Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 қазандағы N 289 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 қарашада N 14-12-129 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) кодексінің 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Созақ аудандық мәслихатының 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 21 «Жерді аймақтарға бөлу жобасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) кодексінің 378379381383-баптарында белгіленген, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкалары 50 процентке жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
 
       Созақ аудандық мәслихатының
      кезектен тыс ХХХХІІІ
      сессиясының төрағасы:                      М.Жақсыбаев
      
      Созақ аудандық мәслихатының хатшысы:       А.Аймұрзаев