Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 86 қаулысы. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 17 ақпанда № 9-4-179 тіркелді

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қалалық сайлау комиссиясымен бірге үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С. Сапароваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 В. Радченко

      КЕЛІСІЛДІ

      Лисаков қалалық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      ____________ И. Неявко

Әкімдіктің       
2011 жылғы 16 ақпандағы 
№ 86 қаулысына қосымша 

Үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 15.04.2014 № 148 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Лисаков қаласы, мынадай мекенжайлар бойынша:
      1-шағын аудан: "Рассвет" және "Арай", № 10 үйдегі дүкендерінде;
      2-шағын аудан: сауда орталығында;
      3-шағын аудан: "Махаббат" және "Mega" дүкендерінде;
      4-шағын аудан: "Leal" сауда орталығында;
      5-шағын аудан: "ФортунАвто" дүкенінде;
      6-шағын аудан: "Арай" және "Рүстем" дүкендерінде.
      1. Октябрь кенті:
      Лисаков қаласы әкімдігінің "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында;
      "Анара" сауда орталығының ғимаратында.
      2. Красногор ауылы:
      жеке кәсіпкер Л.Э. Гердтың дүкенінің ғимаратындағы хабарландыру тақтасы.