Адвокат ордерінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 165 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 11 мамырда № 6949 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 06.01.2020 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған адвокаттың нақты iсті жүргiзуiне өкілеттігін куәландыратын ордерінің нысаны бекітілсін.

      2. Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті:

      1) осы бұйрықты ордер бланкiлерін дайындау жөнінде тиiстi шаралар қабылдау үшiн, бақылауды жүзеге асыруды және олардың берілуін есепке алуды жүзеге асыру үшін, адвокаттар алқасы Төралқаларының назарына, сондай-ақ соттардың, прокуратура, анықтау және алдын ала тергеу органдарына мәлімет үшін жеткізсін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Ә.Т.Аманбаевқа және Қазақстан Республикасы Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы М.И.Сексембаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Р. Түсіпбеков


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрiнiң
2011 жылғы 27 сәуірдегі
№ 165 бұйрығымен
бекітілген

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (адвокаттар алқасының атауы)

      _____________________________________________________________________

      (заң консультациясының не адвокаттық кеңсенің атауы, не өз қызметін

      дербес жүзеге асыратын адвокаттың тегі мен аты-жөні)

№_____ О Р Д Е Р 20___жыл "___"___________

      Адвокаттық қызметпен айналысатын "___"________ _______ жылғы

      № ________________ мемлекеттік лицензиясы бар адвокат _______________

      _____________________________________________________________________

      (адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты)

      _____________________________________________________________________

      (қаулылар/ұйғарулар, адвокаттың қатысуын қаматамасыз ету туралы

      _____________________________________________________________________ келісім-шарт оны шығарған/қорытындылаған тұлғаның тегі мен

      аты-жөнін көрсете отырып)

      негізінде ___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      құқықтары мен мүдделерін ____________________________________________

      (соған қатысты қорғау / өкілеттік ету / жүзеге асырылатын

      _____________________________________________________________________ қатысты жеке тұлғаның тегі, аты-жөні немесе заңды тұлғаның толық атауы)

      ___________________________________________ бабы тәртібімен қорғауды

      (ҚР ҚіЖК / ҚР АіЖК / ҚР ӘҚБтК бабын көрсету қажет)

      /өкілеттік етуді/ жүзеге асыруға ____________________________________ (істің сипаты)

      ____________________________________________ іске қатысу тапсырылады.

      Заң консультациясының

      меңгерушісі/адвокаттық

      кеңсенің құрылтайшысы/адвокат __________________

      (Тегі, аты-жөні)

      М.О.

      Ескертпе:

      Адвокаттың нақты істі жүргізуіне

      өкілеттілігін куәландыратын ордер нысанының

      сипаттамасы

      Адвокаттың нақты істі жүргізуін куәландыратын ордер баспаханалық тәсілмен ақ қағазда дайындалуы тиіс және жоғары сапада дайындауымен, қорғалуымен, жасандылық мүмкіндігін болдырмаумен сипатталады, ордердің бланкілерінде:

      1) оңнан солға қарай көлбеу қызыл түсті сызықтың;

      2) баспаханалық тәсілмен нөмірлердің қойылуымен қамтамасыз етіледі.

      Ордердің мәтіні екі тілде: мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады.

      Ордер бланкісі А 4 форматында дайындалады.