан бір мезгілде екіден көп емес тағылымдамадан өтушілер өте алады.
      Тағылымдамадан өтушілер және тағылымдама басшылары туралы мәліметтер Адвокатураның бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
      6. Тағылымдаманың ұзақтығы алты айдан бір жылға дейінгі мерзімді құрайды.
      Тағылымдаманың мерзімі тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адаммен әңгімелесу нәтижелері бойынша адвокаттар алқасының төралқасымен белгіленеді.
      Тағылымдамадан өтудің мерзімін белгілегенде заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі ескеріледі.
      Заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі болмаған жағдайда тағылымдаманың мерзімі бір жылдан кем болмауы тиіс.
      Тағылымдамадан өтушi ретiндегi жұмыс кезеңi заң мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледi.
      7. Адвокаттар алқасы тағылымдамадан өтуге жол беру туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күн ішінде тағылымдамадан өтуге жіберілген адаммен тағылымдамадан өту туралы келісім-шарт жасайды.
      8. Тағылымдамадан өту үшін бірыңғай ақы мөлшері адвокаттар алқасының төралқасымен белгіленеді және тағылымдамадан өтудің әр айы үшін есеп айырысу жүргізу күніне белгіленген он еседен астам айлық есептік көрсеткіш есебінен аспауы тиіс.
      9. Тағылымдамадан өту осы Ережеге қоса берілген 1 қосымшаға сәйкес Тағылымдамадан өту үлгілі бағдарламаның негізінде жеке бағдарлама бойынша жүргізіледі.
      Тағылымдамадан өту бағдарламасы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша білікті заң көмегін көрсетуге керек практикалық дағдыларын және теориялық білімдер алуға бағытталған іс-шаралар тізімін қамту қажет.
      Тағылымдамадан өткен кезде адвокаттың тағылымдамадан өтушісімен осы Ережеге қоса берілген 2 қосымшаға сәйкес күнделік жүргізіледі.
      10. Тағылымдама біткеннен кейін адвокаттың тағылымдамадан өтушісімен ие болған практикалық дағдылары және теориялық білімдері туралы ақпаратты, тағылымдамадан өту жеке бағдарламасы бойынша жасалған жұмыстардың мінездемесін, тағылымдамадан өту тәртібі, мерзімдері және орны туралы жалпы мәліметтерін қамтитын жиынтық есеп әзірленеді.
      Есепке тағылымдамадан өтушісімен жасалған және тағылымдамадан өту басшысымен қол қойылған процесcуалдық құжаттарының жобалары қоса тіркелу қажет.
      11. Тағылымдамадан өту кезінде адвокаттың тағылымдамадан өтушісі:
      1) адвокаттар алқасымен ұйымдастырылған практикалық семинарлар мен сабақтарға қатысады;
      2) адвокаттар алқасы органдарының жұмысына қатысады;
      3) адвокаттар алқасындағы арнайы әдебиетпен және құқықтық мәліметтер базасымен пайдаланады;
      4) нормативтік материалды жүйеге келтірумен, құқық қолдану тәжірибесін қорытындылаумен, тапсырмаларды орындау үшін тағылымдама басшысына керек құжаттарды және басқа да материалдарды жинақтаумен айналысады;
      5) тағылымдама басшысымен бірлесіп тергеу іс-әрекеттеріне, сот отырыстарына қатысады, құқықтық құжаттардың жобаларын дайындайды;
      6) заңнамамен тыйым салынбаған басқа да іс-әрекеттер жасайды.
      12. Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілеріне адвокаттық құпияның сақталуы және адвокаттардың кәсіби мінез-құлық нормаларын сақтау бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптары таратылады.
      Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілері адвокаттық қызметпен дербес айналысамайды.
      13. Тағылымдамадан ойдағыдай өткен тағылымдамадан өтушіге адвокаттар алқасының төралқасымен тағылымдамадан ойдағыдай өткені туралы қорытындыны осы Ережеге қоса берілген 3 қосымшаға сәйкес беріледі.
      Тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тарту туралы шешім дәлелді болуға тиіс және оған сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
      Тағылымдама нәтижелері туралы мәліметтер Адвокатураның бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
      Тағылымдамадан өтпеген адам жалпы негіздерде тағылымдамаға қайта жіберіледі.

Адвокаттардың тағылымдамадан
өтушілерінің тағылымдамадан
өту тәртібі туралы ережеге
1 қосымша      

Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан
өтудің үлгілі бағдарламасы

      1. Теориялық бөлігі

      Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілері тағыламдамадан өту барысында зерделеуге қажетті сұрақтардың тізімі:
      адвокатураның мақсаты, адвокаттық қызметтің принциптері, адвокаттың құқықтары мен міндеттері, адвокаттық құпия, адвокаттың кәсіптік этикасының Кодексі;
      адвокаттық қызметті ұйымдастыру, адвокаттық қызметтің нысандары, адвокаттар алқасының жарғысы, адвокаттар алқасының органдары;
      адвокаттардың азаматтарға көрсететін заңгерлік көмек түрлері, оның негізгі шарттары;
      ордер және сенімхат, ордерді рәсімдеу және оны адвокатқа беру ережелері;
      адвокаттың еңбегіне ақы төлеу, адвокаттың мақсатқа сай жұмыс істеуі, ақысыз көрсетілетін заңгерлік көмек, республикалық бюджет есебінен ақы төлеудің тәртібі мен ережелері;
      адвокаттың кеңес беру жұмысы, процесуалдық құжаттарды құрастыру, сұраныстарды құрастыру, құжаттарды талап ету және дәлелдерді жинақтау;
      адвокаттың азаматтық істер бойынша өкілі ретінде жұмысы, адвокаттың азаматтық процестегі өкілеттіктері, олардың көлемі мен рәсімдеу тәртібі;
      сот отырысына дайындалу, клиентпен әңгімелесу, азаматтық істердің кейбір санаттарын жүргізу ерекшеліктері;
      адвокаттық досье, сот отырысының хаттамасына ескертулер, сот шешіміне шағым келтіру;
      адвокаттың қылмыстық процеске қатысуы, қорғаушының құқықтық мәртебесі, адвокатты шақыру, тағайындау және ауыстыру;
      адвокаттың міндетті түрде қатысуы, адвокаттың алдын-ала тергеудегі жұмысы, қорғалушымен әңгімелесу;
      қылмыстық сот өндірісін атқаратын лауазымды тұлғалардың әрекеттері мен шешімдеріне шағым келтіру, жәбірленушінің мүдделерін ұсынудың ерекшеліктері;
      азаматтық талап-арыз, адвокаттың қылмыстық процесc барысында түзетін процесуалдық құжаттары, сот отырысының хаттамасына ескертулер, үкімге шағым келтіру;
      адвокаттың апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларында азаматтық және қылмыстық істер бойынша жұмысы;
      адвокаттың процесуалдық құқықтарын қорғау.

      2. Практикалық бөлігі

      Тағылымдамадан өту барысында тағылымдамадан өтушілерімен жасалуға қажетті процессуалдық құжаттар жобаларының тізімі:
      1) талап-арыздар:
      некені бұзу және мүлікті бөлу туралы;
      алименттерді өндіріп алу туралы;
      әке болуды анықтау туралы;
      жалақыны, зейнетақы және жәрдемақыны өндіріп алу туралы;
      заңсыз соттаудан, қылмыстық жауапқа заңсыз тартудан, бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан азаматқа келтірілген зиянды өтеуге байланысты еңбек, зейнеткерлік және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру туралы;
      хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы;
      азаматты қайтыс болды деп тану туралы;
      мұраға құқық беру куәлікті жарамсыз деп тану туралы;
      сатып алу-сату келісімнің жарамсыз деп тану туралы;
      сыйға беру келісімнің жарамсыз деп тану туралы;
      кепілге беру келісімінің жарамсыз деп тану туралы;
      материалдық залалды және моральдық зиянды өтеу туралы;
      заңды тұлғаны құру, қайта ұйымдастыру және таратуға байланысты;
      жер учаскелеріне, үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, жерге тығыз байланысты басқа объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы;
      2) өтініштер:
      сараптама тағайындау туралы;
      маманды іс жүргізу әрекеттеріне қатыстыруға тарту;
      дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы;
      жабық сот отырысын өткізу туралы;
      істі жауапкердің тұрған жері бойынша сотқа жолдау туралы;
      тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкерге ауыстыру туралы;
      куәні шақыру туралы;
      заң көмегіне ақы төлеуден толығымен немесе бөлігінен босату туралы;
      өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы;
      талап қоюды қамтамасыз ету;
      істі қарауды кейінге қалдыру туралы;
      3) арыздар:
      соттауына жатпайтыны туралы;
      қарсылық білдіру туралы;
      талап-арыздан бас тарту туралы;
      дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы;
      4) келесі сот шешімдеріне шағымдану бойынша апелляциялық, кассациялық және қадағалау шағымдары:
      мұраға құқық беру куәлікті жарамсыз деп тану туралы;
      сатып алу-сату келісімді жарамсыз деп тану туралы;
      сыйға беру келісімді жарамсыз деп тану туралы;
      кепілге беру келісімді жарамсыз деп тану туралы;
      материалдық залалды және моральдық зиянды өтеу туралы;
      жалақыны, зейнетақы және жәрдемақыны өндіріп алу туралы;
      заңсыз соттаудан, қылмыстық жауапқа заңсыз тартудан, бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан азаматқа келтірілген зиянды өтеуге байланысты еңбек, зейнеткерлік және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру туралы;
      5) келесі қылмыстар жасағаны үшін адамды кінәлі деп танылған сот үкімдеріне шағымдану бойынша апелляциялық, кассациялық және қадағалау шағымдары:
      кісі өлтіру;
      денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру;
      зорлау;
      ұрлық;
      тонау;
      алаяқтық;
      қорқытып алушылық;
      жала жабу;
      балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейi жалтару;
      еңбектi қорғау ережелерiн бұзу;
      жерге заттай құқықтарды бұзу;
      заңсыз кәсiпкерлiк;
      қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану;
      пара алу;
      бұзақылық;
      есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату.

Адвокаттардың тағымдамадан
өтушілерінің тағылымдамадан
өту тәртібі туралы ережеге
2 қосымша       

Нысаны

Күнделік

      Адвокаттың тағылымдамадан өтушісі _____________________________
                                                Т.А.Ә.
      Тағылымдаманың басшысы ________________________________________
                                                Т.А.Ә.
      Тағылымдамадан өту мерзімі: 00.00.20__ жылғы 00.00.20__ жылға дейін

№№

Күні

Орындалған жұмыстардың қысқаша мазмұны

Тағылымдама басшысының қолы

Тағылымдамадан өтушінің қолы






Адвокаттардың тағымдамадан
өтушілерінің тағылымдамадан
өту тәртібі туралы ережеге
3 қосымша        

Нысаны

«БЕКІТЕМІН»        
(әкімшілік аумақтық бірліктің
атауы) адвокаттар алқасы 
төралқасының төрағасы  
_____________________ Т.А.Ә.
қолы          
«___» ___________ 20___ жылы

Тағылымдамадан ойдағыдай өткені туралы қорытынды

      Тағылымдамадан өтуші ________________________________________
                                           Т.А.Ә.
__________________________________________________адвокаттар алқасы
      (әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)
адвокаттың тағылымдамадан өтушісі _________________________________
                                               Т.А.Ә.
арасында жасалған тағылымдамадан өту туралы келісім-шарттың негізінде тағылымдамадан өтті.
      Тағылымдаманың басшысы болып _________________________________
                                          адвокаттың Т.А.Ә.
(лицензия № 0000000 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 00.00.0000 жылда берілген) тағайындалды.
      Тағылымдама мерзімі 00.00.20___ жылдан 00.00.20___ жылға дейін белгіленді.
      Тағылымдаманы өту кезінде адвокаттың тағылымдамадан өтушісімен қажетті процесуалдық құжаттар әзірленіп тағылымдамадан өту жеке Бағдарламасы толығымен меңгерілді, тағылымдамадан өту режимі және тәртібі сақталды.
      Жоғарыда айтылғандардың негізінде, тағылымдамадан өтуші
__________________________________ тағылымдамадан ойдағыдай өткені
         Т.А.Ә.
туралы осы қорытынды беріледі.

Тағылымдаманың басшысы __________________ ___________________
                              қолы             Т.А.Ә.