Қарабалық ауданы Гурьянов ауылындағы "Комсомольская птицефабрика" акционерлік қоғамының өндірістік алаңы шегінде Тоғызақ өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше шарттарын және тәртібін белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 411 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 31 қазанда № 3778 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "селосындағы" сөзі "ауылындағы" сөзімен ауыстырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 30.04.2014 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39116125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде 1-қосымшаға сәйкес Қарабалық ауданы Гурьянов  ауылындағы "Комсомольская птицефабрика" акционерлік қоғамының өндірістік алаңы шегінде Тоғызақ өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.
      2. Қарабалық ауданы Гурьянов ауылындағы "Комсомольская птицефабрика" акционерлік қоғамының өндірістік алаңы шегінде Тоғызақ өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше шарттары және тәртібі 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Кулагин

      КЕЛІСІЛДІ:

     "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
      Қостанай облысы бойынша департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің директоры
      ____________________ Г. Естекбаев

      "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
      басқару агенттігінің Қостанай және
      Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша
      өңіраралық жер инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ____________________ М. Дихаев

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      министрлігі Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу және
      қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік
      инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ____________________ Г. Оспанбекова

      "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
      қорғау министрлігі Экологиялық реттеу
      және бақылау комитетінің Тобыл-Торғай
      экология департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің Қостанай филиалы бастығының
      орынбасары
      __________________ А. Каримов

Әкімдіктің       
2011 жылғы 14 қазандағы 
№ 411 қаулысына     
1-қосымша        

Қарабалық ауданы Гурьянов ауылындағы "Комсомольская
птицефабрика" акционерлік қоғамының өндірістік алаңы шегінде
Тоғызақ өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі

Су объектісі,
оның телімі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Орташа көп
жылдық судың
сабалық
кемері (метр)

шекара-
ның
қашық-
тығы,
ұзындығы
(метр)

шекара-
ның
қашық-
тығы,
ауданы
(гектар)

шекара-
ның
қашық-
тығы,
ені
(метр)

шекара-
ның
қашық-
тығы,
ұзын-
дығы
(метр)

ауданы
(гектар)

ені
(метр)

Тоғызақ өзені,
Қарабалық
ауданы
Гурьянов
ауылындағы
"Комсомольская
птице-
фабрикасы"
акционерлік
қоғамының
өндірістік
алаңы (су
қорғау аймағы
мен белдеуін
белгілеу
жобасына
тапсырыс
беруші –
"Комсомольская
птицефабрика"
акционерлік
қоғамы)

200

6,0

300

140

0,49

35

145,74

Әкімдіктің        
2011 жылғы 14 қазандағы 
№ 411 қаулысына 2-қосымша 

Қарабалық ауданы Гурьянов ауылындағы "Комсомольская
птицефабрика" акционерлік қоғамының өндірістік алаңы шегінде
Тоғызақ өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруақорлықпен
пайдаланудың ерекше шарттары және тәртібі

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 30.04.2014 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметiне немесе өзге де қызметке;
      2) Су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 125-бабы 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерiн қолдануға.
      2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және қайта жаңғыртылған объектілерді пайдалануға беруге;
      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерді қайта құруды жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбілдер, құбырлар және басқа да коммуникацияларды орнату, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге.
      Осы тармақшаның ережесі Су кодексінің 125-бабының 3 және 7-тармақтарымен және 126-бабының 1-тармағымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пунктерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
      5) жүктелiм нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимiн нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметiнiң басқа да түрлерiне;
      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
      7) концентрациясының жол берiлетiн шегi белгiленбеген пестицидтердi қолдануға, қардың үстiне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретiнде пайдалануға.
      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.