Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 қазандағы N 289 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 қарашада N 14-12-129 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) кодексінің 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Созақ аудандық мәслихатының 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 21 «Жерді аймақтарға бөлу жобасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 378379381383-баптарында белгіленген, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларын 50 процентке жоғарылатылсын».
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 25.06.2013 № 110 шешімімен.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Созақ аудандық мәслихатының
      кезектен тыс ХХХХІІІ
      сессиясының төрағасы:                      М.Жақсыбаев
      
      Созақ аудандық мәслихатының хатшысы:       А.Аймұрзаев