"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 4 тармақшасына және Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2011 жылғы 30 наурыздағы № 1/1 қорытындысына сәйкес, Қызылорда қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, IV шақырылған Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда қаласы мәслихатының 27.09.2012 № 9/2 шешімімен және Қызылорда қаласы әкімдігінің 27.09.2012 № 4548 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.).1. Қызылорда қаласындағы Жібек жолы көшесінің оң жағындағы перпендикуляр орналасқан атауы жоқ көше Әли Мүсілімұлы есімімен аталсын.
Ескерту. Орыс тіліндегі мәтінінің 1 тармағына өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды - Қызылорда қаласы мәслихатының 27.09.2012 № 9/2 шешімімен және Қызылорда қаласы әкімдігінің 27.09.2012 № 4548 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.).2. Қызылорда қаласындағы Петр Артемов көшесінің оң жағындағы параллель орналасқан бірінші көше "Тәуелсіздікке 20 жыл" көшесі болып аталсын.
Ескерту. Орыс тіліндегі мәтінінің 2 тармағына өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды - Қызылорда қаласы мәслихатының 27.09.2012 № 9/2 шешімімен және Қызылорда қаласы әкімдігінің 27.09.2012 № 4548 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.).3. Қызылорда қаласындағы Александр Фадеев атындағы көше Бибіраба Досмаханова есімімен қайта аталсын.
4. Қызылорда қаласындағы Cмағұл Ысқақов көшесіне перпендикуляр, Наурыз көшесіне параллель орналасқан сол жағындағы екінші көше Әмзе Әлжанов есімімен аталсын.
5. Қызылорда қаласындағы Тэльман Эрнест атындағы көше Бәділдә Доскенов есімімен қайта аталсын.
6. Қызылорда қаласындағы "Ақмаржан" мөлтек ауданындағы "Наурыз" көшесіне параллель орналасқан оң жағындағы екінші көше Әбсаттар Қарымсақовтың есімімен аталсын.
7. Қызылорда қаласындағы "Ақмаржан" мөлтек ауданындағы "Наурыз" көшесіне параллель орналасқан оң жағындағы бірінші көше Мұхамедияр Пірімбетов есімімен аталсын.
8. Қызылорда қаласындағы Переездная көшесі Күләндә Әбдіраманова есімімен қайта аталсын.
9. Осы "Қала көшелеріне қайта атау беру және жаңадан атау беру туралы” бірлескен Қызылорда қалалық әкімдігінің қаулысы мен Қызылорда қалалық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жәлиев Нұрхан Бұхарбайұлына жүктелсін.
Ескерту. Орыс тіліндегі мәтінінің 9 тармағына өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды - Қызылорда қаласы мәслихатының 27.09.2012 № 9/2 шешімімен және Қызылорда қаласы әкімдігінің 27.09.2012 № 4548 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.).10. Осы бірлескен шешім мен қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихаттың кезекті қырық екінші сессиясының төрағасы | Қ. САҚТАҒАНОВ |
Қызылорда қаласы әкімінің міндетін атқарушы | Е. ТӨРӘЛИЕВ |