Қала көшелеріне қайта атау беру және жаңадан атау беру туралы

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 998 қаулысы мен Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 42/6 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 25 сәуірде N 10-1-173 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылымы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарына, Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2011 жылғы 30 наурыздағы ұйғарымына және қалалық ономастикалық комиссиясының көше тұрғындарымен жиналысының хаттамасына сәйкес IV шақырылған Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылорда қаласындағы Жібек жолы көшесінің оң жағындағы перпендикуляр орналасқан атауы жоқ көше Әли Мүсілімұлы есімімен аталсын.
      2. Қызылорда қаласындағы Петр Артемов көшесінің оң жағындағы параллель орналасқан бірінші көше "Тәуелсіздікке 20 жыл" көшесі болып аталсын.
      3. Қызылорда қаласындағы Александр Фадеев атындағы көше Бибіраба Досмаханова есімімен қайта аталсын.
      4. Қызылорда қаласындағы Cмағұл Ысқақов көшесіне перпендикуляр, Наурыз көшесіне параллель орналасқан сол жағындағы екінші көше Әмзе Әлжанов есімімен аталсын.
      5. Қызылорда қаласындағы Тэльман Эрнест атындағы көше Бәділдә Доскенов есімімен қайта аталсын.
      6. Қызылорда қаласындағы "Ақмаржан" мөлтек ауданындағы "Наурыз" көшесіне параллель орналасқан оң жағындағы екінші көше Әбсаттар Қарымсақовтың есімімен аталсын.
      7. Қызылорда қаласындағы "Ақмаржан" мөлтек ауданындағы "Наурыз" көшесіне параллель орналасқан оң жағындағы бірінші көше Мұхамедияр Пірімбетов есімімен аталсын.
      8. Қызылорда қаласындағы Переездная көшесі Күләндә Әбдіраманова есімімен қайта аталсын.
      9. Осы "Қала көшелеріне қайта атау беру және жаңадан атау беру туралы” бірлескен Қызылорда қалалық әкімдігінің қаулысы мен Қызылорда қалалық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жәлиев Нұрхан Бұхарбайұлына жүктелсін.
      10. Осы бірлескен шешім мен қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық мәслихаттың
      кезекті қырық екінші
      сессиясының төрағасы                         Қ. САҚТАҒАНОВ

      Қызылорда қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                            Е. ТӨРӘЛИЕВ

      Қызылорда қалалық
      мәслихаттың хатшысы                          И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ