Қарқаралы ауданында 2011 жылға арналған орта және жоғары кәсіби білім орындарын бітірген түлектер-жұмыссыз азаматтарға Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 маусымдағы N 170 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 1 шілдеде N 8-13-99 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды-орта және жоғары кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында Қарқаралы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Уәкілетті орган – "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі- Жұмыспен қамту бөлімі):
      1) кәсіби бойынша орта және жоғары кәсіби білім беру орындарын бітірген, Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз жастардың арасында Жастар тәжірибесін өткізу жұмысын ұйымдастырсын және жұмысқа орналасуға жәрдемдессін;
      2) Жастар тәжірибесі шеңберінде кәсіптік оқу орындарының жұмыссыз түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибені ұйымдастыруға шарттар жасасын;
      3) Жастар тәжірибесі бойынша іс-шараларды жүргізуді қаржыландыру республикалық трансферт есебінен жүзеге асырылсын.
      2. Жастар тәжірибесіне жіберілетін адамдар үшін орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы трансферт сомасынан жұмысқа орналыстырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 26 000 теңгені құрайды.
      3. Қарқаралы ауданының әкімдігінің 20 сәуір 2010 жыл "Жұмыссыз жастарға арналған "Жастардың іс-тәжірибесін" ұйымдастыру туралы" N 82 Қаулысының (Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылдың 29 сәуірдегі N 8-13-82 болып тіркелген, 2010 жылдың 8 мамырда "Қарқаралы" газетінде N 37-38 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкiмінің орынбасары С.С. Дюсетаевқа жүктелсiн.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкiмi                  К. Максутов