Демалыс аймағы базасы, туристік базаны пайдалану және қызмет көрсету, "Құрылыс материалдар қоймасы" объектісінің құрылысына арналған телімдерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше шарттарын және тәртібін белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 415 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 23 қарашада № 3786 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39116125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Уәкілетті органдарымен келісілген, бекітілген жобалық құжаттардың негізінде 1-қосымшаға сәйкес демалыс аймағы базасы, туристік базаны пайдалану және қызмет көрсету, "Құрылыс материалдар қоймасы" объектісінің құрылысына арналған телімдерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
      2. Демалыс аймағы базасы, туристік базаны пайдалану және қызмет көрсету, "Құрылыс материалдар қоймасы" объектісінің құрылысына арналған телімдерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше шарттары және тәртібі 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Кулагин 
 

Әкімдіктің        
2011 жылғы 14 қазандағы  
№ 415 қаулысына 1-қосымша 

Демалыс аймағы базасы, туристік базаны пайдалану және қызмет көрсету, "Құрылыс материалдар қоймасы" объектісінің құрылысына арналған телімдердегі Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

Су
объектісі,
оның
телімі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Орташа
көп
жылдық
судың
сабалық
кемері
(метр)

шекараның
қашықтығы
, ұзындығы
(метр)

шекараның
қашықтығы
, ауданы
(гектар)

шекара-
ның
қашықты-
ғы, ені
(метр)

шекараның
қашықтығы
, ұзындығы
(метр)

ауданы
(гек-
тар)

ені
(метр
)

Тобыл
өзені
Лисаков
қаласы,
өндірістік
-коммунал-
дық
аймағы,
11А мекен
жайы
бойынша
құрылыс
материал-
дар
қоймасының
құрылысына
арналған
жер телімі
(су қорғау
аймағы мен
белдеуін
белгілеу
жобасына
тапсырыс
беруші–
жеке
кәсіпкер
Шаханский
Игорь
Олегович)

140,0

5,95

400-450

140,0

1,4

100

180,0

Тобыл мен
Аят
өзендері
(Қаратомар
бөгені)
Қостанай
облысы
Таран
ауданын-
дағы
Набережный
селолық
округінде
орналасқан
демалыс
аймағы
базасының
құрылысына
және
туристік
базасын
пайдалану
мен қызмет
көрсетуіне
арналған
жер
телімі
(су қорғау
аймағы мен
белдеуін
белгілеу
жобасына
тапсырыс
беруші –
Дьяченко
Сергей
Григорь-
евич)

186,0

18,6

1000

186,0

1,23

64-68

160,0


Әкімдіктің        
2011 жылғы 14 қазандағы  
№ 415 қаулысына 2-қосымша 

Демалыс аймағы базасы, туристік базаны пайдалану және қызмет көрсету, "Құрылыс материалдар қоймасы" объектісінің құрылысына арналған телімдерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше шарттары және тәртібі

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық және өзге де қызметке;
      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 125-бабы 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға.
      2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және қайта жаңғыртылған объектілерді пайдалануға беруге;
      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерді қайта құруды жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбілдер, құбырлар және басқа да коммуникацияларды орнату, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге.
      Осы тармақшаның ережесі Су кодексінің 125-бабының 3 және 7-тармақтарымен және 126-бабының 1-тармағымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пунктерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
      5) жұмыс істеу нормасынан артық мал жаюға, су тоғандарының режімін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
      7) мүмкін шекті концентрациясы жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға.
      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.