Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 86 қаулысы. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 17 ақпанда № 9-4-179 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қалалық сайлау комиссиясымен бірге үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 07.09.2021 № 322 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

В. Радченко

КЕЛІСІЛДІ


Лисаков қалалық сайлау


комиссиясының төрағасы


____________ И. Неявко



  Әкімдіктің
2011 жылғы 16 ақпандағы
№ 86 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 23.10.2020 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 07.09.2021 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Лисаков қаласы

1-шағын аудан:
№ 10 өндірістік ғимараттың жанындағы тұғырлық,
№ 3 тұрғын үйдің жанындағы тұғырлық,
№ 32 коммуналдық қызмет көрсету нысаны жанындағы тұғырлық
2-шағын аудан:
№ 32 сауда нысаны жанындағы тұғырлық
3-шағын аудан:
№ 2 А сауда нысаны жанындағы тұғырлық,
№ 26 сауда нысаны жанындағы тұғырлық
4-шағын аудан:
№ 26 сауда нысаны жанындағы тұғырлық
5-шағын аудан:
№ 4 тұрғын үйдің жанындағы тұғырлық
6-шағын аудан:
№ 1 тұрғын үйдің жанындағы тұғырлық,
№ 1 А сауда нысаны жанындағы тұғырлық
7-шағын аудан:
№ 8 А қоғамдық ұйым нысаны жанындағы тұғырлық

2

Октябрь кенті

"Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тұғырлық,
Алматы көшесіндегі № 31 сауда нысаны жанындағы тұғырлық,
Уральская көшесіндегі № 62 В сауда нысаны жанындағы тұғырлық

3

алып тасталды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 07.09.2021 № 322 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).