Қостанай қаласы және Қостанай ауданы шекарасындағы Тобыл өзені және соған іргелес аумақ акваториясының су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруақорлықпен пайдаланудың тәртібі мен ерекше шарттарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 399 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 7 қарашада № 3781 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39116125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Уәкілетті органдарымен келісілген, бекітілген жобалық құжаттардың негізінде 1-қосымшаға сәйкес, 2009 жылғы шілдеге дейін су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленген учаскелерден басқа, Қостанай қаласы және Қостанай ауданы шекарасындағы Тобыл өзені және соған іргелес аумақ акваториясының су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
      2. Осы қаулының 1-тармағымен белгіленген Қостанай қаласы және Қостанай ауданы шекарасындағы Тобыл өзені және соған іргелес аумақ акваториясының су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруақорлықпен пайдаланудың тәртібі мен ерекше шарттары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Қостанай қаласының және Қостанай ауданының әкімдері:
      Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің "Жер ресурстарын және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (Мемжерғылөнорталығы)" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының шаруашылық жүргізу құқығындағы Қостанай еншілес мемлекеттік кәсіпорнымен (Қостанайжерғылөнорталығы) бірлесіп (келісім бойынша) мемлекеттік жер кадастрына тиісті өзгерістер енгізіп, өз құзыреті шегінде, су қорғау белдеулерінің жерін су қорының жеріне аудару жөнінде шара қолдансын;
      жер пайдаланушыларға су қорғау аймақтардың, белдеулердің белгіленген шекаралары және оларды шаруақорлықпен пайдаланудың тәртібі мен ерекше шарттары жеткізілсін;
      осы қаулының 1-тармағымен белгіленген, су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде орналасқан және су нысандарының жағдайына зиянды әсер тигізетін нысандарды шығару немесе жою жөнінде жұмысты жүргізсін.
      4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейіндік инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Тобыл-Торғай экология департаменті" мемлекеттік мекемесінің Қостанай филиалына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өз құзіреті шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруақорлықпен пайдаланудың тәртібінде талаптардың сақталуы үшін бақылауды күшейту ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.М. Садуақасовқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі                   С. Кулагин 
 

Әкімдіктің         
2011 жылғы 7 қазандағы   
№ 399 қаулысына 1-қосымша 

Қостанай қаласы және Қостанай ауданы шекарасындағы Тобыл өзені және соған іргелес аумақ акваториясының су қорғау аймақтары мен белдеулері

Су
объектісі,
оның
телімі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Орташа
көп
жылдық
судың
сабалық
кемері
(метр)

шекараның
ұзындығы
(метр)

ауданы
(гек-
тар)

ені
(метр)

шекара-
ның
ұзынды-
ғы
(метр)

ауданы
(гек-
тар)

ені
(метр)

Тобыл
өзені
Қостанай
қаласы
және
Қостанай
ауданы
шекара-
сында сол
жағалау
учаске-
сінде
Тобыл
өзені
арқылы
теміржол
көпірден
Құнай
кентіне
дейін

34470

2058,8879

35-1000

59736

547,7164

35-100

126,65

Тобыл
өзені
Қостанай
қаласы
және
Қостанай
ауданы
шекара-
сында оң
жағалау
учаскі-
сінде
Құнай
кентінен
Тобыл
өзені
арқылы
теміржол
көпірге
дейін

38512

3652,0074

35-1000

97720

615,1036

35-100


Әкімдіктің        
2011 жылғы 7 қазандағы   
№ 399 қаулысына 2-қосымша 

Қостанай қаласы және Қостанай ауданы шекарасындағы Тобыл өзені және соған іргелес аумақ акваториясының су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруақорлықпен пайдаланудың тәртібі мен ерекше шарттары

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 30.04.2014 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
      2) Су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 125-бабы 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға.
      2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге.
      Осы тармақшаның ережесі Су кодексінің 125-бабының 3 және 7-тармағымен және 126-бабының 1-тармағымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пунктерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға.
      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.