Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.05.2013 № 108 қаулысымен.
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағы 3-тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағы 9-тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.05.2013 № 108 қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы Б.Оспанов
Облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Жылқышиев
Облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов
Облыс әкімінің орынбасары Б.Әлиев
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Бектаев
Облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков
Облыстық экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының бастығы Е.Садыр
Облыстық қаржы басқармасының бастығы Г.Морозова
Облыс әкімдігінің 2011 жылғы
25 сәуірдегі № 90 қаулысымен бекітілген
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су
айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі
Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.05.2013 № 108 қаулысымен.
1. Сырдария өзенінің көл жүйелері (Шардара, Арыс, Отырар аудандары және Түркістан қаласы).
2. Шу өзені жайылма көлдерімен қоса (Созақ ауданы).
3. Казот көл жүйелері (Созақ ауданы).
4. Шошқакөл көл жүйелері (Отырар ауданы).
5. Бөген су қоймасы (Ордабасы ауданы).
6. Бадам су қоймасы (Төлеби ауданы).
7. Бөржар су қоймасы (Ордабасы ауданы).
8. Отрабат көлдер жүйесі (Түркістан қаласы).
9. Қапшағай су қоймасы (Бәйдібек ауданы).
10. Тоғыс су қоймасы (Төлеби ауданы).
11. Қошқорған су қоймасы (Түркістан қаласы).