Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 11 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 ақпанда № 7415 тіркелді.

Қолданыстағы

      "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В.Лепеха) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С.Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В.Лепеха) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 12 қаңтардағы
№ 11 бұйрығымен
бекітілген

Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының
ішкі тәртіп қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындары ішкі тәртібінің осы Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртібін белгілейді.

      2. Арнайы қабылдау орындарында режимді қамтамасыз ету, онда ішкі тәртіпті ұстау арнайы қабылдау орнының әкімшілігі мен қызметкерлеріне жүктеледі.

      3. Арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртібін осы Қағидаға1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі істер органының бастығы айқындайды және бекітеді.

      4. Арнайы қабылдау орнындағы ішкі тәртіп қағидасы әрбір камерада ілінеді.

      5. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) арнайы қабылдау орны - әкімшілік қамауға алынған адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған ішкі істер органдарының арнайы мекемесі.

      2) әкімшілік қамауға алынған адам – оған қатысты сот әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарған адам.

2. Арнайы қабылдау орнына жеткізілген адамдарды
тіркеу тәртібі

      6. Арнайы қабылдау бойынша кезекші әкімшілік қамауға алынған адамды қабылдау кезінде:

      1) судья жеке қол қойған және соттың мөрімен бекітілген, қамауға алу туралы судья қаулысының;

      2) арнайы қабылдау орнында сақтауға тыйым салынған алынған заттармен бірге жеке тексеру хаттамасының;

      3) әкімшілік қамауға алынған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың бар-жоғын тексереді.

      7. Кезекші қамауға алу туралы судьяның қаулысындағы тиісті жазбаларды жеткізілген адамның жеке басы туралы деректермен салыстыра тексереді, тексеру хаттамасында санамаланған заттардың бар-жоғын тексереді және осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Арнайы қабылдау орнына жеткізілген адамдарды тіркеу журналында тіркейді.

      8. Арнайы қабылдау орнына орналастырылған ер адамдар әйелдерден бөлек орналастырылады.

      9. Әкімшілік қамауға алынған адамдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Біріктірілген деректер банкінің есептері және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің "Ақпараттық сервис" автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі бойынша тексеріледі.

      10. Әкімшілік қамауға алынған адам туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Біріктірілген деректер банкіне енгізіледі.

      Бұл ретте "Адамға арналған ақпараттық-іздеу карточкасы" (А-АІК) толтырылады, онда адам санаты – "әкімшілік қамауға алынған адам", жұмыс желісі – "арнайы қабылдау орны" көрсетіліп және міндетті түрде әкімшілік қамауға алынған адамның суреті ұсынылады.

      11. Толықтыру лимиті 100 адамнан астам арнайы қабылдау орындарында тіркеу журналының орнына осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы қабылдау орнында әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған карточкалардан тұратын есепке алу картотекасы құрылуы мүмкін.

      Мұндай жағдайларда осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу карточкаларынан басқа жаңадан келген адамдарды есепке алудың тәуліктік ведомосі жүргізіледі.

      12. Арнайы қабылдау орнына орналастырылған әрбір әкімшілік қамауға алынған адамға іс басталады, оған қамауға алу туралы судьяның қаулысы, жеке тексеру хаттамасы және басқа да материалдар қоса тігіледі.

3. Арнайы қабылдау орнына орналастырылған адамдарды жеке
тексеруді жүргізу, медициналық куәландыру, санитарлық
өңдеу, саусақ іздерін алу, суретке түсіру тәртібі және
оларға медициналық-санитарлық қызмет көрсету нормалары

      13. Арнайы қабылдау орнына орналастырылған әрбір адамды кезекші толық жеке тексереді, медициналық куәландырудан, санитарлық өңдеуден өткізеді, саусақ іздерін алады, суретке түсіреді, содан кейін мұндай адам қолын қоя отырып, босатылғанға дейінгі арнайы қабылдау орнының ішкі күн тәртібімен таныстырылады.

      14. Заттарды тексеру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) жеке тексеруді арнайы қабылдау орнының қызметкерлері жүргізеді;

      2) жеке тексеруді тек тексерілетін адаммен жынысы бірдей екі куәгердің қатысуымен осындай жынысты адам ғана жүргізе алады;

      3) жеке тұлғадағы заттарды тексеру, яғни олардың конструктивтік тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеу осы заттардың иесі болып табылатын адамның және екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі;

      4) адамда айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін заттар бар деп ұйғаруға негіздер бар болған жағдайда жеке тексеру, заттарды тексеру бұл туралы 24 сағаттың ішінде прокурорға хабарлай отырып, куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін;

      5) егер фото және бейнетүсірілім жүргізілсе, тексеру хаттамасында оларды қолданғаны туралы тиісті жазба жазылады;

      6) тексеру аяқталған соң осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тексеру, заттарды тексеру хаттамасына оны толтырған лауазымды адам, жеке тексерілген адам, тексерілген заттардың иесі, куәгерлер қол қояды. Жеке тексерілген адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, онда тиісті жазба жазылады.

      15. Әкімшілік қамауға алынған адамға "Арнайы есептердің жекелеген түрлерін жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі № 23бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2843 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша дактилоскопиялық карта толтырылады және оның бір данасы Астана, Алматы қалаларының және облыстардағы ішкі істер департаменттерінің жедел-криминалистикалық бөліністеріне жолданады.

      16. Арнайы қабылдау орнына орналастырылған адам оң жақ, сол жақ бейінде және бойын толық көрсете отырып суретке түседі.

      17. Әкімшілік қамауға алынған адамда дене жарақаттары және денсаулыққа зиян келтірудің айқын белгілері бар болған жағдайда кезекші олардың пайда болу себептерін анықтайды және арнайы қабылдау орнының бастығына жазбаша түрде баяндайды.

      18. Арнайы қабылдау орнына орналастырылған адамдарды медициналық куәландыру, сондай-ақ оларға медициналық-санитарлық қызмет көрсету нормалары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 272, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 350, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 157 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6571 болып тіркелген) бекітілген Бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

4. Әкімшілік қамауға алынған адамдарға материалдық-тұрмыстық
қызмет көрсету нормалары

      19. Арнайы қабылдау орнының әкімшілігі әкімшілік қамауға алынған адамдарға гигиена, санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін жағдайлар жасайды. Санитарлық алаң нормасы бір адамға кемінде 2,5 шаршы метр есебінен белгіленеді.

      20. Арнайы қабылдау орнында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдарға серуендеу арнайы қабылдау орнының бастығы құрастырған кесте бойынша тәуліктің жарық уақытында беріледі.

      21. Арнайы қабылдау орнында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдар жеке пайдалану үшін:

      1) жататын орынмен;

      2) төсек-орын жабдығымен: матрацпен, жастықпен және көрпемен;

      3) төсек-орын тысымен: екі жаймамен және жастық тысымен;

      4) тамақтану кезінде ыдыспен;

      5) орамалмен;

      6) сабынмен қамтамасыз етіледі.

      22. Осы Қағиданың 21-тармағында көрсетілген заттар арнайы қабылдау орнында ұстау кезеңінде уақытша пайдалану үшін тегін беріледі.

      23. Күн сайын камераларға ішу үшін қайнатылған су беріледі.

      24. Әкімшілік қамауға алынған әрбір адамға аптасына кемінде екі рет ұзақтығы кемінде 15 минутқа душқа түсу мүмкіндігі беріледі.

      25. Әкімшілік қамауға алынған адамдарға қырынуға арналған керек-жарақтар олардың өтініші бойынша белгіленген мерзімде беріледі. Содан кейін кезекшінің бақылауымен қайтадан сақтау камерасына қайтарылады.

      26. Арнайы қабылдау орнында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдар қамауда ұсталатын және уақытша ұстау изоляторындағы адамдар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.

      27. Азық-түлік өнімдерін кезекші осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы қабылдау орнында ұсталатын адамдарға азық-түлік өнімдерін беруге арналған ведомость бойынша күн сайын береді.

      28. Шағымдар мен өтініштер жазу үшін, сондай-ақ өтініш бойынша жазуға арналған керек-жарақтар (қағаз, қаламсап) беріледі.

      29. Пайдалану үшін осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес Арнайы қабылдау орнына орналастырылған адамдар өзімен бірге алып жүруі және сақтауы мүмкін заттар мен азық-түлік өнімдерінің тізбесіне сәйкес өзінің төсек-орны мен азық-түлік өнімдері қабылдануы мүмкін.

      30. Әкімшілік қамауға алынған адамға сәлемдемелерді, бандерольдар мен берілімдерді санын шектемей алуға рұқсат етіледі, олардың салмағы пошта ережелерінде көзделген нормалардан аспауы тиіс.

      31. Сәлемдемелерді, бандерольдар мен берілімдерді арнайы қабылдау орнының қызметкерлері тексеруі тиіс.

      32. Берілімдерді қабылдау осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жазылған өтініштің негізінде жүргізіледі.

      33. Берілімдерді қабылдау кезекшінің үй-жайында не болмаса ішкі істер органының арнайы үй-жайында жүзеге асырылады. Берілімдер келушілердің кезектілігі тәртібімен қабылданады.

      34. Берілімнің ішіндегі заттардың бар-жоғын салыстыра тексеру оны жеткізген адамның қатысуымен жүзеге асырылады.

      35. Берілімді қабылдаған соң арнайы қабылдау орнының қызметкері қабылдағаны туралы қолхатпен бірге өтініштің бірінші данасын келушіге қайтарады, екінші данасы арнайы қабылдау орнында ұсталатын, әкімшілік қамауға алынған адам берілімді алғаны туралы қолхатқа қол қойғаннан кейін оның ісіне тігіледі.

      36. Сәлемдемелер мен бандерольдарды ашуды және салыстыра тексеруді құрамында арнайы қабылдау орнының кемінде екі қызметкері бар комиссия жүзеге асырады, бұл туралы осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәлемдемелер мен бандерольдарды ашу актісі толтырылады.

      Актіге комиссия мүшелері қол қояды және әкімшілік қамауға алынған адамның қолын қойғызып таныстырылады және жеке ісіне тігіледі.

      37. Мынадай:

      1) әкімшілік қамауға алынған адам арнайы қабылдау орнынан босатылған;

      2) берілімнің ішіндегі заттар өтініште көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайларда сәлемдемелер, бандерольдар мен берілімдер;

      3) осы Қағидада көзделмеген заттар мен азық-түлік өнімдері қабылданбайды және кері қайтарылады.

      38. Қағиданың 37-тармағында санамаланған жағдайларда сәлемдемелер, бандерольдар жолданған адамның есебінен немесе жіберушілерге салынған төлеммен қайтарылады.

      39. Сәлемдемелер, бандерольдар немесе берілімдер әкімшілік қамауға алынған адамға оны қабылдағаннан кейін бір тәуліктен кешіктірмей беріледі.

      40. Арнайы қабылдау орнының әкімшілігі дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша әкімшілік қамауға алынған адам үшін дәрі-дәрмектерді қабылдайды.

      41. Әкімшілік қамауға алынған адамдар хаттар алады.

      42. Әкімшілік қамауға алынған адамның атына келіп түскен хаттарды арнайы қабылдау орнының әкімшілігі хат келіп түскен күннен бастап екі күннен кешіктірмей береді.

      43. Жақын туысының қайтыс болғаны немесе ауыр сырқаттанғаны туралы мәліметтер әкімшілік қамауға алынған адамға оларды алған соң бір тәулік ішінде хабарланады.

      44. Әкімшілік қамауға алынған адам арнайы қабылдау орнынан босатылғаннан кейін оның атына келіп түскен хаттар оларды алғаннан кейін үш күннен кешіктірмей оның тұрғылықты жеріне жіберіледі.

5. Алып қоюға жататын заттар тізбесі

      45. Тексеру кезінде мыналар:

      1) қару, жарылғыш, улы, уландыратын және өртке қауіпті заттар, есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар, спирттік ішімдіктер, бұрыш, тұз, оттық;

      2) шәрпі, белдік, белбеу, иық бау, бау, галстук, ұзындығы 50 сантиметрден асатын орамал;

      3) шыны ыдыс, кесетін, аралайтын, тілетін заттар;

      4) білезік, темекі сауыты, ойын карталары, ілмек, жүзік, сырға, сағат, ордендер, медальдер, метал заттар мен бағалы заттар;

      5) иіс су, одеколон және спирттік негіздегі өзге де бұйымдар;

      6) фотоаппараттар, бейнекамералар, ұялы телефондар;

      7) ақша, құнды қағаздар, зергерлік бұйымдар;

      8) қажеттілік мерзімі үш тәуліктен аспайтын азық-түлік өнімдері алып қоюға жатады.

      46. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың тыйым салынған бұйымдары, заттары, азық-түлігі, ақшасы, құнды қағаздары осы Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заттарды, құжаттарды, бұйымдар мен өзге де материалдық бағалы заттарды беру актісі бойынша арнайы қабылдау орнының сақтау камерасына тапсырылады, актінің көшірмесі жеке іске тігіледі.

      47. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен не болмаса бүліну белгілері бар азық-түлікті құрамында арнайы қабылдау орнының кемінде екі қызметкері бар комиссия жояды, бұл туралы осы Қағидаға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жою актісі толтырылды.

      48. Әкімшілік қамауға алынған адам қайтыс болған жағдайда оған тиесілі ақша, бағалы заттар, бұйымдар, заттар мен сақталудағы азық-түлік азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен оның мұрагерлеріне беріледі.

6. Қорытынды ережелер

      49. Әкімшілік қамауға алынған адамдар арнайы қабылдау орнынан судьяның қаулысымен белгіленген әкімшілік қамау мерзімін өткерген соң босатылады.

      50. Адам арнайы қабылдау орнынан босатылған кезде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Есептегі элемент" Біріктірілген деректер банкінен алу үшін осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша босату туралы анықтаманың көшірмесі аумақтық ақпараттық-техникалық бөлініске жолданады.

      51. Босатылған адамдарға сақталуы заңсыз болып табылатын заттардан басқа олардан сақтауға алынған құжаттар, ақша мен заттар қолхат арқылы қайтарылады.

      52. Әкімшілік қамауды өткерген адам босатылған кезде осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы қабылдау орнынан босату туралы анықтама беріледі.

      53. Әкімшілік қамауға алынған адам қайтыс болған жағдайда, арнайы қабылдау орнының әкімшілігі бұл туралы бір тәулік ішінде ішкі істер органының кезекші бөліміне, сондай-ақ прокурорға хабарлайды.

      54. Қайтыс болған адамның мәйіті патологоанатомиялық зерттеуден, сондай-ақ тергеу амалдарын жүргізгеннен кейін оны талап еткен адамдарға беріледі, ал талап етілмеген жағдайларда, оның мәйітін жерлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      55. Шетелдік қайтыс болған жағдайда арнайы қабылдау орнының әкімшілігі бұл туралы ішкі істер органының кезекші бөліміне, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Ішкі істер министрлігіне хабарлайды.

  Ішкі істер органдары
арнайы қабылдау орындарының
ішкі тәртіп қағидасына
1-қосымша

      нысан

      БЕКІТЕМІН

      Бастық _______________________

      ______________________________

      ______________________________

      20 ___ жылғы "____"___________

ІШКІ ТӘРТІП
(үлгі)

      1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар Ішкі тәртіп ережесін сақтайды және арнайы қабылдау орны қызметкерлерінің талаптарын орындайды.

      2. Арнайы қабылдау орнында ұсталатын адамдар үшін мынадай күн тәртібі белгіленеді:

      Тұру - сағат 7.00-де

      Жуыну - сағат 7. 00 мин. - сағат 7.30 мин.

      Камераларды жинастыру - сағат 7. 30 мин. - сағат 8. 30 мин.

      Таңғы ас - сағат 8.30 мин. - сағат 9.30 мин.

      Арнайы қабылдау орны қызметкерлерінің

      камераларды аралауы - сағат 9. 30 мин. - сағат 10. 30 мин.

      Түскі ас - сағат 14. 00 мин. - сағат 15. 00 мин.

      Кешкі ас - сағат 19. 00 мин. - сағат 20. 00 мин.

      Камераларды жинастыру - сағат 20. 00 мин. - сағат 21. 00 мин.

      Жуыну - сағат 21. 00 мин. - сағат 22. 00 мин.

      Ұйқыға кету - сағат 22.30 мин.

      Арнайы қабылдау орнының бастығы ____________________

      (қолы)

      20 ___ жылғы "__" ______________

  Ішкі істер органдары
арнайы қабылдау орындарының
ішкі тәртіп қағидасына
2-қосымша

      нысан

Арнайы қабылдау орнына жеткізілген адамдарды тіркеу
ЖУРНАЛЫ

      Басталды: 20 __ жылғы "___" ______

      Аяқталды: 20 __ жылғы "___" ______

Әкімшілік қамауға алынған адамның Т.А.Ә.

Туған күні, айы, жылы

Тұрғылықты жері

Жұмыс, оқу орны, лауазымы

Қашан және қандай ІІО ұстады

Қашан және қандай мерзімге қамауға алынды

Қамауға алу күні мен уақыты

Босатылған күні мен уақыты

Қосымша

1











  Ішкі істер органдары
арнайы қабылдау орындарының
ішкі тәртіп қағидасына
3-қосымша

      нысан

Арнайы қабылдау орнында әкімшілік қамауға алынған
адамдарға арналған КАРТОЧКА

      1.Тегі ________________________________________________________

      2. Аты, әкесінің аты __________________________________________

      3. Туған жылы _________________________________________________

      4. Тұрғылықты жері ____________________________________________

      5. Жұмыс (оқу) орны, лауазымы _________________________________

      6. ІІО қызметкерлері қашан ұстады _____________________________

      7. Қашан және қандай мерзімге қамауға алынды __________________

      8. Қамауға алу күні, уақыты ___________________________________

      9. Босатылған күні, уақыты ____________________________________

      20 __ жылғы "____" ________

      Арнайы қабылдау орнының кезекшісі

      ________________________________

      (атағы, қолы)

  Ішкі істер органдары
арнайы қабылдау орындарының
ішкі тәртіп қағидасына
4-қосымша

      нысан

Арнайы қабылдау орнында әкімшілік қамауды өтеу үшін
жаңадан келген адамдарды есепке алудың тәуліктік ведомосі

Т.А.Ә.

Туған күні, айы, жылы

Қандай орган және қашан ұстады

Қашан және қандай мерзімге қамауға алынды

Қамауға алынған күні мен уақыты

Босатылған күні мен уақыты

Орналастырылған камераның №

Ескертпе

1

















  Ішкі істер органдары
арнайы қабылдау орындарының
ішкі тәртіп қағидасына
5-қосымша

      нысан

Арнайы қабылдау орнына орналастырылған адамды
жеке тексеру және оның заттарын тексеру
ХАТТАМАСЫ

      Толтырылған жері мен уақыты 20 ___ жылғы "___"____ ___ сағат ___ мин.

      Мен, _______________________________________________________________

      (хаттама толтырған адамның лауазымы, атағы, Т.А.Ә.)

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 618, 628-баптарына сәйкес осы хаттаманы мына азаматқа (азаматшаға) қатысты толтырдым

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., азаматтығы, туған жылы мен жері, тұрғылықты жері)

      Жұмыс орны, лауазымы ________________________________________________

      Отбасы жағдайы _____________ асырауында _____________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаты _____________________________________

      (сериясы, нөмірі, кім берген)

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 595-бабына сәйкес құқықтары мен міндеттері түсіндірілген куәгерлердің қатысумен:

      1. __________________________________________________________________

      (Т.А.Ә,. тұрғылықты жері)

      2. __________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., тұрғылықты жері)

      Куәгерлердің қолы: 1.____________________ 2. ________________________

      _____________________________________________________________________

      (тексерілген адамның Т.А.Ә.)

      _____________________________________________________ азаматты (шаны) тексеру жүргізілді.

      Тексерілушінің киімі ________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Сыртқы тексеру кезіндегі дене жарақаттары: __________________________

      _____________________________________________________________________

      (анықталған жоқ, егер анықталса, дене жарақаттарының сипаттамасын көрсету қажет және медициналық көмек көрсетілді ме)

      Тексеру барысында анықталған және алынған заттар:____________________

      Тексеріс кезінде келіп түскен өтініштер _____________________________

      Тексеріс барысында: _________________________________________________

      (фото-кинотүсірілім, бейнежазба, тіркеудің өзге де тәсілдері)

      Арнайы қабылдау орнына келіп түскен кезде денсаулық жағдайыма шағымдар бар (жоқ) __________________________________________________

      (керегін жазыңыз)

      Арнайы қабылдау орнында ұстау шарттарымен таныстым: _________________

      (қолы)

      Қолдары: ______________________ (тексеруді жүргізген лауазымды адам)

      ______________________ (жеке тексерілген адам)

      Куәгерлердің қолдары: 1._____________________ 2. ____________________

      Хаттаманың көшірмесін алдым _________________________________________

      (жеке тексерілген адамның Т.А.Ә., қолы)

  Ішкі істер органдары
арнайы қабылдау орындарының
ішкі тәртіп қағидасына
6-қосымша

      нысан

20 __ жылғы "____" _______
Арнайы қабылдау орнында ұсталатын адамдарға азық-түлік
өнімдерін беруге арналған ведомость

Тіркеу журналы немесе жаңадан келген адамдарды есепке алудың ведомосі бойынша тіркелген күні мен айы

Тегі, аты, әкесінің аты

Азық-түлік өнімдерінің атауы

нан

бірінші тағам

екінші тағам

қант қосылған шәй

қантсыз шәй

Басқа да тағамдар (нақты көрсету)

Алғаны туралы қолы

1




  Ішкі істер органдары
арнайы қабылдау орындарының
ішкі тәртіп қағидасына
7-қосымша

Әкімшілік қамауға алынған адамдар адам өзімен бірге алып
жүре алатын және сақтай алатын заттар мен
азық-түлік өнімдерінің тізбесі

      1) жылумен өңдеуді қажет ететін, сақтау мерзімі өтіп кеткен, тез бүлінетін азық-түлікті қоспағанда, азық-түлік өнімдері. Азық-түлік өнімдерінің тізбесі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің ұйғарымы бойынша шектеледі.

      2) темекі бұйымдары, сіріңке;

      3) бел буатын белдіксіз, иық бау мен галстуксіз бір жиынтық киім, сондай-ақ бас киім, маусымға сәйкес аяқ-киім (супинаторларсыз, металл әлсіз);

      4) бір жиынтық спорт костюмін немесе үйде киетін халат (әйелдер үшін), ішкі киімді, шұлық, қолғап (биялай), қол орамалдар, бөлмеде киетін немесе спорт шәркесі;

      5) дәретхана бұйымдары (иіс, кір сабын, сұйық сабын немесе сусабын, тіс ұнтағы, тіс жууға арналған щетка, сабын мен тіс ұнтағын салу үшін пластмассадан жасалған футляр, кремдер, тарақ);

      6) қалтаға салынатын айна (камерада айна болмаған жағдайда), электр немесе механикалық ұстара, қауіпсіз бір реттік ұстаралар (арнайы қабылдау орнының сақтау камерасында сақталады);

      7) көзілдіріктер мен көзілдіріктерге арналған пластмассадан жасалған футлярлар;

      8) үшкіл орамал, рейтуздар, белдіктер, бюстгальтерлер, дәке, шаш қыстырғыштар, мақта, гигиена және косметика бұйымдары, пластамассадан жасалған бигуди (әйелдер үшін);

      9) балдақтар, ағаш таяқтар, протездар (дәрігердің рұқсаты бойынша);

      10) зауытта дайындалған тұрмыстық электр су қайнатқыш;

      11) жөке, губка, дәретхана қағазы;

      12) қаламсап, қара қарындаш;

      13) хат жазу үшін қағаз, дәптерлер, пошта конверттері, пошта маркалары;

      14) тағуға немесе қалтаға салуға арналған діни наным бұйымдары;

      15) бір жиынтық төсек-орын жабдығы (екі жайма және жастық тыс), орамал;

      16) көркем және өзге де әдебиет, сондай-ақ мерзімді басылым шығарылымдары;

      17) фотосуреттер - кемінде екеу;

      18) үстел ойындары (шашка, шахмат, домино, нарды);

      19) дәрігердің тағайындауы бойынша дәрі-дәрмек препараттары.

      Санамаланған заттардан басқа әкімшілік қамауға алынған адамдарға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне қатысты құжаттар мен жазбаларды, сондай-ақ пошталық жіберілім бланкілерін, сақтауға тапсырылған ақшалай қаражат, бағалы заттар мен құжаттардың түбіртектерін өздерімен бірге алып жүруге және сақтауға рұқсат етіледі.

  Ішкі істер органдары
арнайы қабылдау орындарының
ішкі тәртіп қағидасына
8-қосымша

      нысан

ӨТІНІШ

      ___________________________________________________________ тұратын

      (тұрғылықты жері)

      азамат (ша) _________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      _____________________________________________________________________

      (әкімшілік қамауға алынған адамға қатысы)

      _______________________________ үшін берілім қабылдауыңызды сұраймын.

      (тегі, аты-жөні)

р/с

Азық-түліктің атауы

салмағы

саны

ескертпе

килограмм

грамм

1





2






      Өтініш иесінің қолы _________________________________________

      20 _ жылғы "__" ________

      Берілімге рұқсат берді ____________________________________________

      (арнайы қабылдау орнының бастығы)

      Берілімді қабылдады _______________________________________________

      (берілімді қабылдаған қызметкердің Т.А.Ә.)

      Берілімді алдым ___________________________________________________

      (берілімді алған адамның қолы)

      20 ___ жылғы "____" ____________

  Ішкі істер органдары
арнайы қабылдау орындарының
ішкі тәртіп қағидасына
9-қосымша

      нысан

Сәлемдемелер мен бандерольдарды ашу
АКТІСІ

      20 __ жылғы "__"_________ Толтыру орны __________________

      Құрамында: __________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)

      сәлемдемені (бандерольді) ашудың осы актісін толтырды _______________ _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (заттардың, азық-түліктің атауы, олардың сыртқы белгілері, саны (жазбаша) көрсетіледі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Әкімшілік қамауға алынған адамға қандай заттар берілді _____________________________________________________________________

      (заттардың, азық-түлік өнімдерінің атауы көрсетіледі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _______________________________________ сақтау камерасына тапсырылды.

      Комиссия мүшелерінің қолдары: 1. __________________________

      2. __________________________

      Алдым ______________________________________________________________

      (әкімшілік қамауға алынған адамның тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

      Актіні толтырған қызметкердің қолы __________________________________

      (лауазымы, атағы, Т.А.Ә., қолы)

  Ішкі істер органдары
арнайы қабылдау орындарының
ішкі тәртіп қағидасына
10-қосымша

      нысан

Заттарды, құжаттарды, бұйымдар мен өзге де материалдық
бағалы заттарды сақтау камерасына тапсыру
АКТІСІ

      20 ____ жылғы "___" ________ Қала (кент) _______________

      Мен, ________________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегі)

      _____________________________________________________________________

      (ішкі істер органының атауы)

      20 ___ жылғы "__"_____________ ұсталған

      Аз._________________________________________________________ тиесілі

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      _____________________________________________________________________

      заттардың, бұйымдардың, құжаттар мен өзге де материалдық бағалы заттардың атауы көрсетілсін (жазбаша түрде)

      __________________________________________________________________________________________________________________________________________

      арнайы тарату орнының сақтау камерасына тапсырғаны туралы осы актіні толтырдық.

      Осы акт екі данада толтырылды (бір данасы тексеру материалына тігіледі, екінші данасы иесіне беріледі)

      Актінің көшірмесін алдым ____________________________________________

      (әкімшілік қамауға алынған адамның тегі, аты, әкесінің аты)

      Актіні толтырған қызметкердің қолы _____________________________

      (қолы)

  Ішкі істер органдары
арнайы қабылдау орындарының
ішкі тәртіп қағидасына
11-қосымша

      нысан

Жою актісі

      20 __ жылғы "__"_________ Толтырылған орны __________________

      Құрамында:___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________ комиссия

      (комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)

      Азық-түлікті (сақтау мерзімі өтіп кеткен немесе бүліну белгілері бар) жою туралы осы актіні толтырды.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жойылған орамалардың атауы, саны (жазбаша), бар-жоғы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жою орны мен тәсілі)

      Комиссия мүшелерінің қолдары: 1. __________________

      2. __________________

  Ішкі істер органдары
арнайы қабылдау орындарының
ішкі тәртіп қағидасына
12-қосымша

      нысан

Арнайы қабылдау орнынан босату туралы
АНЫҚТАМА

      Азамат (шаға) ______________________________________________ берілді.

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      Ол ___________________________________________________________ сәйкес

      (судьяның қаулысы)

      20 __ жылғы __________________________________________________ бастап

      20 __ жылғы _________________________________________ дейінгі кезеңде

      ____________________________________________ әкімшілік қамауда болды.

      (арнайы қабылдау орнының атауы)

      Арнайы қабылдау орнының бастығы _______________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

      20 ___ жылғы "____" ________________

      М. О.